аға
оқытушысы
Әбiлқадiров
С. Қ.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттiк университетi
заң
факультетi, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
кафедрасы, Казахстан
Экономикалық контробанданы алдын алу және оның
құқықтық реттеудің кейбір жолдары
Қазақстан егемендi ел болғандықтан елдің шекарасын нығайту және кеден қызметiнiң үздiк жұмыс iстеуiн қамыту болды. Егемендік елдің атрибутының бірі, ол шекараның беріктігі мен қырағылығы. Шекара - ел қаупсіздігін қамыту басты мәселе. Ел байлығын, ұлттық қорын, тарихи құнды бұйымдарын сыртқа бей берекетсіз тасымалдауға, талан-таражға жол бермеуге, тосқауыл жасаудың негізгі тәсілі болады. Кеден қызметiнің маңыздылығы сол, ол елдің сыртқы экономикамен байланысты болғандықтан және осы органның негiзгi мақсаты елдiң экономикалық қаупсiздiгiн қамыту. Экономикалық қаупсіздік - ұлттық қаупсіздіктің бір саласы екендігі баршаға мәлім. Қазақстанға көршілес екi алпауыт елдің бар екендігі әлемге белгілі, олар: Қытай Халық Респбуликасы мен Ресей Федерациясы. Осы екi ел туралы қысқаша шолу жасасақ оның ішінде Қытайдың экономикасы күннен - күнге дамуы туралы Еуропа мен Азия елдеріне белгілі. Қытай елiнің халқының саны дүние жүзiнде бiрiншi орын алса, ал экономикалық дамуының нәтижесi де жүлделi орында.
Қытай
туралы мына деректерге тоқтайық:
1.Бүкiл
әлемде шығарылатын қазба рудасының саны 140 түрi
болатын болса, ал соның қытайда шығарылатын саны 134-ке жетедi.
2.Көмiр
қоры мен темір рудасы, вольфрам, жез, сурьма , марганец, цинк және
т.б. Қытай елi алдағы елдiң бiрiнде келедi [1].
Осындай жоғарғы
көрсеткiште келе жатқан елдердiң бiрi ретiнде
Қазақстан да өзiнiң нарықтық экономикасын
нығайтуын қазіргі уақыт талап етеді.
Қазақстанның
екінші көршiлес елi Ресей мемлекетi. Бұл ел туралы бiздiң
елге айқын мәлiм. Аумағы мен халықының саны
жағынан iрi елдердiң бiрi болады. Бұрынғы Кеңес
одағы ыдыраған соң КСРО аумағындағы зауыттар мен
фабрикалыр, ауыр өнеркәсiп орындары Ресей аумағынада қалды. Ал Қазақстан
өзiнiң индустриалық және басқа да өндiрiс
кәсiпорындарын қайта жаңадан қалыптастыруға
мәжбүр болды.
Қазiрдiң өзiнде
Қазақстан аумағында бiрде - бiр машина шығаратын
зауыттар жоқ. Ең аяғы трактор мен комбайын т.б. ауыл шаруашылық техникасын шет елдерден
сатып алуда. Осы жағдайларды айта келе, бiздiң ел патшалық Ресей
империясының отаршылдығынан бастап кейін Кеңес одағы
кезінде де шикiзат қоры болуда. Мысал ретiнде қазiргi Атырау,
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында мұнай көздерiнiң
өте көп екендiгi бiздiң ғалымдар
анықтағаны туралы
бүкіл әлемге мәлім. Саясат жағынан егемендікке ие
болсақ та, ал шын мәнінде экономика жағынан әлі күнге дейін шет
елдердің құрсауында болудамыз. Біздің Қазақстанның
табиғи байлығының көп екенiне ешкiм
күмәнданбайтыны анық
. Бiрақ , әр -
нәрсенiң шегi, мөлшерi бар емес пе? Сол себептен мұнай
қорының таусылатын күнi де анық емес пе? Ал осы мұнай қоры
сарқылған соң
кейінгі уақытта елдiң
күнi не болмақ? Көкейтесті мәселенің бірі - ол, Жезқазған
өңіріндегі Сатпаев қаласының «Қазақмыс»
кенбайыту комбинатын басқарушысы Владимир Ким ол біздің
халқымызды қаң - қақсатып, олардың табысын
өз қалтасына оңды - солды жымқыру нәтижесінде
әлемдегі милиардердің бірі ретінде «Форбос» журналының
тізімінде бар екендігі баршаға мәлім. Қазақстан
индустриясының орталығы
Қарағанды облысындағы шахтаны және Теміртау метал
комбинатын қазіргі иесі Арцелло Лакшми
Митталл біздің
отандастарымыз әр жыл сайын 40 - 45
адамдар апатқа ұшырап қаза болғаны, талай
жанұялар асырушысыз
қалғандар да аз емес. Сонда біздің қазақ
халқымыз өз еліне, өз жеріне және өз
байлығына ие болмағаны байқалуда.
