Стандарттау,сертификаттау және метрология/1. Стандарттау

 

4-курс студенті Найманбаева А.Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан

Сертификаттаудың анықтамасы мен маңызы

 

«Сертификаттау» термині ең алғаш рет ИСО – ның сертификаттау мәселелері бойынша арнайы Комитеті СЕРТИКО мен (қазір КАСКО) құралып, анықталған және  1982 жылғы ИСО – ның №2 Басшылығына енгізілген.[1] Осы құжатқа сәйкес «сәйкестік сертификаты  немесе сәйкестік белгісі арқылы бұйымның немесе қызметтің белгілі бір стандарттарға немесе басқа да нормативті құжаттарға сәйкестігін куәландыратын іс – әрекетті сипаттайды». Берілген анықтама қазіргі таңдағы ГОСТ сертификаттау жүйесіндегі сәйкестік сертификаты ұғымына негіз салды. Қазіргі кезде сәйкестік сертификаты ретінде «өнім, процесс немесе қызмет нақты стандартқа немесе басқа да нормативті құжатқа сәйкестігіне нақты сенімділік қамтамасыз етіліп отырғанын дәлелдейтін үшінші жақтың іс – әрекеті» қарастырылады.

1982 жылы берілген анықтамамен салыстырғанда «сәйкестік сертификаты» ұғымына өзгертулер енгізілген.[2]

Біріншіден, енді сәйкестік сертификаты «қарастырылатын мәселеде қатысушы жақтардың тәуелсіздігін мойындайтын тұлға немесе орган» (ИСО/МЭК 2) болып табылатын үшінші жақтың іс – әрекетімен тікелей байланысты.

Екіншіден, сәйкестікті бағалау бойынша іс – әрекеттер «тиісті жолмен» жасалуы керек, ол ережелермен, процедуралармен және сәйкестікке сертификаттау жүргізуді басқарумен анықталатын қатал сертификаттау жүйесінің бар екендігін куәландырады.

Үшіншіден, сәйкестік сертификатының таралу аумағы айтарлықтай кеңейеді. Анығырақ айтсақ оған өнім, процесс пен қызмет, сонымен қоса, кәсіпорындардағы сапа (сапаны басқару жүйелері мен экологиялық басқару жүйелері) мен персоналды басқару процестері жатады.

Ақыры, сертификаттау – ол іс – әрекет және оны құрамын, кіріс және шығыс мәліметтерін, басқару мен ресурстармен қамтамасыз ету механизмдерін анықтай отырып қарастыру керек.

Сертификаттау объектісінің  нормативті құжаттардағы талаптарға  сәйкестігін бағалау тиянақтылығы сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларының біліктілігі арқылы анықталады. Сертификаттау нәтижелерін алу кезіндегі жалғансыздық қызығушылық танытқан жақтар –өндіруші мен тұтынушы тәуелсіздігі дәрежесіне байланысты.

Сертификаттау сапасын қамтамасыз етудің екі критерийі осындай. Осы критерийлерге сәйкестікке жету механизмі «сапа тізбегі» жатыр. Ол сапаға әсерін тигізетін өнімді өндірудің толық циклы элементтерінің өзара әрекеттесуін сипаттайды.

Сертификаттау сапасына сұранысқа зерттеулер жүргізу мен маркетинг деңгейінде сәйкестікті бағалау мен сертификаттау бойынша орган және сынақ зертханаларының облысын анықтайтын ережелерге сәйкес сертификаттау жүйелерін таңдау мен талдау жүргізіледі. Берілген этапта әр түрлі елдерде сынақтар мен нақты өнім және қызмет түрлеріне сертификаттау жүргізу нәтижелерін мойындау мәселелерін ескеру керек. 

Сертификаттау процесін жобалау сатысында сапаға әсер ететін барлық факторлар ескерілуі керек: клиенттердің ұсыныстары, заңнама талаптары, сонымен қатар сертификаттау бойынша орган мен сынақ зертханаларының ұйымдастырушылық, техникалық, ғылыми – әдістемелік аспектілері.

