ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ӨНЕРІН МЕҢГЕРТУ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ҚАЙНАРЫ

 

Н.Қ.Ерепбаев, Б.С.Длимбетова,

М.Әуезов ат.ОҚМУ, «Мирас» университеті, Шымкент қаласы

 

        Қазіргі қазақ халқы тарихы кезеңге қадам басқан кезеңде, халықтық мәдениетті терең де кең қамти зерттеу-басты ғылыми проблема. Мұндай зерттеу мен ізденістер халқымыз бен оның болашағы жастарды ортақ ұлттық мүддеге қарай тартатын бүкіл әлемдік тамырластыққа жетелесе, екінші жағынан өзінше этнос болып бағзы заманнан өмір сүріп келе жатқан жеке халықтық ұлттық ерекшеліктерінің шырыны, дара белгілері де осы атам заманғы мұрада жатыр десек қателеспейміз. Ұлттық тән көптеген қайнарлардың көзі тығындалып, бірте-бірте ізі өте бастады. Сондай салалардың бірі, ұлттық педагогиканың бастауы-қазақтың ұлттық спорт ойындары. Балаларымыз «Көкпар», «Ақ сүйек», «Асау үйрету», «Алты бақан», «Қыз қуу» ойындары мен әуестенудің орнына арақ-шарап ішіп мастанып, нашақорлыққа бой ұра бастады.Ұлттық спорт ойындарының өнерімен, өжеттікпен жігерлікпен астасып жататынына мән бермеді.

        Міне, бұл күні қазақ халқы тарихи кезеңге қадам басты. Біріккен Ұлттар ұйымның мүшесі, өзінің тәуелсіздігін алып жеке мемлекет болды. Ендігі міндет сол мемлекетіміздің экономикалық қазынасын арттыруға көпшілікпен бірге ұлттық бейнесін де танытуға барлығымызды күш-қайрат жұмсауға жетелейді. Бұл жастар болашағына өзіндік таңба қалдыратын тәрбие процесіне қатынасты әр азаматтың парызы. Ұлттық қасиетті, салт- сананы, дәстүрді қалпына келтіре отырып, ұлттық спорт ойындарының   әдіс-тәсілдерін де қас шеберлік шеңберіне дейін қалыптастыру – зиялы ұстаздар мен жалынды жүректі жастардың борышы. Мектептегі дене шынықтыру сабағы ұлттық ойындардан алыстап кетті. Олай болса, мынау қайта жаңғырту кезеңінде ұлттық ойындарымыз да қажетке жарап қалар, сондықтан оны халық педагогикасының құрамдас, қайнар көзі деп ұлағатты ұстаздар алаңдаса, ұрпақты жанұяның тірегіне айналдырамыз деп сеніммен болжауға болады.

        Қазақтың спорт ойындары – ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Ол тәрбие тағылымы ретінде көптеген әдеби, мәдени және музыкалық шығармалар тудырады. Ұлттық спорт өнері арқылы халық табиғатпен, жан-жануарлармен қоян-қолтық араласып, оған жақындығын сезінетін, енді осы сезім сейілсе, ұмытыла бастаса, бір кезде дамып, қанат жайған халық мәдениетінің де бір бөлшегі ұмытылғаны емес пе? Міне осы тұрғыдан алып қарағанда ұлттық спорт ойындарын халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі деп зерттеп мән беру орынды деп пікір ұсынамыз.

         Ұлттық спорт ойындарын ұлттық мектептегі педагогикалық үрдістің өзегі деп түсіну қажет. Ол үшін ұлттық спортты насихаттап оны халықаралық аренаға таныту ұлт мерейін адамзат баласының рухани қазынасына айналдырады.

         Олай болса бұрынғы Одақ біріншілігінде өткізілген қазақтың «Көкпар», «Қыз қуу», «Аударыспақ» - атты нағыз спорт ойындары біріккен ұлттар ұйымының мүшесі, Қазақ мемлекетінің ұсынысы мен болашақ олимпиадалық ойын бағдарламасына кірмейді деуге бола ма? Дүние жүзінде желмен жарысқан киелі жылқы малын тіршілігіне пайдаланбайтын тарихта бірде  бір этнос жоқ.

