Рустенов А.Р. профессор, Момынова А. магистрантка,

Елеугалиева Н.Ж. а-ш.ғ.к., Мусабеков А. Т. РhD.

 

ҚОШҚАР ШӘУЕТТЕРІНІҢ МИКРОАҒЗАЛАРМЕН ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ

 

Қазіргі кезеңде қой шаруашылығында өнім өндірудің озық технологияларын және жаңа өнімділігі жоғары генотипті тұқымдарды пайдалану ғана тиімді. Өте өзекті мәселенің бірі болып қойды қолдан ұрықтандыру болып саналады. Бірақ бұл технологияны пайдалану барысында, барынша шәуеттерді микрофлорадан сақтау жолдарын қарастыруды талап етеді. 

Жаңа алынған шәуеттердің микрофлорамен ластануының себепші үш көзі бар:   аталық шәует шығар жолындағы кеңістіктер, аталық жыныс   және сыртқы орта.  Бірақ аталық ұманың,  шәует шығаратын өзектің, шәует көпіршіктерінің, аталық бездердің хроникалық псевдобактерияларының барлығына байланысты -  эндогендік бактерияспермиялар да болуы мүмкін.

Кейінгі жылдары малдардың патологиясында ерекше орын алатындар  - стафилококктар, эшерихиялар, көкіріңді таяқшалар жәнеде басқа патогенді микрофлоралар. Осыған байланысты  қолдан ұрықтандыру технологиясында ерекше өзекті мәселелер болып  шәует микрофлорасының түрлерін зерттеу керектігі туындайды. Көрсетілген патология тудыратын микрофлораларды  зерттеу және тұжырымдау  арқылы қолданылатын әдістер мен профилактикалық құрамдарды ғылыми түрде негіздеуге қажет болып отыр.

Жұмыс еділбай қошқарларымен жүргізілді. Бактерияологиялық  анықтауларды -  «Аталық ұрықтарды лабораториялық жағдайларды зерттеу, малдарды қолдан ұрықтандыруға арналған препараттар мен құралдарды бактериялардан залалсыздандырудың әдістемелік нұсқаулары» ГУВ  АШМ 13.11.1983 ж.  «Қолдан ұрықтандыру технологиялық жұмыстарын ұйымдастыру және эмбриондарды трансплантациялау инструкциясы (Асыл саулық, 2000 ж.).

Таза микробтық түрлерді бөлі, олардың морфологиялық, биохимиялық, патогендік қасиеттерін және олардың әртүрлі антибиотиктерге сезімталдықтарын Сайрам аудандық және Оңтүстік Қазақстан обылыстық мал дәрігерлік-санитарлық бөлімдерімен бірлесе жасалынды.  Себуді Чистович агарында, ет-пептонында, висмутсульфат және 5% қанда, Эндо, Левина және Сабуро орталарында жүргізілді.

Зерттеу барысында еділбай қойларының қандарының морфологиялық және биохимиялық құрамы анықталынды.  

Зерттеу нәтижесінде  Батыс өлкесінен алып келген қошқарлар қандарының морфологиялық және биохимиялық құрамы жылдың барлық маусымында, көктемнен басқа кездері, лейкоциттер сандары қалыпты көрсеткіштерден - 5,04 - 5,22 109/л төмен болып шықты (кесте 1). Олардың Оңтүстік өлкесіндегі ыстықтықтың әсерінен иммунитеттерінің төмендегендігін көрсетеді (кесте 1).

         Кесте 1. Еділбай қойларының қандарының морфологиялық және биохимиялық құрамы

 

Көрсеткіштер

            

