Амренова
Ғалия Қапбарқызы, аға оқытушы
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан.
Астана
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
МЕН ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ.
Тұрғындардың
табысын мемлекеттік реттеудің әртүрлі әдістерінің
ішінде маңызды орынды заңнамалық әдістер алады.
Оларға бір жағынан, әзірлеу,
ал екінші жағынан, табыс саясатының нормативтік негізін тәжірибеде
іс жүзінде жасау кіреді.
Нақты заңдарда кедейлікті төмендету,
тұрғындардың белгілі-бір категорияларына, аумақтарға,
жұмысшылардың кәсіби топтарына көмектесу бағдарламасын
қаржыландыру бойынша шаралар негізі қаланады. Оларға
жататындар: республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар, нақты
бір аймақтар бюджеттері, жергілікті бюджеттер туралы жыл сайынғы заңдар.
Тұрғындардың табыстарына әсер ететін барлық
экономикалық әдістер (салық ставкаларын және салық
салынатын негіздің, салық түрлерін, еңбекақының
минималды мөлшерін анықтау) заңнамаға енгізілгеннен
кейін ғана қолданылады.
Табысты реттеудің алғышарты
ретінде еңбекақыға, кәсіпкерлік табысқа, тұрғындарға
ренталық және пайыздық төлемдерге әсер етудің
нормативтік негіздің құрылуын санауға болады. Қазіргі
заманғы тәжірибе үшін жергіліктіден (жеке бір кәсіпорын
шеңбері) халықаралыққа дейінгі әртүрлі деңгейдегі
заңдар мен өзге де акттардың құрылуы тән.
Соңғылары табыстың ұлттық саясатына үлкен әсер
етуде. Халықаралық-құқықтық реттеудің
объектісіне, ең алдымен, табыстың еңбекақы деген сияқты
түрі жатады.
Табыс деңгейінің халықаралық
деңгейдегі заңнамалық регламенттеу мәселесі қабылданған
актілерді жүзеге асыруда қиындық туғызады. Актілер халықаралық
ұйымдармен қабылданады, алайда оларды іске асыру тек халықаралық
деңгейде немесе аймақтық бірлестіктер деңгейінде жүре
алады. Конвенцияға және ЖКО Ұсынуларына қол қоймаған
елдер берілген актілердің ережелерін қолданбауларына болады. Бұл
актілерге қол қойған мемлекеттер үшін ескертпесі бар –
оларды жүзеге асыруға қарай әлеуметтік-экономикалық
жағдайлар жасау. Бірақ та жүзеге асыруға қажетті
жағдайлары бар, қол қойып және белгіленген тәртіптерді
ұстанбайтын елдерге қатысты әсер етудің тиімді шаралары
қолданыла алмайды.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, көптеген елдер еңбекақының сағаттық
төлемін, немесе еңбекақының сағаттық, және
айлық минималды мөлшерін төлеуді орнатып жатыр. Мысалы,
Канада, Франция, АҚШ-та минималды сағаттық еңбекақы
төлеу заң жүзімен орнатылған. Чехия, Венгрия,
Жапония;Нидерландыда минималды сағаттық және минималды айлық
еңбекақы төлеу орнатылған.
Сонымен қатар, табыс көлемін
орнатудың ыңғайын ауыстыру мақсатты болып табылады. Еңбекақы
жұмыс көлемі, кәсіби міндеттер диапазоны және бір
біліктілік топ үшін лауазымдық міндеттер, білім деңгейі мен
нақты жұмысшының біліктілігі секілді факторларға тәуелді
болуы шарт. Әр біліктілік топ үшін базалық айлықты
орнатуды ұсынуға болады. Қалғандарын өтемақылық
және ынталандырушы екі түрдің коэффициенттерін көтерушілер
реттейтін болады. Еңбекақыны осылайша есептесудің мұндай
жүйесін енгізу оның өсіміне әкеледі деп күтілуде.
Бұл еңбекақыны қалыптастырудың жаңа ыңғайынан
шығады. Сонымен қоса, егер болашақ еңбекақылардың
бағдары ретінде қазіргі бюджеттік қаражаттандырулар алынатын
болса, онда бір жұмысбасты есебімен мемлекеттік бюджеттік мекемелер үшін
бірдей сомалар екенін қарастыру керек.
