ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУЫ

Экономика магистірі

Мырзаханова Д.Ж.

                                                                                                              Экономика магистірі

Ахметова А.М.

 

Қазақстан        Республикасының      банк   туралы   заңдарын   да қамтамасыз     етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несие – нарықтық  экономиканың тірегі ретінде экономиканың дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеуіміз керек. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды [1].

Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу пәні сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден, мұндай элементке несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәмілелер бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек.

Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі. Яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиындыққа түседі. Сондай-ақ несиенің өндірісте және жалпы экономикалық дамуда инновациялы өндірісті ынталандырушы да қызметінің маңызы жоғары.

Несиенің нарықтық экономикадағы маңызы аса зор. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы несие нарығының дамуына себепші болады. Ссудалық капиталдың қозғалысы: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы экономика санаты ретінде түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік–экономикалық қатынасты білдіреді.

Несие нарығы – бұл механизм, оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және  шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттар мен қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым–қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Несие нарығының мәнін онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды, дәлірек айтқанда банкир өз ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депозитке салынған капиталдың көмегімен жүргізеді ме – мұның еш мәнісі жо.

Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі маңызды ролі ұсақ әрі бытыраңқы ақша қаражаты біріктіреді әрі нарықтың өндіріс пен капиталды шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді.Ақша капиталы негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты алатын болса, оқшау процесі ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ, жинақтау ең алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізіенде ғана маңызды болады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау нақты жинақтаумен өзара тығыз байланысты болады. Ақша капиталы негізінен халықтың жинағының негізінен қалыптасатыны белгілі ал олардың мөлшері елдің жалпы ұлттық өнімдерінде капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен роль ойнайды.

Несие нарығының мәні мен ролі оның функциясын да анықтап береді. Несие теориясында оның функциясы мен мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай көзқарастар жоқ. Алайда өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу функциясында, несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:

-  Несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;

- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту; 

- Ақша қорларын ссудалық капиталда тікелей шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;

- Мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ  аса қуатты қаржы - өнеркәсіп топтарының  қалыптасуына ықпал ету [2].

Несие нарығының құн қозғалысы мен оның ақшалай формасында, әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасуы мен және пайдалануымен органикалық  тұрғыға байланысты болатыны белгілі. Оның деңгеиі қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оны тұтастай әлеуметтік–экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысымен, мөлшерімен және бағытымен өлшеніп, анықталады.

Нарықтағы негізгі несие берушілерге коммерциялық банктер жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активті операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландырудың несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды ұйғаратын  РЕПО-ны ұсынады. Ұлттық банк қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемелерден төмен белгілей алмайды.

Несие нарығында реттеуші орган ретінде ҚР  қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттігі алға шығады. Бұл орган, мәселен кастодиан-банктің, брокер банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.

Белгілі болғандай, коммерциялық банктер әмбебап коммерциялық банк және мамандандырылған коммерциялық банк болуы мүмкін. Бүгінгі таңда отандық тәжірибеде әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен, соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады.             Мәселен, «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ын айтуға болады.    Оның негізгі бағыты  халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет. Қазақстан несие нарығының институтционалдық

құрылымы

 

1-суретте көріп тұрғандай, несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай-ақ ломбардтық, несиелік серіктестіктерде және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзіге және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.

Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымын 3-суреттен  көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3- сурет. ҚР-на тән несие нарығының сегменттері

 

Қазақстанда осы уақытқа дейін қысқа мерзімді несиелер негізінен аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға беріліп келгені байқалған, ал бүгінгі таңдаелімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрі пайда болып үлгереді. Оның үстіне, несие барушілердің қатарын мамандандырылған мекемелер толықтырады, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда басқа несие нарығына қарағанда тұтыну несиесінің нарығы қатты дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін беріледі. Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа да тауарлардың құнын біртіндеп бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналған.

Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының қарқын алуына қарай оған жұмсалатын қаражатқа қажеттілік артып келеді. Банктерде ссудалық пайыздардың кемуі, несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие нарығының ұлғаюына себепші болды.

Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың банктен ақша қарыздарын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесін алғаны. Банктік несиені экономикалық кез  келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).

Қорытындылай келе, несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.            Тұрғанбаев Қ.Д. Несие және лизингті бизнесті дамытудың жолдары2007

2.            Мақыш С.Б. Банк ісі. – Алматы:Жеті жарғы, 2009, 261 б.

3.            Е.Ф. Жуков. Банковское дело. – М., 2006.

4.            www.afn.kz.

5.            www.nationalbank.kz.

6.            Ақпараттық-сараптамалық қызметінің мәліметтері www.alashainasy.kz.

7.            Қазақстан Республикасының статистика агенттігі бойынша Business Resource аналитикалық қызметтер мәліметтері.

 

Аннотация

 

Приобретение собственного жилья - первоочередная потребность для каждой семьи. В этих условиях объективно возникает потребность в долгосрочных кредитах населению на жилищное строительство, минимально подверженных воздействию инфляции и максимально обеспеченных своевременным возвратом. Именно этим требованиям отвечает ипотечный кредит, обеспеченный залогом недвижимости. Рассмотрены проблемы и перспективы ипотечного кредитования.

Целостная система ипотечного кредитования должна включать предоставление долгосрочных ипотечных кредитов банками, а также механизм обеспечения заимодателей необходимыми  долгосрочными ресурсами для кредитования.

Основными направлениями долгосрочного финансирования жилищного строительства являются системы  ипотечного кредитования и строительных сбережений. Поэтому для Казахстана дальнейшее развитие систем ипотечного кредитования является одним из приоритетных направлений.

Таким образом, учитывая многогранность проблемы, актуальность изучения проблем связанных с функционированием рынка ипотечных кредитов в нашей стране на сегодня сложно переоценить

 

 

Summary

 

Acquisition of own housing - prime requirement for each family. In these conditions objectively there is a need for the long-term credits to the population on the housing construction, minimum subject to impact of inflation and most provided with timely return. These requirements are answered by the mortgage loan provided with pledge of real estate. Problems and prospects of mortgage lending are considered. The complete system of mortgage lending should include granting long-term mortgage loans by banks, and also the mechanism of providing zaimodatel necessary long-term resources for crediting.

The main directions of long-term financing of housing construction are systems of mortgage lending and construction savings. Therefore for Kazakhstan further development of systems of mortgage lending is one of the priority directions.

Thus, considering many-sided nature of a problem, an urgency of studying of problems connected with functioning of the market of mortgage loans in our country for today it is difficult to overestimate.