М.Оспанова
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі,
Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру
бөлімінің оқытушысы, Түркістан, Қазақстан
«Кәсіпорынның техникалық қамтамасыздандырылуы»
ақпараттық жүйесін құру
Техникалық
қамтамасыз ету – ақпараттық
жүйе жұмысы үшін арналған, сонымен қатар осы
құралдар мен технологиялық үрдістерге сәйкес
келетін құжаттамалардың техникалық құралдар
кешені.
Техникалық
құралдар кешені келесілерден тұрады:
1)
кез-келген модельді компьютер;
2)
ақпараттарды жинау, жинақтау, өңдеу,
беру және шығару құрылғылары;
3)
деректерді беру құрылғылары және
байланыс линиялары;
4)
ақпараттарды автоматты алынып-салыну
құрылғысы,
5)
эксплуатациялық материалдар және т.б.
АЖ-нің
жұмысын талдау үшін, ол шешетін мәселенің мәнін,
сонымен қатар ол қосылған ұйымдастырушылық
үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешімдерді қабылдауды қолдау
үшін компьютерлік АЖ-нің мүмкіндіктерін анықтаған
кезде келесіні есептеу керек:
-
есептелінетін
басқарушылық тапсырмалардың құрылымдылығы;
-
фирманы
басқарудың иерархиялық деңгейі, онда шешім
қабылдануы тиіс;
-
шешілген
тапсырманың бизнестің қандай да бір функционалдық
ортасына тәуелді болуы;
-
қолданылған
ақпараттық технологияның түрі [1].

Сурет 1. Ақпараттық
жүйелердегі үрдістер
Ақпараттық
жүйелер
– ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде
сақтауға арналған және онымен түрлі
әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз
етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы
жүйелер. АЖ мысалы ретінде архивті, мекенжай бюросын, телефон
анықтамасын қарастыруға болады. Информатикада компьютерлік
техниканы қолданатын АЖ-ді қарастырады. Дербес жағдайда АЖ-ге
келесілер жатады:
-
ақпараттық-анықтамалық,
ақпараттық-іздеулік жүйелер;
-
құжаттаманы
автоматтандыру және тіркеуді қамтамасыз етуші жүйелер;
-
эксперттік
жүйелер;
-
ғылыми
зерттеулерді автоматтандыру және жобаны автоматтандыру жүйелері;
-
өндірісті
автоматтандыру жүйелері;
-
барлық
мүмкін тренажерлар және оқыту жүйелері.
Кез келген жобалау
технологиясының пәні ретінде ақпараттық
жүйенің өмірлік циклінің барлық
кезеңдерінде өзара байланысқан жобалау
үрдістерінің бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын
таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер
жатады:
1.
осы технология бойынша көмегімен
құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу
керек;
2.
таңдалған технология жобаның
өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды
түрде бейнелеу керек;
3.
таңдалған технология жобаны жобалау
және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек
қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
4.
технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу
арасындағы байланыс негізі болу керек;
5.
технология жобалаушы еңбегінің
өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
6.
технология жобаны жобалау және пайдалану
үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету керек;
7.
технология жобалық құжаттаманы
қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек[2].
Корпоротивті
ақпараттық жүйелерге
маңызды әсер ететін 3 факторды ерекше атауға болады;
1)
мекемені (кәсіпорынды) басқарудің
әдістемесін дамыту;
2)
компютерлік жүйелердің жалпы мүмкіндіктері
мен өнімділігін дамыту;
3)
ақпараттық
жүйелердің элементтерінің техникалық және
бағдарламалық жүзеге
асырылу тәсілдерін дамыту;
Әр факторды
жекелей қарастырайық :
1)
Мекемені басқарудың теориясы өте
кең пән ретінде қарастырылады, сондықтан үнемі
оқып үйрену мен дамытуды талап етеді. Бәсекелестіктің
өсуіне байланыстыкомпания жетекшілеріне нарықты
өздерінің бар болуын сақтап қалатын жаңа
әдістерді іздеуге мәжбүрлейді . Сол себептен қазіргі
замандық
ақпараттық
жүйелер менеджмент теориясы мен практикасындағы жаңа
кірістірулермен қатар жүру к/к;
2)
Компютерлік жүйелердің қуаттылығы
мен өнімділігі прогресі, желілік технологиялар мен мәліметтерді
жіберу жүйесінің дамуы, компютерлік техниканың әртүрлі жабдықтармен
интеграциясының кең мүмкіндіктері қпараттық жүйелердің
өнімділігі мен қызметін үнемі дамытып отыруды талап етеді..
3)
Ақпараттық
жүйелердің аппараттық бөлігінің дамуы мен
бірге соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің бағдарламалық
– технологиялық жүзеге асырылуының жаңа,
неғұрлым ыңғайлы және әмбебап әдістерін
іздеу тұрақты жүріп жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Фаронов В.В. Delphi 6. Учебный курс. – М.:
Изд. Молгачева С.В., 2001. - 672 c.
3.
Камардинов А.
Delphi 5, Алматы, “Ата-мура”, 2002.
4. Сатыбалдыұлы С. Маркетинг және
менеджмент негіздері. – Астана : Фолиат, 2007. – 319 б