Байқымбаева Н, халықаралық құқық мамандығы бойынша

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

 

Қазақстан Республикасының  Еуропалық Одаққа қатыcты сыртқы саясаты

 

Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі. 1993 жылы 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың (ЕО) арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.[1, Б. 2]. 1993 жылы желтоқсанда Брюсселде ЕО жанынан ҚР Өкілдігі ашылды. 2009 ж. мамырынан бастап ҚР Өкілдігінің басшысы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Утембаев  тағайындалды. 1994 жылы қараша айында  Алматыда Еуропалық Комиссияның (ЕК) Өкілдігі ашылды. 2008 жылы 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Комиссия Өкілдігінің басшысы Төтенше және Өкілетті Елші ретінде  Н.Жустен  тағайындалды. [1, Б. 3-4].

2007 жылдың 1 шілдесінен бастап Өкілдіктің бас кеңсесі Астанаға орналасты. Алматыдағы бюро Қырғызстан және Тәжікстан қарым-қатынастары мәселелерімен айналысады, сонымен бірге ЕК әртүрлі өңірлік жобаларын жүзеге асырады. Қазақстанның сыртқы саясатының философиясы АҚШ, Еуропалық Одақ, Ресей және Қытай сияқты ірі жаһандық және аймақтық ойыншылардың геосаяси мүдделері ескеріле отырып, еліміздің өз дамуына жайлы сыртқы жағдай жасауға негізделген. 2005 жылы қабылданған Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасында аталған елдермен ынтымақтастықты дамыту бірінші кезектегі басымдықтар ретінде анықталып отырғаны кездейсоқ емес. Мемлекеттердің еуропалық бірлестігінің әлемдік сахнада алатын ролі мен Қазақстанның Еуроодақпен қарым-қатынасты қазіргі кезеңде және ұзақмерзімдік перспективада дамытуға беріп отырған маңызы осылайша атап көрсетілген. Бізді тек географиялық тұрғыдан ғана жақындатып қоймаған Еуроодақ аясының кеңею үрдісі де маңызды роль атқарып отыр. Еуроодақтың жаңа мүшелерімен арадағы Қазақстанның тығыз тарихи байланысы біздің серіктестігіміздің дамуына қосымша серпін болуда[2, Б. 5-6]. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Еуропалық Одақ бірін-бірі саяси, экономикалық және басқа да салада тұрақты серіктес ретінде қарастырып отыр. Сан-салалық, өзара қарым-қатынастардың қарқындылығы, жоғары деңгейдегі байланыстардың тұрақтылығы, сондай-ақ қол жеткізілген келісімдердің болашаққа бағыттылығы қазақстан-еуропалық серіктестіктің стратегиялық деңгейге шығып отырғанын паш етеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы желтоқсанның 3-6-сында Брюссельге жасаған сапарының қорытындысы да осыны қуаттап отыр. Біздің Елбасымыз еуропалық бағыттағы стратегиялық серіктестік диалогты дамыту ниетінің берік екенін атап көрсетті. 2007 жылы маусымның 22-сінде қабылданған Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері бойынша Стратегиясы екі өңір арасындағы ынтымқтастықтың жақын келешектегі дамуын анықтайтын болады.

Еуроодақ үшін «көршінің көршісі» болып табылатын аймақтағы ғана емес, жалпы еуропалық құрлықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысында аталмыш Стратегия дер кезінде қабылданды деп санаймыз. Стратегияны жүзеге асыру барысында өңірлік ғана емес, жеке елдік бағыттардың да ескерілетіні маңызды. Ынтымақтастықты ілгерілетудің пәрменді тетіктерінің бірі - бүгінде тұрақты мәнге ие болған және сыртқы істер министрлері деңгейіне жеткен «Еуроодақ үштігі – Орталық Азия елдері» форматындағы диалог. 2007 жылдың наурыз айында Астанада өткен кездесу Орталық Азия ғана емес, Еуроодақ елдерінің де сындарлы серіктестікке мүдделі екенін көрсетті. Еуроодақпен саяси диалог сонымен бірге, өзара алаңдаушылық туғызып отырған халықаралық мәселелер бойынша тараптар ұстанымын жақындатуды қарастырады. Осылайша, Серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі екіжақты келісімге сәйкес (1995), аталған кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылық артады [2, Б. 1].

