Филологические науки/7. Язык, речь, речевая коммуникация

К.филол.н. Имамбаева Г.Е., Ахметова А.Б.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

Телехабарлар тілінің табиғаты, бұқаралық ақпараттарының  ерекшеліктері

 

Бұқаралық ақпарат  құралдарының  тілі - тілдік  қатынастың  өзге түрлерінен,  өзіне тән,  сипатымен,  құрылымымен ерекшеленеді.  Осыған орай, телехабарлар табиғаты да сол хабардың өзіндік ерекшеліктеріне  сәйкес анықталады.

Ғалым Н.Уәли  бұл жөнінде  былай дейді : «БАҚ-тың  тілі  өзге қарым-қатынас  тіліне қарағанда өзіндік жүйесімн, құрылымдық ерекшеліктерімен қарым-қатынастың ерекше типіне айналды. Публицистикалық дискурстың  ерекше типі  пайда болды.  Коммуникацияға  қатысушылардың  белгілі  бір ситуацияда белгілі бір  мәдени- әлеуметтік қоғамдатықта вербалды  мәтіндер  мен өзге де таңбалар кешені арқылы бір-бірімен  өзара  әсері дискурс  деп аталады.Тілдік қарым-қатынастың  бұл түрі бұқаралық коммуникация арнайы терминмен  айтыла бастады».

Сонда бұқаралық  коммуникацияға, телехабарлар табиғатының өзіндік  ерекшеліктеріне  сәйкес, оның тілі  де соған қарай лайықталып  беріледі.

Жаңалықтарды  тұтастай жасап шығаруға  немесе оның құрылымдық  элементтеріне, соның ішінде  тіліне бірқатар  экстралнгвистикалық  факторлар  әсер етеді. «Политика начала сказываться  не только на макроструктурном , но и на языковом уровне.Так, как  варирование на лексическом  уровне связано  с выбором  лексем для обозначения  того или иного  явления. Варирование  может  осуществляться  и на синтаксическом   уровне,  с помощью  изменения  в зависимости  от установок ролевой структуры сообщения» , - деп  К.Д.Кирия  айтады.  Осыған орай, саяси телехабар мәтіндерінде «goverment», «president», «political», «council», «party», «visit» және т.б.  саси- қоғамдық лексикаға толы болады [1].

Жаңалықтардың  тілдік бейнесіне әсер ететін  экстралингвистикалық  факторлардың бірі- уақыттың  аз не көп болуы, қазіргі кезде  бұл өте  маңызды. Телехабарларда уақыт  факторы  бірінші орында  тұратындықтан, көрсетілетін жаңалықтар қысқа әрі нұсқа  формасындағы  сөйлемдермен ресімделеді.

Сонымен қатар жаңалықта берілетін мәтінді құруға және тілдік бірліктерді  таңдауға әсер ететін фактор-   ақпаратты қабылдауды  жеңілдету. Ю.В. Мостепанова атап көрсеткендей,  «в выпуске новостей  сообщения идут  одно за другим  настолько непрерывным  потоком,  что каждый  следующий сюжет  частично  затмевает  предыдущий».

Аудиторияның айтылған  ақпаратты  қабылдауын  жеңілдету үшін,  тележурналист  өз сөзінде  күрделенген  жай сойлемдерді,  құрмалас сөйлемдерді емес, құрамына жалпы қолданыстағы сөздер берілетін жай сөйлемдерді пайдалануы керек. Бір сөйлем шамамен алғанда 5-6 сөзден  ғана тұруға тиісті.

Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Cөздің дұрыс, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекті болуын да керек қылады. Сол сияқты өң берілген сөздер көрнекті делінеді. Тіл көрнекті болуы үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей сүреттеліп, адамның сана саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек.

Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтіндей болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын  нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін ашық айтады. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап жорып, ұйғарып қана қоямыз. Лебіз анық болуына мынадай орындарда кемшілік келмек:

- лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда;     

- сөйлемдердің шұбалаңқы айтылуы;

- сөздер өз мағынасында жұмсалмаса;

- адас синоним сөздерді дұрыс қолдану ;

- сөз өктейсіз орынға қойылса .

Мұнымен қоса, тіл анықтығы дегеніміз сөз мағынасының түйсінікті болуы, ол үшін терминдер, шет тіліндегі сөздер, диалектикалық сөздер, жаргондар, архаизмдер, кәсіби сөздерді өз жөнімен қолдану, ретсіз сөз арасын былғамау.Сөз түсінікті болмаса, адамның ойын түсіну қиынға соғады. Әдеби тілдің қалыптасқан нормасын сақтау, оның ішінде сөздің дұрыс айтылу заңдылықтарын орындау. Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:

- сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнында тұтыну;

- сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс есптеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыластыру;

- сөйлемдерді бір-біріне дұрыс ойластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру.

