П.ғ.к., доцент  Қасен Г.А., Жумабекова Қ.Б.,

Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасы, Алматы, Қазақстан

 

Білім берудің құзыретті парадигмалары аспектісіндегі педагогикалық жобалау: тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері

 

Білім беруді жобалаудағы қажеттелік адамның білім берудегі қажеттіліктері мен өзгермелі жаһандану және ақпараттандыру қоғамы тарапынан қойылатын талаптардың арасындағы қайшылықтарға негізделген.

Жобалау жалпы алғанда – бұл болашақтағы іс-әрекет нәтижесінің көрінісі (бейнесі) [1]. Педагогикада жобалау адам іс-әрекетінде күтілетін нәтижені болжау және жобаға жауапкершілікті алатын мәдени-тарихи форма ретінде қарастырылады [1].

Жобалау теория мен тәжірибенің, идеалды түсінік пен шынайы өмірдің аралығын толықтыра отырып, жаңа нысандарды тану және ұғынуды көздегендіктен, теориялық педагогика жобалауды өз зерттеулерінің пәні ретінде педагогикалық жүйелердің қызметін талдау және ендірумен қатар түсіндіреді [2].

Жобалау феноменінің зерттелу контексіндегі заманауи жұмыстарды талдай келе (В.Л. Глазычев, Л.А. Кузмичев, К.М. Кантор, В.Ф, Сидоренко, И.Г. Шендрик және т.б.), жалпы идеялар дегеніміз болашақ адами іс-әрекеттердің бастапқы абстрактілі мақсаттары нақтыланып, біртіндеп болашақтағы нысанның үлгісіне өзгеруі, мақсаттар мен құралдардың өзара әрекеттесуі болып табылатындығына көзіміз жетті.  

Тәжірибеде көзіміз жеткені, нақты жобалау мақсат қою мен құралдарды таңдаудың бірлігінде ғана емес, сондай-ақ шығармашылық мақсат көздеу мен жобаның ауқымды әлеуметтік-мәдени контексін үлгілендірудің үйлесуімен жүзеге асады, сонда ғана қойылған мақсат өзінің жүзеге асырылу құралдарының контексінде мәселеге айналады.

Әлеуметтік жүйелердегі жобалау тәжірибелері адамның ойлауы нық анықталған үдеріс болып табылмайды деген қыншылықтармен соқтығысады, сонымен қатар, әлеуметтік жүйелердің дамуы үшін кикілжіңді қатынастар, субъективті-құндылықты қарама-қайшылықтар тән. Осы секілді шектеулер жобалау үдерісін күрделендіреді (олар жобаланатын нысанды өзгерту үдерісіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін).

Міндеттердің қиындығына қарамастан, біз бірнеше жылдар бойы (2004-2011жж) білім алушылардың өзін-өзі өзектендіруін оқытушы тұлғасымен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру негізінде білім беруді жобалаумен айналыстық. Бұл үшін біз оқытылатын пәндер контексінде дәстүрлі емес білім беру бағдарламаларын өңдедік. Мұның қаншалықты тиімді екендігі және ол оқытушы мен білім алушыға не береді – бұл ақпарат басқа мақалаға дәйек болады. Ал бұл мақалада оқушы тұлғасының өзін-өзі өзектендіруін білімдендіруге жобалық тұрғыдан келудің мәнін дәлелдейміз.

Өзін-өзі өзектендіретін тұлға бізге несімен қызықты? Оны неге педагогикалық жобалаудың нысаны ретінде алдық?

Өмiршең тiрлiктiң iшкi резервтерiн iздестiру ХХ ғасыр зерттеушілерінің (психологияның гуманистік бағытының өкілдері) адамда оның толыққанды өмір сүруіне арналған барлық қажеттіліктер бар деген түсініктерімен ұштастырды.

