Беделбай Ж., халықаралық құқық мамандығы бойынша

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

 

БҰҰ, ЕҚЫҰ және Қазақстан: адам құқығы мен еркіндіктері саласындағы  ынтымақтастығы

 

Қазіргі таңда адам құқықтары жан-жақты даму барысында. Демократиялық қоғам негізінде адам құқықтарынң маңызы зор және ерекше құндылығы бар. Адам құқықтарының қорғалуының бір кепілі ретінде халықаралық ұйымдардың шаралары жөнінде айтып кету маңызды. Адам құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауды жүзеге асыратын бірден Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымының адам құқықтары мәселесін қорғауға байланысты маңызды халықаралық құжаттар қабылдау барысындағы қызметтері мен осы ұйымдарға мүше-мемлекеттердің осы мәселеде ұстаған көзқарастарын ашып көрсетуге, олардың адам құқықтары мәселесіндегі өзаралық қатынасы мен үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығын ашуға тырысады.

Алпысыншы жылдары Қазақстан «дербес» ел саналса да, КСРО құрамындағы басқа республикалар сияқты халықаралық ұйымдарда тікелей өкілдік ете алмады. Тіпті бұрынғы  Кеңестер одағы көлемінде өз елінің шынайы дербестігі туралы сөз етудің өзі мүмкін емес  еді. Қазақстан екі жарым ғасыр бойы Ресей империясының отары ретінде күн көріп келгені мәлім. Енді, 1991 жылы егемендігін жарияланғаннан кейін біздің еліміз де дүние жүзі елдері қатарынан өз орнын алуы тиіс еді. Осы ретте Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетісімен, ол халықаралық қатынастағы аса беделді ұйымдарға, яғни 1992 жылдың 3 наурыздағы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясында БҰҰ-на толық құқықты мүшесі болып қабылданды. Осылайша өзінің бірегей геосаяси жағдайларына орай Азия мен Еуропа арасында, Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеті арасында ежелден өзіндік көпір болып келе жатқан ел әлемдік қауымдастықпен терезесін теңестірді. Жер көлемі әлемдегі ірі мемлекеттердің қатарына бола тұра, КСРО-ның көлеңкесінде аты мәлімсіз Қазақстанды енді төрткүл дүние таныды. БҰҰ-на аз уақыт ішінде мүше болған Қазақстан, Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі институттарымен тиімді ынтымақтасып, әлемдік саясаттың маңызды бағыттарында, оның ішінде адам құқықтары мәселесінде табысты қызмет жасауда. Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасында демократиялық жүйенің түбегейлі қалыптасуына зор үлесін қосуда.

Қазақстан БҰҰ-ның экология саласындағы қызметін одан әрі нығайтудың маңызды екенін талай рет атап көрсеткен. Экология мәселесі бұл әрбір қазақстандық азаматтың жеке басының мәселесімен, яғни оның денсаулығы, оның сол аймақта баспанасына ие болып, салауатты өмір сүруімен тікелей байланысты. Бұл әр адамның таза табиғи ортада өмір сүру құқысының іске асуы. Қазақстан үшін мұндай қызметтің ерекше зор маңызы бар.   Сондықтан   да,   Н.Ә.   Назарбаев   БҰҰ    Бас   Ассамблеясының   19-шы   арнаулы сессиясында     1995     жылдың     маусым     айында     сөйлеген     сөзінде     дүниежүзілік қауымдастықтың назарын Қазақстанға ауыр мұра болып қалып отырған аса күрделі экологиялық мәселелерге тағы да аударған болатын. Мүның өзі Арал теңізі маңындағы және бұрынгы Семей ядролық сынақ аланы төңірегіндегі экологиялық апат аймақтарында қатысты еді. Айланып келгенде экологиялық апат аймағына көңіл бөлмеу бұл тағы да сол аймақтағы азаматтардың үрім-бұтағының келешегіне балта шабумен тең. Осы салада өткеннен мұра болып қалған күрделі мәселе - Арал теңізінің тартылуы тек біздің республикамыз үшін ғана емес, әлемдік мәселеге айналып отыр. Өйткені, осы аймақтан көтерілген тұз тозандарының құрамдары Еуропа да, тіпті Солтүстік мұзды мүхитта да бар екені байқалған. Арал аймағын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы апатқа соқтырарлық тапшылыққа экелуде, халықтың денсаулығы барған сайын нашарлап барады, табиғи ортаның бұлінуі тоқтайтын емес. Бүкіл дүниежүзілік Банк деректеріне қарағанда, аймақты экологиялық жағынан қалпына келтіру үшін 25 жылдың ішінде 50 млрд. АҚШ долларын жұмсау қажет. Сондықтан да бұл мәселе басқа да көрші мемлекеттерге қатысты болса да, оған әлем жұртшылыгының назарын аударуга Қазақстан айтарлықтай күш салды. Соның арқасында республикаға БҰҰ бас хатшысының орынбасарлары Э. Даудевеллдің, Д. Спеттің және К. Белламидің келуі, Әлемдік банктің, ЮНЕП пен Ғаламдық экологиялық қормен, сондай-ақ ЮНИСЕФ-пен бірігіп, Арал аймағындағы жағдайларды жақсарту жөніндегі кең көлемді бағдарламалар жасауы мәселені шешуге жаңа арна ашып отыр. Арал мәселесін шешудің орасан зор маңызы бар.