Өзіміздің сыртқы саясатымызда біз замани ығыттарымен және қатерлерімен күрес мәселелеріне айрықша орын береміз. Қазақстан аталған проблемаларды ұжымдасып және үйлестіріп шешудің сенімді жақтаушысы болып қала бермек. Осыған байланысты біз, жаһандық ығыттармен күреске бағытталған Еуропалық Одақтың күш-жігерін, оның ішінде Шекараны күзету жөніндегі (БОМКА), Орталық Азиядағы есірткімен күрес жөніндегі (КАДАП), сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және қалпына келтіру жөніндегі аймақтық бағдарламалар аясындағы күш-жігерін қолдаймыз. Бүгінгі таңда экономикалық сала біздің қарым-қатынастарымызды анықтаушы сала болып отыр. Еуроодақ едері мен Қазақстан экономикалары көбіне бірін-бірін толықтырып отырған жағдайы бар. Екіжақты сауда көлемі 20 миллиард еуродан асып отыр. Еуроодақ елдерінің Қазақстанның тауар айналымындағы үлесі - 35 пайыз шамасын құрап, республиканың сауда серіктестері арасында бірінші орында келеді. Ынтымақтастық жылдары Еуроодақ елдері Қазақстан экономикасына 35 миллиардтан астам АҚШ долларын инвестициялады, бұл жалпы шетелдік инвестицияның жартысынан астамын – 53 пайызын құрайды[1, Б. 2].

Қазақстан-еуропалық экономикалық ынтымақтастығының дамуы көбіне мұнай-газ секторындағы өзара тиімді мүдделермен анықталады. Қазақстанның тұрақты саяси және экономикалық жағдайы Еуроодақ үшін осынау ресурстардың балама жеткізілімшісі ретінде біздің еліміздің маңызын арттыра түседі. Сондықтан да басты стратегиялық міндеттердің бірі - Орталық Азияның басқа да елдері жұмылдырылып отырған энергетикалық диалогты нығайту болып табылады. Бірінші кезекте, біз аймақтық және жаһандық көлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы сөз етіп отырмыз. Н.Назарбаевтың Брюссельге сапары барысында, 2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Еуроодақтың арасында қол қойылған Энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум стратегиялық энергетикалық диалогтың қалыптасуына қолдау болып отыр[3, Б. 1].

Атом энергетикасы мен онымен байланысты уран өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытудың да келешегі кемел. Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінде ең жоғары технологиялық сектор ретінде атом өнеркәсібі айрықша роль атқарады. Біздің еліміз уранның әлемдік қорының 20 пайыздан астам үлесіне ие, ал әлемдік, оның ішінде еуропалық атом энергетикасының қарқынды дамуы уран өндірісін анағұрлым арттыруды талап етуде. Қазақстан, Еуроодақ елдері атом энергетикасның уранға деген сұранысын қанағаттандыруға қолдау көрсетуді және еліміздегі уран өнеркәсібін дамытуға еуроодақ тарапынан көмекті қарастырған ынтымақтастыққа дайын. «Баку процесі» аталған Еуроодақтың Каспий және Қара теңіз өңірлері елдерімен жан-жақты энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға тараптардың белсенді атсалысуы бізде айтулы жетістіктер әкелуі мүмкін. Осынау процесс аясында 2006 жылдың қараша айында Астанада өткен ІІ Министрлер конференциясында қабылданған Қорытындылар мен Жол картасы екі теңіз алабындағы мұнай мен-газ өндіруші елдер мен Еуроодақтың арасындағы байланысты нығайтуға негізделген.

