Педагогические науки/4.Стратегические направления

реформиорования системы образования

 

аға оқытушы Чинибаева Г. Д.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан

Қазақстан Республикасындағы орта білімді     

реформалаудың мәселелері мен жетістіктері

 

Қазақстанның тәуелсіз дамуының алғашқы жылдарында білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасу процесі өзгермелі әлеуметтік-экономикалық қатынас жағдайында бұрынғы қалыпта тұрып өмір сүруі мүмкін болмайды. Осы себептер және білім беру жүйесі түгелімен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келмей қалды. Жаңа бейімділік білім беру саясаты білім беру саласындағы мемлкеттік саясат Концепциясымен айқындалды. Концепцияның басты идеясы – жаңа инновациялық, шығармашылық ойлау жүйесі дамыған адамдарды қалыптастыру.

Білім беру жүйесінің ары қарай дамуы үшін оқыту және тәрбиелеу процесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу ісіне сәйкес 1995 жылдың сәуір айында білім беру қызметкерлерінің республикалық мәжілісі өтті. Бұл тәсілдің мәні – білім беру жүйесін рыноктық жағдайға бейімдеу, әлеуметтік-экономикалық орта өзгерістеріне сәйкестендіру. Білім беру бағдарламасы бұрынғы білім беру деңгейінің өлшемдеріне сүйене отырып, реформалаудың жаңа бағыттарына сүйенуі керек:

-         шаруашылық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру мекемелерінің қаржыландыру механизмін жетілдіру;

-         жергілікті және республикалық қызығушылықтарды қанағаттандыра алатын білім беру жүйесінің аймақтық дамуын қамтамасыз ету;

-         білім беру мекемелері қызметтерін кадрларды дайындаудың негізгі көрсеткіштері бойынша индикативті жоспарлауды ұйымдастыру;

-         тәжірибе жүзінде қолдана отырып, білім беру процесін жетілдіру және жаңарту;

-         әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

-         алынған білім мен дағдылардың практикалық мәнін күшейту үшін білім беру процесін жаңарту және жетілдіру;

-         халықаралық білім беру кеңістігінде интеграцияны қамтамасыз ету;

-         ұлттық білім беру деңгейін әлемдік стандартқа жақындату;

-         білім беру жүйесінің тиімді құқықтық базасын құру.

Қайта құрастырыла бастаған білім жүйесінің ерекшеліктері:

-         медициналық, әскери және тағы басқа оқу орындарынан басқа, барлық жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарының білім беру жүйесінің біркелкілігі;

-         Білім беру мекемелерінің Республиканың Білім және ғылым Министрлігінің құрамына енгізу және кәсіби білім беруді Басқару құрылымында қайта қалпына келтіру;

-         білім беру жүйесінің жалпылық сипаты;

-         білім беру жүйесінің бірлігі.

Осы мақсаттарға сай мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен орта, кәсіби білім бағдарламалары бекітіліп, лицензиялау, аттестациялау, аккредитациялау жүйесі қолданыла бастады.

Білім берудің дәстүрлі жүйесінің кемшілігі – басқарудың шектен тыс орталықтандырылуы. Білім беру реформасының басты ерекшелігі – басқаруды орталықтандыру шараларына қатысты жүргізілді.

Сөйтіп, суверенитет жылдарында елдің білім беру жүйесінде сапалық өзгерістер байқалды. Оларды былайша сипаттап көрсетуге болады:

-         білім беру мазмұны түзетілді;

-         қаржыландыру және басқару принциптері өзгертілді;

-         білім беру жүйесін гуманитарландыру процесі жүзеге асты;

-         көп деңгейлі қаржыландыру үшін мүмкіндіктер ашылды;

-         жаңа нормативті-құқықтық база қалыптасты;

-         білім берудің альтернативті ұйымдастыру пайда болды;

-         әлемдік білім кеңістігіне ену шаралары жасалды.

Міне, бұл шаралар Қазақстанның білім беру жүйесін реформаландыру жолында жасалған әрекеттер еді. Реформалаудың нормативті, қаржылық, ұйымдастырушылық мәселелері шешілгеннен кейін келесі кезекте білім беру процесінің тәрбиелік және мазмұндық құрылымдарын модернизациялау мен жақсарту мәселесін шешу қажеттілігі тұрды. Оларды қысқаша былайша сипаттап беруге болады:

-         білім беру мазмұны қайта қаралып, реттелді;

-         білім беру саласын гуманизациялау процесі белсендірілді;

-         қаржыландыру және басқару принциптері өзгертілді;

-         көп деңгейлі қаржыландыру үшін жаңаша мүмкіндіктер ашылды;

-         жаңа нормативті-құқықтық база қалыптасты;

-         білім беруді ұйымдастырудың альтернативті ұйымдары пайда болды;

-         білім берудің халықаралық кеңістігіне интеграциялау жолында байсалды қадамдар жасалды.

Міне осылайша, Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау жолындағы басты іс-шаралар осындай болды. Яғни реформаны сапалық тұрғыдан жүргізу мәселесі алға тартылды. Бұл реформалардың мазмұны Қазақстан Республикасы Президенті көрсеткен стратегиялық міндеттермен толық сай келеді. Сондай-ақ реформалаудың басты нормативті, қаржылық, ұйымдастырушылық мәселелерін шешу көптеген факторлерге байланысты екенін толық-қанды түсіне отырып, келесі кезекте білім беру процесінің тәрбиелік, мазмұндық құрылымдарын модернизациялау және жақсарту мәселелерін шешу қажеттілігі туындады. Осы реформалардың мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев алға тартқан стратегиялық міндеттерге толық сәйкес келді. Сонымен қатар, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Білім және ғылым министрлігі  жақын болашақта шешілуге тиісті бірнеше проблемаларды алға тартты:

Біріншіден, педагогтық қоғамдағы ролі мен мәртебесін көтеру керек. Бұл мәселені шешу жалақыны көтеру және оқу жүктемесін рационалдандырумен байланысты.

Екіншіден, білім беру мекемелерін жеткілікті және тұраұты бюджеттік қаржыландыруды жүзеге асыру керек.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарын жетілдіру керек.

Төртіншіден, білім беруді басқару жүйесін жетілдіру керек. Аймақтық және орталық органлар арасында келіспеушіліктің салдарынан білім беру процесін басқарудың тиімділігі төмендеп кетті.

Бесіншіден, білім беру секторын заманның талаптарына сай бейімдеу керек.

Қазақстандық білім беру жүйесінің қазіргі заманғы әлемдік білім беру жүйесінен айырмашылығы – басты назар оқушыға, білім алушыға, студентке аударылуы. Білімді дамытудың Стратегиясы осы мақсаттарға бағытталған. Стратегия оқытудың үздіксіздігі және жетістігіне сүйеніп жасалған.

 

Әдебиеттер:

1.Капранова В.А. Салыстырмалы педагогика // Школа и образование за рубежом. М,2004.

2.Нургалиева Г.К.,Кусаинов А.К., Мусин К.С. Сравнительная педагогика. А.1998.-176c.

3.Кусаинов А.К. Развитие образования: проблемы и перспективы. А.2005.-280c.