Теливизиядағы тілдік бірліктердің қызмет ету заңдылықтары, оларды  қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері  телехабарлар  тілінің  өзіне тән табиғатын ашады. Өйткені, біріншіден, телехабарлада  негізгі жүк сөзге,   сөз жағдаятына түседі; мұнда  визуалды  бейнелер  қосымша  ақпарат  түріне беріледі. Сондықан телехабарларда  экраннан  көрсетілген  бейнені  қайталамайтын ақпарат тілдік бірліктердің  көмегімен жүзеге  асырылады.Телехабарлар  заңдылығы бойынша  көрсетуге  болатын ақпарат сөз арқылы берілмейді. Журналистердің айтуы бойынша,  мәтін арқылы берілген ақпаратты  теледидар арқылы  көрсеткен кезде, ол ақпарат 75 пайызға  қысқарады екен.

Телехабарлар  арқылы таралатын  ақпарт  көпшілік қауымға  бағыттталғандықтан- телехабарлар тілі публицистикалық стильге негізделеді. Демек,  телехабарлар  тілінде  әдеби  нормаға  негізделген жалпы халықтық қолданыстағы сөздер пайдаланылады [2].

Бүгінгі қоғамды ақпарат құралдарсыз елестету қиын, өйткені олар халықпен, бүкіл қоғамдық өмірмен бірге қайнасып кеткен. Дүние жүзінде болып жатқан оқиғалар тек осы әр тілдегі, әр бағыттағы ақпарат құралдары өкілдері арқылы таралып жатады. Елдің айнасы-бұқаралық ақпарат құралы, сол арқылы мемлекет мүддесі айқындалып отыруы тиіс.

Радио және телевизия- қазіргі заманғы қуатты бұқаралық ақпарат құралдары, тұрмыста кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне, ақпарат алуына жәрдемдесетін қалыптасқан жүйе. Егер радио- ақпаратты шұғыл таратып , жедел құлақтындырса, телевизия –оқиғаны, болмысты көрсетеді; газет- журнал – деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді

Телехабарлар  тыңдарман үшін әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлар, экономикалық жаңалықтар, спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы әуе толқынында тарап жатады. Соңғы жылдары телехабарлардың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, өз тыңдармандарын табу жолында солардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға бейімделе бастады. Яғни жастар, ересектер,балалар хабарларына қоса саясаткерлерге, экономистерге,заңгерлерге т.б. қоғамда қажетті, сұраныстағы мәселелерге арналып та бүкіл қоғамдық өмірді қамтитын хабарлар, бағдармалар қатары өсті. Осыған байланысты әр түрлі телехабарлар форматтары көбейді, телехабардың аудиториясы да түрлене түсті. Тыңдармандар мен көрермендер талғамы арта түсуде [3].

Бұқаралық ақпарат құралдары – бүгінде қоғамның басқа салаларына қарағанда саяси процестердің басты коммуникациялық құралына айналып отыр. Өйткені саясаттың өзі атқарып отырған қызметінің ақпарат құралдарынсыз еш пайдасыз екендігін түсіне бастады. Жиырма бірінші ғасыр- ақпарат пен коммуникация ғасыры. Әлемді, әр елді билеймін десең қолында бұқаралық ақпарат құралы болуы тиіс. Сол себептен де, барлық мемлекеттегі саяси күштер БАҚ-қа барынша назар аударып, қызметтерін көпшілікке жеткізер коммуникациялық арна ретінде жіті бақылауда ұстап отыруды міндет санайды. Постиндустриалды қоғамда қаржы мен өзге де күш көрсету әрекеттері екінші орынға түсіп, қоғамды басқаруда білім мен ақпарат алға шығып отыр. Ал, аталған білім мен ғылым жаңалықтарын, қоғамдық институттар үшін аса маңызды саяси хабарларды таратушы сөз жоқ бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

Сондай-ақ, саяси субьектілер мен обьектілер арасындағы кең көлемді процестердің генераторы да саналады. Ғалымдардың ойынша, БАҚ- тың мынандай ерекшеліктері оның саяси коммуникация құралына айналуына септігін тигізіп отыр. Олар, біріншіден , ақпарат құралдарының өнімін тұтынушылар саны шексіз. Ол жариялы құрылым саналады. Екіншіден, ақпарат таратуға арналға техникалық құрал жабдықтарының барлығы БАҚ- ты барынша күшті етеді. Үшіншіден, мәліметтер ағының бір жақты, яғни, коммуникатордан реципиентке дейін жүруі. Аталмыш, жағдай ақпарат құралын мәлімет таратушы ретінде ғана қарастыратын саяси құрылымдарға аса пайдалы тәсіл. Төртіншіден, эфирден берілген әр хабардан соң, мерзімді баспасөзде жарияланған мақалдан кейін аудиторияның көңіл-күйі ауысып, өзгеріп отырады. Мұндай тұрақсыз психологиялық жағдайдағы аудиторияны басқару саяси коммуникаторға оңайға соғады.

