Педагогика / 5 Современныеметоды
преподавания
П.ғ.к., доцент м.а
Оразбаев Ерғали Дүйсенбекұлы, магистр оқытушы
Қойшыбаев Арман Балтабайұлы
Қожа
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
МДШ-015
тобының студенті Тұрсынбаев Бахрам
Қожа Ахмет Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті. Түркістан Қазақстан
БОЛАШАҚ
МҰҒАЛІМДЕРДІ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНЕ ҰЛТТЫҚ
ДЕҢГЕЙДЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫ
Қай
заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет -
өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие
беру - уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат. Ел президенті
Н.Ә.Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы
үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет.
Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын болжау мүмкін
емес», - деп көрсеткен [1].
Бұл
міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері «Азаматтық пен
елжандылыққа, өз Отанын-Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және
отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ
халқы мен республиканың басқа да халықтарының
тарихы, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу», -
деп көрсетілгенінен қазақтың дене мәдениеті
мәніне айрықша көңіл аударылғанын
байқауға болады [2].
Қазақ
халқының дене мәдениеті ежелден келе жатқан
ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі.
Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа
ұласып келе жатқан дене мәдениетінің озық
үлгілері – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына
септігін тигізеді. Қазақтың халықтық дене
мәдениеті жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде
жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттілігі арта
түсуде.
Дене мәдениеті
тәрбиесінің нәтижелі болуы болашақ
мұғалімдердің қазақ құзырлығы
бойынша толық білім сапасынан және оны оқушылар
тәрбиесінде пайдалана алу іскерлігі мен дағдысынан көрінеді.
Қазақтың ұлттық дене мәдениеті
өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан алуан
ерекшеліктерімен болашақ мұғалімдерге рухани,
эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық
тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық
және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.
Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында, мектептің
оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық дене мәдениеті
мүмкіндіктері арқылы білім мен тәрбие беру мәселесін
шешу аса қажет.
Халықтық педагогика
саласындағы осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу
жұмыстарын талдау қазақтың дене мәдениетін
болашақ мұғалімдер дайындау үрдісінде қолдану
мәселесінің әлі де өз дәрежесінде көрініс
таппағандығын көрсетеді. Демек, қазақ
халқының дене мәдениетін жоғары оқу орындарында
болашақ мұғалімдерді дайындауда жүйелі
тұрғыда пайдалану мәселесінің арнайы зерттеу нысанасы
болмаған. Осыған байланысты мектеп қабырғасында
оқушыларды қазақтың дене мәдениеті үрдісіне
тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың
қажеттілігі мен бұл мәселенің жоғары оқу
орындарындағы оқыту теориясы мен практикасында нақты шешім
таппағандығының арасында көптеген
қайшылықтар орын алып отырғандығы байқалады.
Егер болашақ
мұғалімдер оқу-тәрбие үрдісінде қазақ
халқының дене мәдениетін орынды пайдалана білсе, онда
тәрбиенің тиімділік сапасы көтеріліп, болашақ
мұғалімдердің ұлттық менталитеті мен кәсіби
біліктілік деңгейі артатындығы көрінді.
Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәуелсіз
Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы
дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару,
прогресшіл халық дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі,
гуманитарлық ғылымдарға, өнерге,
халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу,
мәдениеттің барлық салаларында ұлттық
даралықты сақтау, барлық ұлттық
мәдениеттердің қазыналары мен дербестігін мойындау»- деп атап
көрсетілген.
Еліміздің әлеуметтік -
мәдени дамуының тұжырымдамасындағы бұл
бағыттың
халықтық педагогикаға негізделуі
кездейсоқтық емес. Тәрбие жұмыстарында жалпы
халық болып шешетін мәселелер баршылық.
Халқымыздың
ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды
дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі
ұрпаққа қаншалықты біледі, қастерлейді,
білмесе білуге ұмтыла ма, «Халқын сүйген салтын да
сүйеді» демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген
сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн.
«Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле», - дегендей
халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып
келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан
ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын
жоққа шығара алмаймыз.
Қазақ
халқы “ойын баласы” деп, жас баланың ойнауына мүмкіндік
туғызып отырған. Ойынның түрлері өте көп.
Әрбір ойынның тәрбиелік мақсаттары болады. Мысалы, “асық”
ойыны бағдарлыққа, дәлдікке, мергендікке
үйретеді.
Қазақтың
“Ақсерек-Көксерек”, “Ақ сүйек”, “Орамал
тастамақ”, “Шілік”, “Арқан тарту”, “Аударыспақ” сияқты
ұлттық ойындары қайрат-жігерді, байқмпаздық пен
сезімталдықты, “Тоғыз құмалақ” ойыны ойлау
қабілетін арттырады.
Дегенмен де
ойынның да орны бар, әркім ойынға, іске, оқуға,
тынығуға уақыт бөлу керек. “Асық ойнаған –
азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де мал баққан озар”
деп, халық ойынға шек қоя мақалдайды. Қазіргі
кезде ойынды еңбекпен ұштастырып ұйымдастыру тәсілдері
қолданыла бастады. Мысалы, әртістік ойын, “құрылысшы”
т.б. ойындар баланы ойнап, әрі кәсіпке үйретіп, әрі
пайдалы нәтиже шығаруға баулиды.
