Экология/1.Состояние биосферы и его влияние на здоро­вье человека

Муханова У.К.

Казахстан;Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы  дарынды  балаларға

арналған мамандандырылған  гимназияның биология  пән  мұғалімі.

Экологиясы   қолайсыз аймақтарда өнімді    алудың биофизикалық  жолдары.

Тақырыптың өзектілігі: Жергілікті жердің климатына сай жаз қысқа болатындықтан, адамға қажетті мол өнімді алу жолдарын қарастыру өзекті мәселе болып есептеледі. Зерттеулердің қызықты және болашақта қажет бағыттарының бірі – биофизика. Биофизика – физикалық факторлардың тірі ағзаларға әсерін зерттейді. Сәбіздің өсуіне және тұқымның өнуіне электр өрісінің әсерін зерттеу арқылы , оның құрамындағы пектиндік заттар ағзаның экологиялық қолайсыз факторларына қарсылығын күшейтетін таптырмайтын құрал ретінде, сонымен бірге ағзадан улы заттарды, ауыр металл  иондарын және олардың радионуклидтерін шығаруға аса қажетті зат ретінде танылатындығын  дәлелдеуге  болады.

        Қажетті құрал-жабдықтар мен  әдістер:Электорфор  машинасы. Сәбіз

/latin:Daucus carota./ тұқымы

Балдыркөк тұқымдасының екіжылдық өсімдігі, сарғылт-сары жеміс тамырларын береді.  Сәбіздің 100 г – 31 ккал.Құрамында көмірсулар, ақуыздар, каротин, В1, В2, В6, С, Е, Н, К, РР дәрумендері, сондай-ақ кальций, темір, калий, мыс бар.

        Мәселені зерттеу.

        Толық пісіп жетілген тұқымдар қолайлы жағдай туған кезде ғана өне алады. Кейбір тұқымдардың өнуіне ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан оны жылдамдату мақсатында түрлі әдістер қолданылады. Қандай жағдайда тұқым өнетінін тәжірибе арқылы анықтауға  болады (Cурет 1).

 

 

 

 

Сурет 1.   Сәбіздің тұқымына электр өрісі арқылы әсер етуге арналған құрал/электрофор     машинасы/

 

 

Ол үшін сәбіз тұқымдарын электр өрісіне салып оның өсуін бақылау нәтижесін өнделмеген сәбіздің өсуімен салыстыру. Бұл жұмыста  электр өрісі электрофор машинасымен жасалды.

 Электрофор машинасының полюсьтері жылжымалы конденсатордың алюминий дисктеріне жалғанды,олар горизонталь бойымен орналастырылды,арақашықтығы 10см,конденсатордың төменгі дискісіне сәбіз тұқымдарын шашып,конденсатор пластиналарын арасында ұшқын болмайтындай етіп 20минут бойы электрофор машинасын бірқалыпты айналдыру керек.

Зерттеу нәтижелері: Электр өрісінде болып шыққан сәбіз тұқымдарының өнгіштігі жоғары болып ерте өнім береді.  Электр өрісінде болмаған сәбіз тұқымдарының  өнгіштігі төмен.

Қорытынды: Электр өрісінің әсері тек тұқымға ғана әсер етпейді оның өскініне де үлкен әсер етеді,нәтижесінде электр өрісінде болып шыққан тұқымдар сабақтарының өсуі тездеп жер бетіне жылдам шығады. Күн сайын өсімдіктің сабақтары оң зарядталған ионосфераға қарай өскіні созылады, ал тамыры  теренірек теріс зарядталған жерге кетеді. Жай сумен суарудан көрі уақытында жауған жанбырдың эффектісі жоғары екені көптеген тәжірибелерден белгілі. Найзағай (грозовое облако) бұлтында жаңбыр тамшылары ауаға үйкеліс арқылы зарядталатының ғалымдар анықтаған сол заряд өсімдіктердің өсуіне қосымша стимулятор болады. Құбырдағы (водопровод) суда бұндай заряд жоқ. Ғалымдар электрогидроэронизатор құрылысын жасаған,бұл су тамшыларына заряд береді. Найзағай кезінде аспан мен Жер арасында электр өрісі пайда болады екен, өсімдіктің жылдам өсуіне әсерін тигізеді, яғни егер тұқымды электр өрісіне орналастырса, онда өсімдіктің  өсуі  жылдамдайды деген болжам жасауға болады.

Қорытынды: Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млрд. тоннаға жуық өндіріс қалдықтары сақталынуда. Мұндай қалдықтардың құрамдары әдетте ауыр металдарға бай болып келеді де, оларды ашық қалдық сақтау қоймаларында сақтау кезінде, желдің әсерінен аспанға көтеріліп тірі ағзаларды ауыр металдармен улайды.

Сол себептен уланған ағзадағы ауыр металдарды шығаруға көмектесетін жолдарды қарастыру қазіргі заманның аса өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін негізгі құрал ретінде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, яғни күнделікті тағам құрамында ауыр металдарды бөліп шығаратын қоспаларды пайдалану арқылы сауықтандыру шараларын қарастыру керек. Осы мақсатта ғалымдар тарапынан жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері адам ағзасына пектиннің заттардың  емдік әсерінің аса жоғары екендігін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері, пектиндік заттар ағзаның экологиялық қолайсыз факторларына қарсылығын күшейтетін таптырмайтын құрал ретінде, сонымен бірге ағзадан улы заттарды, ауыр металл иондарын және олардың радионуклеидтерін шығаруға аса қажетті зат ретінде танылатындығын көрсетті.

Қоршаған ортада жиналған зиянды заттардың адам денсаулығына әсері жылдан-жылға көбейіп келеді. аллергия, анемия, көз және тері аурулары оқушылар арасында жиі кездеседі.

Өзекті мәселені шешу барысында  оқушылардың денсаулығын нығайтудың  тиімді жолдарын пайдалануға болады.

 

Пайдаланылған әдебиет:

1.Өсімдіктану,6сынып.Р.Әлімқұлқызы.Б.Дүйсебайқызы.Е.Тұрбекқызы.»Тұқымды себу және өсімдіктерді өсіру агротехникасы».Алматы»Рауан»1995-83бет.

2.Межпредметные связи в обучении /Биофизика/биологии.В.Н.Максимова.Н.В.Груздева.М:просвещение.1987-    44 бет.

3.Биологический эксперимент в школе.А.В.Бинас,Р.Д..Маш. М-1990-77бет

4.Физиология растений.П.А.Генкель-1985- 115бет

5.Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова, Б.Д.Дүйсенбаев, 8сынып физика оқулығы, Алматы «Мектеп» 2004-120б.

6..Павленко, Ю.Г Физика полный курс для школьников и поступающих.  –М: «Большая медведица»,2002-277с.

7.Безденежных,Е.А. Физика в живой природе. –К:Наука, 1976-120с

8.Воротников,А.А. Физика-юным. –М:Харвест,1995-121с

9. Перельман,Я.И. Занимательная физика. –М:Наука,1976-432с.

10. Шерест,У.Когда электризация полезна. –М: просвещение,1988-165с.

11. 6-7 сыныптың  Экономика оқулығы, -Алматы «Достижения молодых»  2009ж.