Саяси жүйенің саяси коммуникация құралы ретіндегі БАҚ-қа деген сұранысы оның қоғамда атқарар қызметіне, саясат сахнасындағы ойыншылар санына, мемлекеттік көлемі мен өзге де жайттарға тікелей байланысты болып келеді. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттерде коммуникация құралдарын қолдануға деген мүмкіндіктің шектеулі болғандығы мәлім. Ол кезде саяси коммуникация құралының міндетін арқа мініп, ақпаратты ауызша немесе хат түрінде жеткізу жаршылар атқарған. Алайда, қазірде адамзаттың ғылыми әрі технологиялық тұрғыдан өркендеуі мен мемлекет атты саяси институт пен ондағы сяси процеске қатысушылар талаптарының артуы БАҚ-қа деген коммуникациялық қажеттіліктің күрт өсуіне, күтпеген жерден өзгеруіне әкеліп отыр. Сондықтан да бұқаралық арпарат құралдарының  саяси коммуникациялық қасиетері жайлы әңгіме қозғағанда жоғарыда айтылған ғалымдар тұжырымдарының мысалға алынуы заңды құбылыс.   

БАҚ- тың саяси коммуникация құралына айналып отырғандығына бірден-бір себеп- ақпарат құралдарының саяси қызметінің күн өткен сайын арта түсуі. Оның басты мәні азаматтар, билік органдары және өзге де саяси топтардың ақпарат құралдары арқылы қандай-да бір оқиға, шаралар жайлы мәлімет алу мүмкіндігіне болып табылады. Ал саяси күштер өздерігің қызметі туралы мәліметті БАҚ-тың аталған ерекшелігін ескере отырып, оны барынша кең көлемде пайдалануға тырысуда.

БАҚ- қоғамдық пікірді қалыптастырушы құрал. Бұл қағида ешқашан даөз өзектілігін жоғалқан емес. Ал, саяси коммуникация тұрғысынан алғанда ақпарат құралының қоғамдық пікірді қалыптастырушы қызметі тіпті орасан. Мысал келтіретін болсақ ,телевизия пайда бола бастаған 1960 жылдары-ақ, мамандар саяси аренаға жаңа "коммуникациялық құдай " келді деген пікір айтқан болатын [4] .

Бүгінгі заманда саясатты- телехабарсыз, телехабарды- саясатсыз елестету мүмкін есмес. Бұл өз кезегінде телеаудитория үшін "Мен көрдім. Ол -шындық" деген психологиялық тоқтамға әкеледі. Украиналық ғалым Георгий Почепцов жүргізген зерттеу бойынша,"эфирден айтылған сөздердің тек 16 пайызы ғана көрермендер есінде қалса, визуалды түрде берілген мәліметтердің бақандай 34 пайызының аудитория есінде сақталатыны анықталған. Вербальды түрде, яғни, ауызша айтылған ақпаратты қайталау кезінде сауалнамаға қатысқандардың 32 пайызы қателлесе, визуалды мәліметтерді айтып беру кезінде олардың тек 15 пайызы ғана дұрыс жауап бермеген. Телевизия мен радионың күш-қуат айырмашылығына келсек. Аудитория радиодан естігендерінің 70 пайызын ұмытып қалатын болса, телеарнадан көргендерінің тек 50 пайызын ғана естен шығарып алатындығы белгілі болады" [5] .

Мемлекеттік каналдар көбінесе ресми саясатты насихаттауға, биліктің сөзін сөйлеуге құрылады.Сонда ақпараттық хабарларды берудің стандартты бар ма, оның сапасының критерийлері қандай деген заңды сұрақ туу мүмкін. Оған жан-жақты жауап беру үшін шет елдің тәжірибеміне жүгінуге тура келеді.

Би-би-си әлемдегі үздік, тәулік бойы ақпарат тарататын, бір мезгілде миллиондаған адам көретін арна. Телеарна жұмысына бірінші кезекте ұшқырлық тән, ақпаратты өте жедел, көбіне тікелей оқиға ортасынан жеткізеді. Би-би-си-дің тағы бір басты ерекшелігі ақпаратты беру тәсілінде, оның журналистері талдап, баға беру көрерменнің құзырында деген приципті ұстанады.Телевизия қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамды топтастыру, белгілі бір мақсаттарға жұмылдыру сияқты ұйымдастырушылық функцияларды орындайды.

 

Қолданылған әдебиеттер

1.     Ольшанский Д. В. Политический PR . – Санкт-Петербург : Питер, 2003.-82 с.

2.        Леонтьев А. А. Психология общения. М, : 1997-246 с.

3.     Сопер П.Л. Основы искусства речи. М. : 2002-448 б

4.     Швидунова А. СМИ как субъект  политического процесса и инструмент политических технологий. - Москва: "Дело", 2004.- 243 б.                                                                                                                 

5.     Ж. Мұсаұлы Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы. К,2007-169 б.