Мұхаметқали А. халықаралық құқық мамандығы бойынша

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

 

 «Ядролық қарусызданудағы Қазақстанның қатысуының құқықтық қырлары»

 

Бүгінде ядролық қауіпсіздік мәселелері әлемдік саясатта жетекші орындардың бірін алады. Өткен жылы осы жүзжылдықта алғашқы кол қойылған АҚШ пен Ресей стратегиялық ядролық арсеналдарын қысқарту туралы Париж шарты колданысқа енгізілді. Жиырма жыл бұрын әлемде бірінші болып біз өз жеріміздегі ядролық полигонды жаптық. Қырық жьлға созылған сынақ кезінде 450-ден астам жарылыс жасалса, соның ішінде 120-дан астамы атмосферада жасалды. Олардың жиыңтық қуаты 2,5 мың Хиросиманы жойып жіберуге жеткілікті еді. Радиация 300 мың шаршы шақырымнан астам аумақты бүлдірді. Бұл - шамамен Германия сияқты Еуропадағы үлкен елдердің бірінің аумағына тең. Ядролық сьгаақтардың салдарьнан 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.[1]

15 жыл бұрын Қазақстан Яд­ролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қатысушы атанды. Өңірдегі көршілерімізбен бірге Орталық Азияда ядро­лық қарудан азат аймақ құру ту­ралы шартқа қол қойылды. Және бүгінде еліміз жаһандық анти-ядролық қозғалыстың көш басында келеді. Мұның бәрін егжей-тегжейлі айтып отырған себебім - бұлар Тәуелсіз Қазақстанның ядросыз биографиясындағы жарқын беттер болып табылады. Бұл біздің антиядролық тәжірибеміз. Ядролық сынақтарға жап­пай тыйым салу тұралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерді. Көп жағдайда Қазакстанның арқасында планетамыздағы барлық басқа полигондар - Нева­да, Лобнор, Жаңа Жер үнсіз қалды. «Ядролық клуб» держав-лары сынаққа мораторийді сақтап отыр. Тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды [4].

Қазақстан таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелерінде ең сенімді әріптес болды, болып келеді және бола береді. Біз ядросыз әлемде планетамыз ұмтылуға тиісті орасан мақсат көреміз. Бул - қандай да бір идеологиялық және мәдени айырмашылық коррозиясына ұшырамаған жаңа әмбебап жалпыадамзаттық құндылық. БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы сессиясының мінберінен мен Ядросыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын жасау идеясын ұсындым. Бұл - осыдан 20 жыл бұрын ядролық қатерге касқайып қарсы тұрған Қазақстанның саналы қадамы. Оның үстіне біз бүгінде осындай декларацияны қабылдау оңайға соқпайтынын түсінеміз. Мемлекеттер ядролық қаруларынан арылғылары келмейді. Оларға ядросыз өмір жоқ секілді көрінеды. Қазақстан ядролық қаруды тараптау мен қысқарту жолындағы әлемдік үдеріске сүбелі үлес қосып отырған ел.[1]