         Ұлттық спорт ойындарын еріккеннің ермегіне туа солған, негізсіз қиялдардың, уақыт өткізудің көрінісі деп ұғу үлкен қателік. Байыптап қарасақ, кез-келген спорт ойынынан халық өмірінің тікелей де, шартты да жинақталған көшірмесін нақты ойын ережесі мен қимыл-қозғалыстарынан көреміз. Оларды белгілі спорттық топтама жасап түсіндіретін болсақ, олар әлеуметтік жағдайға байланысты, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, еңбек кәсіп-шаруашылыққа, қимыл-қозғалысқа, бой сергітуіне, шыдамдықпен ширақтыққа, төзімділікпен жігерлікке бағытталған спорт және қимыл-қозғалыс ойындарын ажырату қиын емес.

       Баладағы ой-сезімдері көрінісінің бастауын ойыннан кездестіруге болатын сияқты, ересек кездегі жинақтылық ширақтық, сергектік пен ептілікті жас кездегі ұлттық спорт ойынының әсері деуге толық негіз бар. Мысалы, ересек адам өмірлік тіршілігінде қандай малды мініс көлігі ретінде көп пайдаланса, оның мүсіні мен отырысынан сол көлікті пайдалануға тән қимыл-қозғалысты байқау оңша қиынға түспейді.

        Қазақтың ұлттық іс-қимылдары мен спорт ойындарының ережесіне тән ерекшелік – «әдептен озбау» сияқты педагогикалық этикалық норманың қатаң сақталуы ойындар арқылы қазақ баласы – тәні мен жан дүниесін ойдағыдай жетілдіретін өмірлік нәр алған ғой!

        Қазақ халқының ұлттық қимыл - әрекет ойындары балалар үшін төмендегі педагогикалық қызметті атқарады. Олар: тіршілік іс-әрекетіне араласып, тән мен жан дүниесі кемелденеді, өз күшіне сенім, мүмкіншілігін бағалай алу қабілеті қалыптасады,  көніл-күймен, ой – сезімі жетіліп, адамгершілік, этикалық, эстетикалық қасиеттері кемелденеді;  өзі өмір сүрген орта мен қарым-қатынас туралы белгілі ой жүйесі дүниеге келеді. Бұл себептер баланың жеке басын қалыптастырып оны азамат, от басы тірегі, ата-ана қуанышы көзіне дейін жеткізеді.

        Әрбір ұлттың өз тіршілігіне байланысты спорт ойындарының өмірлік мәні бар екендігін ескеруіміз керек. Мысалы, қазақ халқының көшпелі өмір салтына байланысты тән саулығына әдейі арналған спорт ойын түрлері ұлттық қимыл-әрекет ойынының негізгі тірегі демекпіз. Қазақ ұлтына тән ерекшелік қазіргі мектеп өміріне етене  жақындасуы керек. Дене тәрбиесі мен дене шынықтыру – педагогикалық проблема, оның нәтижелігін қамтамасыз ететін ұлттық бояу.

        Ұлттық спорт түрлеріне оның өзіндік ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама бере отырып тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау тәсілдерін нақтылауға қол жеткіздік.

        Ұлттық спорт өнерінің бала болашағына сәйкес ұғымдардың мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметтерін анықтауға мүмкіншілік алдық.

         Алғашқы рет қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі (6-7 жас) баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған, жүйесі келтірілген жолдары ұсынылды, құрылымдық үлгі жасалынылды.

 

 

Әдебиеттер

1 Бөлетова Л.А. Болашақ мұғалімдерді қазақ салт-дәстүрлеріне бейімдеу. – Шымкент. 2004 ж.

2 Капенова А.Ә. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі тәрбие. – Алматы. 2004 ж.

3 Джанабаев К.Т. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің дене тәрбиесі.– Алматы. 2003 ж.

4 Жаңабаев К. Ұлттық ойын түрлерін қолданудың педагогикалық проблемалары. – Талдықорған. 1999 ж.

5 Қасымбеков Ж.А. Дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің өзара байланысы. Ізденістер, нәтижелер. №1 2004 ж.

6 Қасымбеков Ж.А. Дене тәрбиесі мен спорт арқылы тәрбиелеу жүйесі. –Алматы. 2005 ж.

7 Абишев К.С. Ұлттық ат ойындары. – Шымкент 2009 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркелу

 

1.     Ерепбаев Нұрлан Қыдырбекұлы, Длимбетова Бақжан Серікқызы, Қадыров Әлімжан Кәрімжанұлы 

2.     Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а; оқытушы.

3.     М.Әуезов ат. ОҚМУ; «Мирас» университеті

4.     ҚР, ОҚО, Шымкент қаласы, 4 мкр., 34 үй, 1 пәтер

5.     pedagogika_psih@mail.ru

6.     Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық спорт өнерін меңгерту халықтық тәлім-тәрбие қайнары

7.     Ұлттық спорт түрлерінің әдіснамалық мәселелері