Мейірман
Ғұбайдуллаев
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының магистранты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
Көбіне
көп, біз тоғышар ретінде мемлекеттен алшақтау болуымызды
қалап тұрамыз, «олардың халықта ісі жоқ»,
«қарапайым халықтың тұрмыс тіршілігінен бейхабар»
және «мүлдем халықтың мәселелері туралы білгісі
де келмейді», деп билікке сын айтуды мензейміз. Бірақ, қазіргі
заманда мемлекеттің халық жағдайына араласуынсыз, ал
халықтың мемлекеттің ісінен алыс болуы мүмкін емес. Сол
себепті, дүние жүзілік мемлекеттердегі халықпен
биліктің тоғысар нүктесі әрдайым мемлекеттік
қызметтер болып табылады.
Мемлекеттік
қызметтер - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы
ұйымдары мен өзге де жеке және заңды
тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген
функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын,
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген,
жеке және заңды тұлғалардың (орталық
мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды
қоспағанда) қажеттерін қанағаттандыруға
бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және
(немесе) заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік
және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда)
өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет [1].
Адам, азамат
(тұлға) өмірге келгеннен бастап мемлекеттік қызметтерді
тұтыну арқылы мемлекетпен тығыз байланысқа түсетіні
бәрімізге мәлім. Бұл жағдайда мемлекетсіз бірде-бір
мәселені шешу мүмкін емес, өйткені мемлекеттік
қызметтер адам өмірінің барлық тараптарын
толыққанды қамтып отырады. Мысал үшін, туу туралы
куәлікті алу, балабақшаға кезекке тұру, есейе келе жеке
басын куәландыратын құжатты алу және тағы
тағысын, адамның өмір бойы қажеттілігін
қанағаттандыруға керекті құжаттарды алу
үшін азамат уақытының көп бөлігін кезекте
тұруымен, бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға
жүгіруімен, ондағы қызметшілердің өз
жұмысын атқару кезіндегі немқұрайлылықпен
ұшырасуы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында әрдайым
белгілі бір мәселелерді туындатады.
Азамат мемлекеттік
қызметтерден тәуелді екендігін, және мемлекет өз
тарапынан азаматтың әрбір сұранысын
қанағаттандыруын қамтамасыз ету қажеттілігін айта
кеткен жөн. Осы салада мәселелер туындаған сайын
халықтың билікке деген наразылығы арта түседі,
сенімсіздігі туындайды. Сол себепті, дүние жүзі мемлекеттері
өз азаматтарының тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында
мемлекттік қызмет көрсету саласында тиісті іс-шаралар өткізу
арқылы оңтайлы жұмыстар жасап жатыр.
Қазақстан
да бұл өзгерістерден шеткері қалмады, өзін жақсы
жағынан көрсетіп үлгерген дүние жүзілік
тәжірибені есепке ала отырып мемлекеттік қызмет көрсету
жүйесін қарқынды реформалау үстінде.
Сонымен қатар,
мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін реформалау кезінде
үкіметтің азаматтармен ашық кеңесуге дайын екендігін
айта кеткен жөн. «Кері байланысты» орнату үшін және
адамдардың пікірін алу мақсатында жақын уақытта
мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын
қоғамдық бақылау жүйесін арнайы заңнама
деңгейінде енгізілетін болады. Бүгінгі таңда
Қазақстандағы белгілі бір сапаны бақылауды мемлекеттік
органдармен және оның ведомстволық бағыныстағы
ұйымдары жүзеге асырады.
Алайда,
қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті тікелей тұтынушы
ретінде азаматтың өзінің қатыспауы орын алып отыр.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына толық баға
бере алушы, жетіспеушіліктерді анықтаушы ретінде азаматтың
қатыспауы меніңше бұрыс шешім.
Қоғамдық
бақылауды жүргізу шетел мемлекеттерінде өте белсеңді
орын алады. Айта кетсек, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын
жақсарту бойынша ұсыныс әзірлейтін, баға беретін,
қоғамдық пікірді саралап жүзеге асыратын арнайы
ұйымдар жасақталған.
Ирландияда
әрбір мемлекеттік органда шағымдарды басқару жүйесі
енгізілген. Шағымдарды басқару жүйесін тиімді дамыту
мақсатында заң жүзінде шағымдармен жұмыс жасау
Қағидалары бекітіледі. Ал Канадада тұтынушылардың
қанағаттануын бағалау бойынша, азаматтармен кері байланысты
алу және талдау мақсатында, оның ішінде шағымдарды
сұрыптау жөніндегі Қызметі бар. Бұл Қызмет
мемлекеттік қызмет сапасы бойынша мәселелер жөнінде
азаматтармен кері байланыс орнататын тәуелсіз бейтарап ұйым болып
келеді. Және мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
анықталған заң бұзушылықтарды қарастырады
және талдайды. Канада Үкіметіне деген сенімді азаматтар тарапынан
арттыруға бағытталған осы Қызмет Канаданың
мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің бөлінбес
бөлігі болып табылады. [2]
Осы орайда,
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заң жобасы және
оған ілеспе Заң жобасы 2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 2155-109 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында
әзірленді. 2012 жылдың 26 қарашасында өткен әкімшілік
реформаны жүргізу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында
аталған Заң жобалары қарастырылды және түгелдей
мақұлданды.
Осыған сәйкес,
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық
мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу енгізіледі. Қоғамдық
мониторингті мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын
бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті
органның, яғни Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің мемлекеттік тапсырысы арқылы
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдау жүргізу,
мемлекеттік қызмет сапасына қызмет көрсетуді
тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін
зерттеу және айқындау мақсатында аккредиттелген
коммерциялық емес ұйымдар жүргізетін болады.
Сонымен қатар,
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық
мониторингті коммерциялық емес ұйымдар жеке бастамасы бойынша
және өз есебінен жүргізе алатын болады. Мемлекеттік
қызмет көрсетудің сапасын бағалау және
сыртқы бақылауды бағалау және бақылау
жөніндегі уәкілетті органмен жүзеге асырылатын болады. Ал ішкі
бақылауды тиісті қызметті көрсетуші - уәкілетті мемлекеттік
органдар арнайы бекітетін үлгілік талаптар негізінде жүргізетін
болады.
Заң жобасында
сонымен бірге қоғамдық мониторинг өткізу және
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мен оған
баға беру мүмкіндігі қарастырылған.
Оның сыртында,
сотқа дейін шағымдану тәртібі енгізіліп отыр. Мемлекеттік
қызметті тұтынушы көрсетілген мемлекеттік
қызметтің сапасына деген наразылығын жеткізуші, қызмет
ұсынушы және уәкілетті органның атына жолдай алады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік
қызмет көрсету туралы» Заң жобасы мемлекеттік қызмет
стандарттарын бекітуді мемлекеттік органдардың құзырына беру
арқылы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметі өкілеттігін биліктің орталық
деңгейіне дейін орталықсыздандыруды көздеп отыр. Бұл
өз деңгейінде мемлекеттік қызмет стандарттарын жедел бекіту
және оның сапасын арттыру бойынша мемлекеттік органдардың
жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. [3]
Қолданылған әдебиеттер
1.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107
Заңы (1-бабы, 2-2-тармақшасы).
2.
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің
Жауапты хатшысы Д. Шәженованың «Қазақстандағы
мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру
мәселелеріне» арналған дөңгелек үстел аясында
баяндамасы.
3.
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрі Е. Досаевтың «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында
жасаған баяндамасы.