к.и.н.,доценткафедры истории Казахстана исторического факультета
КазНУ им. аль-ФарабиСаржанова С.С.
Контакты: моб.: 8 701 65 144 27, раб.: 377-33-35 (внут. 1286)
Е mail: samal7373@mail.ru
Почтовый индекс, 050038. Адрес, пр. аль-Фараби, 71
Сталиндік модернизацияның технологиялары
20-шы жылдардың соңында
Қазақстанда большевиктердің билігі нығайды. ЖЭС
нәтижесінде мемлекет экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге
жеткенімен, күшейген әкімшіл-әміршіл жүйе
нарықтық қатынасты тоқтатты. Экономиканы жоспарлы
түрде және қысқа уақытта дамыту идеясы күш
алды.
Экономикалық
заңдылықтарға сай индустриализацияның әрбір
нұсқасы мемлекеттегі жинақ қорының нәтижелеріне
сай жоспарланады. Ұлттық табыс жүйесіндегі жинақ
қорының мөлшері (өнеркәсіпті дамытуға
ұсталатын қаржы) тұтыну қорының (жеңіл
өнеркәсіп) 15-20%
құрауы қажет. Бұл пропорцияның бұзылуы,
халықтың әлеуметтік жағдайының күрт
нашарлауына алып келеді. Әлемдік экономикалық тәжірибе
көрсеткіштерінде артта қалған халық
шаруашылығының индустриалды-техникалық көрсеткіштерін аз уақытта
көтеру үшін жинақ қорын 5-10%-дан 20-25%-ға
жеткізу жеткілікті болған. Ал
Кеңестер мемлекетінде 20-шы
жылдары ұлттық табыстың жинақ қорындағы
үлесі 10% болса, 1930 жылы 44%-ға жеткен! Экономикалық
заңдылықтың дөрекі түрде бұзылуы
халықтың әлеуметтік жағдайының күрт
төмендеуіне, ашаршылыққа алып келді.
Кеңестер
мемлекетінде индустриализация науқанын аз уақытта және
қарқынды түрде жүзеге асыру жоспарланды. Бұл
науқанның идеологиялық астары да болды – социалистік
қоғам құру, «жарқын болашаққа»
қадам басу. Науқан жоспарлары үш бесжылдыққа
бөлінді. Бірінші бесжылдықта (1928-1932) КСРО мемлекетінің аграрлы экономикасын индустриалды
дәрежеге жеткізу. Екінші кезеңінде (1934-1937) мемлекет
экономикасындағы капиталистік элементтерді толығымен жою. Ал
үшінші бесжылдықта (1938-1942) социализмнің негізгі
экономикалық міндеттерін орындау – капиталистік мемлекеттерді қуып
жету және басып озу .
Осы
міндеттерді жүзеге асыру үшін өте үлкен мөлшерде
қаржы керек еді. XIX- ғасырдың соңы мен XX-шы
ғасырдың басындағы Ресейдегі индустриализация
қарқыны тек сыртқы қарыздар мен инвестицияға
тәуелді болғаны белгілі.
Қазан
революциясынан кейін Ресейге көрші мемлекеттерден көмек
мүлдем тоқтады. Сондықтан индустриализация науқанын тек
ішкі резерв арқылы қаржыландыру көзделді. Енді
индустриализация науқанын
қаржыландырудың кеңестік жолдарына
тоқталайық. Олар:
а)
Еңбекақының басым бөлігі облигация, мемлекеттік
қарыз түрінде жинақ қорына түсіп тұрды.
Облигация 1927 жылдан бастап шығарыла бастады. Тек 1928-1929 жылдары
құнды қағаздарды халыққа күштеп сату
барысында жинақ қорына 2 млрд. 73 млн. ақша түскен.
ә) Халық жаппай тұтынатын азық-түлік
түрлеріне (шәй, қант, табак, арақ т.б.)
салық жылдан-жылға артты.
