Инвестициялар,
елдің экономикалық дамуының құрамдас бір
бөлігі ретінде
Қазақстанның
мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі, ішкі және сыртқы
ресурстардың ағылып келуіне қолайлы жағдай
туғызған экономиканы тиімді инвестициялау мәселесінің көкейкестілігін
арттырды. Кез-келген ел үшін, әсіресе Қазақстан
үшін, әлеуметтік-экономикалық саладағы жалпылама
өмірлік маңызы бар мүдде ретінде елдің дүние
жүзілік қауымдастықта тең құқылы
адамдардың ашық өркениетті қоғам ретінде
тұрақты дамуы өте маңызды. Экономиканың жаһандануы,
барлық елдерді тауарлардың; капиталдардың және
қызметтердің дүние жүзілік рыногына тәуелді
етеді, елдің ұлттық экономикалық жүйесінің
халықаралық интеграция мен бәсекеге қарай бет
бұру үрдісін қалыптастырады, дүние жүзілік
рынокта өзін бәсекелестік артықшылықтармен
қамтамасыз ете алмайтын елдер шеттетіліп, халқы мен ресурстарын
отаршылдық қанаудың объектісіне айналады. Міне
сондықтан бұл жағдайда ең басты міндет, республиканың
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып,
оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы кезінде
тәуекелділікті барынша азайту болып отыр.
Ел экономикасын инвестициялау
кезінде республика мүддесінің ел байлығын ұлттық
әл-ауқатына зиянын тигізбестен оның сыртқы
жағдайын нығайтуға қарай жұмсалуы тұрғысынан
қарауымыз қажет.
Сыртқы
жағдайлардың өзгеруі ұлттық экономиканың
агрессивті реакциясының пайда болуына алып кенсе немесе
экономикадағы қалыптасқан жағдайды сақтауды талап
етсе,онда бейімделудің қажетті шараларын жасау
қажет.Бейімделу қызметтері ішкі экономикалық саланың
өзгеруіне ықпал ете отырып,екі бағыттың ішкі және
сыртқы ортаның өзара байланысында әрекет етуі
тиіс.Сыртқы және ішкі факторлардың өзара
қатынасын айқындай отырып бұл мәселеге өндірістік
қатынастардың дамуы халықаралық экономикалық
қатынастарға қатысу дәрежесі мен экономикалық
әлеуетті бағалау тұрғысынан қарау керек.
Барлық елдерге
бәсекелестік қабілетті арттыру үшін, жоғары сапалы
өнімді өндіріп,соған сәйкес рынокқа шығып
отыру және де өз шаруашылығын өзгеріп отырған жағдайға
қарай бейімдеп отыру қажет.Ал бәсекелестік қабілетін
сақтап қалуға тырысатын кәсіпорындарға негізгі
үш көзден – өзіндік
активтердің қоржынынан өндірістің орналасуымен
байланысты активтердің қоржынынан және барынша көбірек
пайда табу мақсатымен осы қоржындардың мүмкіндігін пайдалануға
қажетті басқару тәжірибесінен қуат ала
отырып,тиімділікті көтеруге тура келеді.
Инвестициялар – мүліктік
құндылықтар мен оларға деген барлық
құқықтар,сондай–ақ пайда табу мақсатымен
кәсіпкерлік қызмет объектілеріне инвесторлар салатын интеллектуалдық
меншікке деген құқықтардың барлық
түрі.
«Инвестициялар»,
«шет ел инвестициялары» ұғымдарына алуан түрлі анықтама
беруге болады. Ағылшынның «инвестиция» (investments) сөзінің
өзі «капитал құю» дегенді білдіреді. Демек, «инвестициялар»
мен «капитал құю салу» терминдері – бұл синонимдер.
Көптеген
авторлар капитал құю мен инвестиция арасында алшақтық
жоқ деп есептейді. Өз заманында инвестицияларға
классикалық анықтама берген Дж.М.Кейнс болды. Ол инвестицияны сол
кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесінде
капиталдық мүлік құндылығының
ағымдағы өсімі немесе тұтыну үшін
пайдаланылмаған сол кезеңнің табысының бір бөлігі
деп есептеді. Қазіргі жағдай үшін Пол Хейненің мына
анықтамасы дәл анық болып табылады. Ол былай деген:
«Инвестициялау деп біздің болашақта күтілетін табысқа
бола қандай да бір игіліктерді сатып алуымызды айтамыз. Демек,
сіздің акцияларды сатып ала отырып қалай инвестицияласаңыз,
фирма да жабдықтарды сатып ала отырып, солай инвестициялайды». Міне осылайша,
біз инвестиция ретінде материалдық байлықтар мен материалдық
емес қоғамдық құндылықтарға тікелей
және жанама түрде – қаржы құралдары арқылы
инновациялық және әлеуметтік салаларға салынатын
инвестициялық ресурстарды айтамыз.
