Педагогические науки/ 5 Современные методы преподавания

 

Смагулова А. С., преподаватель

Костанайский государственный университет им.А.Байтурсынова, Казахстан

ЖОО-да ағылшын тілінен сабақ беруде коммуникативті әдістемені пайдалану практикасының мәселелері

 

            Казіргі кезде ағылшын тілін беруде дәстүрлі емес әдістемелер туралы көп айтылуда, бірақ ағылшын тілінен бағдарламалар, мектеп курсынан бастап пайдаланып келген дәстүрлі әдістемелерді пайдалануға негізделгендігі ешкімге жаңалық емес. Берілген мақалада автор ағылшын тілінен сабақ беру үрдісінде дәстүрлі емес авторлық әдістемелерді пайдаланудың практикалық аспекттеріне басты назар аударғысы келеді. Мәселе элементтер жайлы, өйткені оқу үрдісінде бір әдіске немесе бір мектепке жүгіну мүмкін де және рационалды да емес, нақты нәтижені бірнеше әдістемелердің қиыстырылуы ғана бере алады.

Коммуникативтік әдістеменің қысқаша сипаттамасына тоқталайық. Бұл әдістеме Қазақстандағы қазіргі кездегі білім берудің парадигмасы бойынша интерактивтіліктің, білікті ыңғайын табу қағидаларын іске асыруға кең мүмкіндіктер береді. Тілді игерудің коммуникативті әдістемесі ең болмағанда элементар деңгейдегі білімі бар адамдарға арналған. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ағылшындармен ойлап табылған болатын, өйткені сол кездері Ұлыбританияға түрлі елдерден эмигранттар ағыла басталды. Коммуникативті әдістеме бойынша сабақтарды ұйымдастырушы фирма шақыратын тіл тасымалдаушысы ғана сабақ бере алады. Барлық жаңа сөздер, түсініктемелер және грамматикалық құрылымдар сондай сабақтарда тыңдаушыларға белгілі лексика көмегімен түсіндіріледі. Егер ол жеткілікті болмаса – қимылдар, сызбалар, суреттер көмекке келеді. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің берілген кезеңінде коммуникативті-бағдарланған концепциялар кеңінен колданыс тапты. Солардың ішінде көбіне танымал әдістемелер: коммуникативті, жобалық, қарқынды және қызметтік.

Біздің жағдайда келесі қағидаларға негіздерген коммуникативті әдістеме қызығушылық тудырады.

1) Араласу арқылы шеттілді мәдениеттің барлық аспекттерін игеру қағидасы. Коммуникативті әдістеме алғашқы рет араласуға тек араласу арқылы үйрету керектігі жайлы ережелерін алға тартқан болатын. Бұл жағдайда араласу тәрбиелеу, тану және даму каналы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Араласу материалды және рухани мәдениетіне айналған қызметімен, тәжірибесімен алмасу жүріп жататын әлеуметтік үрдіс болып табылады. Араласуда адамдар арасында сезімдік және рационал өзара әсерлесу және бір біріне әсер ету қызметтері іске асырылады. Араласу дұрыс тәрбилеудің басты шарты болып табылады.

2) Шеттілді мәдениеттің аспекттерін өзара байланысты игеру қағидасы.  Шеттілді мәдениеттің кещеңдік сипаты оқу, тану, тәрбиелеу және даму аспекттерінің бірлігінде және өзара байланысында байқалады. Осы аспекттердің әрқайсысы практикалық мағынада тең бағалы. Бірақ біреуін жетік игеру тек басқаларын белгілі бір деңгейде игергенде ғана мүмкін. Берілген қағида тек аспектаралық ғана емес және сонымен қатар аспект ішіндегі өзарақатынастарға тиесілі. Солай, мысалға, оқу үрдісі ішінде сөйлеу қызметінің барлық төрт түрінің (оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу) өзара байлынысы және өзара шарттастығы болжамдалады.

3) Шеттілді мәдениеттің аспекттерінің мазмұнын үлгілеу қағидасы. Оқу жүйесінің белгілі шектері мен оның қорытқы есептері әдістемелік мақсаттарда даму мазмұнының үлгісін, яғни пән алдында тұрған есептерді шешуге қажетті белгілі минимумды жасауды талап етеді.

4) Оқу үрдісін, оны кванттау және бағдарламалау базасында басқару қағидасы. Қандай да оқу жүйесі оқу үрдісінің барлық бөлшектерін кванттауды болжайды (мақсаттары, құралдары, материалдар және т.б.). Кванттаусыз мақсаттар дөрекі, материал қорытуғы қиын, шарттар орындылмайтын, ал құралдар сәйкес емес болып шығады. Басқа сөзбен айтқанда, жүйелік оқуты, яғни оны басқару және тиімділігі мүмкін болмай қалады.