20-шы жылдардың соңында тек арақ салығынан мемлекет
1млрд. рубль пайда көрген. Бұл ақша сол жылдардағы
өнеркәсіп өнімінен түсетін қаржымен
теңескен.
б) «Лагерлік экономика», яғни концлагерлер жүйесіндегі
тұтқындардың ақысыз еңбегі пайдаланылды. 1927
жылдың 29 маусымында компартия бюросы Кеңестер Одағы бойынша
еңбекпен түзету лагерьлерін салу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан территориясында 1930 ж.
Карлаг деген атпен танымал Қарағанды еңбекпен
түзету лагерьінің алғашқы бөлімшесі ашылды.
Карлаг тұтқындары Қарағанды көмір бассейнінде,
Жезқазған, Балқаш қорғасын қорту
комбинаттарында еңбек етті. Сонымен қатар тұтқындар
Қарағанды Ақмола темір жолын салды. Орталық
Қазақстан жеріндегі Жезлаг, Спеплаг еңбекпен түзету
лагерлерінің тұтқындары да индустриализация науқанына
жаппай жұмылдырылды.1930-1959 жж. аралығында Карлаг жүйесінде 1 млн. тұтқын
еңбектенген. Ауыр жұмыс, ауру мен аштықтан қайтыс
болған адам саны бүгінгі күнге дейін белгісіз. Қарағанда
Ақмола темір жолын салу барысында, жұмыс үстінде қайтыс
болғандардың денесін жол бойына тастап, үстін жол
салуға пайдаланылатын материалдармен жауып, жұмыстарын ары
қарай жалғастыра берген.
д) діни мекемелер мен мұражайлардан алынған мәдени
құндылықтар, ауқатты азаматтардың
дүние-мүліктерін тонау және оны шетел мемлекеттеріне сату
арқылы да қаржы табылды. Сонымен қатар ұжымдастыру
науқаны барысында тәркіленген мал мен дүние мүлік те
шетел мемлекеттеріне сатылған. Мысалы, Қазақстанда
қанша мүлік тәркіленгені белгісіз. Тәркіленген мал мен
мүлік колхоздарға, ал колхоздар тарағанда ауыл
кеңестеріне берілген. Ауыл кеңестерінің мал мен мүлікті
қай кезде, қандай мақсатта қолданғандары да
белгісіз күйде қалған. Осы жылдардағы ОГПУ
мәліметтерінде халықтың тәркілеу науқаны туралы
«өкімет дұрыс жолынан тайды», «өкіметке мал шетел
мемлекеттеріне қарызын өтеу үшін керек», «коммунистер
тәркіленген мал-мүлікті сатып жатыр», - деген
қарсылықтары тіркелген. Ауыл шаруашылық өнімдерін
дайындау науқандары нәтижесінде шаруалардан күштеп
алынған астық, мал еті де шетелге шығарылды. Тек 1930 жылы
883 млн. рубльге астық сатылған.
Индустриализация жоспарларын нәтижелі орындау үшін кадр мәселесін шешу маңызды болды. ЖЭС аясында шақырылған шетелдік мамандар мен жергілікті кәсіби мамандардың шектетілуі, өнеркәсіп өнімділігінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі болды. 1933 жылы өнеркәсіптің даму қарқыны 5% болды. (1927-1929 жылдары 23,7% ). Материалдың, транспорттың жетіспеуінен салынып жатқан құрылыс объектілерінің ¼ бөлігі тоқтап қалды. Төменнен көтерілген,әлеуметтік тегі шаруалардан шыққан, кәсіби білімі таяз жұмысшылар да науқан мүддесін өз деңгейінде орындай алмады.