Дүние жүзіндегі ең ірі сынақ алаңы болған Семей ядролық сынақ алаңында 470 рет жасалған ядролық жарылыс елді дүрліктірді, халықтың денсаулығына және табиғатқа орасан зор зардабын тигізді халықтың денсаулығына және табиғатқа орасан зор зардабын тигізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық сынақ алаңын жабу жөніндегі шешімін ядролық сынақ алаңын жабу жөніндегі шешімін ядролық қарусыздандыру ісіне қосқан тарихи маңызы бар жетістік ретінде қарауға болады. Бұл ретте де үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қозғалыстардың тигізген эсері өте зор. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ел басының бастамасы бойынша ядролық қару түрлерін таратпау мәселелері бойынша халықарапық конференция болып өтті. Оған қатысушы.ьар бұрынғы Семей ядролық сынақ алаңын аралап көріп, жарты ғасырға дерлік уақыт бойы ядролық сынақтардың аса ауыр зардабына төтеп беріп келе жатқан Қазақстанға көмек көрсету қажеттігіне тағы да көздерін жеткізген болатын. Бұл әрине осы аймақта зардаб шеккен азаматтарға өздерінің табиғи түрде несібесіне жазылған денсаулық құқына тигізген кеселіне азда болса көмек ретінде еді. Өйткені сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығына қолдан жасалынған қастандық толығымен қайта өтелуі мүмкін емес. Бұл да адам құқының сақталмауының кесірі екендігі баршамызға аян [1].

Қазақстан мен БҰҰ -ның арасындағы ынтымақтастық та өте зор маңызға ие. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 52-сессиясында Семей сынақ алаңына байланысты арнайы қарар қабылданған болатын. Ал оның арнайы ұйымдары - ЕЭК және ЭСКАТО жагынан Орталық Азия аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты бағдарлама қабылданды. Таяуда ғана БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Семей аймағындағы ядролық сынақ зардаптарын шеккендерге байланысты реабилитациялау шаралары жөнінде тағы бір қаулы-қарар қабылдады. Қазақстанның ЮНЕСКО - мен ынтымақтастығының біздің еліміз үшін ерекше зор маңызы бар. Мұның өзі ғылым, мәдениет, білім, коммуникация саласындағы алуан түрлі маңызды жобаларды жүзеге асыру түрғысынан ғана емес, сонымен қатар адамзаттың алдыңғы қатарлы озық ақыл-ой қазыналарына, идеяларына сондай-ақ болашаққа бағытталған сындарлы бағдарламаларына бой ұру тұрғысынан да маңызды. Осы халықаралық ұйымның тікелей ат салысуының арқасында Абай мен Жамбылдың 150 жылдық мерекесі тойланғаны баршамызға мәлім. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майордың Абайдың туып-өскен топырағында болуы, оның шыгармашылығымен танысуы ол үшін өз өміріндегі ерекше жарқын,ешқашан естен кетпейтін елеулі оқиға болмақ. Оның өз сөзімен айтқанда, «Абай оны Ұлы даланың жүрегіне жол табуға көмектесті».

