Досанова Ботагөз Жапаровна

Абай атындағы №4 мектеп-лицейі, Сәтбаев қаласы, Қазақстан

 

Дүниетану сабағында оқушыларға экологиялық тәрбие беру

(4 сынып, «Өзен және көл» тақырыбы)

 

Бүгінгі күні оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға үйрету мәселесі – тек мектептерде ғана емес, қоғамда және бүкіл дүние жүзінде алдыңғы кезекте тұрған өзекті мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру негізінен дүниетану сабақтарында беріледі. Осыған байланысты 4 сыныпта «Өзен және көл» тақырыбын өткенде мынадай мақсаттарға жету жоспарланды:

- Қазақстандағы өзен көлдермен таныстыру, олардың атауларын атай отырып, картадан таба білуге үйрету;

- өзен, көлдер туралы оқушылардың білімдерін дамыту, судың пайдасы мен оны қорғау жолдарын түсіндіру, алған білімдерін жүйелі түрде жеткізе білуге үйрете отырып, дүниетанымын дамыту;

- табиғатты қорғауға және оны аялай білуге, Отанға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақта түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, картамен жұмыс, тест жұмысы, тәжірибе жасау әдістері және интерактивті тақта, слайдтар, карта, суреттер, үнтаспа қолданылды.

Сабақты оқушылырдың қызығушылығын арттыру, сабақты өмірмен байланыстыру мақсатында «Алдымызда қандай мереке келе жатыр?» - деген кіріспе сұрақтан бастадым. Оқушылар бұл сұраққа 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні екендігін қуанышпен жауап берді.

Кіріспе әңгімеде ҚР егемендік алғалы бүкіл әлемге танылғандығын, Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9- шы орында екендігін, онда өзен-көлдердің, орман-таулардың көп екендігін айта келіп, осынау ұлан-байтақ қазақ жерін, табиғаты өзен-көлдерін ластанудан сақтау келер ұрпақтың, яғни  өздерінің  қолында екенін айттым. Сондықтан бүгінгі сабағымызды осындай бай да әсем, тәуелсіз елдің табиғатын қорғауға арнайтынымызды ескерте отырып, төмендегі өлең шумағын бір оқушыға оқыттым:

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаңның

Өлмейтін мәңгі ұраны.

Одан кейін үйге тапсырмасы тексерілді. «Жер асты сулары» тақырыбын 2-3 оқушы мазмұндап берді. Оларға үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында мынадай сұрақтар қойылды:

1) Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

2) Су неше түрде кездеседі?

3) Жердің неше бөлігін су алып жатыр

4) Судың қандай кереметі бар?

5) Жер асты суларының қандай маңызы бар?

6) Минералды сулар қалай пайда болады?

7) Шипалы су дегенді қалай түсінесің ?

Жаңа сабақ үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқудан басталды. Өлең оқылып жатқанда сылдырлап аққан су дыбысы естіліп тұрды.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанған жануарлар,

Өзеннен рахат тауып басылады.

Ел қыстап күн көреді жанабында,

Дәм болар алуан-алуан балығында.

Тас таста, алтын тас та сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында.

Өлең оқылып болғаннан кейін, үнтаспадан кімнің, қандай өлеңін тыңдағандықтары жайлы сұралды. Балалар жауап алғаннан кейін, бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы «Өзен және көл» екендігі хабарланды. Сабақтың мақсаты айтылады.

1. Жаңа сабақты түсіндірдім. Дәптермен жұмыс жасаттым.

2. Оқушылар мәтінді тізбектей оқыды.

Осы тұста оқушылардың зерігіп кетпесі үшін сергіту сәті өткізіледі.

C:\Users\12\Downloads\IMG_1212.JPGОлар өзен мен көлдерге байланысты жұмбақтарды шешіп, жазылған сұрақтарға жауап беріп, аталған өзен-көлдерді картадан көрсетеді.

Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы ? (Аққу)

Сурет артындағы сұрақ: Каспий теңізі

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

C:\Users\12\Downloads\pereiaslavskie.jpgКеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз)

C:\Users\12\Downloads\968.jpgСурет артындағы сұрақ: Арал теңізі Қазақстанның қай   

тұсында орналасқан?

