Амандосұлы Б.,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің PhD докторанты

 

      ДСҰ қызметінің құқықтық тетіктері

 

Мемлекеттердің құқықтық аспектілер ынтымақтастығын қарастыру барысында  халықаралық ұйымдарды құру жолындағы ынтымақтастық қалай қалыптасады, жалпы міндеттер мен мақсаттардың жүзеге асырылу тетігі қандай екендігі маңызды болып табылады. Құқықтың негізгі мәселесі оның жүзеге асырылуында. Мемлекеттердің жалпыға міндетті жағдайының тұтастық жетістігін және ұйымдар қызметтерінің жүзеге асырылуын ішкіұйымдастыру тетігі қамтамасыз етеді. Ішкіұйымдастыру тетігінің түсінігі өзіне ұйымдардың құрлымын, шешімдерді қабылдау тетігін, басқада халықаралық ұйымдармен байланысын, шағымдарды беру және ұйымға кірудің әртүрлі үрдістерін жатқызады. Ұйымның барлық элементтері функциональдық сипатта болғандықтан, ішкіұйымдастыру тетігінің жүйесіндегі органдардың құқықтық жағдайы халықаралық ұйымдардың міндеттері мен мақсаттарына қатысты оның қызметтерімен анықталады. ДСҰ Бас кеңестің жұмыс істеуіне жауапты Министрлер конференциясы болып табылады, нақтырақ айтқанда, олардың сессиясы барлық мүше өкiлдерінің жиналысы екі жылда бір реттен көп емес болады. ДСҰ Бас кеңесі ДСҰ қызметінің аясына кіретін барлық мәселелерге байланысты шешім қабылдауға өклетті. Аталған Конференция ДСҰ құрлымын анықтайды, яғни оның шешімімен оған есеп беретін органдарды құруға және таратуға болады. Конференция мынадай тұрақты органдарды: Сауда және даму бойынша комитетін; Төлемдер мен баланстар байланысын шектеулер бойынша комитетін;  Бюджет, қаржы және әкімшілік бойынша комитетін; Сауда және қоршаған орта бойынша комитетін бекітеді. ДСҰ қызметін орындау Конференцияға жүктелген, осыған байланысты ол ДСҰ келісімінің орындалуына, қолдануына және келіссөздер үшін форуммен қызмет көрсетуге міндетті түрде болысу қажет. ДСҰ Бас директорын министрлер  Конференциясы тағайындайды (Жарғының 6.2 бабы), оның өкiлеттiктерін, міндеттерін және мерзімдерін анықтайды. ДСҰ келісімін талқылау туралы шешім қабылдауға құқылы (Жарғының 9.2 бабы). Ол ұйымның келісімінен туындайтын міндеттерден мүшені босату туралы шешім қабылдай отырып, сонымен қатар мұндай босауға мүмкiндiк беретiн ерекше жағдайларды анықтау қажет (Жарғының 9.3 бабы). Конференция ДСҰ келісімін түзетіп және өзгерiстерді енгiзiп бекiтуге құқылы, сонымен қатар оларды қабылдау үшін мерзімдерін анықтайды (Жарғының 10.1 бабы).  Конференция қосылу туралы шешім қабылдайды, нақтырақ айтқанда, қосылу шарттары туралы келісімді бекітеді (Жарғының 13.3 бабы).  Сонымен, ол мүшелікте сақтауға келісімін беруге құқылы немесе белгiленген мерзiмде маңызды өзгерістердi олармен қабылдамау түрінде ДСҰ мүшелігінен шығу туралы мәселені шешеді.

Сессия аралығында Конференцияны Бас кеңес ауыстырады, сонымен қатар онда барлық мүшелердiң өкiлдерiнен тұрады және ДСҰ функциясын орындайды. Бас кеңестің отырысы айына бір реттен жүргізіледі. Бас кеңестің өкілеттілігіне сүйене отырып, ол министрлер Конференциясын мүлдем ауыстырмайды, өйткені ДСҰ келісімін түзетулер мен өзгертулер енгізу құқығына ие болмайды, бірақ ұйымның құқық шығармашылық қызметіне тиісті ұсыныстар ұсыну жолымен қатысады. Сонымен  бірге ол міндеттерден босатуға және мүшеліктің сақталуына келісім беруге құқығы жоқ. Бұл мәселелердің барлығы Конференцияның ерекше құзіреттеріне кіреді. Бас кеңес жылдық бюджеттік жобаны бекітеді, мүшелердiң арасындағы шығындарды үлестiру мен қарызшыларға қатысты шаралар қабылдану бойынша барлық қаржылық мәселелерді реттейді. Оған сауда тауарлары бойынша Кеңесі, сауда қызметтері бойыша Кеңесі, интелектуалды меншік аспектілер саудасы жөніндегі Кеңесі есеп береді.

