УДК 636.22/28.083.632.03 

Сұр қаракөл қозыларының конститутциясы мен жүн сипаты

 

Ph.D Мусабеков А.Т., оқытушы Турлыбекова Р.Қ., оқытушы Байгулова Р. У.,

БИ 211-р1 тобының студенттері Жақыпбекова М.Б., Оразбекова Б.Б.

 

«Мирас» Университеті, Шымкент қаласы.

 

Резюме

            В данном материале затронуты вопросы наследования биологических показателей и их проявления у каракульских овец сур нового типа.  Также, указаны результаты исследования по морфологии шерсти животных, полученных в разных вариантах подбора.

 

Summary

Lamd   Iurchandarin  sur  in  contrast  with  ancint   buchar   type  Iur  differ  cIear  contrast  ogi the  hair  cover, more  Iong  end, strong  briIiance  and  wixhIieky  as  weII  fs   high  contents  of   the  pigment  in hair  cover, which create  possidiIity  for  muItipIe  buriasi  their  rascvetok.

 

Қаракөл қой шаруашылығының алдындағы басты мақсат – бағалы мал басын көбейтіп, қаракөл елтірісінің сапасын жақсарту және тартымды сұранысқа ие, кереметтей түстері мен реңдерін арттыру болып отыр. Осы бағытта басты назар қаракөл қой шаруашылығындағы сұр түсті типтерін өсіруге бөлініп отырғаны белгілі. Себебі қаракөл елтірісінің сұр түстері ерекше, құбылмалы, әрі тартымды рең беріп тұрады және ол әрдайым айрықша сұранысқа ие болуда. Әсіресе, соңғы ширек ғасыр ішінде дүниеге келген сұрдың жас сұрхандариялық тұқымішілік типі өзінің тартымды әдемілігімен ерекше сұранысқа ие болуда.

Соңғы кездері, біршама қаракөл шаруашылықтарында сұрхандария сұр типін өсіру жолға қойылу үстінде. Мұнда ғалымдар түрлі-түсті қаракөл бағытындағы шаруашылықтарды, жалпы сұрхандария сұр қой түсін   өсіру ғана емес мен оның жекелеген негізгі реңдерімен шаруашылықтарды мамандандырғанды  жөн деп санайды. Себебі түстің  ішіндегі,оның әрбір реңінің  өзіндік өнімділік  және биологиялық  ерекшеліктері аз емес және оларды  ескермеуге болмайды.Осы белгілерінің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі мен  басқа әртүрлі  жұп таңдау барысындағы пайда болатын  өзгерістері мен қасиеттерін білмей, жаңа қаракөл қойларын  шаруашылықтарда өсіру мен көбейтуді, жоспарлау мүмкін емес.

Оның үстіне,  Арал жағалауы  жағдайларына бейімделген  сұр түсті қаракөл қойының сұрхандария тұқымішілік  аса бағалы зауыттық типін құруға  және оның жекелеген  реңдерін өсіруге  бағытталған  ғылыми негізделген  селекциялық –тұқым  асылдандыру  жұмысынсыз  бұл міндеттерді  орындау мүмкін емес.

   Қаракөл қой шаруашылығындағы жоғарыда аталған   өзекті мәселелерді шешуде жаңа бағыттағы    жүргізілетін зерттеулердің   маңызы  кейінгі уақытта  осы салада орасан зор болып отыр. Соңғысы, аталған  біздің ғылыми жұмыстарын жүргізіп, белгілі бір ғылыми бағыт таңдауымыздың  бірден-бір  себебіне айналып отыр.

Зерттеудің нәтижесінде, біршама ғалымдар қара түсті малдың конституциясы басқаларға қарағанда мығымырақ келеді деген қағиданы ұстануда. Бірақ, кейбір деректер оны әртүрлі себептермен жоққа шығаруда.         Осы бағыттағы ойды пысықтау ретінде, біз өз жұмысымызда сұр түсті сұрхандария қаракөл қойының янтар реңдісіндегі әртүрлі жұптарынан алынған ұрпақтардың конституциялық типін анықтауды жөн көрген болатынбыз.

