Орынбекова А, халықаралық құқық мамандығы бойынша

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

 

Ядролық  қаруды таратпау аясындағы халықаралық-құқықтық  бақылау түсінігі

 

Халықаралық құқықта  ядролық қаруды таратпау  аясындағы  бақылауға  бірде-бір анықтама жоқ. Кеңес әдебиетінде ядролық қарды таратпау аясындағы бақылау деп мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың  халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне негізделетін, мемлекеттердің таратпау режимін  сақтау бойынша мойындарына жүктеген міндеттерін орындау болып табылады  (И.И. Котляров, Г.А. Осипов, О. В. Богданов). Бірақ, «міндеттерді заңға сәйкес орындаумен қамтамасыз ету» мемлекеттерді  мәжбүрлеу дегенді білдірмейді. Батыс әдебиетінде таратпау аясындағы  бақылауды мемлекеттердің ниеті бойынша жүзеге асатын және шарттардың бұзылуының мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған халықаралық құқықтағы таратпауға сәйкес келісімдерді орындау деп түсіндірілген. «Келісімді ұстануды қамтамасыз ету»  тексеру  ниетімен шыққан мемлекеттен  санкциялауды өзіне қосуы мүмкін (Л. Хенкин, К. Эгбертс, Дж. Бунн, Дж. Е. Догерти).

Ядролық қаруды таратпау аясындағы   «бақылау» термині  көбінесе «кепілдік» терминімен сәйкестендіреді. Г.А.Осиповтың айтуы бойынша,бұл тек  МАГАТЭ кепілдемелеріне байланысты.Бақылауға қарағанда «Кепілдік институты» жалпылама болып табылады.Себебі «бақылау халықаралық құқықты сақтаудағы кепілдіктің бірі болып табылады [1].

«Кепілдік» термині «халықаралық-құқықтық мінездегі белгілі бір жағдайды тұрақтандыру және оны орындау» болып табылады [2]. Халықаралық-құқықтық бақылаудың негізгі ерекшеліктері.Бақылаулық қызметпен белгілі бір келісім арасындағы оның легитимділігін қаматамасыз ететін міндетті ерекшеліктерді шарттайды: бақылау халықаралық келісімге негізделіп жүргізілу керек және осы келісімнің мүшелері болып табылатын,халықаралық құқық субъектілеріне қолданылады.

Ядролық қаруды таратпау аясындағы бақылау келесі міндеттемелерге  сәйкес болуы керек:

-мемлекетке жүктелген міндетке сәйкес жүргізілу керек;;

-мәжбүрлеу шараларын қолданбау;

Әділдік өлшеміне сай жүруі керек;

Шарттар өз еркімен орындалуы тиіс.

Халықаралық-құқықтық келісімдерді орындауды қаматамаыз етудегі бақылаудың басқа жүйелермен  қатынасы.Бақылау ядролық тарапудың маңызды кепілдемесі болып табылады,бірақ бұл жалғыз кепілдеме емес. Таратпау аясындағы   мемлекеттердің міндеттемелерді орындаулары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты.Осыған сәйкес  ядролық және ядросыз мемлекеттердің осындай іс-әрекеттер тізбегін орындап жатқанына кепілдеме керек.Сонымен қатар,бақылау,халықаралық-құқықтық нормалармен тұрақтандырылған  келісімдердің орындалуына жәрдем беретін көп факторлардың бірі болып табылады. Келісімдік режимді сақтау үшін, келісімдерді орындауды қамтамасыз ететін басқа құралдарсыз бақылау әлсіз болады.Мемлекеттердің өзіне жүктеген міндеттемелерін орындап не орындамай жатқанын анықтау үшін ғана бақылауды қолдану қажет.

Бақылау өзімен-өзі  қауіпсіздік кепілдемесі емес.Себебі мемлекет өзінің  қорғалу дәрежесін мөлшерлік немесе сапалық тыйым салу және тыйым салуды орындау  механизміне сәйкес емес,қарулы күштері арқылы біледі.Бақылаудың маңызды міндеті таратпау аясындағы келісімдерге байланысты әскери техника саласындағы   жағдайларды бақылау.

Таратпауды  бақылау «белгілі бір мемлекеттердің әскери күштерін  өсіруге және жетік қару түрлерін жинауына тосқауыл болмайды». [3]Мұндай талпыну әртүрлі саяси факторлармен айқындалады:мүмкін болатын  қауіп-қатерден мықты қорғаныс жүйесін құру қажеттілігі,жаһандық немесе аймақтық деңгейдегі өзінің маңыздылығын арттыру масатында және т.б.