Инвестиция серпінін талдау
барысында олардың біркелкі емес екенін және де әртүрлі
типтердің қозғалысында елеулі айырмашылықтар табылуы
мүмкін екендігін ескеріп отыру қажет. Сондықтан тікелей
салынатын шетел инвестициясы мен қаржы құралдары арқылы
салынатын қоржындық инвестицияларды ажырата білу қажет.
Тікелей шетел инвестициялары –
шетелдік инвестордың ҚР-ң қайта құрылып
жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаларында
жүзеге асырылып жатқан инвестициялары, шетел инвесторының
оларға қатысты заңды тұлғалар тарапынан
қабылданатын шешімдерін айқындап беруге
құқығы бар.
Қоржындық шетелдік инвестициялар
– шетел инвесторының құнды қағаздар арқылы
жүзеге асыратын инвестициясы.
Мақсатты бағыты мен
айналыс саласына байланысты инвестицияның 3 түрін бөліп
көрсетуге болады:
–
Материалдық активтерге салынатын инвестициялар, яғни
қаражатты ғимараттарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан
асқан машиналар мен жабдықтардың кез-келген түрлеріне
және материалдық қорларға жұмсау;
–
Қаржы активтеріне салынатын инвестициялар, яғни қаражатты
құнды қағаздарды сатып алуға жұмсау;
–
Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Инвестицияның бұл түрі қаражатты патенттер, лицензиялар
сатып алуға, біліктілікті, өмір сапасын, ұлт
денсаулығын және т.б. көтеруге жұмсауды білдіреді.
Инвестициялардың барлық түрі ел
шаруашылығының дамуына зор маңызы бар, әйтсе де
олардың рөлі әртүрлі болуы мүмкін.
Инвестициялардың негізгі капиталды ұдайы өндіруі
көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда олар
жалпы инвестициялар; таза инвестициялар, яғни негізгі капиталдың
молаюына қарай бағытталған инвестициялар;
шығынның орнын толтыратын инвестициялар болып бөлінеді.
Инвестициялардың
қалыптасуына ықпал ететін факторларға байланысты,
экономикалық әдебиетте оларды туынды немесе индукцияланған;
дербес инвестициялар деп бөлу жүзеге асырылады.
Инвестициялар сондай-ақ
инвесторға байланысты мынадай болып та бөлінеді:
–
Ұлттық инвестициялар – бұл ҚР-да
тұрақты түрде тұратын қазақстандық
заңды және жеке тұлғалар тарапынан іске асырылатын
инвестициялар.
–
Шетел инвестициясы – бұл шетелдік инвестор тарапынан жүзеге
асырылатын инвестициялар.
Федоров, Ширшов, Бойко секілді
атақты экономистер инвестиция көздерін экономикалық
және ұйымдық-қаржылық белгілер бойынша жіктейді.
Инвестициялардың
экономикалық көздері амортизациялық қор, халық
шаруашылығының таза жинақталған қорлары
(кәсіпорындардың түсірген пайдалары, бюджеттің тікелей
табыстары), тұрғындардың жинақтары, ұлттық
байлықтың элементтері (резервтік, сақтандыру және осы
тектес қорлар; қордағы негізгі
құрал-жабдықтар мен тауарлық-материалдық
құндылықтарды іске асырудан келетін пайда), кредиттік
ақшалардың эмиссиясы мен шетелдік капитал болып табылады.

Сурет1.1 - Инвестициялар мен экономикалық өрлеудің арасындағы өзара байланыс
Ұйымдық-қаржылық
қатынаста күрделі салым көздері кәсіпорындардың
өзіндік қаражаты (амортизациялық аударым, шығып
қалған мүлікті сатудан түскен пайда, ішкі активтерді
жұмылдыру, үлестірілмеген пайда және өзге де
ақшалай жинақтар), қарыз қаражаты (банктердің
кредиттері, қаржы-инвестициялық құрылымдардың
несиелері, кәсіпорындардың
құнды қағаздарының эмиссиясын орналастырудан
түсетін қаражат, кредиторларға берілетін берешек).
