СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

 

Ғ.Б. Кодекова

Павлодар қ., С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушысы

 

2012  жылдың 27 қаңтарда ҚР Президентінің халқына жолдауында және С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың миссиясында кәсіби және тұлғалық қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда, тұлғаның сапалық дамуды қамтамасыз ету қажеттілігі бүгінгі таңда жастардың тәрбие, оқыту мәселесі, интеллектуалды, физикалық, креативты әлуетін жүзеге асыру сұрақтары өзекті екенін дәлелдейді. Шынымен-ақ, Қазақстан республикасының жарқын болашағы жастардың қолында десек артық болмас. Осы орайда, студенттердің ішкі әлуетін, инновациялық ұсыныстар қорын, өзекті мәселелерге өздерінің қайталанбас көз-қарастардың болуын және қоғам пайдасына олардың конструктивты шешімдерін құрастыра білу және пайдаға келтіру дағдыларына үйретуін қамтамасыз ететін оқу мотивациясының ықпалы туралы сөз қозғауға тура келеді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасасақ, оқу мотивацияның жалпы адам мотивацияның бір түрі ретінде қарастырылатыны белгілі. Сондықтан жеке адамның психологиялық қасиеті ретіндегі мотивация ұғымының, оның белгілері мен құрылымы туралы білгені абзал. Психологиялық әдебиеттерде оқу мотивациясы ұғымының барлық сипаттамаларды қамтитын көптеген түсініктемелер берілген, ол бұл құбылыстың көп қырлы болғандығымен түсіндіріледі. Оқу мотивация мәселесі көптеген мамандық өкілдерінің: философ, психолог, педагог, саясаткер, әлеуметтанушы ойларын толғандырып бұл құбылысқа әсер ететін факторларды, оны дамыту жолдары жайлы  көптеген еңбектер мен зерттеулер жүргізуге талпындырады. Оқу мотивациясының адам өмірінің көптеген бағыт-салалырана әсер және ықпал ететіні даусыз.

Оқу мотивация мәселесі төңірегінде зерттеулер жүргізген ресейлік А.Г. Здравомыслов (1964 ж), Б.И. Додонов, А.Г.Ковалев, С.Д. Рубенштейн.

Студенттік жас жеке жастық кезең және әлеуметтік психологиялық категория ретінде Б.Г. Ананьевтің басшылығымен ленинградтық психологиялық мектептің жүргізілген ересек адамдардың психофизиологиялық функцияларын зерттеуле барысында 1960 жж. бөлінді. Жастық категория ретінде студенттік жас ересек адамның даму кезеңдерімен сәйкес келеді және кеш жеткіншек-ерте ересек адамның даму кезеңдерімен сәйкес келеді.

Ересек жастың проблемасы алғашқы 1928 ж. Н.Н. Рыбниковпен қойылды. Ол жетілген тұлғаны зерттейтін жас ерекшелік психологияның бөлімін «акмеология» деп атады. Психологтарды көп уақыт бойы адам психикалық дамуында тек алғашқы өмір жылдары қызықтырды және адам «балалық шақтың құрбаны» болды (Э.Эриксон, З.Фрейд, Д.Б.Эльконин, Ж.Пиаже және т.б.) сондықтан, ересек жас психологиясына және оған жататын студенттік жас психология ғылымының пәніне салыстырмалы жақында айналды. Мұнда студенттік жас психикалық даму үрдістерінің аяқталумен ең маңызды және дағдарыс жас ретінде сипатталады.

Л.С.Выготский жеткіншек жасты арнайы қарастырмай, алғаш рет оны балалық шаққа қосқан жоқ, осымен ол ересек жаспен балалық шақ арасында анық шекара жүргізді.

И.А. Зимняя студенттік жастың негізгі сипаттамаларын, халықтың басқа топтарынан ерекшелеп ажыратқан: білім деңгейінің жоғары болуы, жоғары танымдық мотивациясымен, өте жоғары әлеуметтік белсенділік пен ақыл-ой парасаттың және әлеуметтік жетілумен жеткілікті дәрежеде үйлесімді келеді. Студенттік жас жалпы психикалық дамуда адамның интенсивты әлеуметтену, жоғары психикалық функциялардың дамуы, барлық интеллектуалдық жүйенің және тұлғаның тұтас дамумен мінезделеді.

