«Түркістан
Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі, Есептеу техникасы және
бағдарламамен қамтамасыздандыру бөлімінің
оқытушысы, Түркістан, Қазақстан
Internet барынша тез дамуда. Желілерге арналған басылымдардың
көбеюі оның техникадан жалғай жатқан салаларға
таралатындығын көрсетеді.
Internet зияткерлердің үлкен ойыншығынан түрлі
деңгейдегі қолданушылар үшін әр-түрлі
ақпарат көзі болып отыр.
Мамандардың болжауын бойынша он жылдан кейін
жанұялардың 50 пайызы мұнымен күнделікті
қолданады. Телевидение және радиоқабылдағыштар
компьютермен алмастырылмайды, бірақ онда күшті процессор,
үлкен жады көлемі болады, олар салыстырмалы түрде компьютерге айналады. Бұл
кез-келген компьютерді қолданатын адам оның көмегімен
мақалалар, бейне немесе аудиоақпаратты ала алатын уақыт
болады. Ол бұл ақпаратты өзі қалаған кез-келген
уақытта ала алады. Біршама уақыттан кейін жасанды интелект жүйесі – параллельді
машиналық аударма, сонымен қатар дауысты тану ұлттық
және тіл бөлетін бұзып, оңай ақпарат алмасу
мүмкіндігі туады [1].
Көптеген Web – дизайнерлер web –
дизайнның ең басты мәселелерінің бірі болып браузерлер
негізінің көптүрлілігі деген ойда бір-бірімен келіседі.
Олардың әрқайсысы HTML-ді түрлі дәрежеде
қолдайды. Әр жаңа браузердің шығуы оның
мүмкіндігі мен мінездемелерінің күшейгенін көрсетеді,
бірақ бұл алдыңғы браузерлердің жойылады дегені
емес. Көптеген адам жаңалық
соңынан қуға бейім емес. Біреулері қолдағы
барымен қанағаттанса, біреулері өздерінің орнына
таңдап қойған фирмалардың компьютерлерімен жұмыс
істейді.
Браузерлердің бұрынғы
түрін қолданатын қолданушыларды шеттетпей, web – беттің
дизайнын қалай техникалық және эстетикалық
жағынан қызықты етуге болады. Расында кез – келген
браузерлерде жұмыс істейтін web – бет міндетті түрде
қызықты емес, болу керек пе? Барлығына жағуға
болады ма? Ал егер болмаса, онда оның шегі қай жерде? Сіздің
бетіңізбен бұрынғы түрлерінің қаншауы
жұмыс істей алады?
Web – дизайнда міндетті ереже
жоқ. Біздің басты міндетіміз бет ішіндегі мазмұны
көптеген қолданушыға қолжетерлік болу керек.
Бірақ алға жылжу үшін
жаңа технологияларды қолдану дәрежесін ескеру керек.
Дизайнерлік шешімнің табысты болуының кепілі сайттың қалай, не мақсаттпен
қолданылатынын қандай адамдар тобына арналғанын жете білуі
[3].
Netscape Navigator және Microsoft
IЕ браузерлері. Нарықта екі негізгі браузер басыңқы Netscape Navigator және Microsoft IЕ.
Екеуі бұрынғы түрлерін қосқанда бүгінгі
таңда қолданылатын браузерлердің 90% құрайды.
Бұл екі браузер нарықта
бірінші орын алу үшін бірі-бірімен жарысуда. Олардың
арасындағы күрес нәтижесінен HTML тегтердің топтамасы,
сонымен қатар түрлі технологиялардың үйлесімсіз
өндірулері (Dynamic HTML, сонымен қатар JavaScript және Cascading
Style Sheets ) пайда болады. Бір жағынан Netscape және Microsoft IЕ
арасындағы күрестен Web ортасы жылдам дамыды. Web – авторлардың
көп бөлігі өз жұмыстарын Nevigator және Internet
E-ге бағыттайды. Соған қарамастан бірқатар браузерлер түрі бар. IE 4.0. санын Macintosh
компьютерінде қолдану тиімсіз, өйткен жаңа
мүмкіндіктері Windows операциялық жүйесіне арналып
жасалған, Macintosh компьютерлерінде жаңа мүмкіндіктері
көрініс таппайды.
Кейбір айырмашылықтар
қосымша шрифтерді енгізу мүмкіндігінің жоқтығы CSS
фильтрлерді және переходтарды қолдаудың жоқтығы (
визуальді эффекттер, яғни текст элементері үшін
қолданылатын объектінің
көлеңке түсіруі ); мултимедияны басқару
элементтерінің жоқтығы ( анимация және
переходтардың әсерлері, олар әдетте авторлық
мультимедиялық бағдарламалар көмегімен құрылады
);
DHTML – мен байланысты мәселелері.
America Online Браузерлері. America
Online (AOL) қолданушылары жеті мүмкін болған браузерлердің бірін қолданады (АOL
бағдарламалық қамтамасыздандыру түрі мен негізіне
байланысты), олардың кейбіреулері HTML – ді қолдаудың ең төменгі сатысын қамтамасыз етеді.
America Online-ның
соңғы түрі – бұл 3.0. түрі. MIE браузерінің
келтірілген түрін қолданады. Бірақ бұл түріне де
сенім арту қиын, MSIE 30 стандартты нұсқасы сияқты.
Көптеген web – дизайнерлер
өз жұмыстарын басыңқы браузерлерде көріп барып AOL
браузерінде көргенде оның барлық кемшілігін көрген.
Басты проблеманың
туындауының себебі AOL прокси – серверлер мен бейнені қысу
әдісіне сүйенеді. AOL – дің бейнені қысу
әдісінің JPEG – графикаларын бейнелеуде қиындық
тудыратыны белгілі. Мұнда түсті жолақтармен
дақтардың пайда болуы, түсті бейненің көрініс
беруіндегі қиындықтар аталып өтетіні тиіс.
Кейбір технологиялар атап
айтқанда JAVA және Cascading Style Sheets Window 3.0 қолданушылары
үшін қолжетерлік емес. Macintosh компьютерлерін иеленушілер JavaScript және басқа
мүмкіндіктерді пайдалана алмайды.
Интернетте браузерлер жайлы статистикалық мәлімет бере
алатын бірнеше сайтты табуға болады. Бұл сайттарда статистика осы
сайттың өзін қолдану негізінде жүргізіледі,
сондықтан бұл қолданушылар қатарын азайта түседі.
өйткені сайттар туралы білгісі келетінде көп емес. Ал басқа
қолданушылар жаңа көлік түрін сатып алумен немесе
теледидар бағдарламасымен танысқысы келгендер басқа браузерлерді қолдану мүмкін. Browser
Watch сайтындағы статистикалық мәліметтер толық
әрі әр браузерге жеке тоқтап сипаттаған [1-2].
Пайдаланған әдебиетер
1.
Крамер «РHР наглядный курс
Web-дизайна.» Москва, 2002г. 110стр
2.
Грибов «Язык РНР для дизайнеров.»
Санкт-Петербург, 1998г. 236стр
3.
Леонтьев «Web-дизайн. Руководство
пользователя.» Москва, 2003г. 203стр