Педагогические науки / 5. Современные методы
преподавания
Жунусбекова Н. Б.
Қазақстан Республикасы, Қарағанды
қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш
сынып оқушыларын сабаққа ынталандырудың жолдары
XXI ғасырда білім берудің мақсаттары
мен міндеттерін түбегейлі өзгерту кезек күттірмес
мәселеге айналып отыр. Өйткені қазіргі кезеңдегі
ақпараттардың толассыз ағыны оқушыларға әрі
қарай ауыр соғатыны анық. Сондықтан да
педагогтардың қазіргі таңдағы басты міндеті – білімді
үйіп-төгіп беру емес, берген білімді өз бетінше тиімді игеру
үшін оқушыларды қажет құралдармен
жарақаттандыру.
Жылдар өте келе
мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын
алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты жан
жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке
тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта
әртүрлі жаңа технологиялар және олардың
бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушылардың білімді
игеруінде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті
мәселелерді атап айтуға болады:
- оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары
төменгі деңгейде;
- берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық
жүйелі түрде орындамау;
- алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы;
Білім берудің негізгі
мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар,
оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушы
бойында төменде көрсетілген қасиеттер қалыптастыру қажет.

![]()
![]()
![]()
![]()
еркін өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе
білетін сенімді ынталы сыни пікір-көзқарастары
қалыптасқан тұлға.
Сондықтан білім беру мен
оқытудың қазіргі заманғы әдістері
мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және
кәсіби мән мәтінмен өзара байланыста
қарастырылады. Оқушылардың білім сапасының
жоғарылауы мұғалімнің күнделікті сабаққа
дайындалуынан, оның шеберлігінен көрінеді. Қазіргі заман
талаптарының бірі - сабақта
мұғалім білім беруші емес, тек ұйымдастырушы,
бағыттаушы. Оқушыларға бағыт-бағдар ғана
беру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытуға болады. Кез келген сабақта оқушыларды
сыни тұрғыдан ойлату қажет. Ал, сыни тұрғыдан
ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты
ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге
бағытталған пәндік шешім. Болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы
шешімдерді қабылдауға үйретеді. Сол тұрғыда
алынған өзімнің іс-тәжірибемнен ана тілі
сабағының үлгісін
ұсынамын.
Тақырыбы: М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңі.
Ұйымдастыру
кезеңінде:
Алдымен, мен үлкен кісілер, қарттар жайлы мағлұмат берілді
және суреттер, видео роликтер көрсетілді. Яғни, оқушы көрсетілген барлық
материалдардан ортақ нәрсе табуы қажет. Оқушылар
оның нақты жауабын таппаса да, олардың балама жауабын табуы
мүмкін. Мысалы: ата, қария, үлкен кісілер т.б. Бұл
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға өз
үлесін қосады. Оқушылар топпен іс-әрекет жасауда да, өз деңгейлерін
жоғары дәрежеде
көрсете алады. Себебі, бастауыш сыныпта оқушылардың
бәсекелестік қабілеті жоғары дамыған.
Сабақ
топпен жұмыс түрінде өткізілді. Оқушыларды
үш топқа бөле отырып,
топ басшысын, топ бағалаушысын сайлап алуға мүмкіндік
туғызылады. Оның міндеті сабақ барысында өзінің
топ мүшелерін бақылай отырып, сабақ соңында
бағалау. Сондықтан сабақ бойы оқушылар бірінің
жауабын бірі мүлтіксіз тыңдап отырады. Сабақ соңында
топ бағалаушысы өзінің тобындағы әр топ
мүшесін бағалайды, оның бағалауын басқа топ
мүшелері тыңдап отырып бағаның шынайы қойылуын
қадағалайды. Ал, шынайы қойылуы үшін сабақ
басында оқушылармен бірге бағалау (критерийлерін) өлшемдері жасап
алынады. Бұл мұғалімнің жұмысын
жеңілдетеді. Сабақ басында әр топ басшысы өзінің
топ мүшелерінің қайсысының сабаққа
қалай дайындалып келгендігін тексеріп шығады. 1тапсырма: М.Мақатаев жайлы білетін білімдерін ортаға
салып, топ ішінен бір оқушыны дайындап шығарады. Әр топтан
бір-бір адам шығып, бар білетіндерін ортаға салады. Сөйтіп, әр топ бір-бір ұпай
алады.
2 тапсырма: топпен ақылдаса отырып, «қарт»
ұғымына мағынасы жуық сөздер жазу. Әр
топтан басқа бір-бір оқушы шығып тақтаға
білетіндерін жазады. Берілген әр дұрыс жауапқа ұпай
сандары беріледі. Мысалы:
![]()
![]()
дана үлкен кісі
![]()
![]()
ата
кемеңгер
сақалды
Әр топ
ішінде сабаққа қатыспай қалатын оқушы болмау
қажет. Себебі, ол сабақ соңында олардың ұпай
санына әсерін тигізеді. Сондықтан мұндай сабақтарда
қалыс қалатын оқушы болмайды.
3 тапсырма: өткен сабақпен байланыс орнату.

Оқушылар екі шығарманы салыстыра отырып,
өз ойларын ортаға салады. Сонда бір сабақта әр
оқушы жауап беруге тырысады. Сабақ соңында топ
бағалаушысы өзінің әр топ мүшелерін
бағалайды. Сабақ басында белгіленген бағалау
өлшемдеріне қарайды. Әр оқушыны
бағалағаннан кейін келесі топтың көзқарасы
тыңдалады. Бағаларының қаншалықты шынайы
қойылғандығын қадағалайды. Бағалаудың осы түрі арқылы оқушы өзінің
бағасының қаншалықты деңгейде шынайы бағаланғанына көзі
жетеді. Білім берудегі бағалауды
пайдалану арқылы, мұғалімдер оқушылардың
алға қойған мақсатқа жетуіне таңдаған стратегияларының
табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін
қадағалауға және бағалауға
көмектеседі. Оқушылар мұндай білім мен қабілеттерді
алғанда, олардың оқу үлгерімі, білімі
толықтырылып сараланады
және жүйеленеді.
Қорыта келгенде, болашақта білім мазмұнын жаңарту
болғандықтан, оқытудың әдіс-тәсілдері мен
әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді. Сондықтан, Оқушыларымызды келешекте жоғары
дәрежеде көру, заман талабына сай озық ойлы, жаңа
технологияларды меңгерген азамат етіп тәрбиелеу мұғалімдеріміздің үздіксіз
жұмыс істеуінің нәтижесінде көрінеді деп білеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп. 2010 ж. – №5
2.Бейсекова Күлшан Сағадиқызы «Оқушылардың
сыни тұрғысынан ойлау қабілеті немесе оны оқу мен жазу
арқылы дамыту».
3. Қазақстан Республикасының жалпы
білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған
нұсқаулық.