XX-шы ғасырдың 20-30
жылдарында Қазақстан халқының 90% ауыл
шаруашылығымен айналысқанын ескерсек,жергілікті мамандарды
дайындауға, біріншіден, уақыт, екіншіден, қаржы керек
болды. Құрылыс объектлерін
жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жергілікті жұмысшы
қазақтардың білімін көтеруге уақыт жұмсамау
мақсатында Қазақстанға кадрларды басқа
республикалардан алып келе бастады. 1931-1940 жылдары республикаға 559
мың жұмысшы келген. Көшіп келген жұмысшылардың
басым бөлігі бұзақы, маскүнем болғаны туралы
фактілер көп тіркелген. Мысалы, Риддер заводына әкелінген
жұмысшылар мен жергілікті қазақтар арасында қақтығыстар
жиі болып тұрған. Себебі, көшіріліп әкелген
жұмысшылар маскүнемдікке салынып жұмыс тәртібін
бұзған, қазақтармен бір жатаханада өмір
сүруге қарсы болған т.б. Қарсақпай заводында да
осындай оқиғалар тіркелген. Сонымен қатар жұмысшы табын
тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыс
орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне нашар мән берілген
1939 жылы 17
қаңтардағы КСРО бойынша болып өткен санаққа
сай Қазақстандағы жұмысшылардың саны 33,8%
болған, қызметкерлер саны 17,8%, ал шаруалар 47,5%-ды
құраған. Жұмысшы табының әлеуметтік
құрамы негізінен шаруалардан, қалалық жерлерде
тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің жанұя
мүшелерінен толықтырылып тұрған. Сонымен қатар
ірі құрылыстарға коммунистер мен комсомолдар
шақырылған, яғни коммунистік партияның үндеуі
күшті болған.
Индустриализация жылдары
Қазақстанда жаңа жұмысшы табы қалыптасты.
1928-1937 жылдары КСРО бойынша жұмысшы табы 2,8 есе өссе,
Қазақстанда 4,2 есе көбейді.Өнеркәсіп
орындарындағы жұмысшы саны КСРО бойынша 3,6 есеге көбейсе,
Қазақстандағы өсу көрсеткіші 7,7 болды.
Жұмысшы табының басым бөлігін әйелдер мен
жасөсперімдердің құрауы қазақстандық
кадр мәселесін шешу ерекшеліктерінің бірі болған.
1930 жылдан бастап
қазақстандық жұмысшы табының құрамын жергілікті кадрлармен толықтыру
мәселесі үкімет тарапынан қолға алынды. Аталмыш
жылдың тамыз айында КСРО ХКК-де бұл мәселе қаралып,
ҚАКСР үкіметіне құрамы жергілікті кадрлардан
тұратын жұмысшы топтарын құру туралы тапсырма берілді.
Нәтижесінде әрбір өнеркәсіп орнының жанынан
арнайы кәсіби білім беретін курстар көптеп ашыла бастайды. 1927
жылы түрлі жұмысшы мамандақтарын игерген
қазақтардың пайыздық көрсеткіші 23,4 болса, 1933
жылы 42,1-ге көтерілген.
Өнеркәсіп орындары
шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу
орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды дайындау
үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті,
тау-металлургия институтысияқты
алғашқы
жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары
оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды дайындады.
Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман
кадрларды Ресейдің орталық аудандарындағы жоғары
оқу орындарында даярланды. Алайда айта кететін бір жайт, Кеңес
үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар
дайындайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл
мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.
Қазақстанда
өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары
салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп
өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты,
оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор,
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады.
Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.
Кеңес үкіметі
экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын
мүлде жоққа шығарды. Халық
шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл
большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Кеңес
үкіметі республиканы тек шикәзат көзі ретінде пайдаланды.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Лельчук В.С. Индустриализация СССР: история, опыт, проблемы. М.,1989.
2. Рабочий класс Казахстана в период упрочения и развития социализма
(1938-1960 гг.). А.,1988,с.24
3. История рабочего класса Советского Казахстана. Т.1.
с.422
4. ҚРОМА,
1380-қор, 173-іс, 54 п.
5. История рабочего класса Советского Казахстана.Т.1.
с.252-253