Суға батпайды, қолға ұстатпайды. (Балық)

Сурет артындағы сұрақ: Балқаш көлі

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

C:\Users\12\Downloads\059-060310-01.jpgТәулік бойы бақалап,

Мезгілімен жатпайды. (Бақа)

Сурет артындағы сұрақ: Зайсан көлі

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

                                          Шуға бөлеп жағаны,

C:\Users\12\Downloads\1530.jpgҚанаттарын қағады.

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді. (Шағала)

Сурет артындағы сұрақ: Есіл өзені Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

4.Сұрақ- жауап: Қазақстан жерінде қандай өзендер мен көлдер бар?

Слайд көрсету: Сырдария, Нұра, Ертіс, Есіл, Жайық, Тобыл, Іле өзендері.

Арал, Балқаш, Каспий теңізі.

5.Аталған өзен-көлдерді картадан көрсету.

6.Топтастыру. Оқушылар атауларды жинақтап, қалай аталатынын шеңберге жазады.

                          Каспий

                                                                                           Тобыл

Овал: ҚР ме өөззе ндер  н көлдер       Есіл

 

                                                                              Ертіс

 


Ертіс

                                                                         Балқаш

Жайық                                          

                                                             Арал

7.Тест  жұмыстары.

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін                      Б) екіден бірін

Ә) үштен екісін                     В) төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш                             Б) түссіз, дәмсіз

Ә) аққыш                              В) иісі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) тұщы                                Б) қышқыл

Ә) минералды                      В)салқын

4.Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл                             Б) Балқаш

Ә) Байкал                              В) Зайсан

5. Өзен сулары қандай болады?

А) тұзды                               Б)шипалы су

Ә) тұщы                                В) минералды су

6.Су қанша күйде кездеседі?

А) 4                                       Б)2

Ә) 3                                       В) 1

7. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) теңіздің тасуынан            Б) судың көп булануынан

Ә) дауылдың соғуынан        В) жиі жауған жаңбырдан

8. Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?

А) 900л                                  Б)200л

Ә)700л                                  В)500л

9.Аралдан кейінгі ірі көл.

А) Алакөл                             Б) Балқаш

Ә) Зайсан                              В) Ыстықкөл

10.Аралдан жылына қанша метр су буланады?

А) 2м                                     Б) 3м

Ә) 1м                                    В) 0м

Жауаптары тақтаға ілініп, оқушылар өздері тексереді.

Бекіту кезеңінде оқушыларға алдымен: Өзендер мен көлдердің адам өміріндегі маңызы қандай? - деген сұрақ қойылды:

Оқушылар жауаптарында  қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп орындары өзен маңына таяу салынатынын, үлкен өзенде аса маңызды қатынас жолы болатынын, өзен суымен егістіктер суарылатынын, .су күшінен электр қуаты өндірілетінін айтады.

Одан кейін, қазақта «Судың да сұрауы бар» деген мақал бар, ендеше суға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?- деген сұрақ қойылды. Оқушылар бұл сұраққа өздері білетін "суға түкірме", "суға дәрет сындырма", "суға қоқыс төкпе" секілді тыйым сөздерді айтты.

Суды қадірлеп, ықтияттап, бағасын түсініп, орнымен қолданып әрі аялай білуіміз керек. Суды аялай алмағанымыздан Аралымыз тартылып кетті. Неше түрлі тоспаларды жасап жүріп, теңізімізден айырылдық. Бұл – адамзаттың қолымен жасалған қасірет. Ендеше, суға қатысты айтылған әрбір тыйым сөздің астарында өзіндік мән бар екендігін естен шығармайық, - деген түйінді әңгімемен сабақ қорытындыланды.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың еңбектері бағаланып, үйге тапсырма берілді.

Әдебиеттер:

1.                                                                        Дүниетану, 4 сынып. - Алматы: Атамұра, 2012.

2.                                                                        Дүниетануды оқыту әдістемесі, 4 сынып. - Алматы: Атамұра, 2012.