Жеткіншек жастың психологиялық мазмұны өзін-өзі танудың дамуымен, кәсіптік өзін-өзі анықтау мәселелерді шешу және ересек өмірге қадам басумен байланысты. Ерте жеткіншек жаста танымдық және кәсіптік құзығушылықтар, еңбекке мұқтаджық, өмірлік жоспарларды құрастыру қабілеті, қоғамдық белсенділік қалыптасады, тұлғаның өзбеттілігі мен өмір жлын таңдауы бекітіледі. Жастық шақта адам таңдалған істе, кәсіптік шеберлікке ие болады және де осы шақта кәсіптік дайындық аяқталады.

А.В.Толстых жастың шақта адам еңбекке максималды қабілетті, ұдайы психикалық және физикалық ауыртпалықтарды көтере алады, интеллектуалды іс-әрекетті игерудің күрделі тәсілдерін меңгеруге қабілетті екенін ерекше атап кетті.

Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа үрдіс сияқты оқу мотивациясы да осы әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс -әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен; екіншіден, білім беру үрдісін ұйымдастырумен; үшіншіден, студенттің субьектілік ерекшеліктерімен; төртіншіден, педагогтың субьектілік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның студентке, ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен анықталады.

Оқу мотивациясы, оның басқа түрлері сияқты жүйелі болып табылады. Ол бағыттылығымен, тұрақтылығымен және өзгермелілігімен сипатталады. Мысалы, Л.И. Божович және оның әріптестерінің жұмыстарында студенттердің оқу іс-әрекетін зерттеу материалдары негізінде келесі жайт атап көрсетілген: оқу мотивациясы түрткілер бағыныстылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе студенттің қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға ұмтылуымен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін. Бұл жерде жас ұлғаюымен бірге өзара әрекеттесуші қажеттіліктер мен түрткілердің дамуы, жетекші үстем қажеттіліктер мен олардың иерархиялануының өзгеруі жүреді.

«Оқу мотивациясы үнемі өзгеріп отыратын және бір – бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастырдың пайда болуы». Осыған сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын есепке алу да қажетті. Осы оқуға қатысты мотивация аясын қарастыра отырып, А.К. Маркова оның құрылысының бағыныстылығын атап өтеді. Сонымен оған оқуға деген қажеттілік, оқу маңызы, оқу түрткісі, мақсат, эмоциялар, қатынас пен қызығу енеді. Көптеген зерттеулер тәжірибесінде яғни мақсатты, мағынаны және мотивацияны қалыптастыруды зерттегенде студенттің тұлғалық дамуы, оның танымдық іс-әрекет даму деңгейімен тікелей байланысты негізгі төрт деңгейдің әлеуметтік–психологиялық ерекшелігі зерттеліп, әрбіреуіне субьектінің бастапқа іс-әрекет формасы сәйкес келеді.

Оқу іс-әрекеті мотивациясының ішкі қайнар көзі – студент қажеттіліктерінің аймағы. Студент қажеттіліктерінің қанағаттануы немесе фрустрацияға ұшырауы оқытушының аудиторияда туғызатын обьективті жағдайларға және студенттің жеткен жетістіктеріне, оқытушының мінез–құлқына тәуелді болады.

Егер оқу іс-әрекетінің негізгі белгісі ретінде жоғары оқу орнындағы әлеуметтік контексте жүзеге асырылатын танымдық іс-әрекет формасын алсақ онда қажеттіліктердің 3 тобын қарастыруға болады:

1) танымдық қажеттіліктер – мәселені шешу әдісі немесе жаңа мәліметтерді меңгеру үрдісінде қана-ғаттандырылады;

2) әлеуметтік қажеттіліктер – оқу іс -әрекеті және оның нәтижесімен бай-ланысты қатынастар немесе оқу іс-әрекеті барысында «студент – студент», «оқытушы – студент» өзара әрекет жасау аймағында қанағаттандырылады;

3) «Мен» образымен байланысты қажеттіліктер – оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейіне байланысты актуал-данады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі туындайтын және қанағаттандырылатын қажеттіліктерге әсер етеді.