Бұл ретте бюджеттік мекемелердегі
басшылардың дербестіктері өсетін болады. Бұл жүйе
бюджеттік ұйымдардағы басшылардың максимум тұрғысындағы
дербестіктеріне бағытталатын болады, себебі қатаң тарифтік
тор да, ұйымдағы штат кестенің нормативтік бекітілімі
болмайды. Бұл жағдайларда басшы құнды деген жұмысшыларды
ынталандыру үшін қаражаттарды өзі қайта бөле
алады. еңбекақы төлеудегі жаңа жүйелердің
негізгі ережелері қатаң регламенттелінетінін ескеру қажет.
Соның ішінде, Қазақстан
Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау
Министрлігіне еңбекақы төлеудегі жаңа жүйелердің
мазмұнын анықтайтын бірқатар құжаттарды қажетті
болар еді:
-
мемлекеттік бюджеттік мекемелер мен ұйымдардағы өтемақылық
және ынталандыру сипатындағы төлем түрлерінің
тізімін бекіту;
- қызығушылық
танытқан сәйкес кәсіподақтармен біріккен атқарушы
биліктің мемлекеттік органдарды ескере отырып, кәсіби білікті
топтарды және жұмысшылар кәсібі мен қызметкерлер
мамандығын кәсіби білікті топтар қатарына жатқызуды
бекіту;
-
Базалық айлықтарды, кәсіби білікті топ бойынша еңбекақының
базалық ставкасын орнату бойынша ұыныстар енгізу (базалық кәсіби
айлық);
- еңбекақыны
жаңа жүйемен төлеу федералды бюджеттік мекемелер енгізу
бойынша әдістемелік ұсыныстарды құрастыру және
бекіту.
Мемлекеттік бюджеттік мекемелер мен ұйымдардағы
жұмысшылар үшін төлемнің жаңа жүйесі – бұл
ең соңғы емес, қайта бюджеттік саладағы жұмысшының
еңбекақысын реформалаудың бірден-бір жолы. Келесі қызметтер
аймақтық және муниципалды деңгейдегі жаңа
ережелерге еңбекақы төлеудің түбегейлі аударым жүйесіне
бағытталуы қажет. Бұл жұмысты облыстарда да жандандыру
міндетті.
Сонымен қатар, сағаттық
АЖКО индексациясы туралы заң қабылдау маңызды болып табылады,
онда еңбекақының тек көтерілу кезеңділігін ғана
емес, орташа еңбекақының (ОЕ) қарқынына тәуелділікті
ескеретін индекация механизміне тағы да бір элементтің қосылуын
қарастырады. Егер тұтыну бағаларына қарағанда ОЕ
жылдам өссе, онда 60%-дан индексация алды жұмыстарын жүргізу
орынды. Мысалы, маусым үшін бағалар (немесе индексация кезеңділігіне
немесе оның шегіне байланысты жартыжылдық) 2%-ға, ал ОЕ – 7%-ға
артты. Сағаттық АЖКО-ны тұтыну бағаларының өсіміне
байланысты және ОЕ өсімін ескере отырып қосымша 3%-ға және
2%-ға индекстаймыз. Бұл механизм айлық АЖКО индексациясы
кезінде де қолданылуы тиіс.
Жалпы ішкі өнімдегі еңбекақының
үлесі дамыған елдердегіге қарағанда айтарлықтай төмен
жағдайларда, лайықты еңбек үшін жағдайлар жасаудың
негізі ретінде денсаулық сақтау мен ғылым, білім берудегі
кадрлық потенциалды дамыту және сақтау сұрақтары
тұрғанда, білім экономикасына ауысуді және экономика өсімінің
қарқынын жеделдетуді еңбекақы өсімінің қарқынын
өндірістік еңбектің алдына шығуын қамтамасыз
ететін экономикалық және әлеуметтік негізделген саясат
ретінде санауға болады.
Еңбекақы өсімінің
басқа да резервтері бар, оған ең алдымен, жұмысшылардың
төменгі жалақы алатын категориясы жатады. Жеке табысқа салық
салудың үдемелі межелігіне ауысу республикалық бюджетке
аударымдарды көбейтеді және бюджеттік саладағы жұмысшылардың
жалақысын көтереді.
Біздің ойымызша, салық
салудың үдемелі межелігі қалыпты салықты Қазақстанда
орта тапқа жатқызылатын тұлғаларға төлеткізетіндей
етіп, ал күн көріс минимумынан да төмен табыс алатындарды
салықтан босатуды, сәйкесінше жоғары табыстылығы бар тұлғаларға
алынатын табыстан кемінде 30%-ын салықтық ставка ретінде орнату қажет.
