Педагогика 5 / Современныеметоды преподавания
Адырбекова Ұлзина Нұрманқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің магистр-оқытушысы
Адырбеков Даулет Нұрманұлы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті СДШ-816 студенті Түркістан Қазақстан
ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІІНІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР БЕЙНЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
В данной статье рассказывается о роли физической культуры в процессе фармирования здорового
образа и жизни.
In this article
it is told about a role of physical culture in the course of healthy lifestyle
formation.
Дана халқымыз: «Дені саудың – жаны сау», «Басты
байлық – денсаулық», «Тазалық – саулық негізі,
саулық – байлық негізі», - деп тегін айтпаса керек. Медицина ғылымының
атасы Ибн - Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам
ешбір емді қажет етпейді»,, - деп айтқан болса,
шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас
жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»
десе, болашақ ұрпақ қамы жайында Елбасымыздың
Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі заманда кез
келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты
ұстап тұрудың аса маңызды шарты – адамдардың
өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады»,
- деп көрсетеді.
«Қазақстан – 2030» мемлекеттік стратегиясында
дене тәрбиесі туралы:
«салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесімен
шұғылдануымызға, дұрыс тамақтануымызға,
есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық
пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған»,-
деліген.
«Салауатты өмір салтын сақай
отырып, дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін
насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі
қажет»,- деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, «Салауатты
өмір салтын теріс әдеттерден алшақтатудың бірден-бір
жолы жастарды спортқа бейімдеу
болып табылады», - деп атап айтылған [1].
Болашағымыз-жастар, ісімізді одан әрі
жалғастыратын дені сау рухани бай білікті маман. Салауатты
болашақты ойлайтын болсақ студенттердің денінің
саулығы, көңілінің сергек, жат әдеттерден
аулақ болуы үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана
білуіміз қажет. Сондықтан да студенттердің әр
уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының
жан жақты дамыған, еңбек білігімен шығармашылық
қабілеті қалыптасқан дара тұлға болып өсуі
өзекті де көкейкесті мәселе болып отыр.
Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтына
тәрбиелеу процесі өте күрделі және көп
қырлы, оған студенттерді дайындау үлкен шығармашылықты
қажет етеді. Салауатты өмір салтына студент жастарды
әзірлеудің барлық тәрбиелік
құндылықтарына айрықша маңыз беріледі,
бірақ барлық тәрбие жөніндегі іс-әрекеттер
жемісті бола бермейтін қырлары көрініс табуы ықтимал.
Оның себебі студент жастарының мектеп қабырғасында дене
тәрбиесі жайында аз мәлімет пен қамтамасыз етілгені, оны
пайдалану мүмкіндіктерінің болмауы.
Барлық мамандықтар үшін міндетті болып
табылатын оқу пәні есебінде, ол кәсіби дене даярлығын
қаматасыз етеді, салауатты өмір салтымен саналы түрде жүру
қажеттілігін тәрбиелеу жан – жақты дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру құралдарының бірі
денсаулықты нығайтудың жолдары, кәсіби даярлық
барысында студенттердің дене психикалық жағдайын
ыңғайлау болып табылады. Кез келген болашақ маман дене
тәрбиесі арқылы салаутты өмір салтын құру алдында
дене тәрбиесін оқытудың мақсаты мен міндетін ұғынып білгені
жөн.
-
студенттердің негізгі дене жаттығуларын орындау әдістерін
меңгеру.
- дене
тәрбиесі жүйесіндегі жаттығу түрлерінің
әдіс-тәсілдерін үйрету әдістемесінен білім алу;
- дене
тәрбиесінің даму тарихынан
терең мәлімет алу;
- жоғары оқу
орындарында студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыруы;
-
көптеген аурулардың алдын алу үшін сауықтыру міндетін
студенттер бойына пән арқылы үйретуі;
- дене тәрбиесі пәніне
студенттердің тәрбиелік міндетін қалыптастыру;
-
сауықтыру және тәрбиелік шаралармен қатар білімділік
міндеттін де қоғамдық орындарда қатар қолдану.
Алайда негізделген ғылыми-практикалық
сабақтастығы бір қалыпта қалмайтындығы белгілі.
Іс-тәжірибе әрдайым жетіліп, ұшталып отырады, ол ғылыми
тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы
тұрғыдан қарағанда соңғы уақытта
салауатты өмір салты және дене тәрбиесінің
әдістемесі ғылыми негізде даму үстінде. Сонымен, әдебиет көздеріндегі сұрақтар
тәжірибелерінде көрсетілген студент жастарды салауатты өмір
салтына әзірлеу мәселенің өте күрделі екенін
көрсетеді. Осы жағдай біздің таңдаған
тақырыбымыздың өте маңыздылығын және
тәжірибе барысында өте қажеттілігін аңғартады.