Сонымен қатар, бақылау тек келісімді орындаудағы қамтамасыз ету  туралы мәселе емес,оған қоса дипломатиялық құрал болып келеді. Бақылау   мүмкіндігі әрбір келісімнің  маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Белгілі бір қызметті шектеу немесе оған тыйым салу  туралы келісімге  қатарлас,сарапшылар осы келісімді орындау шаралары мен  бақылау  шараларын жасайды. [4]

Осыған сәйкес, ядролық қарусыздандыру туралы келісімдерде бақылауды  қолдану аспекті туралы айтып кеткен жөн. СИПРИ-дің экс-директоры  Ф.Барнаби  былай деп жазды:»Бақылау таратпау туралы  келісімдерде ең маңызды және  көп сұрақтар тудыратын мәселе» болып табылады.Бір жағынан   бір мемлекеттерге басқа мемлекеттердің келісімдегі шарттарды орындауларында  кепілдік керек.Осымен қатар бақылау   қарусыздандыруды не қаруландыруды  шектеу туралы келісімдерде   өрлеу жоқ кезде  ақталу ретінде қолданылады. Таратпау аясындағы  жетістік не жеңілісті  мемлекеттердің  келісімді жүзеге асырудағы талпыныс еркісі айқындай алады.»Бірақ  бақылаудың маңыздылығын   күмән астына қойып қоюға да болмайды» [5].

  Көрсетіліп кеткендей,бақылау қарусыздандыру туралы келісімдерді орындауда, жалғыз немесе  ең басты кепілдеме емес,бірақ бақылауды қолдану  «ядролық таратпау» сияқты облыстарда қажет етеді. Бақылаудың халықаралық-құқықтық сараптамасы  бойынша бақылаудың  жүйелерінің көбісі МАГАТЭ-нің кепілдік жүйесіне негізделген.Сондықтан осы саладағы туындаған мәселелер бөлек келісімдер бойынша бақылаудың белсенділігін төмендетеді. Осыған сәйкес,ең алдымен МАГАТЭ-нің функциялау  мәселелерін шешу қажет.

Ядролық қаруды таратпау  аясындағы халықаралық бақылауды толығымен қамтамасыз ету тек  МАГАТЭ-нің бақылау механизмін жетілдіру және  нәтижесінде жалпы бақылау жүйесіне айналатын, халықаралық мониторингтің біртұтас жүйесінің концепциясын жасау  арқылы ғана  жүзеге асуы мүмкін.

  Бақылаудың  принциптары мен талаптарына сәйкескесінсіз бақылаудың ешбір жүйесі қолданыла алмайды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес негізгі  талаптарға  ядролық технологиялар облысында жалпыға мәлім стандарттарға сай бақылаудың сапалы жағының сәйкес келуі, көршілес салаларға  араласуда ұстамдылық көрсету,саяси және экономикалық  мақсаттарды    қудалаудан бас тарту,бір қатарлы емес бағадан арылу және  айқындылықтың жеткілікті деңгейі  және де экономикалық тиімділік  және жүзеге асырудың тәжірибелік  қарапайымдылық  жатады.

Бақылау міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде  негізгі және жалғыз  әдіс емес деп айтуға болады.Бақылау келісімдерді қамтамасыз етуде  мемлекеттер жүгінетін соңғы әдіс. Бірақ   ядролық  қаруды таратпау аясында бақылау   халықаралық-құқықтық міндеттемелерді қамтамасыз етуде ең таралған және тиімді әдіс.

Ұсыныс ретінде  болашақтағы бақылаудың  халықаралық жүйесінің  дамуы және ҚР-ның осы саладағы  талпыныстарын  таратпауды бақылауды қамтамасыз ету бойынша құқықтық және перспективалық  шараларын енгізу және жетіддіру  қажет.

Біздің ойымызша,бақылаудың  техникалық мінездемелерінің жүйесін бағалау үшін ғылыми-техникалық  ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру қажет; ядролық қарудың жасырын өндірісінің  белгілері мен әдістерін қоса ядролық қаруды  таратпауда бақылаудың ақпараттық жүйесін  қамтамасыз ету; нақты шарттарға байланысты бақылаудың  методологиясымен инспекциясын жасау; ядролық материалдар мен құралдарды табу бойынша құралдар мен шараларды жетілдіру және де халықаралық бақылаудың құқықтық нормаларын жасап шығару.

  Сонымен қатар ядролық қаруды таратпаудағы бақылау туралы келісімді жасап,қабылдау қажет.Ядролық қаруды таратпау аясындағы бақылау жөнінде қызығушылық танытқан мемелекеттер серіктестігіне байланысты заңи, құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді  халықаралық бақылау жүйесі шеңберінде жасап шығаруға болатын  геофизикалық бақылаулар үшін ұлттық техникалық жүйелерді қолдану туралы Бағдарламада көрініс тапса болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Осипов Г.А. Международно-правовые проблемы контроля за ограничением вооружений и разоружением. – М.: Наука, 1989. –С.14-16, 18, 20, 21.

2. Перетерский И.С. Понятие гарантии в международном праве //Советское государство и право. – 1956. - №9. –С.46.

3. Мелкумян Е.С. Проблемы безопасности в Азии. Монография. – М.: Европеум-Пресс, 2001. –С.45.

4. Мясников В.Е. Методы верификации международных соглашений // Центр по изучению проблем разоружения энергетики и экологии при МФТИ http://www.armscontrol.ru.

5. Осипов Г.А. Международно-правовые проблемы контроля за ограничением вооружений и разоружением. – М.: Наука, 1989. –С.14-16, 18, 20, 21.