 Қой топтары

Орташа анықталынған қалыпты көрсеткіштер

қошқарлар

саулықтар

                        Қаңтар айындағы мал қандарының көрсеткіштері   - 12 0С

Эритроциттер, 1012

8,78±0,42

7,84±0,37

7,0-12,0

Лейкоциттер, 109 г/л

5,24±0,49

6,91±0,55

6,0-14,0

Гемоглобин, г/%

8,91±0,76

9,29±0,84

7,9-11,9

Жалпы ақуыз, г/%

6,21±0,43

5,46±0,61

6,0-7,5

Резервті негіздік, % СО2

44,39±3,72

45,12±4,29

48-60

Жалпы кальций

10,78±0,72

7,95±0,87

10-12,5

Фосфор, мг/%

6,11±0,53

5,61±0,42

4,5-6,0

                    Сәуір айындағы мал қандарының көрсеткіштері + 16 0С

Эритроциттер, 1012

9,12±0,57

8,34±0,41

7,0-12,0

Лейкоциттер, 109 г/л

6,23±0,81

7,48±0,72

6,0-14,0

Гемоглобин, г/%

10,91±0,64

10,24±0,53

7,9-11,9

Жалпы ақуыз, г/%

6,67±0,39

8,81±0,77

6,0-7,5

Резервті негіздік, % СО2

33,84±4,12

31,82±5,27

48-60

Жалпы кальций

10,11±0,59

8,99±0,67

10-12,5

Фосфор, мг/%

5,15±0,46

6,13±0,58

4,5-6,0

                    Шілде айындағы мал қандарының көрсеткіштері   + 29 0С

Эритроциттер, 1012

9,28±0,0,88

8,79±0,87

7,0-12,0

Лейкоциттер, 109 г/л

5,09±0,76

5,12±0,49

6,0-14,0

Гемоглобин, г/%

11,09±0,56

10,01±0,71

7,9-11,9

Жалпы ақуыз, г/%

7,18±0,67

6,31±0,76

6,0-7,5

Резервті негіздік, % СО2

49,34±8,17

64,39±6,87

48-60

Жалпы кальций

10,16±0,53

8,46±0,61

10-12,5

Фосфор, мг/%

7,08±0,47

7,03±0,52

4,5-6,0

                    Қазан айындағы мал қандарының көрсеткіштері   + 14 0С

Эритроциттер, 1012

9,91±0,0,86

8,97±0,82

7,0-12,0

Лейкоциттер, 109 г/л

5,17±0,73

5,22±0,41

6,0-14,0

Гемоглобин, г/%

10,69±0,52

9,51±0,53

7,9-11,9

Жалпы ақуыз, г/%

7,59±0,63

6,93±0,55

6,0-7,5

Резервті негіздік, % СО2

46,39±4,11

42,33±4,19

48-60

Жалпы кальций

10,66±0,50

8,97±0,66

10-12,5

Фосфор, мг/%

6,37±0,44

5,68±0,58

4,5-6,0

 

        Шілде кездеріндегі ауаның ыстықтығы  + 30 және +36 ˚С аралығында болғанда қошқарлардың пульс  - 81,3 мин. және тыныс алу жиіліктері -15,9 мин. дейін жоғарлайды. Бұл адаптациялық процесстердің қыйындау өтіп жатқандығын көрсетеді (кесте 2).

Кесте  2. Еділбай қойларының  клиникалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

            

 Қой топтары

Орташа анықталынған қалыпты көрсеткіштер

қошқарлар

саулықтар

                        Қаңтар айындағы мал қандарының көрсеткіштері   - 12 0С

Дене температурасы, 0С

38,5±5,44

38,7±5,19

38,5-40,0

Пульс жиілігі, мин.

77,7±6,14

80,9±6,26

60-80

Тыныс алу жиілігі, мин.

12,3±3,94

12,6±4,51

10-15

                        Сәуір айындағы мал қандарының көрсеткіштері   + 16 0С

Дене температурасы, 0С

38,9±3,49

38,7±5,19

38,5-40,0

Пульс жиілігі, мин.

77,7±6,14

80,9±6,26

60-80

Тыныс алу жиілігі, мин.

12,3±3,94

12,6±4,51

10-15

                        Шілде айындағы мал қандарының көрсеткіштері   + 29 0С

Дене температурасы, 0С

38,5±5,44

38,9±3,99

38,5-40,0

Пульс жиілігі, мин.

77,3±6,18

83,9±6,73

60-80

Тыныс алу жиілігі, мин.

13,9±3,91

13,7±4,56

10-15

                        Қазан айындағы мал қандарының көрсеткіштері   + 14 0С

Дене температурасы, 0С

38,9±5,48

38,4±5,73

38,5-40,0

Пульс жиілігі, мин.

77,2±6,14

79,9±6,21

60-80

Тыныс алу жиілігі, мин.

12,5±3,91

12,7±4,58

10-15

 

Қойларды қолдан ұрықтандыру барысында шәуеттердің микрофлорамен ластанулары мыналарға себепші болулары мүмкін:  аналық организмнің жыныс жолдарының қабыну-ісінулеріне,  зиготаның және ұрықтың даму кезеңдерінің бірінде жоюлуына, жаңа туылған төлдердің алғашқы аптада ауруға ұшырап шығындауына. Сондықтанда ауыл шаруашылық малдарының шәуеттерін залалсыздандыру жолдарын жетілдірудің жоғары дәрежелік өндірістік - практикалық маңыздылығы зор.