Орталықтандырылған
ресурстар (қайтымсыз бюджеттік қаражаттандырулар мен
жеңілдікке ие инвестициялық мемлекеттік кредиттер), шетел
инвестициялары (жарғылық қорларға салынатын салымдар
және кәсіпорындардың акцияларын сатып алу, шетелдік банк пен
халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттері) мен
жекелеген азаматтардың қаражаттары болып табылады.
Инвестициялық көздер
мен экономикалық даму арасындағы өзара байланысты кестелі
түрде 1.1-ші суретте қарап шығуға болады.
Шетелдік инвесторларға
әдетте субъектілердің мына категорияларын жатқызады:
1)
шетелдік заңды тұлғалар (нақтырақ айтар
болсақ, өздері тұрған елдің заңына
сәйкес құрылған және инвестицияларды жүзеге
асыруға құтылы кез келген компанияны, фирманы,
кәсіпорынды, ұйымдар мен ассоциацияларды қоса алғанда).
2)
Шетелдік жеке тұлғалар.
)
Шетел азаматтары.
)
Азаматтығы жоқ тұлғалар.
3)
шетелде тұратын отандық азаматтар.
4)
Шет мемлекеттер.
5)
Халықаралық ұйымдар.
Инвестициялық
қызметтің субъектілері мен объектілері арасындағы кестелі байланысты
1.2-ші суреттен көруге болады.
Шетел инвестициясы жайлы
айтқанда ең алдымен мемлекеттік инвестиция мен жеке меншік инвестиция арасындағы
айырмашылықты айқындап алуымыз қажет. Мемлекеттік
инвестициялар – ол бір немесе бірнеше мемлекеттің өзге бір мемлекетке
беретін қарыздары мен кредиттері. Бұл жағдайда
әңгіме мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жайлы
болып отыр. Бұл қарым-қатынастар халықаралық
келісім-шарттармен реттеледі де оларға халықаралық
құқық нормалары қолданылады. Сондай-ақ
«диагоналды» қарым-қатынаста болуы мүмкін.
Қарым-қатынастың бұл түрі, жеке меншік банктер
консорциумының (тобының) мемлекетке инвестиция беруін білдіреді.
Жеке инвестиция ретінде бір
елдің жеке фирмасының, компаниясының немесе азаматының
өзге бір елдің осы тектес субъектісіне беретін инвестициясын
айтамыз. Инвестицияның қарым-қатынастардың
күрделі және алуан түрлі болғаны сонша, мемлекеттер
арасындағы қарым-қатынас жеке тұлғалар арасындағы
қарым-қатынаспен тығыз байланысты болып келеді, мұндай
байланыс инвестордың өзінің құқықтары
мен талаптарын мемлекетке беретін суброгация жағдайында әбден
мүмкін.
Қарым-қатынастың
бұдан күрделірек түрі ол борышқор мемлекеттің
алған кредиттері бойынша материалдың міндеттемелері (мысалы
пайыздар бойынша өтемдер) жеке инвестордың борышқор елдегі
мүліктік құқығының толық немесе бір
бөлігінің құнының есебінен
қанағаттандырылуы (ммысалы, табиғи байлықтарды
өндіру құқығын беру).






Сурет 1.2 - Инвестициялардың объектілері мен субъектілерінің
өзара әрекеті.
Шетел инвестициясын тартудың формалары:
–
Жаңа біріккен кәсіпорындарды құру жолымен БК-да
үлестік қатысу, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан
кәсіпорындардағы қатысу үлесін алу;
–
Жекешелендіруге қатысу;
–
Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды
құру;
–
Шетелдік қатысушысы бар банктерді құру;
–
Кәсіпорындарды сатып алу;
–
Еншілес кәсіпорындарды, филиалдарды, өкілдіктерді
құру;
–
Жерді және өзге де табиғи ресурстарды пайдалану
құқығын сатып алу;
–
Құнды мемлекеттік қағаздарды сатып алу;
–
Жергілікті заңды тұлғалардың құнды
қағаздарын сатып алу;
–
өзге де мүліктік құқықтарды сатып алу;
–
концессиялық келісім-шарттарды жасау;
–
қабылдаушы елдің заңды тұлғаларымен
және азаматтарымен келісім-шарт жасау;
–
еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық
әрекеттерді жүзеге асыру.