Бас кеңестің басшылығымен бірнеше Кеңесетін ұйымдар жұмыс жасайды. Бас кеңес осы ұйымдарға өзінің біраз құзіретін береді. Осы Кеңесетін ұйымдардың кез келгені комитеттер, жұмыс топтары, келіссөздер жүргізетін топтардан тұрады. Сәйкесінше, дамушы елдерге қатысты келіссөздерге және келісімнің орындалуына, нақтырақ айтқанда: ДСҰ нормаларының имплементациясы мен түсінігін; оған кiру сұрақтары бойынша техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуін; ДСҰ сауда және сауда саясатының экономистері мен статистерінің талдау жасауын; сауда дауларын реттеудегі ДСҰ ережесін интерпретациялары мен прецедентеріне заңгерлер жағынан көмек көрсетуін; шағымдарды қарастыру бойынша жұмыс топтарының құрамындағы тұлғалардың индикативтік тізімінің мазмұнын; мүшелікке енетін жаңа елдер туралы келіссөздер бойынша жұмысы мен мүшелікке қызығушылық білдіретін үкіметтер үшін ұсыныстарды қамтамасыз ету аймақтарындағы көп жақты сауда келісімдерінің қызметтеріне бақылау жасайды. Секретариаттың басшылығымен «Негізгі инструменттер мен іріктелген құжаттары» (Basic Instruments and Selected Documents) атты серия ұйымның ағылшын, француз және испан тілдерінде жарияланып тұрады. ДСҰ секретарияттың кейбір бөлімшелері нақты комитеттердің қолдауларына жауап береді, мысалы, Ауыл шаруашылық жөніндегі бөлімше ауыл шаруашылық пен санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндері комитетке көмектеседі. Ал басқа бөлімшелері ДСҰ қызметіне үлкен көмек көрсетеді, мысалға, экономикалық талдау және ақпараттар, техникалық ынтымақтастық шеңберлерін жатқызуға болады. Әрбір бөлімше Бас хатшының төрт орынбасарының біреуінде бақылауда болады немесе тікелей Бас хатшының бақылауында болады.

Барлық кеңестерге, комитеттерге және жұмыс топтарына қатысу үшін ДСҰ барлық мүшелеріне ашық болып табылады, тек қана Апелляциялық органнан, дауларды қарастыру жөніндегі жұмыс тобынан, текстиль мониторингі және шектелген саны бар қатысушылар комитеттері жөніндегі органнан басқаларын жатқызуға болады. Бұл органдар мүшелік құрамы шектелген органдар болып табылады. Алғашқы үш органның қалыптасу барысында істерді қарау кезіндегі объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттерден орган мүшелерінің тәуелсіздік қағидасы қолданысқа ие. Бұл жағдайда мүшелікке мемлекеттер емес, халықаралық қызметшілер болып табылады, яғни мүше елдер тарабынан емес, өзінің жеке тарабынан сөз сөйлейтіндерді айтады. Ал шектелген саны бар қатысушылар комитетіне келетін болсақ, бұнда арнайы мүдделер немесе импорттар және экспортшылардың өкiлділік қағидасы қолданылады.

Халықаралық ұйымдар өзінің органдарымен қабылданған шешімдері арқылы өз функцияларын жүзеге асырады. ДСҰ шешімдерді қабылдау үрдістерде әдет құқығынан яғни ТСБК (ГАТТ) бастау алады немесе Бас келісімнің мазмұнында шешімді консенсус арқылы қабылдау формальді түрде анықтақталады. Халықаралық ұйымдардағы консенсус арқылы шешімдерді қабылдау әдістері халықаралық әдет ғұрпында болса, көптеген ұйымдардардың жарғыларында көрініс тауып жатыр. Консенсуспен дауыс беруді қарастырмайды және мемлекеттердің келiсушiлiк мұндай ұстаным дәрежесi бола отырып, яғни бір ғана мемлекет тарапынан тікелей наразылық тудырмайды. Конценсус дәрежесінің жетістігі – бұл жеткілікті ұзақ және күрделі үрдіс болғандықтан, өзара консультацияларды, байланыстарды орнатумен және жол берумен ауысуды алдын-ала талап ету болып табылады. Консенсус - бұл келіссөздер үрдісіндегі шешімдерді жасап шығару дегенді білдіреді.