Шәуеттердің микрофлорамен ластануының сандық көрсеткіштерін анықтау барысы мыналарды көрсетті: шәуеттердің 19,8% ( 62 ұрықтарда) қолдануға жарамайтындары (1 миллилитрде 5000 астам микроб денелері); «таза» (микрофлорасы өте аз) қолдануға болатын шәуеттер  -32,6%  (102 ұрықтарда). Ал қалған 47,6 % шәуеттерде әр түлі сандық көлемдегі микрофлорасы бары топтар және оларды «Қолдан ұрықтандыру инструкциясы» бойынша қолдануға жарайтындығы анықталынды. Арнайы қоспалармен  араластырылмаған жаңа алынған 24 шәуеттердің сандық көрсеткіштерін сараптағанда 1 мл эякулятта орташа 68 микрофлоралар топтары бар екендігі анықталынды. Жалпы 1 мл шәуетте  орташа  2419,3±21,57 микроб денесі, ал олардың  ауытқушылығы 128±1,23 тен 12387±32,76 дейінгі аралықтарда болатындығы белгілі болды.

Қоспалармен араластырылған шәуеттердің 18,3% бөлігі малды ұрықтандыруға жарамайтындар болып шықты, оның себебі олардың 1 мл 500  жоғары микроб денелерің болуы. Қалған 81,7%  микрофлорамен ластанған бірақ қолдану ережесі бойынша қолдануға болатын бөліктер. Олардың    44,1% бөлігі микрофлорамен әртүрлі деңгейлерде ластанғандары, ал  мүлдем «таза» микрофлорасыз бөлігі  -  37,6% болып шықты. Қоспалармен араластырылған шәуеттерде микрофлораның орташа сандық көрсеткіші  412 ±  0,41 микробтық денелер, ал олардың ауытқушылық көлемі  36 ± 0,24 тен 1522 ± 8,43 дейін екендігі анықталынды.

      

 

Сурет 1. Қошқарлардың шәуеттердің микрофлорамен ластануларының маусымдық өзгергіштігі

 

Сүйытылған шәуеттердің микрофлорамен ластануының басты жолы – аталықтардан ұрық алу кезеңі. Ластанған шәуеттердегі микрофлораны жою үшін негізінен қолданылып келетін антибактериалдық комплекс «Спермосан-3». Жоғарыдаға «Әдебиеттік шолуда» көрсетілгендей, кәзіргі кезде  мүның шәует микрофлорасын толық залалсыздандыра  алмайтындығы толығымен дәлелденілген.

Жалпы шәуеттердің микрофлорамен ластануының маусымдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында тәжірибеге қатысты қойлардан осыны анықтау мақсатында  жылдың төрт мезгілінде оны зерттедік. Қойларды қолдан ұрықтандыру кезінде микрофлорамен ластануына байланысты шәуеттерді «жарамды» және «жарамсыз» деп бөлгенде, онда біріншісінің жылдық көлемі  орташа  - 9,55% көлемінде болды (кесте 5).     

Жыл маусымына қарай шәуеттердің микрофлорамен ластану деңгейлеріде өзгермелі болып келді. Микробтық контаминациялық деңгей өзге маусымдарға қарағанда жаз айларында басқа кезеңдерге қарағанда жоғары. Патогенді саңырауқұлақтардың ораша щәуеттердегі жылдық ластану көлемі 6,7%, жаздағысы  - 11,83%, сол сияқты эшерихиялардікі 1,12% және 1,32%, протейлердіке – 1,27% және 1,68%. Тек қана көк іріңді таяқшалараен ғана ластану күз айларында көбірек (0,68%) болып шықты.  Қысқы мерзімге қарағанда шәуеттердің жазда ластануы 6,21% жоғарлау, көктемгіден – 8,7 % , күзгіден – 7,59%. Айырмашылықтар статистикалық негізделінген (Р=0,05).

Сонымен қорыта келе, еділбай қошқарларының шәуеттерін ғылыми-өндірістік зерттеу барысында төмендегідей қортындылар шығарылды:

1        Тәжірибелік қошқарлардың шәуеттерінің сапалық көрсеткіштері қолдан ұрықтандыру талаптарына сай екендігі анықталынды. Шәуеттер көлемі 3,4-5,4 мл, концентрациясы – 4,8-7,9 млрд/мл аралықтарында болды.

2        Жыл маусымына қарай шәуеттердің микрофлорамен ластану деңгейлеріде өзгермелі . Микробтық контаминациялық деңгей өзге маусымдарға қарағанда жаз айларында басқа кезеңдерге қарағанда жоғары. Патогенді саңырауқұлақтардың ораша щәуеттердегі жылдық ластану көлемі 6,7%, жаздағысы  - 11,83%, сол сияқты эшерихиялардікі 1,12% және 1,32%, протейлердіке – 1,27% және 1,68%.