Д.А. Леонтьевтің пікірінше [3], өзін-өзі өзектендіру адамның өз мүмкіндіктерін, интеллектуалды, эмоционалды және ерік-жігер дайындығын (талпынысын) өзінің қабілеттіліктерімен сәйкес, жүзеге асыруды білдіреді. Расында, жоғары мектептің оқу үдерісі адамды өз ісінің маманы ретінде ғана емес, сондай-ақ сирек кездесетін, біртұтас, ашық және өзідігінен дамушы жүйе ретінде де қалыптастыра отырып, осы мақсатты көздейді. Осы идеяларымызға сәйкес, жобалаудың бағыты мен нысанын дер кезінде өзгертуді есепке алдық.

Бүгінгі таңда білім берудегі жобалау нысаны педагогикалық құралдар болып табылады (педагогикалық әрекеттің формалары, әдістері мен мазмұны). Бұл ретте «анықтама», «қалыптасу», «бақылауды жүзеге асыру», т.б. ретінде қалыптасқан және түсіндірілетін педагогикалық әрекеттің мақсаты, біздің пікірімізше, өзін-өзі өзектендіретін тұлғаны білімдендіруді жобалауға нақты қатысы жоқ, себебі бұл жағдайда біртұтас субъект ретінде қабылданбайды.

Жобалық тұрғыдан келуді жүзеге асыру үшін педагог оқу іс-әрекетін нұсқаушы-бақылаушылық емес, рефлексиялық тәсілмен басқара алуы тиіс. 

Өзін-өзі өзектендіру адам өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған жағдайларда жоспарсыз орындалуы мүмкін. Жобалау тұрғысынан алғанда, өзін-өзі өзектендіруді басқару мүмкіндіктерінің позициясымен қарастырған анағұрлым тиімдірек болады

Осыған орай, тұлғаның өзін-өзі өзектендіруін білімдендіруді жобалау ЖОО білім беру үдерісіндегі өзін-өзі өзектендіру жетістігін құру мен өңдеу кезеңдерінен басталуы тиіс. Бұл біздің пікірімізше:

1. Оқытушының оқушылар тәжірибесіне бағытталуы.

2. Рефлексиялық процедураларды жүйелі пайдалану.

3. Еркін коммуникацияға арналған мүмкіндіктерді құру.

4. «қалаймын – жасай аламын – бар - қажет» аралығындағы алшақтықты жою талпынысын қолдау.

5. Іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарын іздеуге көмектесу.

6. Педагогикалық әсер ету мен өзара іс-әрекеттерді саралап жіктеу және жеке ерекшеліктерін есепке алу.

7. Білім беру үдерісінің жалпы гуманистік бағытталуы.

Оқушы тұлғасының өзін-өзі өзектендіруін білімдендіруді жобалай отырып, Б.Ф. Ломов, Г.П. Щедровицкий, Э.Г. Юдин және т.б. еңбектеріне негізделген іскерлік жобалау тұжырымдамасына сүйендік.

Іскерлік жобалау негізінде мәселелі құндылықтар мен олардың иерархиясын ойластыру жатыр. Жобалау үдерісінде субъектіде мәселелі жағдайда өздігінен және жауапкершілікпен таңдау жасауды жүзеге асыруға қажетті белгілі-бір негізде қалыптасу жүреді. Іскерлік жобалау тұжырымдамасы субъектінің біртұтас әрекетінің жобалануына негізделген.

Мұның барлығын ескере келе, негізінен, субъект алғаш рет бір нәрсені меңгеруге мәжбүр болған  жағдайда және өзінің қоршаған әлеммен өзара іс-әрекетін жүзеге асыруда пайда болатын қиындықтарды жеңу барысында адам тұлғасында маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Біздің ойымызша, маңызды жұмыс атқаратын адамның қалыптасуына себеп болатын шарттар басқаны қабылдау (тұлғалық қабылдау), конгруэнттiлiк пен эмпатия болып табылады. Бұл шарттар біздің білім беру бағдарламамызды құруға негіз болды.