Сертификаттау бойынша орган мен сынақ зертханасында сертификаттауды жүргізу үшін керекті ресурсқа келесілер жатады: білікті персонал; арнайы ғимараттар не бөлмелер; нормативті құжаттар қоры; өлшеу, сынау мен бақылау құралдары; заманауи оргтехника. Сертификаттауға керекті бұл ресурстар бекітілген талаптарға сай болуы керек. Олардың сәйкестігі сертификаттау бойынша орган мен сынақ зертханаларын аккредиттеу кезінде анықталады.

Сертификаттау процестері, мысалы, сынаққа үлгілерді таңдау, инспекциялық бақылау жүргізу немесе өтінішті өңдеу, сенімді сертификаттау қол жеткізілетіндей жасалуы керек. Барлық процестер жұмыс сапасын ішкі және сыртқы тексеру (аудит), түзетуші шараларды жүргізу мүмкіндігі болатындай етіп жобалануы тиіс.  Барлық процестерді құжаттау мен архивті сақтау, коммерциялық сыры бар ақпараттардың құрияда сақталуының да маңызды мәні бар.

Сертификаттау жүргізу өнім (қызмет) үлгісін сынау, сапа жүйелерін сынау мен олардың сәйкестігі туралы шешім қабылдау процесі болып табылады.  Сертификаттау процесі сертификаттау бойынша орган немесе сынақ зертханасы бекіткен сертификаттау схемасына сәйкес жүргізілуі керек.

Сертификаттаудың сапасын қамтамасыз ету сәйкестікті бағалау процестеріне бақылау жүргізусіз мүмкін емес. Ол мерзімді ішкі және сыртқы аудит жүйелерінің бар болуымен жүзеге асырылады.  Ішкі аудитті сертификаттау бойынша орган немесе сынақ зертханаының қызметкерлері жүргізеді, көбінесе оны арнайы сапаға жауапта қызметкер жүргізеді. Аудит нәтижелері жетекшілікке түзету шараларын жүргізуге көмекші ақпарат беретін құрал болады.

Сырқы аудитті аккредиттеу бойынша орган инспекциялық бақылау аумағында немесе тәуелсіз эксперттермен жүргізеді.  Барлық бақылау түрлері мүмкіндігінше статистикалық әдістер негізінде жүргізіледі.  Сертификаттаудың нәтижелеріне соңғы бақылау жүргізу сертификат беруге шешім қабылдану кезінде жүргізіледі.

Сәйкестік белгісін қолдануға лицензия беру немесе сәйкестік сертификатын рәсімдеу сатысында максималды ақпараттылық пен мәнділігін қамтамасыз ететін оның мазмұны мен формасына қойылған талаптар сақталуы тиіс.  Әрбір сертификат сертификаттау жүйесіне қатыссыз келесілерді қамтуы керек: сертификаттау объектісінің атауы, сәйкестігін көрсететін нормативті құжат, сертификат берген сертификаттау бойынша орган атауы, жарамдылық мерзімі, берілген мерзімі, сертификаттау бойынша органның аккредиттеу жөніндегі белгісі.

Сертификациялық қызметтен кейінгі «сапа тізбегі» келесі элементтермен анықталады: 

·  тұтынушылардың кең ауқымына қол жетімді болатын және сертификаттау объектісі туралы барық керекті ақпараттан тұратын сертификатталған персонал немесе сапа жүйесі, қызмет, өнім реестрімен; инспекционным контролем за сертифицированной продукцией со стороны органа по сертификации;

·  қоғамға сертификаттау нәтижелері бойынша мәліметтер беру, қызығушылық танытқан құрылымдар арасында халықаралық және ұлттық сертификаттау жүргізу бойынша тәжірибелер алмасу туралы ақпараттық қызмет.

Сәйкестік сертификатының жарамдылық мерзімі біткенде өтініш беруші «сапа тізбегі» - де көрсетілген барлық процедуралар ретімен қайтадан жаңа сертификаттау жүргізуге өтініш бере алады.