Инвестициялық процесс –
бұл ақша ұсынатындарды сұраныс беретіндермен
толықтырудың механизмдері. Екі жақ та қаржы
институттарында немесе қаржы рыногында кездеседі. Қаржы
институттарына банктер, несие-жинақтау ассоциациялары, сақтандыру
компаниялары және т.б. жатады. Акциялар, облигациялар, опциондар
рыноктары қаржы рыноктары болып табылады. Ал өз кезегінде
қаржы рыноктары ақша және капиталдар рыногы болып екіге
бөлінеді.

Сурет 1.3. Инвестициялау
процесі
Көріп
тұрғанымыздай қаржы мекемелері бір мезгілде қаржы
рыноктарының жұмыстарына қатысып, қаражатты берушілер
мен оған сұраныс білдірушілер арасында делдалдық
қызметті де атқарады. Әйтсе де суреттегі бағыттауыш
сызықтар бағытты ұсыныстан сұранысқа қарай
көрсетіп тұрғанымен, инвестициялық келісімдердің
кейбір түрлерінде, мысалы облигациялар сатылғанда
қарыздың негізгі мөлшері соңында қарыз алушыдан
қарыз берушіге (кредиторға) қайта оралады.
Инвестициялық процесс
инвестор тарапынан инвестициялар жүзеге асырылатын құнды
қағаздарға, инвестициялаудың көлемі мен мерзіміне
қатысты шешім қабылдауды білдіреді. Келесі процедура 5
кезеңнен тұрады:
1.
Инвестициялық саясатты таңдау;
2.
Құнды қағаздар рыногын талдау;
3.
Құнды қағаздар қоржынын қалыптастыру;
4.
Құнды қағаздар қоржынын қайта
қарау;
5.
Қоржындық құнды қағаздардың
тиімділігін бағалау.
Экономикалық реформалар
барысында ұдайы өндіру процесінің бірде-бір кезеңі
инвестициялық сала секілді осындай өзгерістерге ұшырамайды.
Инвестиция деңгейінің төмендеуі, жекешелендіру мен мемлекеттік
ұйымдарды акционерлік және өзге де мемлекеттік емес
қоғамдар мен фирмаларға айналдыру осы процестің елеулі
факторлары болып табылады. Делдал ұйымдарды қалыптастыру процесі
жалғаса береді, кәсіпорындар мен өзге де заңды
тұлғалардың инвестициясы тартылады.
Әрине,
Қазақстан Республикасы секілді өтпелі, яғни әлі
де болса тұрақты емес экономикасы бар елдерге тән
инвестициялық стратегия мен саясаттағы күрделі
өзгерістер, капиталдар мен инвестицияларды қарапайым
үлестірумен шектеліп қалмайды. Бұл жерде міндет,
инвестициялық саланы жетілдіру бойынша шаралардың мемлекеттегі
бюджеттік-қаржылық саясаттағы ақша-несиелік
қатынастағы, әкімшілік-құқықтық
реттеудегі түбегейлі өзгерістерге алып келуі болып отыр.
Қайта құрудың мақсаты қолда бар шектеулі
инвестициялық ресурстарды экономиканың құрылымдық
қайта құруының елдегі экономикалық және
әлеуметтік ахуалдың тұрақтануына содан соң
бәсекеге қабілетті тауар мен қызметтердің
шығарылуының біртіндеп ұлғаюына септігін тигізетін бағыттарға
тиімді түрде шоғырландырылу болуы тиіс. ҚР-ғы
инвестициялық институттардың мүмкіндіктерін жеткіліксіз
түрде пайдалану олардың қалыптасу кезеңінің
ұзаққа созылуымен, олардың құрылымында
болып жатқан елеулі өзгерістермен, олардың
қызметінің табысының төмендігімен байланысты.
Өзіндік инвестициялық ресурстардың шектеулігінен капиталын
пайдалану қабылданушы ел экономикасының халықаралық
еңбек бөлінісіне қатысу жүйесімен және
капиталдың кәсіпкерліктің бос салаларына ағылуымен
шарттасқан объективтік қажеттілік болып табылады. Бұл
отандық экономиканы жандандырудың ең жылдам жолдарының
бірі.
Қазақстандағы
саяси және экономикалық жағдайды бағалау,
өндірістік салада инвестициялық әрекетті жандандырудың
қажет екендігін көрсетті. Мұнсыз экономиканың
көптеген салалары өз қызметін тоқтатуы мүмкін.
Мұнымен қатар ішкі
қорланудың төмен деңгейі, өндірістік инвестицияларға
деген орасан үлкен қажеттіліктерді
қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан,
инвестициялық ресурстардың бір бөлігін шетелдік
көздердің есебінен жабу қажет.