Тиімді трансқұрлықтың көлік желісіне кіретін және өңірдің көмірсутегі және басқа да өнімдерін сыртқы рыноктарға жеткізілімін қамтамасыз ететін кешенді инфрақұрылымдарды дамытудың да стратегиялық мәні зор. Бұл тұрғыдан біз, ИНОГЕЙТ бағдарламасы («Еуропаға мұнай мен газды мемлекетаралық тасымалдау») мен ТРАСЕКА жобасы («Еуропа-Кавказ-Азия» көлік дәлізі) бойынша Еуроодақпен ынтымақтастықты әрі қарай дамытудан мол әлеует күтеміз[1, Б. 1-2 ]. Еуроодақпен экономикалық ынтымақтастық тұрғысында анықтаушы роль атқарып отырғанына қарамастан, Қазақстан энергетикалық және тасымалдау мәселелерімен шектеліп қалмақ емес. Біз осыған байланысты, Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен инновацияларды дамытудың Еуропалық негізгі бағдарламасына Қазақстанды қосу туралы Еуропалық Комиссияның шешімін қолдаймыз. Жақын арада Еуроодақтың Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін беру мәселесі шешіледі және еліміздің Дүниежүзілік суда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөздер мәреге жетеді деп күтілуде. Аталған жайттар біздің экономикалық байланыстарымызды дамытып, Қазақстанның әлемдік экономикаға белсендірек ықпалдасуына сеп болатындығына күмән жоқ. Еуропалық Одақтың өзінің нарықтық экономикасын енді ғана құрып келе жатқан елдермен экономикалық ынтымақтастығы жүйесінің ажырамас бөлшегі - техникалық көмек көрсету болы табылады. Қазақстанның өңірдегі стратегиялық рөлі Еуроодақтың тиісті бағдарламаларын белсенді жүзеге асыруға скөмектеседі. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың негізгі саласы - білім болып табылады, ол басқа да байланыстармен қоса, адами қарым-қатынастарды дамытуға, халықтарымыздың мәдени байланыстарын арттыруға қолдау болады. Осыған байланысты біз, елімізде жүзеге асырылып жатқан білім реформаларына, оның ішінде кәсіптік білім беру саласын дамытуға қолдау көрсету туралы Еуропалық

Одақтың талпынысын қуана қабылдаймыз. Бұл байланыс бізге Еуропа мен әлем мойындайтын білім стандарттарына өз жүйемізді сәйкестендіруге көмектесетін болады. Қазақстанның білім саласы бойынша еуропалық елдердің бірқатар жобаларына атсалысып отырғанын айта кету керек. Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылдың ақпан айында орнады. Бүгінде Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ бірін-бірі, тек өздері үшін ғана емес, басқа да елдер мен халықаралық бірлестіктер үшін тиімді ұзқмерзімдік және кешенді қатынастарды дамытуға дайын сенімді стратегиялық серіктес ретінде таниды. Қазақстан-еуропалық ынтымақтастығының табыстылығы таңдап отырған сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарымыздың дұрыстығын қуаттай түседі.