Бұның барлығы сертификаттаудың сәйкестікті бекіту процесі ретінде  ұдайы дамып тұрғандығын білдіреді және өркениетті сай нарықтық қарым - қатынасқа керектігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, өндірістік қызметтің заманауи қарқынды даму шарттарында сертификаттау шығарылатын өнім мен қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керекті барлық шараларды сақтау және нарықта сатылатын өнімнің сапасын растау болып табылады.  Сәйкесінше, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, сонымен қатар әлемдік бірлестікте әрбір мемлекетті мойындау, мысалы, халықаралық нарыққа тауар экспортталайтын сәйкестік сертификаты кедергісіз сауда – экономикалық байланыстарға жақсы.

Нарықтық экономика шарттарында тауарды дайындаушылар, сатушы –тапсырыс берушілер мен тұтынушылар арасында жаңа қарым – қатынатар пайда болады. Бұған нарықтың әртүрлі тауарлармен қанығуы себер болады.[3]

Қаныққан нарықта орталық фигура болып өнімді шығарушылар мен сатушылардың өз өнімдерін бекітілген стандарттарға сәйкес деген сөздеріне қанағаттанбайтын тұтынушы табылады. Тұтынушыға тауардың белгілі бір сапа деңгейіне сәйкестігінің кепілдемесі керек. Ондай кепілдеме арнайы құжат – сертификатпен беріледі.

Сәйкестік сертификаты – сертификатталған өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін растау үшін сертификаттау жүйесінің ережесімен берілетін құжат.

Сәйкестік сертификаты – тиісті әдіспен сәйкестендірілген өнім, процесс немесе қызметтің нақты стандартқа немесе басқа да нормативті құжатқа сәйкестігінің қамтамасыз етілгендігін дәлелдейтін үшінші жақтың іс – әрекеті. 

Сертификаттау – стандарттаудың дамуының үдемелі бағыты, өнім сапасын басқарудың маңызды механизмі.

Сертификаттау келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

      Қазақстан Республикасының бірыңғай тауар нарығында ұйым мен кәсіпорын иелеріне, мекемелерге, кәсіпорындарға жағдай жасау, сонымен қатар, халықаралық экономикалық, ғылыми – техникалық серіктестіктерге кіру және халықаралық саудаға ену;

      тұтынушыларға өнімді таңдауда жәрдем беру;

      экспортқа көмектесу және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

      тұтынушыны жауапкершіліксіз өндірушіден қорғау;

      қоршаған орта, өмір, денсаулық пен мүліктің қауіпсіздігін бақылау;

      дайындаушылар ұсынған өнімнің сапа көрсеткіштерін растау.

 Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін керекті мәселелер:

      өндіру, жеткізу, халықаралық жүйелер талабы мен сәйкес келісімдерді ескере отырып біртекті өнімнің сертификаттау жүйесін жасау; 

      міндетті көрсеткіштердің номенклатурасын анықтау: тұтынушылар мен қоршаған орта қауіпсіздігі, өзараауыстырымдылық пен сыйымдылық, оларды стандарттарға енгізу мен нормативті құжаттардың басқа да түрлері; совместимости и взаимозаменяемости,

      міндетті сертификаттауды деңгейлеп енгізу;

      жұмыс істеп тұрған сынақ зертханаларын аккредиттеу, сонымен қатар, жаңаларын құру мен аккредиттеу;

     эксперттерді дайындау мен аккредиттеу;

     өнімді, процестер мен қызметтерді сертификаттауға керекті стандарттар мен нормативті құжаттарға талаптарды құрастыру;

     халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін, экспресс әдістермен қатар, стандартталған сынау әдістерін де жаңарту;

     ерікті және міндетті сертификаттауды жүргізудің ретін бекіту;

     сертификаттау саласында халықаралық және регионалды серіктестік, сертификаттаудың нәтижелерін өзара мойындау туралы екіжақты келісімшарт жасасу;

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Алибеков СТ. Казахстанское таможенное право. Алматы, 1991г.

    2. Алибеков СТ. О подготовке научно-практического комментария

        Таможенного контроля РК // Фемида: 2003-№8-СЛ5 -17.

3.Концепция совершенствования таможенной службы Республики

   Казахстан на 2000-2002г. Постановление №301 от 25.02.00. Аст. 2000г.