5) Шетел тілдерін оқытуды ұйымдастыруда жүйелілік қағидасы. Берілген қағида бойынша оқытудың коммуникативтік жүйесі реверсивті жолмен құрылады, алдымен қорытқы өнім (мақсат) белгіленеді, содан кейін берілген мақсатқа жеткізетін тапсырмалар анықталады. Ол барлық курста, әрбір жылы, сабақтар циклында және бір сабақта орын алады және барлық аспекттерге тиесілі. Мұндай амал оқуға жүйелілі және оған тән қасиеттерге ие: тұтас, сатылы, мақсатты болуын қамтамасыз етеді. Оқытудың жүйелілігі, оқытушының оның әрбір аспектін игеру заңдылықтарын ескере отырып құрылады. Берілген жүйеге тек шетел тілі мұғалімі мен студенттер ғана емес, басқа пәндердің оқытушылары да кіретіндігінде жүйелілік қасиеті байқалады. Пәнаралық байланыстар шетел тіліне қызығушылығы шамалы студенттерге қосымша уәждеме құралы ретінде қолданылады. Оқу үрдісінің жүйелілігі тілді игерудің сатылы болуын білдіреді, яғни оқу үрдісінің түрлі деңгейлерінен тұрады: а) оқу сатыларының деңгейі (бастауыш, кіші, орташа, жоғары); б) сатылар ішінде анықталатын оқу кещеңдерінің деңгейлері; в) кезең деңгейлері (лексикалық, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру кезеңі, дағдыларын жетілдіру кезеңі, ептілігін дамыту кезеңі); г) кезеңдер ішінде анықталатын оқыту сатыларының деңгейлері, (имитация, алмастырып қою, трансформация, репродукция, қиыстыру сатысы).

6) Шетел тіліне өзара қатынастар жүйесі ретінде жағдайлар негізінде оқыту қағидасы. Коммуникативті оқыту өзара қатынастар жүйесі ретінде танылатын (басқа әдістемелік мектептерден өзгеше) жағдай негізінде іске асырылады. Жағдай оқу үрдісінің жұмыс атқаруының әмбебап нысаны болып табылады және сөйлеу құралдарын ұйымдастыру әдісі, оны ұсыну әдісі, сөйлеу құралдарының мотивациялау әдісі қызметтерін атқарады. Ол сөйлеу икемдігін қалыптастырудың және дамудың басты шарты болып табылады. Коммуникативтік әдістеме жағдайдың осы функцияларын пайдалануды көздейді.

7) Шетел тілін игеруде индивидуализациялау қағидасы. Коммуникативтік әдістемеде студент даралық ретінде қарастырылады. Әрбір оқушы, индивид ретінде жалпы немесе жеке сипаттағы белгілі бір қасиеттерге ие болады.  Коммуникативтік оқыту олардың бастапқы деңгейін анықтап оны әрі қарай дамытуға бағытталған. Осы мақсатпен зейіндерін анықтау үшін арнайы құралдар қолданылады – арнайы тесттер, дамыту үшін – тапсырмалар мен негіздер. Оқушыларға бірлескен қызметте ортақ істін табыстылығы әрбіреуіне тәуелді екендігін түсіндіретіндей етіліп ұйымдастырылады. Өзара араласу қызметтің басқа түрлерімен тіркестіліп жасалуы шынайы араласуға жақындастыруға мүмкіндік береді.

8) Шетел тілін игеруде функцияналдылық қағидасы. Берілген қағида бойынша әрбір оқушы тілді практикалық игеруден басқа, сонымен қатар алынған білімдерін тану және даму аспекттерінде пайдалану оған не бере алатындығын түсіну қажет. Сөйлеу қызметінің түрлерінің функцияларын игеру іске асырылады, яғни араласу үрдісінде іске асырылатын функциялар: оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау.

9) Шетел тілін оқуда жаңалық қағидасы. Коммуникативтік оқытуда оның барлық мазмұны мен ұйымдастырылуы жаңаша болып жасалады. Оқытушылар үшін жаңалық болатын мәтіндер мен тапсырмаларды пайдалану, бір мәнтінді бернеше рет оқудан және сол мәтін негізінде тапсырмаларды орындаудан бас тарту, бір материалға негіздерген мазмұны түрліше мәтіндерді қолдану осы әдіске тән қасиеттер. Сондықтан оқушылар мәтінді жаттамайды, сөйлеуге үйренеді және бұл оқышыларда қызығушылық тудырады.

Жоғары қарастырылған барлық қағидалар өзара байланысты, бір-біріне тәуелді және бірін бірі толықтыратынын атап кету қажет. Сондықтан ұсынылып отырған жүйеге жүгіну жоғарыда аталған қағидаларды ұстанып, оларды кешеңді пайдалануды талап етеді.

Әдебиеттер:

1.     Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам.- М.: АРКТИ-ГЛОССА, 2000
2.     Концепция коммуникативного обучения иноязычной культуре /Под ред. Е.И. Пассова, В.Б. Царьковой.- М.: Проспект, 1999
3.       Шейлз Д. Коммуникативность в обучении современным языкам. - М.: Совет по культурному Сотрудничеству; Совет Европы Пресс, 1995