Оқушылардың өзін-өзі өзектендіру тұлғасы біздің жобалау тәсілдерімізге сәйкес, келесі компоненттермен «бейнеленуі» тиіс:

1) өзінің жеке қайталанбас белгілеріне сену және ұғыну (бұл оның өзіндік «Менін» жалғастыруына үміт пен өмірлік мағынасы);

2) өмірлік бағалауы мен мінез-құлқының бағытын, қызығушылықтарын, өзіндік қабілеттерін ұғыну және қабылдау; оларды болашақта әртүрлі өмірлік жағдайларда негізге алу;

3) өзін тек адамзат қоғамының ғана емес, табиғаттың да бөлігі ретінде сезіну және ортамен, басқа адамдармен (олардың жеке және ұжымдық дүниетанымдық ерекшеліктерінен тыс) өзара достық байланыс орнату қабілеттерін тексеру;

4) болашақ кәсіби іс-әрекет пен түрлі қоғамдық қатынастарда өзін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық қабілеттерді, кешенді білім, білік, дағдыларды меңгеру;

5) өмір жолындағы барлық кезеңдерде өзін-өзі анықтауға, ЖОО оқу үдерісінде өзін толық жүзеге асыруына және «осында және қазір» принципі бойынша тұлғалық әлеуеттің өзін-өзі өзектендіруіне қажетті мақсатты бағытталған және тиімді ерік-жігер қабілеттерінің болуы.

Жоғарыда аталған компоненттерге сүене отырып, тұлғаның өзін-өзі өзектендіруін білімдендіруді жобалау өзіміз құрған білім беру бағдарламасының шеңберіндегі арнайы тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа келіп тоғысты. Білім беру бағдарламасы оқу пәндерінің мазмұндық аспектісіне емес, оқытудың процессуалды-технологиялық жағына негізделген: жаңа әдістерді (белсенді және интерактивті), оқытуды ұйымдастыру тәсілдерін, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендендірудің инновациялық формаларын таңдау.

Мысалы, дәстүрлі емес білім беру бағдарламамызды өңдеуде оқытуды ұйымдастырудың маңызды формаларының бірі – оқушылардың әлемнің субъектілік бейнесі ретінде қалыптасуына бағытталған мағыналы-ізденіс диалогы болды.

Оқушылардың өзін-өзі өзектендіру тұлғасына білім беруді жобалау тәжірибеміздегі келесі маңызды және мағыналы сәті өмірлік мәселелер контексіне оқу міндеттерін қосу болып табылады.

Бұл мақала барысында, өкінішке орай, жаңа білім беру бағдарламасын ендіру тәжірибесімен бөлісе алмаймыз. Дегенмен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында жүргізілген, білім алушылардың өзін-өзі өзектендіру тұлғасын білімдендіруді жобалау бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижелілігін сипаттап өтеміз.

Мазмұндық анықтылық принципіне сүйеніп, өзіміз ұсынып отырған бағыттың нәтижесін бағалауды жөн көрдік. Бұл үшін жобалау үдерісіне қатысушылардың тұлғалық сапаларын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдістер іріктелді.

Эксперименттік топ ретінде «Жоғары мектеп педагогикасы» курсын оқитын әртүрлі мамандықтардың магистранттары алынды (84 адам).

Бақылау тобы ретінде, біздің көзқарасымыз бойынша оқытуда гуманитарлық бағыт бойынша анағұрлым тұлғалық танымға ие философия және саясаттану факультетінің магистранттар тобы алынды (келесі мамандықтардың 36 магистранты: «Психология», «Философия», «Әлеуметтану», «Мәдениеттану», «Дінтану», «Саясаттану»).

Диагностикалық анықтау барысында эксперименттік топта тәжірибелік-педагогикалық жұмыс жүргізгеннен кейін позитивті өзгерістерді сипаттайтын мәліметтер алынды. Эксперименттік топтың қатысушылары («Биотехнология», «Журналистика», «Баспа ісі», «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Тарих»,  «Археология», «Филология», «Лингвистика», «Аударма ісі» және т.б. мамандықтардың магистранттары) өз-өздерін бағалауда бақыланушы топ магистранттарынан орта есеппен, 1,8 - 2 параметрге жоғары тұлғалық қасиеттердің жиынтығын қолданды.

Педагогикалық жобалау үдерісіндегі бағалау жүйесінің өзгерістері адамгершілік пікірлерін дамыту деңгейлерін зерттеу нәтижелерін де көрсетеді (Л. Колберг бойынша әдістеменің бейімделу нұсқасы).