Егер де жеке тұлғалардың
салық салуын орталық үкіметпен қарастырсақ, онда
Бельгияда салық 25-55%, Данияда 22-40%,
Францияда 5-57%, Германияда
19-53%, Грецияда 18-50%, Италияда 10-50%, Люксембургте 10-51%, Ұлыбританияда 25-40%, Испанияда
25-56%, Голландияда 35-60%, Ирландияда
29-52% және т.б. елдерде осындай мөлшерде ауытқиды. Мұндай заңнамалық
орнатылымдар табыстың қоғамда қайта бөлінуіне мүмкіндік
береді. Дамыған елдердің тәжірибелері біздің елде де қажет.
Дамыған елдерде сәйкес саясаттың бірнеше нұсқалары
қолданылады.
Дамыған елдердегі жеке тұлғалардың
түсімдік салық салу бойынша салық міндеттемелерін есептеудегі
негізгі айырмашылық келесілерде көрініс табады:
- жиынтық жылдық табыстың, түзетілген
жалпы табыстың және салық салынатын табыстың есебінде өзіндік
ерекшеліктер бар,табыс көздерін анықтау ережелері бойынша маңызды, кейде қағидалық
айырмашылықтар болады;
- жиынтық жылдық табыстың құрамына
кіретін табыстың құрамы бір елде ғана емес, сонымен қоса,
аймақтық (жер, аудандық, штаттық) деңгейде айрықша
белгісімен ерекшеленеді. Соңғысы әсіресе федеративті және
конфедеративті құрылғысы бар елдерге тән. Салық төлеуші
үшін табыс алу сәті үлкен рөл ойнауы мүмкін;
- «салық салу объектісі» категориясын анықтаған
кезде айырмашылықтар болады, яғни объект ретінде отбасындағы әр
мүшенің табысы танылуы, немесе отбасыға біртұтастық
ретінде табыстың жиынтық салық салынуы қолданылуы мүмкін.
Табыстың жекелеген түрлері салық салудың жеке
объектілері ретінде танылады;
- салық салынатын табыстың мөлшерін
есептеген кезде, салық сомасы мөлшерін анықтаған кезде қолданылатын
салықтық есептердің, шығарылымдардың және
жеңілдіктердің құрамы мен сипаттамасы әртүрлі;
- табыс салықтарының межелемесін тұрғызу
жүйелерінде, минималды, стандартты (орташа) және максималды
ставкалар деңгейінде айтарлықтай айырмашылық байқалады;
-өз қызметін ел шеңберінде орындап жатқан шетелдік азаматтардың, ұзақ уақыт шетелде
жұмыс істейтін және табысты шетелдік көздерден алатын салық
салу жүйесінің салық
салыну тәртіптерімен сипатталады. Шетелдік салық несиесін қолдануды
көрсететін тәртіптер жеке тұлғаның инвестициялық
шешім қабылдауы үшін жалпы салық салу деңгейіне қарағанда
маңызды рөл атқаруы мүмкін.
2012-2014 жылдарға арналған республикалық
бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында 2012 ж.
1 қаңтарынан бастап еңбекақының минималды мөлшері
17439 теңге, мемлекеттік зейнетақының негізгі төлемі
8720 теңге, зейнетақының минималды мөлшері 17491 теңге,
көмектер мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, есептеу үшін, сондай-ақ, айыппұл
санкцияларын, салықты және Қазақстан Республикасыныі заңнамасына
сәйкес басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық
есептік көрсеткіш 1618 теңге,
негізгі әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін күнкөріс
минимумының мөлшері 17439 теңге болып орнатылған.
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын,
оның ішінде еңбекақы саласын реттеу Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексімен, келісімшарттармен, келісімдермен,
локальды нормативтік актілермен жүзеге асады. Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес, ең жоғарғы
құндылық адам, оның өмірі, құқықтары
мен еркіндігі болып табылады, қауіпсіздік және гигиена талаптарына
сай жұмысқа, ешқандай шеттетушілігі жоқ еңбек үшін
сыйлықтар алуға құқылы.
Еңбек кодексінің 23 бабына сәйкес жұмысшы
оның біліктілігіне, жұмысының қиындығына, орындалған
жұмыстың сапасы мен санына байланысты уақытылы және
толық көлемде еңбекақының төленуіне құқылы.
Ал жұмыс беруші жұмысшыларға ҚР Еңбек кодексіне,
ішкі тәртіпке, ұжымдық немесе еңбек келісішартына сәйкес
орнатылған мерзімде толыққанды еңбекақыларын төлеуге
міндетті.