Қазақстан мен ЕО-ның арасындағы құқықтық негіздегі қатынас 1999 ж. күшіне енген Ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім болып табылады (ЫСК). Бұл қатынастың саяси, сауда-экономикалық, қаржылық, құқықтық, гуманитарлық салада дамуын қамтиды, сонымен қатар ынтымақтастықтың негізгі механизмін анықтайды. ЫСК іс-әрекетінің 10-жылдық мерзімінің өтуімен байланысты, қазақстандық-еуропалық байланыстың жаңа сапалы деңгейге шығару мақсатында және ЕҚЫҰ қарсанында ҚР сыртқы саясатының еуропалық векторының күшейюн, ҚР-ЕО ынтымақтастық Кеңесінің 10-шы отырысының барысында (2008 ж. қыркүйек, Брюссел) тараптар шартты-құқықтық негізінде жаңарту қажеттілігі туралы тұжырымға келді және ҚР және ЕО арасындағы жаңа саяси құжаттарды жетілдіру туралы келісті, істеп тұрған ЫСК алмастыруға бейімделген. Тиісті кеңестер өтуде. Қазақстан мне ЕО осы кезеңіндегі ынтымақтастағы әрекеттестігінің басты векторы екі маңызды құжатты жүзеге асыру бойынша жұмыс болып табылады: 2007-2013 жж. Орталық Азия бойынша Европалық Одақтың Стратегиясы (2007 ж. масымында Брюсселде ЕО Кеңесімен қабылданған ) және 2009-211 жж. «Европаға Жол» мемлекеттік бағдарламасы (2008 ж. тамызында Қазақстан Президентінің Жарлығымен қабылданған) [3, Б. 1]. Вице-министрлер немесе салалық министрлер форматында жылына бір рет жиналатын Қазақстан-ЕО ынтымақтастығының негізгі жұмысшы органы ынтымақтастықтың Кеңесі болып табылады. Қазақстандық тарапынан ынтымақтастық Кеңесін Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев басқарады. Кеңестің шешімдерін қолдану үшін ынтымақтастық комитеті және екі профильді ынытмақтастық жөніндегі комитет әреке етеді: сауда, инвестиция, көлік және энергетика бойынша, сот әділдігі және құқық тәртібі бойынша. Парламенттік ынтымақтастық комитетінің шеңберінде Еуропалық жәнеқазақстандық парламентарилардың жылына бір рет кездесулері өтіп тұрады. Тараптарды қызықтыратын тақырыбтар бойынша егжей-тегжей кеңестерді жорамалдайтын ынтымақтастықтың жаңа форматы салалық сұхбаттар болып табылады (мысалы, визалық тәртіпті оңайлату, адам құқығы бойынша сұхбат және т.б). Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады. 2004 жылғы 1 мамырдан бастап ЕО-ға 10 жаңа мүше елдің қосылғаны ескеріле отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссельде келісімді кеңейтілген Еуроодақ шарттарына бейімдейтін ҚР мен ЕО арасында Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім хаттамасына қол қойылды. 2005 жылғы 28 маусымда ҚР Президенті Хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды [1, Б. 1-2].

Қазіргі уақытта Келісімнің күшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕО-ға кірген Болгария мен Румынияға тарататын қосымша Хаттама қол қоюға дайындалуда. Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Сауда – экономикалық қатынастар қарқынды дамуда. Қазақстан үшін төрт жылына қатар Ресей мен Қытайды озып шығып ЕО сауда секріктестердің, номір біршісі болып табылады. 2009 ж. Қазақстан мен ЕО сауда айналымы 28,8 млрд. АҚШ долл. құрды және 2008 ж. салыстырғанда (39,1 млрд. АҚШ долл.) әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдары нәтижесінде қысқарды. Қазақстандық сыртықы сауда айналымының 40% ЕО үлесіне келеді. Тәуелсіздік жылдар бойы Қазақстан өзін сенімді және жауапты энергетикалық секріктестік ретінде бекітті, Ресей мен Норвегиядан кейін, Опек мүшесі емес-мемлекеттерінен Еуропаға энергиятасушы үшінші ірі жабдықтаушы болып табылады. Еуропалық Одақпен стратегиялық энергиясұхбаты бекітуінде Қазақстан құштар, құқықтық негізі бейбіт мақсатында ядролық энергияны қолдану бойынша ынтымақтастық туралы Келісім жәнеэнергетика саласында өзара түсінушілік туралы Мемарандум болып табылады [2, Б. 1]. 2009 ж. маусымында ҚР Коммуникация және көлік Минстрлігі мен Еуропалық Комиссия арасында панеуропалық көлік байланыстары мен қазақстандық байланыстарының түйістіру контекстінде көлік байланыстарының дамуы бойынша түсіністік туралы Мемарандум жасалды. Қазақстан экономикасындағы шетел капиталдың үштен аса жиынтығын ЕО мемлекеттерінің инвестициялары құрады. Астана Кеден Одағының шеңберіндегі Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның қосылу шарттарына Еуропалық Одақтың жағымды әдісін және шыншылдығын көргісі келеді. Қазақстандық экокомиканың нарық мәртебесін толық ауқымын мойындау бойынша ЕО пен жұмысын жалғастыруға Қазақстан ниет білдіреді.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастың 15 жылдығы - М.Тәжиннің «New Europe» апталығында жарияланған мақаласы

2. «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым- қатынастар». http://portal.mfa.kz

3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. - 1021 с.