Диагностикалық кескін қорытындысы бойынша, аз уақыт аралығында (2010 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың желтоқсанына дейін) эксперименттік топтың магистранттарында бағалау жүйесінде қарқынды өзгерістер орын алды: алғашқы орынға тұлғалық өсу, жасалған таңдау бойынша өзіне жауапкершілікті қабылдау туралы пікірлер қойылды, терминалды және құралдық құндылықтар қатары өзгерді.  

Білім алушылардың бақылау және эксперимент топтарының арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықтар (p<0,05) біз ұсынып отырған оқушылардың өзін-өзі өзектендіру тұлғасын білімдендіруге жобалық тұрғыдан келудің тиімділігін көрсететін, жеке кәсіби жоспарларды құру тәсілдерінде және оларды жүзеге асыруды болжау деңгейлерінде айқындалды.

Сондай-ақ, ендіріліп отырған дәстүрлі және жаңа білім беру бағдарламасы бойынша сауалнама жүргізу негізінде екі топтың да магистранттарының субъективті қанағаттанушылықтарын ескердік. «Тәжірибелік пайдасы» және «Оқытушы тұлғасымен өзара әрекет», «Оқылатын материалдың тереңдігі» көрсеткіштері бойынша статистикалық мәнді айырмашылықтар айқындалды (эксперименттік топ бақылау тобына қарағанда жоғары баға берді). Ескеретіні, оқу материалдарының мазмұны барысында «оқылатын материалдың тереңдігі» ұсынылған жаңа білім беру бағдарламасының негізінде жүргізуде анағұрлым жоғары бағаланды. Сонымен қатар «Қызығушылық», «Бақылау» көрсеткіштері бойынша айтарлықтай айырмашылықтар табылмады.

Бұл біздің ойымызша, іскерлік педагогикалық жобалау позициясымен құрылған кез-келген пәннің білім беру бағдарламасы ЖОО-да оқытуға дәстүрлі тұрғыдан келуге қарағанда айтарлықтай артықшылықтары бар.

Сонымен қатар, ұсынылған білім беру бағдарламасында магистранттардың жанама түрде бағаланулары көрсетілді.

Осылай сабаққа қатысу айтарлықтай өсті: эксперименттік топта 98-100% құрады, ал бақылау топта 86-94%.

Бұған қосымша, білім алушылардың өз пікірлері бойынша, эксперимент тобының қатысушылары дәріс материалдарын меңгеру барысында аса белсенділік танытты, СӨЖ тапсырмаларын таңдауда пікірлерін білдірді, шығармашылық тапсырмалар мен зерттеушілік және мәселелі-ізденушілік сипаттағы жаттығуларды жоғары бағалады, оқу жаяғдаяттарын шешуге креативті тұрғыдан келуді жүзеге асырды, өз пікірлерін белсенді қолданды.

Мұның барлығы - білім алушының өзін-өзі өзектендіру тұлғасын білімдендіруді жобалаудың мәні туралы негізгі теориялық ұсыныстар қазақстандық қоғамның заманауи болмысына сәйкес келеді және олардың жоғары мектепте тәжірибелік іске асыру жоспарында дамиды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.         Полонский В.М. Словарь понятий и терминов по образованию и педагогике. М. 2000. 179 б.

2.   Гинецианский В.И. Основы теоретической педагогики. СПб. 1992, 8 б.

3.   Леонтьев Д.А. Динамика смысловых процессов // Психологический журнал, 1997. Т. 18, №6, 7-13 б.

 

 

SUMMARY

The author considers the problem of designing teacher education student's personality  actualizing their potential student's personality in the aspect of competence-based education paradigm. The article reflects the results of experimental work on the design of pedagogical education student's personality, held in the walls of the Kazakh National University. Al-Farabi.



Түйін

Автор білім беруді педагогикалық жобалау проблемасын құзырлы білім беру парадигмасы аспектісінде  қарастырады. Мақалада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында жүргізілген өзін-өзі өзектендіруші тұлғаның білім алуын білім беруді жобалау әдісімен өткізудің тәжірибелік-педагогикалық нәтижелері  бейнеленген.