 

1-кесте. Қозылардың конституциялық типтері, % (М±m)

 

Қозы реңдері

п

нәзік

мықты

дөрекі

1. янтар х янтар

1

янтар

102

9,8±2,94

73,5±4,36

16,7±3,69

2. янтар х қола

2

янтар

60

10,0±3,87

75,0±5,59

15,0±4,60

3

қола

54

13,0±4,57

75,9±5,82

11,1±4,27

3. янтар х платина

4

янтар

61

11,5±4,08

75,4±5,51

13,1±4,31

5

платина

51

13,7±4,81

76,5±5,93

9,8±4,16

 

Ата-аналары янтар болып келген жұптардан конституциясы өте мықты болып келетін 16,4 % қозылар алынды. Бұлардың ең аз мөлшері платина (10,0%) мен қола (12,0 %) реңдерінде кездесіп отыр. Нәзік конституциялық типіндегі қозылардың ең жоғарғы мөлшері янтар мен платина және янтар мен қола жұптарынан шыққан болатын – 11,2 және 14,0 %. Нәзік типтегі қозылардың саны янтарда 9,4 % болса, янтар мен қолада 10,3 және 12,3 %, ал мығым конституциялық типтегілер 74,5 % - тен асты.

 Бұдан шықты сұрхандариялық сұр түсті қаракөл қойын Қызылорда облысының шаруашылықтарының табиғи климаттық жағдайында ұтымды пайдаланып өсіріп көбейтуге болатындығы анықталып отыр.

Қаракөл қой шаруашылығында   селекциялық  сұрыптау мен  жұп таңдау   шараларын  жүргізу кезінде,  негізгі өнімділік  көрсеткіштеріне  қоса  малдың экстерьерлік сипатын ескерудің үлкен мәні бар.Себебі  малдың экстерьерлік   бітімінің қалыптасуы, оны өсіріп  отырған  белгілі бір климаттық орта  жағдайына  дұрыс бейімделуінің  басты көрсеткіші   болып табылады.Мал организмінде  жүретін зат алмасу үрдісінің  дұрыс  болуының  белгісі  ретінде, пішінінің  оң қалыптасуымен қатар ,дене  мүшелерінің  симметриялық  сәйкестікпен  дұрыс орналасуы  жатады.

Экстерьер  сөзі француздың  сыртқы көрініс  деген  ұғымынан  шыққан немесе  дене  пішіні мен  оның  бітімінің  сыртқы  көрінісі  деген  түсінікті білдіреді.

Малдың әрбір  дене мүшесінің  сыртқы сипаты  мен  өлшем  көрсеткіштерінен,  оның  осы жерде  болып жатқан  анатомоморфологиялық  өзгерістер  жүйесінің  сипатын  анықтауға  болады.

Шаруашылықта  малдың  экстерьерлік   көрсеткіштерін; көз болжамымен, органолептикалық  жолмен  және арнайы  құрал-ленейкамен, өлшеу лентасымен  анықтау арқылы  жүзеге асырылады.

Қаракөл қой шаруашылығында  малдың  экстерьерлік  көрсеткіштері, оның қара,көк  және бұхар сұр түстерінде  көбірек зерттеліп ашылған,  ал сұрдың сұрхандария  типінде  болса, бұл  зерттеулердің саны  жоқтың қасы. Әдебиетте  ұсынылып  отырған осы  бағыттағы бар  деректердің  өзі сұрхандария  сұр малының  басқа  тұқымдағы, нақты айтқанда қылшықты  жүнді басқа тұқымдағы қойлармен  шағылысындағы   мәліметтер  болып келеді.(Қансейтов Т. (2004), Шамекенова Р. (2008), Туекбасов М. (2008) т.б.).

  Біз өз зерттеулерімізде  алғаш рет  Қазақстанның  оңтүстік өңірінде  сұр  түсті  қаракөл қойының сұрхандария тұқымішілік  таза тұқымдық типін өсіру кезіндегі, олардың  негізгі реңдеріндегі, әсіресе янтар қошқарларының  жұбындағы  қозылардың  экстерьерлік сипатын  анықтау деректерін назарға ұсынғалы  отырмыз.

