Экономичесие
науки/ Финансовые отношение
Капанова Шолпан
Аманжоловна
Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
Жұмабаева Таңшолпан Нұрылдақызы
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-і «Қаржы» мамандығының
студенті
қаржылық тәуекелдің
түрлері және Компанияларда оларды
бейтараптандырудың негізгі жолдары
Нарықтық
экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз
болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге
дейін қалай азайатынын білуі қажет. Кәсіпорын үшін қандай
да бір жағымсыз жағдай болса да кәсіпкер жағымсыз нәтижелерді
азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Қаржылық
тәуекел-кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық
институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық
тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың
арақатынастарының көлемінің жоғарлауы,
кредиторларға тәуекелділік, капиталдың әрекетсіздігі,
бір жобаға, бір мезгілде қаражат жұмсауы.
Қаржылық тәуекелді шешеуге нақты қаражаттарды
таңдаған кезде инвесторлар келесі қағидаларды назарда ұстауы
қажет: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге
бармауы, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекеге
салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет.
Яғни берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығындардың
ең көп мәнін есептеп,
содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның
капитал көлемімен салыстыру керек,
содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша
қаражатының көлемімен салыстыру. Сонда ғана, бұл
тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін
анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді
басқарудың жалпы стратегиясы.
Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері
болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі
перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық
талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады.
Сурет 1. Қаржылық тәуекелдің
түрлері
Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді
инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы
бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар
саны бойынша, ал диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық
мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының
дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.
Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да
аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік
белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері
есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы
анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.
Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы
сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады.
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі
модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы
нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау.
Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап,
нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді
Қаржылық тәуекелді басқару процесі келесі
сатылардан тұрады: мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау,
тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.
Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар
жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорғау
болып табылады. Тәуекеділік ықтималдылығы ресми және
бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен
анықталады. Шығындардың қауіпін оның мағынасына
байланысты үш түрге бөлуге болады: банкроттық қауіп,
шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі,
активтердің бір бөлігі
шарасыз жоғалту.
Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып
табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын
серіктестерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға
және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет
мәліметтерді беру болып табылады. Тәуекелді талдау кезінде тәуекел
аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол
шекарасында белгіленген тәуекел
деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар
болатын, нарық жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің
бес негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады:
-Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын
ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді,
кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде,
теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.
-Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын
таза табыстың барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту
ықтималдығы бар.
-Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған
жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған
жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Бұл аймақта
өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.
-Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты
ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден түскен
табысты жоғалту ықтималдылығы бар және шығындарды
өзінінің есебінен қайтарады.
-Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның
қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық
инвестициларын жоғалтады.
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау
керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді:
меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғат
факторларымен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері
болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған
мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай
да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына
байланысты болады.
Тәуекелді талдауды бір – бірімен өзара тығыз байланысты және бір – бірін толықтыратын
екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.[8.
45 б].
Тәуекелді сапалық талдау
тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде
көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым
болуы мүмкін. Оның басты міндеті- жұмыс пен кезеңдердің
орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни
тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін
барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады. Тәуекелдік
дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және
субъективті деп бөлуге болады.
Объективті факторларға кәсіпорынан тәуелсіз инфляция, бәсеке,
саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар
жатады. Субъективті факторларға тікелей нақты түрін сипаттайды:
өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық
байланстар, қаржылық жағдай жатады.
Тәуекелді сандық талдау- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің
және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты
көлемін анықтау.
Компаниялардың қаржылық
тәуекелін басқарудың негізгі қағидаларына мыналар
жатады:
1.
Тәуекелді қабылдау деңгейі бойынша;
2.
Тәуекелді табыстау мүмкіндігін есепке алу;
3.
Тәуекелді басқару үдерісінде компаниялардың қаржылық
стратегияларын есепке алу;
4.
Тәуекелді басқару кезеңіндегі опреацияларды есепке алу;
5.
Қабылданған тәуекелдерді басқару;
6.
Жеке тәуекелдерді басқарудағы тәуелсіздік;
7.
Қаржылық опреациялардың табыстылық дәрежесі
бойынша қабылданатын тәуекелдің деңгейінің сәйкестігі;
8.
Компаниялардың қаржылық мүмкіндігіне байланысты тәуекелдің
сәйкестілік деңгейі;
9.
Тәуекелді басқару тиімділігі.
Компаниялардың қаржылық тәуекелінің
деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың жүйесіне
объективті және субъективті факторлар әсер етеді (2 сурет).