Сонымен, ДСҰ консенсус ұйымдағы мүшелердің келісімінсіз, тек қана бір мәселені талқылау барысында қатысқандармен жүзеге асырылады. ДСҰ Бас деректоры 1999 жылдың 2 желтоқсанында өзінің сөзінде «Женевадағы дипломаттық миссиялардың болдыруын кез келген үкiмет өзiне мүмкiндiк бере алады» сондықтан бұл ерекше дамушы елдерге қатысты. Осыған байланысты шешім қабылдау үрдісіне тек дамыған елдер ғана қатысады дегенді білдірмейді. Теориялық жағынан егеменді мемлекеттердің теңдік қағидасын ескере отырып, үкмет мүшелерінің барлығы ұйыммен қабылданатын деңгейдегі шешімдерге бірдей әсер ете алады, бірақ іс жүзінде бірнеше критериялар қатысты, олар: әлемдік саудадағы үлесі, экспорт пен импортқа қатысты және нарық көлемі жатады. Осының нәтижесінде әлемдік сауданы жүргізудегі қалыптасқан ережелердің негізгі ойыншыларының қатарына: АҚШ, ЕҚ, Жапоня, Канада, және жақын уақытта Қытайды да жатқызуға болыды. Алғашқы төрт мемлекет «төрттік» (QUAD)  тобын құрайды және жабық түрде жиі бөлек отырыс жүргізеді. Дамушы елдер бұл жағдайдан шығу үшін сәйкесінше өз мүдделерін біріктіріп және біртұтас ретінде әрекет етеді. Дамушы елдердің ұстанымын білдіретіндер қатарына Бразилия мен Индия кіреді. Ұйымның ішіндегі экономикалық топтардың қалыптасуы консенсус арқылы шешім қабылдау үрдісінің өзімен байланысты. Топтардың ортақ ұстанымын қалыптастыруының арқасында консенсустың нәтижесіне жетуге едәуір жеңілдетеді. Жоғарыда атап өткен ірі экономикалық одақтардан басқа ауыл шарушылығын либерализациялау үшін 1986 жылы құрылған тек қана дамушы елдер арасынан тұратын Керндік топты атауға болады. Бұндай аймақтық ұйымдар ретінде ЕҚ, НАФТА, МЕРКОСУР, АСЕАН көршілес мемлекеттердің ұстанымын ұстанады.

Консенсуспен шешім қабылданатын басқа бір маңызды элемент ол вето құқығы болы табылады. Бұл құқыққа көпшiлiкпен де емес және азшылықпен де емес, оған ДСҰ әрбір мүшесі ие болды. Мұндағы проблема ол бір мемлекет көпшіліктің шешіміне тосқауыл жасай алмайды. Осы жағдайды шешу үшін консенсустың қолдану механизімі өзгертілген болатын, сондықтан оның жетістігі көпшілікпен мақұлданған шешімдерге тосқауыл қою үшін керек.   

Дегенмен консенсус шешімдерді қабылдаудағы жалғыз және баламасыз әдістер болып табылмайды. Бiр ауызбен бекіту уақыт бойынша қалыптасқан шешiм қабылдаудағы ең бiрiншi әдiс болып есептеледі, ол өзінің мәнiн жоғалтпады және  керек  жағдайларда ДСҰ негiзгін қалайтын қағидаларға түзетулер енгiзу, сонымен бiрге шешiм қабылдау үрдісінің өзiде қажет болады. Екi мемлекеттiң ұстанымы келiсушiлiкті бiлдiреді, бірақта консенсус бiр ауыздан келiсушiлік болып табылмайды. Бiр ауыздан келісушілік, консенсуске қарағанда, бұл дауыс берудiң түрі, министрлердің конференциясында болған ДСҰ мүшелерінің әрқайсымен тікелей сипаттайтын келiсiмдерiн айтады.

ДСҰ келiсiмiн қолдану мен талқылау туралы шешiм қабылдау кезінде төрттен үшінің көпшiлiгі жоғары мамандандырылған болу керек, егер консенсусқа бұл сұрақ бойынша 90 күннiң iшiнде жетпейтін болса, ДСҰ мiндеттерінен мүшелердi босату мәселесі туындайды. Алайда, мiндеттемеден босату өтпелi кезеңде қарастыратын және сәйкесінше кезеңнің соңында тиiстi мерзiмде орындамаса, онда тек қана ерекше жағдайда консенсус орынды болады (ДСҰ Келімімінің IX:3 бабы). Мүшелердің төрттен үшінің көбі ДСҰ келiсiмнің мазмұнына түзетулер қабылдап жатады, сонымен қатар шешімге осындай түзетулерді енгізу туралы жағдайларды белгiленген мерзiмде қабылдамау ДСҰ мүшелiгінен шығарылады.