Зерттеулеріміздің нәтижесінде байқағанымыздай экстерерлік дене мүшелерінің бітімі жұптарда симметриялық жағдайда қалыптасып, олардың өсуінде кенже қалған дене мүшелерінің белгісі байқалынбады және қаракөл қойына тән көрсеткіштерімен сипатталып отыр.

Зерттеу жұбындағы сұрхандария, сұр қозылрының жалпы экстерьерлік сипаты, барлық өлшемдері бойынша дене мүшелерінің қалыпты симметрияларын құраған. Жұптардағы алынған дене мүшелерінің арасында айтарлықтай айырым байқалады.

Бірақ сұр реңдерінің жұптары бойынша ең төменгі салыстырмалы көрсеткіштер үшінші топтағы платина сонан соң янтар реңді саулықтарда болып отыр. Зерттеу тобындағы экстерерлік сипаты бойынша жоғарылау көрсеткіштерге ие болып отырған қозылардың екінші янтар мен қола жұбынан екенін байқау қиын емес.

 

2-кесте. Янтар жұбындағы қозылардың жүн үлгілеріндегі талшықтардың ара қатынасы, % (М±m)

 

Ата-аналарының реңдері

Қозылардың реңі

Жүн талшықтарының типі             (5үлгіден)

қылшық

аралық талшық

түбіт

янтар х янтар

янтар

47,9±5,0

32,0±4,4

20,1±3,2

янтар х қола

қола

янтар

59,3±4,8

50,7±5,0

29,9±4,2

30,3±4,2

17,8±3,0

19,0±3,1

янтар х платина

янтар платина

51,5±5,0

49,4±5,0

29,7±4,2

28,2±4,0

18,8±3,1

22,4±3,5

Зерттеулердің нәтижесі платина реңді сұрхандариялық сұр қошқарларынан алынған қозыларда, орта есеппен қылшық жүнінің мөлшерінің азайып, түбітті талшықтарының көбейе түскені байқалды. Мысалы, барлық топтағы сұр қозылардың қылшықты жүнінің пайыздық мөлшері 47,9-бен 59,3%-дан аспады, ал түбіт жүн -17,8-бен 22,4 %-ға артты.

Жекелеген жұптардың көрсеткіштерге келетін болсақ янтар мен янтар жұбында қылшық жүн - 47,9% аралық талшық – 32,0% және түбіт – 20,1% құраса, ал янтар мен қолада осыған сәйкес – 59,3; 50,7%, 29,9; 30,3% және 17,8; 19,0%-ды сақтады. Жұптардағы ең төменгі қылшық жүн мен жоғарғы түбіт көрсеткіштері үшінші янтар мен платина қойларының шағылысынан пайда болған жүн талшықтарынан білінді.

Осы жерде тағы бір айта кететінжағдай, сұр қозылардың ашық реңділерінде түбітті жүн талшықтарының мөлшері көбейе түсетіні.Және осы құбылыстың әсіресе янтар мен платина жұбындағы қозыларда ерекше байқалуы. Қола реңдегі саулықтар жұбындағы қылшықты жүн мөлшері көбейіп (59,3%), түбіт түрінің азайатыны белгілі болды (17,8%). Жоғарыда көрсетілген зерттеулерді қорыта айтқанда: сұр қаракөл қойының сұрхандариялық типіндегі реңдерінде айқындылық басым болған сайын немесе ағару дәрежесі көбейген жағдайда, жүн талшықтарының құрамы түбіт пен аралық талшық түрімен толысады, ал реңнің айқындылығы қоюлай немесе қарая түскенде, қылшықты жүн мөлшері артып, түбіттің мөлшерінің азаятыны белгілі болды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кансеитов Т. Научные основы и практические приемы создания стад каракулево-курдючных овец окраски сур бронзовой расцветки: автореф....докт. с.-х.наук: 29.12.04. -Алматы, 2004. -С.18-20.

2. Шамекенова Р.Д. Изменчивость тонины волосяного покрова у ягнят атырауской породы в разные селекционные периоды // Поиск, результаты.-Алматы: КазНАУ, 2008. -№2. –С.60-63.

3. Туекбасов М.К. Параметры длины завитков каракульских ягнят разных смушковых типов // Исследования, результаты. –Алматы: КазНАУ, 2008. –Том 2. –С.19-20.