Типтік мысал ретінде танымдық қажеттіліктерді актуалдандыратын мәселелік оқытуды алуға болады. А.М. Матюшкиннің пікірінше берілген мәселе студент үшін тек теоретикалық сұрақ ретінде қалып қоймай, мәселе болып қалыптасуы тиіс.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы аудиториядағы мотивациялық климаттың қалыптасуына және белгілі қажеттіліктердің актуалдану жағдайларына әсер етеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижелері оқу үлгерімі әлеуметтік қажеттіліктермен, позитивті қатынастар қажеттілігімен тығыз байланыста болғанын көрсетті.

Осылайша оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі студенттерде қажеттіліктің белгілі бір түрінің қалыптасуына және пайдалы мотивациялық жағдайлардың туындауына жағдай жасайды.

Тек оқыту формасы ғана емес сонымен бірге оқытушы мен студенттер арасындағы интеракция әдісі оқу іс -әрекеті мотивациясының сапасына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей оқытушы мен студенттің өзара әрекетінде үлкен айырмашылықтар бар:

- студентке қолдау көрсету және ақпейілділік позитивті қарым –қатынас қажеттіліктерінің дамуына жағымды әсер етеді және студенттер арасында кооперация туғызады;

- авторитарлық және пәндік талаптар студент қажеттіліктерінің жоғарылауынан көрінеді.

Оқытушы мен студенттің интеракция әдістерінің негізгі айырмашылығы – студент жетістіктерінің көрсеткіші. Білімді бағалау барысында топтық норманы қолданатын оқытушылар студенттің іс -әрекетін тар интервал уақытында бағалайды. Олар студенттің жетістіктерін топтың жеткен жетістік деңгейімен салыстырады.

Дамудың төменгі дәрежесіне жеке-дара танымдық іс -әрекеті жатады, ол оған жетудегі индивидуалды іс -әрекетпен мақсат, құралдарды қамтамасыз етеді; келесі деңгей – жеке дара мақсат пен бірлескен құрал арқылы жүзеге асады; келесі бірлескен танымдық жеке дара іс-әрекет, бұл бірлескен мақсат пен жеке дара құралдармен сипатталады; танымдық іс - әрекет дамудағы жоғары деңгей бірлескен мақсат пен іс-әрекет құралдарының негізінде бірлескен танымдық іс -әрекетті қалыптастырады.

Осылайша оқу үрдісінде тұлға дамуы бірлескен танымдық іс -әрекетті қалыптастыру мүмкіндігімен анықталады, ол өз кезегінде педагог пен студент арасындағы тұлғалық қасиеттердің алмасуын қамтамасыз ететін педагогикалық қарым–қатынаспен танымдық өзара әрекет ету құрылымына тікелей байланысты.

Қорытындылай келсек, көптеген авторлардың таным, оқу мотивация түсінігіне берген анықтамалары көп және әртүрлі критерилерді негізге ала отырып жіктегендерімен, олардың басты ойы бір-студенттердің оқу мотивациясын зерттеуге, оны танып білуге, басқарып болжауға және ары қарай дамытуға үнемі тырысуымыз қажет. Оқу мотивациясы жоғары студент Қазақстан Республикамызға, Отанына деген, туған облысына, ауданына, ауылына және отбасының өміріне тигізетін ықпалы мол. Қоғамның саяси, әлеуметтік, психологиялық, этикалық, экономикалық және т.б. жақтары жастардан осы танымдық мотивациясына мұқтаж екені даусыз. Қоғам игілігіне еңбек жасайтын азамат, өз қабілеттеріне тиімді қолдау тапқан тұлға бақытты болады, ал елімізде өз жұмысына және өзіне деген қанағат тұлғалардың көп болса, өмірдің мәндік және сапалық өзгерістері туралы сөз қозғауымызға болады.