Дауыс беру үрдісіне талаптар қолданылатын шешiмнің маңыздылығымен және мәселенің мазмұнымен пара-пар өседi. Көпшiлiк қағидасы бойынша шешiмді қабылдау қатынасына жеткiлiкті түрде жағымсыз. Көпшiлiк қағидасын мемлекет үстiндегі белгiлердiң біріне жатқызады, яғни көпшiлiк дауыспен шешiмдердi қабылдану жолымен міндетті түрде жүзеге асырады, атап айтқанда, ұйым өз мүшелерiнің келiсiмiнсіз немесе тiптi олардың келісімдеріне қарсы болса да мiндеттей алады. Осыған байланысты шешiм қабылдау кезінде қатысқан бiрақ өз келiспеушiлiктерiн білдірген мүшелер туралы ескерген жөн. Егер олар үшін дауыс бермесе, онда бұл жаңа мүше мемлекеттерді мойындамауы мүмкiн. Егер солар үшін олар дауыс бермеседе, ДСҰ келісімінің ережелеріне түзетулер енгізу мен мүше мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін өзгерту міндеттемелермен олар байланысты емес болады. Бұдан басқа, консенсустан тысқары шешiм қабылдаудың басқада варианттардың болуы, жүйенің жұмыс жасауындағы иiлгiштiк және жедел қимылдаушылықты қамтамасыз етедi. Әйтсе де, консенсуспен шешім қабылдау өте тиiмдi және артықшылығы бар әдiс болып қала береді.

ДСҰның мүше мемлекеттерi, сонымен қатар тауар саудасы бойынша, қызметтер саудасы бойынша және интелектуалды меншік құқығындағы сауда аспектілер кеңестері шешiм қабылдауға талап ететiн заң шығару әрекеттеріне немесе ұсыныстар енгiзетін құқықтарға ие болуда. Соңғылары ұсыныстар туралы мәселелерді өз құзыреттерінің шегінде ойлап шығарады.

Халықаралық ұйым шеңберiндегі шешiм қабылдау үрдісіне көп факторлар әсер етедi. Сонымен бiрге жоғарыда аталған факторлар, ел үшiн қарастырылатын мәселенің маңыздылығымен ықпал деңгейi анықталады. Мысалы, бұл қатысушылар ортасымен шектелген келiсiмге жататын мәселелер бойынша қолданылған  шешiмдерге қатысты. Ондағы шешiм қабылдауында ет, сүт өнiмi және азаматтық авиатехниканың маңызды экспортшылары  белсенді  рөл ойнайды.

Соңғы кездерде халықаралық экономикалық жүйеде трансұлттық корпорациялардың рөлiнің үстемдігі туралы көзқарас көбiрек қорғалуда және корпорациялар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылуда. Осыған байланысты олар тауарлардың және қызметтердiң негiзгi өндiрушiлері немесе жабдықтаушылары бола тұра әлемдiк саудаларға тiкелей ықпал етеді.

Мүше-мемлекеттердiң үкiметтерi жеке фирмалардың, ұйымдардың, фермерлердің, тұтынушылардың және тағы басқа да мүдделi топтардың ұсыныстарын ескере отырып сауда саясаттарын дайындайды. Керiсiнше, ДСҰ әр түрлi мүше-елдеріне сыртқы сауда саясатының өңдейтін комиссиялар бағдарлары тек қана iрi корпорациялардан тұрады. Осылай, сауда саясатының келiссөздері бойынша АҚШ президентi жанындағы  Кеңесшi комитеті AT&T, IBM, Eastman Kodak атты өкілдерінен және тағы басқа  корпорациялардан тұрады (барлығы 200). Сауда және инвестициялар бойынша Жапония комитетін Mitsubishi электрондық корпорациясы билесе, ал қоршаған ортаға және қауiпсiздiк бойынша комитетін Nissan Motor корпорациясы басшылық етедi. ДСҰ бойынша Еуропалық комиссия 50 корпорациялардың ішінен тұратын Еуропаның Nestle, Unilever, Bayer & Philips атты Еуропалық кәсiпкерлердiң дөңгелек үстелмен консультацияларды жиі өткiзедi. Канадада корпорацияларды ұлттық сұрақтар бойынша Iскер кеңес ұсынады.