Мiне осындай маңызды
мәселенi қазiрден бастап қолға алмасақ кейiнгi
ұрпаққа ешқандай мұраның қалмауы
ықтимал.
Әрине қазiр
мұнай қорын жапа-тармағай қазып, тасымалдап,
жердiң бәрiн қопаруда. Аталған мән – жайларды
айта келе бiздiң экономикамыздың көтерiлуi әлi де баяу.
Осы мәселе туралы өткен 19 қыркүйектегi сайлау
мәжiлiс депутатына тiркелген кандидаттар өздерiнiң алуан
түрлi бағдарламасын айтқан. Сол ұсыныстың
ең маңыздысы - ол мұнайдан түскен ақшаны
халық игiлiгiне жұмсалсын деген барша халықтың
көңiлi разы. Егер осы айтылған пікірлер iс жүзiнде
орындалса.
Келесі өзекті мәселе -
ол Қазақстан аумағының мемлекеттiк шекарасын
заңсыз бұзып өтiп , бойтасалап сауда жасау, ондай
қылмыстың түрiн экономикалық контробанда.(ҚР
ҚК-209 бап). Мысал ретiнде көршiлес Өзбекiстан елiнен бес
“Камаз” автокөлiгiне тиелген ұнды Оңтүстiк - Қазақстан
облысының кеден қызметшiлерi ұстады. Бiрақ тергеу
органдары iс қозғауға ешқандай негiз жоқ деп iстi
жауып тастады. Прокурорлық қадағалаудың
нәтижесiнде осы мәселе бойынша iс қозғалып
қылмысқа қатысушылар түгел жауапқа тартылды [2]. Осындай мән-жайды байқасақ
сонда кеден қызметшілері не
бітіріп жүр деген сауал тууда.
Сол себептен кеден
қызметінің жұмыстары мұқият қатаң түрде
бақылауға алынуы керек. Бұл жөнінде 2002-2004 жылдарда
«Қорғас» кеден бекетіндегі
ҚР ҰҚК органдарының арнайы іс-шараларын
жүргізуі нәтижесінде сондағы кеден органның
көптеген лауазымды тұлғалары құрыққа
түскені мәлім. Келесі мысал ретiнде Қостанай облысының
“Қайрақ” кеден бекетiнiң қызметшiлерi әр
жылдың егiн жинау науқанында егiн өнiмдерiн көршiлес
Ресей облыстарына автокөлiкпен кеден шекарасын айналып өтуге немесе
жалған құжаттарды пайдаланып, ал кей жағдайларда кеден
қызметшiлерiмен ымырласуы немесе пара беруге мүмкіндік бары
байқалады.