Объективті факторларға мыналар әсер етуі мүмкін:
- еліміздің экономикалық даму деңгейі;
- макроэкономикалық көрсеткіштердің
динамикасы;
- еліміздің инфляциялық өсу қарқыны;
- сұраныс пен ұсыныстың конъюктурасы;
- қаржы нарығындағы жеке сегменттердің
бәскелестік деңгейі;
- компаниялардың қаржылық қызметін
мемлекеттік реттеудің сипаты;
- форс-мажорлық топтардың факторлары.
Субъективті факторларға төменде берілген көрсеткіштер
жатады:
- компаниялардың қаржылық стартегиясының
негізгі парамтерлері;
- мүмкін болатын тәуекелдің саясатына
менеджерлер мен меншік иелерінің көзқарастары;
- меншікті капиталдың көлемі;
- пайдаланылатын капиталдың
құрамы;
- қаржылық
операциялардың жеке түрлерін жүргізуде қаржы аспаптарын
қолданудың жеткілікті пайдалануы;
- қаржы менеджерлерінің
біліктілік деңгейі.
Сурет 2. Қаржылық тәуекелдің деңгейіне
әсер ететін негізгі факторлардың жүйесі
Тәуекелдікті талдау –
белгілі бір жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін немесе теріс әсер
ететін тәуекелдік факторларына талдау жасау болып табылады. Тәуекелдікті
талдау тәуекелдікті бағалаудан, тәуекелдікті азайту тәсілдерінен
немесе сонымен байланысты жағымсыз әсерлерді төмендетуден тұрады.
Компаниялар қаржылық тәуекелдердің шаруашылық
қызметке тигізетін әсерлерін көргендіктен қаржылық
тәуекелді бейтараптандырудың тиісті жолын іздестіреді.
Сурет 3. Компания қызметінің үдерісінде қаржылық
тәуекелді бейтараптандырудың негізгі жолдары
Кәсіпорындардың қаржылық тәукелдерін
бейтараптандырудың тиімді жолың бірі – әртараптандыру.
Әртараптандыру қаржылық тәукелдің жеке:
несиелік, депозиттік, инвестициялық, валюталық түрлерін төмендетуге
көмектеседі (3 сурет-4 сурет).
Әртараптандырудың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1.
Валюта қоржынын әртараптандыру.
2.
Фирмалардың депозиттік қоржынын әртараптандыру.
3.
Сатып алушыларды әртараптандыру.
4.
Фирмалардың қаржылық қызметін әртараптандыру.
5.
Фирмалардың бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыру.
6.
Қызмет жасап жатқан фирмалардың нақты инвестициялық
бағдарламасын әртараптандыру.
Кәсіпорынның қызметін, қаржылық тәуекелді
төмендетудің негізгі әдістерін ұсынып отыру.
1.
Кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қызметін
стратегиялық жоспарлау.
2.
Қаржылық жоғаотулар болған жағдайда өтемақыларын
қамтамасыз ету (келісім-шарттар бойынша айыппұлдық
санкцияларды іске қосу)
3.
Серіктестермен келісім-шарттарға отырған кезде форс-мажорлық
(төтенше оқиғалар) міндеттемелерді қысқарту.
4.
Кәсіпорын айналым қаражаттарын басқаруды жетілдіру.
5.
Қаржы нарықтары туралы қосымша ақпараттарды жинау және
талдау.
6.
Қаржы нарықтарының коньюнктурасын және сыртқы
орталардың өзгеріс тенденцияларын болжау.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты
шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін
көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды
білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың
жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала
отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын
меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді
беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге,
мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі.
Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін
сақтандыру жолымен жасалды.
Сурет
4. Қаржылық тәуекелді бейтараптандыру үшін пайдаланылатын әртараптандырудың
негізгі түрлері
Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын
және көлемін қысқарту. Қаржы тәуекелін
шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі қағидаларға
сүйенуі тиіс:
- меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге
болады;
- тәуекелдің соңын
ойлау керек;
- аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.
Бірінші қағидаға сүйенуде инвестор капитал салымын
жасаудан бұрын тиіс:
- берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін
максималды түрде анықтау;
- оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
-оларды (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен
салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.
Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне
тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.
Қоржындыі инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта
сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған
кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен
аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі
және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің
арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі.
Екінші қағидаға сүйену инвестор шығыстың
максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің
ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден
(яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына
алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына
беру шешімін қабылдауды талап етеді.
Үшінші қағиданың қызмет етуі қаржы тәуекелін
әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор
сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды
арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе
сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға
сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру
сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының
азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған
ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын
үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып
қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
А.М. Ковалева, М.Г. Лапуста, Л.Г. Скамай Финансы фирмы: Учебник-М.: Финансы
и статистика , 2003, 496 стр
2.
Абдрахманова Г.Т. Финансовые риски в экономической деятельности компаний.
Алматы: ТОО «Издательство LЕМ; 2004. -252 стр.