Қазақстанда адам құқықтарын қорғаумен және оны насихаттаумен айналысатын аз ғана құқық қорғау ұйымдарының қызметі БҰҰ және ЮНЕСКО ұсыныстарына сәйкес екеніде атап өтілді. БҰҰ-ның адамның жеке басын және адамның қадір-қасиетін сезінуін жан-жақты дамыту, халықты адам құқықтарын оқып - үйренуге тәрбиелеу жұмыстары бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі - «Келіспеушілікті шешетін орталық» үкіметтік емес үйымдар мен Мәскеу адам құқықтары мектебі, Эссек Университеті (Ұлыбритания) адам құқыктары орталығымен бірігіп, «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы адам құқықтары саласындағы білім беру» жобасын жасады. Жоба Еуропа Одағының ТАСИФ-ФАРЕ демократиялық бағдарламасы тарапынан қолдау тауып, 1998 жылдан жүзеге асырыла бастады. Егеменді еліміздің 1992 жылдың 8 шілдесінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесінің Хельсинки Қорытынды Актісіне (1975ж) қосылуы, ішкі және халықаралық өмірдегі адам құқықтары саласындағы осы ұйымның ұсыныстарын, ережелерін, үлгілері мен өлшемдерін сақтауға және жүзеге асыруға міндеттейді. Қазақстан Республикасының тұғырлы көзқарасына орай Қазақстан өкілдерінің негізгі назары ЕҚЫҰ тиімділігі орнату саласындағы шешімдерді эзірлеуге бағытталды. Оның ішінде жанжалдардың алдын-алу, дағдарыстарды реттеу және бейбітшілікті сақтау қызметі, XXI ғасырдагы қауіпсіздік, адамдық және экономикалық өлшемдер моделін жасау, сондай-ақ қару-жараққа бақылау және жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау мәселелері бар. ЕҚЫҰ қатысумен өзінің сыртқы қауіпсіздігін байланыстыратын Қазақстан үшін ЕҚЫҰ үрдісінің қай бағытта дамитыны, 1996 жылы Лиссабондағы кезектегі самитте қойылған XXI ғасырға арналған қауіпсіздік үлгісінің қандай болатыны ерекше маңызды.

ЕҚЫҰ Еуропа құрылығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың өзекті мәселелерін талдап қана қоймай, сындарлы шешімдер қабылдауда үлкен мүмкіндіктер бар халықаралық институт екеніне күмэн жоқ. ЕҚЫҰ мүше болуға шешім қабылдай отырып Қазақстан осыны басшылыққа алды [2]. 1992 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на кірді. Мұнда бұл ұйымның тұрақтылық пен мәселелерін талқылауда уақыт талабына тиісінше жауап беруге қажетті кең ауқымды өкілеттігі мен икемдігі бар екендігі назарға алынды. Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ажырамастығы туралы негізгі тұжырымды мойындайды. Бұл  ЕҚЫҰ қатысушылар үшін олардың аймақтық, этникалык және діни белгілеріне қарамастан ортақ игілігі. Азия құрылығында қауіпсіздік құрылымдарын құруға тырыса отырып, Қазақстан Жерорта теңізі мемлекеттерімен ынтымақтастықты қоса алғанда ЕҚЫҰ тәжірибесіне сүйенеді.