Экономикалық
контробанданың жасалу тәсiлдерiнiң бiрi - ол темiржол
көлiгiнде тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Қостанай
темiржол көлiгiндегi iшкi iстер бөлiмiнiң бұрынғы
9-шы басқарма қызметшiлерi жолаушы поезының
вагондарының жолсерiктерi Ресей елiнен халыққа қажеттi
деген тауарларын тасымалдаумен кеден қызметiнен бойтасалап
өткендердiң ұсталған фактілер де аз емес. Вагон
жолсерiктерi бұрын осындай жүктi немесе билетсiз мiнген жолаушыларды
тасығаны үшiн Қ.Р. ҚК 182-бабы бойынша жауапқа
тартылатын. Ал 2001 ж. бастап Қ.Р. ӘҚБ туралы кодекстiң
шығуына байланысты бұл бап бойынша қылымыстық іс
қозғау тоқтатылды. Оның орнына, осындай терiс
қылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк түрде
жауапқа тартылу нысанына ауыстырылды. Бiрақ ҚР.
ӘҚБ туралы кодексiндегi 479-бап тек билетiсiз мiнген жолаушылар
туралы айтылған, ал, қол жүгiнiң белгiленген
мөлшерден жоғары (36 келiден) асатын болса жүк иесi
айыппұл төлеуге мiндеттi болады.
Бұл фактiлер туралы тек 480-бапта көрсетiлген, оның
өзi тек автокөлiк тасымалдауы туралы айтылған , ал темiржол
көлiгiнднегi жолаушыларды тасымалдау ережесi туралы ештеңе
айтылмаған. Мiне осының өзi де Қ.Р.
ӘҚБ туралы кодексiнiң мазмұны осы мән - жайдың көзден таса қалуы
байқалады. Дәлірек айтқанда аталған әкімшілік
құқық бұзушылық фактісімен күрес жүргізуге, процессуалдық шешім
қабылдауға қазіргі Қ.Р.
ӘҚБ туралы
кодекстің мазмұны және талабы сай келмейді. Ол дегенiмiз
темiржол көлiгiнде талан - таражылық әлiде болса
тоқталар емес. Жолаушы вагонындағы жолсерiктер мемлекет
органдарының ешқандай заңды шара қолдануына
заңның дәрменсiздiгiн,
талабына сай келмейтінін пайдаланып , өздерiнiң заңға
қайшы әрекетін емін-еркін жүзеге асыруда. Соның ішінде
шетелден тасымалданатын жүктер мен басқа да бұйымдар, наркобизнестер,
атылатын қаруды да тасуға кеден қызметiнен бойтаслап
өтуге жағдайдың бар екендiгi
байқалуда. Сондықтан да осы мәселе жөнінде
заң шығару органдары назар
аударуы керек.
Қазақстан
егемендi ел
болса да оның экономикалық
дамуы әлi де мәз емес. Ал табиғи байлыққа келсек
, бiздiң елде атақты химик Д.И.Менделеев таблицасының
барлық элементінің көрсеткiштерi бар екендiгi баршаға мәлiм. Бiрақ осы
байлықты өз халымыздың қажетiне жаратуға, iске асыруға,
оны үлгiртуге біздің қазақ ғалымдарымыз ,
мамандарымыз дәрменсiз бе деген ой туындайды. Қиыр
шығыстағы Жапон елiн алатын болсақ олардың жерiнде
ешқанадай қазба байлығы болмаса да, шығаратын
бұйымдары дүние жүзiнде ең алдғы елдердiң
бiрi екендiгi мәлiм.
Аталған мәселенi
қолға алуға жетік мамандар мен ұйымдастыру iс - шараларын
реттеушi тұлғалардың қажеттігін талап етедi. Ресейдің заңгерi,
профессор Лунеев В.В. айтқандай: ”Мемлекеттiк қызметтiң
кейбiр басшылары мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiргенде оны иеленетiндер
де аз емес”. “Бұл дегенiмiз билiк пен меншiктiң және ақшаның өзара
қабысуы болады” деген [3].