Қазақстан 2009 жылы Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялау туралы келісімге көршілерімен бірге қол қойды. Бұл - өте маңызды үлгі, оны әлемнің баска аймақтарына да тарату қажеттілігі өзінен өзі туындайды. МАГАТЭ өзі тарапынан Таяу Шығыс елдерін де осындай келісімге қол қоюға шақыруда. Жапония мен Қазақстанның ядролық сынақтарға байланысты тәжірибелері бар. Оны Хиросима мен На­гасаки қалаларына тасталған атом бомбаларының, Семей полигонында 40 жыл бойы жасалған ядролық сынақтардын зардаптарынан көруге болады. Бұдан бұрындары кейбір елдерде жасалган сьнақтарға кезінде әлемдік қоғамдастық та алаңдаушылықгарын білдірген. Қазақстан ядросыз әлем құру идеясын көтеріп отыр. Ядросыз аймақ құру-явросыз әлем құруға алып келеді. Бүгінде дүние жүзінде бес явросыз аймақ құрылған. Ал ядролық сынақтарға жаптай тыйым салу туралы шарт МАГАТЭ аясында жұмыс істемек. Ядросыз аймақтардың негізгі міндетіөадамзатты ядролық қарудан қорғау болып табылады. ХХІ ғасыр ядролық қарусыз ғасыр болуы - баршамыздың ортақ мақсатымыз.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамыз күні «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қоюы маңызды қа¬дам болды. Содан кейін Қазақстан ядролық қарусыздануға қатысты барлық басты құжаттарға қол қойды. Қазақстан дүние жүзі бойынша ядролық карудан бас тартқан бірінші мемлекет. 2006 жылы Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Туркіменстан және Өзбекстан ядролық қарудан азат Орталық Азия аймағын құру туралы келісімге қол койды. 2009 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халыкаралық куні деп жариялау туралы қарар қабылдағанын жеткізді. 2010 жылы сәуір айында Вашингтон қаласында ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық Саммитте Президент Н.Назарбаев ядролық қарусыз әлем декларациясын әзірлеу қажеттігі жөнінде ұсыныс жасады. 2011 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті осы бастамасын тағы да жария етті. Элин Уэйер ядорлық қарусыздану ісінде Қазақстанның үлкен тәжірибесі бар екенін айтты. Қазақ елі дүние дидарында тағы бір тамаша бастамасымен танылды. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен халықаралық форумда ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация қабылданды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік ядролық қарусыздану және таратпау үдерісіне қосқан орасан зор үлесі мойындалған  [3]. Жаһандық ядролық қарусыздану процесі осыдан 20 жыл бұрын, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының біржолата жабылған сәтінен басталған еді. Бұл қадамның біздің жас мемлекетіміз үшін ғана емес, сонымен бірге, ешбір артықшылығы жоқ, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін айырықша маңызы болды.[2] Бұл мысалды Қазақстандағы Семей полигоны жабылған соң іле-шала әлемнің төрт бірдей ірі – Новая Земля (Ресей), Невада (АҚШ), Мороруа (Франция) және Лобнор (ҚХР) полигонында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялану фактісі куәландырады. Бұл істе «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы ерекше рөл атқарды. Мұның өзі ядролық сынақтың қатты зардабын шеккен, әлемді қауіпсіз етуге деген талпынысынан қайтпауға бекіген, ал қарудың атомдық және басқа да жаппай қырып-жоятын түрлерінің таралуына қарсылық білдірген Қазақстанның ерік-жігерін тағы бір дәлелдеп берді.  [2] Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен Саммитінде сөйлеген сөзінде Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлемнің декларациясын қабылдау туралы үндеуі айтылды. Саммит шеңберінде біздің Мемлекетіміздің басшысы ЕҚЫҰ-ның экологиялық форумын құруды ұсынды, ол экологиялық, соның ішінде Арал теңізін қалай сақтап керек, бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын өркендету сияқты проблемаларды шешуге жәрдемдесер еді. ЕҚЫҰ-ның жетекші үштігінің құрамында Қазақстан биылғы жылы ЕҚЫҰ-ның экологиялық өлшемінің мазмұнын жандандыруға бастамашы болды. Ядролық қарусыздану бастамасын нығайтуда Қазақстан МАГАТЭ-мен, Ядролық жеткізушілер тобымен, Краков бастамашылығымен, Цангер комитетімен және Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі Жаһандық бастамамен табысты ынтымақтастық жасайды.[4]

Қазақстанның мұндай бейбітшілік сүйгіш бастамалары бүкіл дүние жүзінің мойындауына ие болды, оны БҰҰ және халықаралық қоғамдастықтың үлкен бөлігі қолдайды. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті Кэтрин Эштон былай деп атап өткен еді: «Мені республиканың халықаралық ареналарға шығарып жүрген қазақстандық бастамаларының рухты тізбесі ылғи да тәнті етеді». 4 тамызда «Bike for Рeace» норвегиялық қоғамдық ұйымның жетекшісі Торе Наерланд Қазақстан Республикасының Президентін бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсына отырып, еліміздің осы бейбітшілік сүйгіш мәртебесін тағы да бір бекіте түсті. Ол өзінің бұл ойын алдымен Н.Ә. Назарбаевтың Кеңес одағы ыдырасымен-ақ ядролық қарудан бас тартқанын, мұның өзі көптеген елдер өздерінің ядролық қаруын жасауға әрекет қылған жағдайларда соншалықты елеулі факті екендігімен негіздейді. [3] Ядролық қарусыз болашақ үшін жасаған Қазақстанның стратегиялық таңдауы қауіпсіздік саясатының Қазақстан үшін басымдығын көрсетіп берді. Оның негізінде халықаралық қауіпсіздікті бекіте түсуге, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, жаһандық проблемалар мен шиеленістерді реттеуде халықаралық ұйымдардың рөлін арттыруға, тұрақты дамудың принциптері мен бастамаларына деген берік ұстаным бар [5].

 

                                            Пайдаланылған әдебиеттер

1)Егемен Қазақстан №493(26885),13 қазан,бейсенбi 2011 жыл

2)www.I-news.kz

3)www.elgazeti.kz

        4) www.kazakhstan-osce.org

        5)http://portal.mfa.kz