Соңғы кездері ЕҚЫҰ тарапынан адамның өлшем мәселелеріне басты назар аударылып жатқаны белгілі. Қазақстан үшін бұл мәселесінің өзіндік құндылығы бар. Алматыда 1994 жылдың сәуіріне өтіп, ЕҚЫҰ азшылық ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Макс ван дер Стул қатысқан адамдық өлшем жөніндегі семинардың үлкен мәні болды [3]. Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның арақатынасының берік нығая түсуіне аса зор көңіл бөлінуде. Сол ретте, ЕҚЫҰ қасындағы Адам құқықтары жөніндегі Бюромен тығыз ынтымақтасу мақсатында келісім құжаттарға қол қойылды. Соның барысында біздің елімізде осы беделді ұйымның өкілеттілігі ашылды. 1996 жылы Қазақстан Президенті бастаған Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ саммитының толық сессиясына қатысып, үшінші отырыста өз ұсыныстарымен сөз сөйледі, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның хатшылығымен, Аз ұлтты халықтар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарымен, сондай-ақ Адам құқықтары және демократиялык институт жөніндегі Бюромен тығыз ынтымақтастығын атап өтті. Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның ынтымақтасуына көптеген саяси бағыттар ашық деп айтуға болады. Соңгы кездері біздің қатынасымыздың елеулі жүйелі дамыған бағыты, Аз ұлтты халықтар ісі жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулмен бірлесе отырып, 1996 жылдың  желтоқсанында «Қазақстан : 21-ғасыр табалдырығында бірыңғай көпүлтты қогам орнату» тақырыбында саяси дөңгелек стол өткізілді. ЕҚЫҰ-ның басқа да қүрылымдармен, яғни адам құқықтары мен демократиялық институттар жөніндегі Бюросы (АҚДИБ) арасындагы түсіністік жөнінде меморандум дайындалып, онда АҚЦИБ көлемінде Қазақстандық сот, құқыққорғау, сайлау жүйелері мен халықаралық құқықтық және заңдық үлгілерімен, демократиялық мемлекеттердегі сайлау жүйелері саласында көмек көрсетілгені белгілі. 1995 жылғы Конституцияда Конституциялық сотты жеке адамдар қозғаған істерді қарау құқығы жоқ Конституциялық кеңеспен алмастыру көзделген. Бұдан басқа, Үкіметтің бастамасымен 1996 жылдың аяғында басталған теледидар және радио хабарын таратуды үйымдастыруға арналған радиотолқындарын бөлуге тендерлік сауда-саттық жариялау үрдісі бірқатар жеке меншік станцияларының жабылып қалуына әкеп соқтырды. Мұндай өзгерістердің өзі сайлау науқанына теріс эсерін тигізбей қоймайды [4]. Президент Н.Ә.Назарбаев экономика мен демократияландыру мәселелері бойынша халыққа үндеу тастады. Ол Қазақстан демократияландыруды және адам құқын сақтауды белсенді түрде қолдауға тиіс және осы бағытта үлгі көрсетуі керек деп мәлімдеді. Билік  өкілеттіліктерінің  тұрақтылығы  мен  сабақтастығын  қамтамасыз  ету мақсатында Мәжілістің және Сенаттың автономиялылығын нығайтып, тәуелсіздікті, азаматтық қоғам орнату ісінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлін нығайту керек.Тәуелсіз сот демократиялық қоғамның жан-жүрегі болып табылады. Еркін, цензурасыз және тәуелсіз баспасөз саласында қол жеткеннің бәрін толығынан өркендете беру керек. Биліктің барлық органдарында әйелдердің қатысуын көтеру жолымен әйелге деген   көзқарасты   өзгерту   ісін   қамтамасыз   ету   жөн.   Сондай-ақ,Президент Қазақстандағы кез келген авторитарлық жүйенің ешқайда бастамайтынына сенімді екендігін мәлімдеді. 1998 жылдың 7-қазанында парламенттің қос палатасы өздерінің бірлескен мэжілісінде Конституцияға Президент сайлауының шарттарына әсер ететін он тоғыз түзету енгізді. Бұл түзетулерде Президент өкілеттігінің мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін көбейту, Президенттің 65 жас қүрайтын жоғары жас шегі жөніндегі шарттарды алып тастау, сайлауды жарамды деп тану үшін сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызынан көбі дауыс беру керек дейтін талапты алып тастау, сондай-ак Президент мерзімінен бұрын доғарысқа кеткен, қызметтен бас тартқан немесе қайтыс болған жағдайдағы сабақтастық тәртібін белгілеу көзделген және де бірқатар түзетулер қабылдап, келесі күні Парламент 1999 жылдың 10-қаңтарында мерзімінен бұрын сайлау өткізуді белгіледі. Сөйтіп, президештік сайлау белгіленген мерзімінен екі жылдай дерлік уақыт бұрын өткізілуі тиіс болды. Бұл мәселе жұртшылықтың талқысына түспеуіне байланысты Парламенттің шешімі оппозициядағы партиялар мен әлуетті үміткерлер үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ, Конституциялық кеңес Конституцияға енгізілген түзетулерді заңды деп шешім қабылдағаны баршамызға аян.

Әдебиет тізімі:

 

1. Рогов И. Перспективы создания институты омбудсмана в Казахстане. - Алматы, Интерлигал ,1999 г.

2. Жумабаев Е.Ж. Права человека: практика, институты  и законодательство Алматы, 1998 ж.

3. ЕҚЫҰ \ ДИАҚБ , Қорытынды есеп , Алматы ,1999 ж.

4. Назарбаев Н.Ә. Пять дет независимости. Алматы , 1992 ж.