Криминололгиялық
аспектісіне назар аударсақ бiр қылмыс екiншi немесе және одан
да көп қылмыстың жасалуына жағдай жасайды. Осыған
орай көптеген мысалдар мен фактілер жеткiлiктi. Мысалы сыбайлас
жемқорлық қылмыстарының нәтижесiнде бiздiң
елдiң экономикасының даму тамырына балта шабуы. Өйткенi сыбайлас жемқорлықтың
нәтижесi мемлекет мүлкiн талан таражға салудан басталып
кейiннен халықтың табысына қол сұғуда.
Кеден қызметшiлерiне
жүктелген міндеттерін шынайы атқаратын болса
экономикалық контробанда
және нашақорлық бизнестерi азаяр ма едi?
Экономикалық контробанда
қылмысы ол орман - тоғай арқылы өтетiн немесе
соқпақ жолсыз iздермен жүру емес, ол дегенiмiз алдын -ала келiсiп, ұйымдасқан және
мемлекеттік қызмет саласындағы қолдаушылыры мен
қорғаушылары бар лауазымды тұлғалардың тiкелей
немесе жанама түрде қатысу «төбелету» арқылы жасалатын
қылмыс. Себебi ондай жойқын қылмыстар бiр адамның
қолынан келмейтiнi айқын.
Экономикалық
контробанданың жасалу себебiнiң бiрi – ол , кедендiк салықты
бойтасалау. Сонымен қатар заңсыз импорттық және
экспорттық операцияларын кедендiк және салық органдарының бақылауынан
көзтаса болып өтуi [4].
Экономикалық
контробанданың жасалу тәсiлдерiнiң бiрi қазiргi ААҚ,
АҚ, ЖШС кәсiпорындардың өз бетiнше көршiлес
елдердiң жеке фирмаларымен өзара қарым-қатынас
жасауға құқылы болғандықтан бiрнеше
қылмыстық әрекеттерiн жасауға жағдайың
туындауы ықтимал. Осыны пайдаланып кейбiр кәсiпорындар мен
мекемелер жалған фирмалардың атын бүркенiп, жалған келiсiм
шарт жасап, жалған құжаттармен кеден шекарасынан өтiп кететiндер
де аз емес. Жалған сауда – саттық iстерi салық қорына
“бiр тиында” түспейтiнi анық. Оның нәтижесі
Қазақстан экономикасына қауiп төнуіне осындай
ұсақ - түйектен басталып оның соңы iрi
көлемге ауқым басуына әбден мүмкiндiк туады.
Осы мән-жайларды айта келе Атырау, Маңғыстау өңірін алатын болсақ , онда экономикалық контробанда қылмыстың алуан түрлерi жасалуда. Көршiлес Ресей, Иран елдерiне қара уылдырық, бекiре балықтарын кеден және шекара бекеттерiнен бойтасалап өтуде. Аталған аймаққа шетелден келгетін азаматтар бiздiң мемлекеттiк қызметшiлермен ымырласуы , елдiң байлығын жасырын түрде кеден шекарасынан алып өтетiндер аз емес. Экономикалық контробандаға нақты болған оқиғаны айтуға болады – ол , Қостанай облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті мына бір қылмыстық істі айтуға болады: Лисаковск қаласында орналасқан « Шеройл » ЖШС мен РФ Орынбар қаласында орналасқан «Брыз» ЖШС өзара келісім шарт жасау нәтижесінде бюджетке 8410400 млн. теңгенің түспегені анықталды. Оның себебі мында:
1.Тергеу барысында РФ. Орынбор қаласында «Брыз» ЖШС мүлдем болмағаны анықталды;
2.Лисаковск қаласындағы «Шеройл» ЖШС директоры «Р» тергеу барысында келісім шарттағы қол оныкі болмай шықты. Қолды қойған бас есепші болып шықты ,ол бұдан алты ай бұрын қайтыс болғаны анықталды.
