Абубакирова Г.Н.
аға оқытушы,
филология магистрі
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан,
Қостанай қ.
ЭМОЦИЯЛЫҚ
КҮЙДІ БЕЙНЕЛЕЙТІН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Адамның ><жалпы эмоциялық күйін
бейнелейтін фразеологизмдер ішінде ><эмоциялық күйдің құбылмалы болуын (динамикасын)
бейнелейтін фразеологизмдер өзіндік ерекшелігімен үлкен орын ><алады.
Фразеологиялық
бірліктердің эмоцияны бейнелеу қасиеті фразеологизмдердің
құрамындағы
бір компоненттің жеке ><мағынасына қатысты бола ма,
әлде
фразеологиялық тіркестің
беріп тұрған жалпы ><мағынасына қатысты ма деген
заңды сұрақ туындайды. Әдетте, біз екі, үш
және одан ><да көп
дербес сөздердің белгілі грамматикалық заңдылық бойынша өзара жымдаса байланысып, бір күрделі мағынаға ие болатын
тұрақты шоғырын фразеологизм деп жүрміз. Әрине, бұл анықтама
фразеологиялық тіркестердің пайда ><болуының шынайы себептерін
емес, олардың нәтижеге айналған түрін, яғни салдарын ғана көрсетіп тұр.
Қазақ тілі
фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған академик I. Кеңесбаев фразеологизмдердің ><үш басты белгісіне:
мағына тұтастығы, тіркес ><тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығына сүйене отырып, фразеологиялық тіркестерді ең непзгі ><үлкен екі арнаға
бөледі. Олардың біріншісін фразеологиялық түйдек, екіншісін фразеологиялық тіркес ><деп атайды.
Фразеологиялық түйдекке идиом ><сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады да, фразеологиялық
тіркестерді өз ішінен ><екіге бөледі:
а) түйін тіркес. Бұл – әуел бастағы еркін тіркесті
ауыс мағынада қолданудан туған фразеологизм. Мұнда фразеологиялық единица сыңарларының о бастағы мағынасы мүлде жойылмағанымен, көмескіленген.
ә) түйіс
тіркес. Бұл да әуел бастағы еркін
тіркесті ауыс ><мағынада қолданудан туған фразеологизм. Бірақ
фразеологиялық единицалар сыңарларының бастапқы мағынасы мұнда көмескеленбей, әнтек солғындап айтылады [1, 591-592].
Осы пікірге ден қоя отырып,
біз фразеологизмдердегі эмоциялық мағына үш түрлі негізге сүйенеді деп түйіндейміз:
1. <Эмоциялық бояу,
фразеологизм анықтамасына сай, ><фразеологиялық ><тіркес құрамындағы жеке сөздердің
негізгі мағынасын ескермей, мағыналық тұтастықтан байқалады. Мысалы: аза бойы қаза болу, алпыс екі тамыры босау, екі көзі шарасынан шығу, көңілі су сепкендей басылу, қу жаны қуырдақ болу, қанын ішіне тарту, сабасынан шығу, тірідей жерге кіру, ішін иттей кеміру..
2. ><Эмоционалдық фразеологиялық
тіркес құрамына еніп ><тұрған жекелеген
лексикалық бірліктердің семантикасынан-ақ көрініп тұрады. Мысалы: көз
жасын көл қылу, аза (азалы) болу, алқымына (тамағына) ашу тығылу, араз болу, ашуға міну (булығу, тығылу), әйелі ұл
тапқандай қуану, басына қайғы салу, боз інгендей боздау (зарлау, еңіреу), бор боп (бордай) егілу, ботадай боздау, еңірегенде етегі толу, зарлап қалу. Бұл тіркестердегі эмоционалдық, сөз жоқ, фразеологизм кұрамындағы көз жасы, ашу, араз, қуану, қайғы, боздау, зарлау, еңіреу, егілу сөздерінің тірек ><мағынаға ><ие болуынан
байқалады.
3. Фразеологиялық
тіркес мағынасына эмоциялық бояу ><үстеуге фразеологизм құрамына, тілдің эволюциялық
жолымен дамып, ><өрбіген, соның негізінде туындаған,
символдың мәнге ие сөздердің енуі де
себепші болады. Бұл жерде ><нақтылай кететін фактор,
сөздің
жаңа мағынаға ие болуы емес,
оның белгілі бір ситуацияда немесе контексте
жаңа қолданысқа түсуі. Әдетте нақты денотаттың символдану үрдісі әр халықта әр түрлі. Мәселен, қазақ халқы адам ><болмысындағы қатты қиналысты жан,
қан, жүрек сияқты символ-сөздер арқылы береді ><(жанын жегідей жеу, жаны көзіне
көріну, жан алқымға келу; жүрегі қарс ><айрылу, жүрегі аузына тығылу, жүрегі өрт (от) боп жану;
қан жұту, қанына қараю).
Мысалы: ренжуді
мынадай
фразеологиялық тіркес арқылы
білдіруге болады: көңіліне ауыр алу, қабақ шыту, журегіне қойып қалғандай жасау, көңілі қалу, кірбің тарту, көңілге дық тусу, көңілін ауырту, көңіліне келу, ажары сыну, салы суға кету, мойнына су кету, еңсесі түсу т.б.
Ашулану адамның
белгілі бір психикалық күйін білдіретін атау
болғанымен, ашудың жеңіл түрі мен ұзаққа ><созылатын ауыр түрінің
бар екенін ><байқаймыз. Ашу – адам
көңіліне біреудің іс-әрекеті, мінез-құлқы,
сөзі жақпай қалғанда көрсететін ішкі ><дүниенің ><қарсылығы. Ол жеңіл де, ауыр
да болуы ><мүмкін. Мысалы: ызасы
келу, ашу шақыру, көзін аларту, шыж-быжы шығу т.б. Бұл – қысқа мерзімді жеңіл-желпі ашуды ><білдіреді. Ал егер
қабағынан
қар жауу, қаһарына міну, жауар бұлттай түнеру, ит арқасы құрысу десек, ><жақын арада басылмайтын
ашу екенін ><білеміз.
Көбіне адамның
ашуы бет-әлпетінен байқалады. Ондай ><фразеологизмдерге: түсі бұзылу, танауы қусырылу, көзге шатынау, қабағынан қар жауу, оқты көзімен
қарау, түгін сыртқа тебу, күре тамыры адыраю, қан-сөлін ішіне тарту т.б. жатады. Енді ><ашу іс-әрекет
арқылы көрінгенде: ұрынарға қара таппау, шыж-быжы шығу, бұлан-талан болу, сақалын жұлу, күйіп-пісу, талағы тарс айрылу, шалқасынан түсу, екі иығын жұлып жеу, боғын пышақтау деген ><тіркестер қолданылады.
Мұндай мағыналық
ауқымы, образдылығы әр түрлі фразеологизмдер – тілімізде
әр уақыт эмоционалды, экспрессивті мағына үстеудің, әрі қайталай беруден гөрі
жаңа тіркеспен ойды ><жандандырудың ><кепілі.
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев I. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі. -А., 1977.
-711 б.
2. Смағұлова Г.Н. ><Мағыналас фразеологизмдердің ><ұлттық мәдени аспектілері. -А.,
Ғылым, 1998. ><-194
б.
3.
Сарышова К.С. Қазақ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер.
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін жазылған авторефераты. Қызылорда, 2006.