Еңбекақы әдетте жұмысшыға
оның жұмыс орындаған жерінде беріледі немесе банкте көрсетілген
шотқа аударылады. Төлем күні кезінде жұмыс беруші не жұмысшыға
жұмыс орындалған жерде қолма-қол ақшаны табыс
етуді, не жұмысшының ақша қаражаттарын банк шотына
аударуды білдіреді. Ақша аударымының бір күннен артық
мерзімді алатынын жұмыс беруші ескере отырып, алдын-ала жасауы тиіс. Төлем
күнінің демалыс немесе жұмыс күні болып саналмайтын
мейрам күндеріне түсуі кезінде еңбекақы сол күндерге
таман түседі, ал демалыстың төлемі оның басталуынан үш
күннен бұрын жүргізіледі.
Жұмыс берушінің еңбекақыны уақытылы
төлеу міндеттілігін жұмысшыға белгіленген күні ақшаны
(кассада қолма-қол түрде, банкоматта, банк бөлімшесінде
және т.б.) табыс ету жүргізілсе орындалды деп санауға
болады.
Егер жұмыс беруші жұмысшыларға уақытында
еңбекақыны немесе басқа да ақша қаражаттарын
(демалыс, жұмыстан шығу кезінде берілетін көмек және
т.б.) ұсынбаса, онда ол құқыққа қайшы
әрекеттеріне жауапқа тартылады. Жұмыс берушіні және оның
өкілеттерін жауапқа тартудың жалпы негіздемелері ҚР Әкімшілік
құқықбұзушылық туралы Кодексінде көрсетілген.
Уақытында еңбекақыны төлемеу әкімшілік, қылмыстық
секілді жауапкершіліктің түрлерін қарастырады.
Уақытында еңбекақыны төлемей қателік
жіберген жұмыс беруші берешекті және үстеме ақыны төлеуге
міндетті. Үстеме ақының мөлшері ҚР Ұлттық
Банкінің қаражаттандыру ставкаларына байланысты әр асып
кеткен күнтізбелік күн үшін есептеледі.
Жұмысшылар мен кәсіподақтар мүмкіндікті
пайдаланып, өтемақының әділетті мөлшерін алулары
тиіс. Жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзғаны
үшін жауапкершілігі (соның ішінде Еңбек Кодексіндегі еңбекақыны
төлеудің бұзылуы) ҚР ӘК-де көрсетілген.
Қазіргі заңнама еңбекақыны төлемегені
үшін ҚР ҚҚ 3б. 148 б. сай қылмыстық
жауапкершілікті қарастырады. Еңбек құқықтарын
және еркіндікті қорғаудың негізі ретінде келесілер
жатады: жұмысшылардың кәсіподақтармен еңбек құқықтары
мен заңдық көзқарастарын қорғау;
мемлекеттік бақылау және еңбек заңнамасының
орындалуын бақылау; сот қорғауы.
Кәсіподақтармен еңбекақыны алудың
жұмысшының құқығы әртүрлі
формада жүргізілуі мүмкін. Кәсіби органдар жұмыс беруші
еңбекақыны уақытында төлемеген жағдайда
прокуратураға, тіпті сот органдарына жүгінуге тиісті.
Кәсіподақтар
жұмысшыларға туындаған мәселе туралы талаптарды
жіберуге құқылы, ал өз кезегінде жұмыс беруші
берілген мәселе бойынша қарастыру жолдарын , қолданылған
шараларды хабарлаулары керек.
Осылайша, кәсіподақтардың құқықтық
қызметтерінің бір формасы ретінде жұмысшыларға заңдық
көмек көрсету болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Р.
Медведев
«Становление казахстанской модели экономики». Часть 3.Тезисы доклада на конференции
«Стратегия вхождения Казахстана в число 50 конкурентоспособных государств мира».
2. Морова, А.П. Социальная
составляющая качества экономического роста: теоретико-методологическая
трактовка / А. П. Морова //Проблемы управления. 2010. № 1 (34). С. 19.
3. Шимов, В.Н. Структурная
трансформация экономики Беларуси: предпосылки и приоритеты / В.Н. Шимов //
Белорусский экономический журнал. 2008. № 2. С. 4–11. 4. А. Иконников. «Регионы:
«выравнивающее развитие» и социальный приоритет», журнал "Центр Азии"
май/июнь 2012 г.
№9-12 (67-70)