Міне осындай жалған құжаттар мен жалған фирмалардың атын бүркеме жасау арқылы шекараданы бойтаслап біздің экономикамызға орасан зардап келтіретіндер әлі күнге дейін ізін суытпауда [5]. Осы қылмыстың алдын алуына мына шараны қолдануға болар еді, егер біздің кейбір заңнамаларымыз қазіргі нарықтық экономиканың талабына сай болса, дәл осындай істер бойынша әрбір мүлік иесі сауда жасаған кезде келісім-шарттың қол қойғанын растау рәсімін нотариат арқылы бекітілген болса онда жоғарыда айтылған директор «Р» жауаптан құтылмай және бюджетке де тиісті ақша түсер еді.
Кәзiргi кезеңде
нарықтық экономиканың “кең” жолын пайдаланып,
мемлекеттiк органдарының басышлары шағын немесе ЖШС
кәсiпорындарын бiреудiң атын бүркемелу арқылы иемденіп,
мелекеттiк тiркеуден өткiзiп, кейiннен салық органының
тiркеуiнен өткiзеді. Осы секілді кәсiпорындар арқылы
өздерiнiң “пайдақорлық iстерiн” жүргізеді.
Осындай кәсiпорындардың атына мемлекеттiк кәсiпорындар
есебінен үлкен көлемде ақшаны аударады. Ол ақшаны кiм
алды, кiмнiң пайдасына түседi? Оны тек мемлекеттiк
кәсiпорынның басшысы ғана бiледi. Шын мәнiнде, осы
аталған бүркеме кәсiпорындар кейіннен жалғандығы
анықталады. Айтылған жағдайға байланысты мысал ретiнде,
темiржол объектiсiндегi экономикалық саласында жасалатын қылмыстарды
айтуға болады. Бұрынғы көлiк және коммуникация
министрi Абылай Мырзахметовты айтуға болады:
-“Мәселен, 1998 ж. одан екi
жыл бұрын қайтыс болған С. Драчук пен Л. Карчина
дегендердiң атына құрылған “Лига” ЖШС, осы
фирманың атына ҚТЖ есебiнен
67,9 миллион тенге аударылған”[6].
Осы әдiс - тәсiлдерiн
пайдаланып А.Мырзахметовтың тiкелей басқаруымен В. Гетманов деген
адамның атына он тоғыз жалған кәсiпорын тiркелген. Экономика
саласында бес жыл бойы жасалған қылмыс бiздiң елге келтiрген
зардаптың мөлшерi зор. Оны ақшалай есептегенде 22 миллиардтан
астам болады [7].
Бiрақ , өкiнiшке орай
осындай ірі лауазымды тұлғалар қылмыстық жауаптан
оп-оңай құтылып кететiнi баршаға мәлiм.
Оның себебi, бiздiң елде адам баласына қонған ауру дерт
секiлдi , сыбайлас жемқорлық кеңiнен таралғаны
айқын байқалады.
Келесі мәселе - ол, жалпылай
контробанда қылымысына қарсы
күрес жүргiзудiң қарапайым түрiн де
пайдалануда. Оған мысал ретiнде шекара
аумағында орналасқан мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес
кәсiпорындар мен мекемелердiң
шекара қызметiмен
қоғамдық
тәртiптi сақтау және
отан мүддесiн
қорғау үшiн
республика азаматтарының патриоттық сана - сезiмiн нығайту жолында бiрiгiп
жұмыс iстеу аса қажет.
Бұл жөнiнде Сарқанд орманшылыарының шекара бекетiмен
бiрлесiп жұмыс iстеу айқын мысал болады [8]. Мiне осындай ауызбiрлестiк барлық республика
аумағында өзара түсiнушiлiк болса ұлттық намыс пен
патриоттық сана - сезiм де
үнемi нығая берер ме едi.