Осы мәселерді шешуде біздің
көзқарасымыз бойынша екі жолмен шешуге болады. Біріншіден,
ұйымдастырушылық-педеагогикалық іс-шаралар жүйесін
анықтау, студент жастармен жүргізілетін іс-шараладың
маңыздылығын арттыру, олардың бойына салауатты өмір салты жолындағы біліктілікті
қалыптастыру. Екіншіден, осы дайындықтың негізінде студент
жастардың салуатты өмір салтының негізігі бағытын
айқындап алу болып табылады [2].
Студент жастарды салауатты өмір салтына
тәрбиелеудің тиімділігі артады, егерде:
- дене
тәрбиесі арқылы салауаты өмір салтына
тәрбиелеудің мазмұнды ғылымының, жаңа
технологияның талаптары, аймақтық мәселелері ескерілсе;
- оқыту
процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары
ретінде базалық негізде құрылған спорт
секцияларындағы дайындықтар. Спорттық дайындықты технологиялық
схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылса.
- студенттер
дайындығын ұйымдастырудың жетік формалары
қарастырылатын болса;
- оқу
бағдарламаларында дене тәрбиесінің бірыңғай
мазмұны түзелетін болса:
- салауатты
өмір салты жұмыстары барысында студенттерді тәрбиелік
маңызы сапаларды қалыптастыруда Ι-ΙV курста
сабақтастық сақталатын болса.
Дене тәрбиесі арқылы келесідей зерттеу
міндетттерін ұсынуға болады:
1.
Денсаулық сақтау салаларына ғылым мен жаңа
технологиялардың қарқында енуін, олардың денелік
дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау;
2.
студент жастарды спортқа баулу мазмұнындағы
бірыңғай спорттық деңгейді анықтаушы талаптарды
саралау;
3.
салауатты өмір салты бағдарламасы мазмұнын түзу
және оны эксперименттік жолмен тексеру;
4.
салаутты өмір салтына дене тәрбиесінің тиімді
құралдарын, формасын, әдістерін анықтау:
5.
Дене тәрбиесінің дидактикалық негіздерін дайындау.
Дені сау студент
өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани
байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана
дені сау студент өзінің үнемі ой өрісін кеңейтіп,
өмірдегі мақсатына жетеді. Салауатты өмір сүру
үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның
биологиялық өзгерістері ғана емес сонымен қатар
әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Бұл күрес
адам баласына туған күннен бастап өмір бойы
тоқтамай, оның тіршілік
қабілетін жоғалтпай жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді.
Дене-жанның құралы, құралы мықты болса иесі
де мықты. «Сау жан – сау денеде ғана пана болады» деген азамат дүниесінің
мәтелі шын дұрыс мәтел» , -деп жазған [3].
Әрбір студент өзіне, халқына, Отанына
көбірек пайдасын тмгізу үшін дені сау, күшті, епті,
қиындықтан қорықпайтын төзімді, қабілеті
болуы тиіс. Осы орайда ұлы педагог Мағжан Жұамабаев: «Егер де
ол көшпенді
ыстық-суық, аштық, жаланаштық сықылды
тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты
берік, денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс пішетін, дәл
табатын, сиқырлы үн
болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын
адам болғандығы», [3].
Сондықтан алдын алу – біздің денсаулық
сақтау мекемелерінің ең маңызды бағыты.
Адамның денсаулығы өмірдің жалғасуына тікелей
әсер ететіндіктен, жалғасымды денсаулықты сақтау,
белсенді шығармашылық өмір, көбінесе адамдардың
өздеріне тәуелді болып келеді. Сонымен қатар, өкінішке
орай, табиғаттың табиғи сауықтыру күштерін
пайдалану, дене мәдениеті және спортпен шұғылдануды
дұрыс еңбек тәртібі мен демалудың мағынасын
бағаламаудың факторларын жиі бақылауға тура келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда
күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор
мәселенің бірі ұлттың денсаулығы. Қорыта
келе, біз бұл жұмысымызда студент жастардың сана-сезіміне
ұлттық идеяларды қалыптастыру және оны дамыту
мемлекетіміздің толыққанды азаматын дайындау
үшін оқу мен тәрбиенің тығыз байланыста,
ұштасуы өте маңызды. Осы айтылған барлық
мәселелер, дені сау, дене бітімі дамыған және рухани жағынан жетілген жас
ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, жұмыс
қабілетін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдісті
құру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2006ж.
2.
Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. «Дене
мәдениетінің ілімі және әдістемесі» Түркістан
2004ж.
3.
Жұмабаев М. «Педогогика» Алматы. 1992ж.