Экономикалық контробанданың басқа да қылмыстармен байланысты
екендігі айдай анық. себебі
контробандамен айналысу
үшін бұл қылмыстың түрі бір адамның
қолынан келмейді. Себебі бұл қылмысты жүзеге асыру
үшін басқа да лауазымды тұлғалармен байланысты болуы
немесе ымырласуды мәжбүр етеді. Ол дегеніміз шекара
арқылы өту үшін кеден бекетіндегі кеден қызметшілерімен
сөзбайласу , ал онда міндетті
түрде пара беруге
жүк тасушы немесе
мүлік иесі белгілі бір ақшаның сомасын төлеуге
мәжбүр болады. Міне осындай қылмыстық іс-әрекет
жасау нәтижесінде бір
қылмыстан екінші, ал одан
әрі бірнеше қылмыс тізбегі
туындайды.
Осы мән - жайларды айта
келе мынадай тұжырымға келеміз:
1.Кәсiпорындар мен
мекемелер, олардың меншiк нысандарына қарамастан, сонымен
қатар мұнай, газ өндiрiстiк кәсiпорындарда
депутаттық, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың бақылауын
орнатуды қажет етеді;
2.Экономикалық
контробандаға қарсы күрестi нығайту үшiн кеден
қызметшiлерiн қатаң бақылауға алу, яғни
дәлiрек айтсақ ұлттық қаупсiздiк комитеттiң
бақылауына беру;
5.Кәсiпорындар мен
фирмалардың арасындағы келiсiм- шарттарды бекiту кезiнде
нотарияалдық растау арқылы
жүзеге асырылуы керек;
6.ҚР Парламентіне мұнай және газ саудасынан түскен ақшалар бiздiң халықтың қажетiне жаратылуын, үнемi бақлау жасауды талап етеді.
7. Шетелмен немесе ел ішінде де орнатылған ақша сомасынан аспайтын мәмле жасалатын келісім-шарттарға әр тараптың лауазымдары қол қойғанын растау үшін міндетті түрде нотариаттық рәсімдеу қажет болады;
8. ҚР Азамат кодексінің мынадай толықтырулар енгізілуді ұсынамын:
7-бап, 406-бап, 1104-бап,2-бөл. заңды тұлғалар немесе шағын, орта бизнес, кәсіпкерлер арасында бекітілетін келісім -шарттар мен жасалатын мәмілелер белгілі бір (мемлекет орнатқан ақша сомасынан) асатын болса міндетті түрде нотариат рәсімдеу арқылы орындалуға тиісті.
Аталған ұсыныстар
орындалатын болса, бiздiң елiмiздiң экономикасы дамып ,
халқтың ахуалы да мәз болар еді?
Қолданылған
дерек көздерi:
1.
Материал составленный сотрудниками отдела Азиатско - тихиокеанского
Региона Института востоковедение МО и Н Р.К. // Саясат., 2004г.,
№ 3., 4-5С.
2. Қ.Мамаев. ”Шекара асқан шетелдiк айыппұлын төлемей кетедi”// Заң және заман., 2004 ж., № 7., 11-12 бет.
3. Лунеев В.В. ”Углубление социального контроля преступности – одна из предпосылок решения социально-экономических проблем.” // Государство и право. М., № 9 1999, С. 60-86
4.Т.Күсен. Кеден iсi саласындағы прокурорлық қадағалауды қалай
ұйымдастыруға болады? //Заң және заман.,№ 9, 2004., 26-б.
5.Абылкадиров С.Қ. «Салық және кеден қызмет саласында жасалатын
қылмысты алдын ала ескерту –экономикалық қаупсіздікті қамтамасыз
ету». Материалы Республиканской научно - методической конференции
«Юридическое образование: проблемы разработки и внедрения
инновационных технологий»., Астана, Каз ГЮУ., 2004 г.,208-210-Б.
6.Сәулебек Жәмкенұлы. ”Темiр жолдағы талан таражы” // Заң және заман.
2003 ж.,№ 1., 41-45 бет.
7.Сәулебек Жәмкенұлы. Осы аталған көзде., 41-45 бет.
8.Е. Камал. АЙҚАС немесе сарқандық орманшылар шекара бұзушыны қалай
ұстады? // Заң және заман., 2004 ж.,№ 11., 34-Б.