Ойын –
халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбиелік
құралы. Сондықтан әрбір ойынның мазмұнын,
мәнін түсініп, қызыға, әдеппен, тәртіппен
ойнау қажет.
Орынсыз ойнай
бермей, оқуды да, тұрмыс-тіршілкті де ойлай білу - әрбір
баланың міндеті.
Әсемдік
салт-дәстүрлері мынадай іс-әрекет нормалары мен ерекшеленеді.
Әсемдік тәрбиеде халық өнерінің алатын орны
ерекше, өйткені өнер халықтікі, оны тудыратын да,
бағалайтын да оның өзі.
Әсемдік
тәрбиесі – адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай
білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды ажырата білуді
қалыптастырып, ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені
танытады.
Дене
тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Қазақ
халқының дене тәрбиесіне лайықталған
дәстүрлері өте көп. Оларға: атқа
отырғызу, күрес, ат жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ,
найзаласу, жамбы ату жатады.
Аударыспақ
– ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы
артықшылығын көрсететін халықтық ойын.
Найзаласу,
жамбы ату – ер жігіттің күш-қуатын арттырып, ептілігі мен
мергендігін қалыптастырады.
Қыз
қуу – жігіттің жігерлілігін, батылдығын, атбегілік
еңбегі мен өнерін сынайтын дәстүрлік ойын.
Ерлік
салт-дәстүрлері. Ерлік – кісінің қайрат жігерінің,
ақыл-ойының, ар-намысының ел қорғаудағы
және еңбектегі жемісті де, жеңісті көрінісі.
Баланы
ерлікке тәрбиелеуде халық ел игілігі болатын еңбекті, ел
қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары
бағалады.
Баланы
ерлікке тәрбиелеудің сан алуан тәсілдерінің бірі –
балалар сахнасында ерлік өнегесін, насихаттап көрсету.
“Адам ұрпағымен мың жасайды”, - дейді қазақ
мәтелі. Ұрпақ жалғасытығымен адамзат баласы
мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді және ол өлі жалғастық
емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік.
Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамыуының бағбаншысы
– тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның
болмасын көкейтесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді
қажет етпейті нәрсе [3].
Нәтижесінде, дүние
өмір, қоғам, төл мәдениеті жөніндегі
түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық
қабілеті, эстетикалық түйсіктері, адамгершілік
қасиеттері артады. Туған жеріне, табиғатқа, халық
мәдениетіне деген аялы көзқарастары қалыптасады.
Адамгершілік қатынастары күшейіп, ақыл-ойы дами түседі.
Төл мәдениетіне деген қызығушылығы артады.
Ұлттық тұрмыс, дәстүр ерекшеліктері, сол
халықтың пішіні, мәдени-көркемдік ерекшеліктері мен
танымы қоғамның мәдени өмірінде
бейнеленетіндігіне көз жеткізеді.
Дене
мәдениеті дегеніміз бір ұрпақтан келесі
ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, әрі сан
ғасырлар бойы, тарихи тұрғыдан әбден
қалыптасқан әлеуметтік іс-әрекеттерінің нормалары
мен принциптері болып табылады. Сол себепті көркемдік дәстүр
жалғастығы тарихи жағынан әбден қалыптасқан
нормалар мен принциптерге негізделеді. Сол арқылы әр
ұрпақтың жасаған дәстүрі,
іс-әрекеттері мәдени мұра ретінде келесі
ұрпақтың еншісіне ауысып, жаңа қоғамдық
тарихи жағдайға сәйкес өзінің мазмұны мен
формасын жетілдіріп отырады.
Дене мәдениеті
құзырлығы – қоғамдық әлеуметтік
құбылыс ретінде көптеген зерттеуші ғалымдардың
назарын аударды. Қазақтың ағартушылары мен ғалым
педагогтары оқушыларға ұлттық тәрбие беруді,
халықтың дене мәдениетін насихаттауды қарастырады, жас
ұрпақтың ата салтын сыйлап, оған құрметпен
қарауға шақырды. Болашақ мұғалімдерді
дайындау туралы өз ой-пікірлерін баспа бетінде жариялап отырды.
Ғасырлар бойы қалыптасқан дене мәдениеті мен
тәрбиелік мұраларын жас ұрпаққа үйретуді
үнемі іске асырып, қадағалап отырды. Осының
нәтижесінде ұлттық тәрбие негізі қаланды.
Халықтың
педагогика бойынша бала тәрбиесі мен оның барлық
қасиеттерінің қалыптасуы (талғамы, сезімі,
көзқарасы, қатынасы, қабылдауы) отбасында іске асады.
Сондықтан балалардың
болашағы отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-аналардың
күнделікті тұрмыс тіршілігіне, эстетикалық талғамы мен
мәдениет деңгейіне байланысты болады, себебі бала отбасында
естіген, көргенінің бәрін бойына сіңіріп,
ата-аналарының жағымды, жағымсыз қылықтарына
еліктейді.
Жапон
халқының ғалымы Д.Озава өзінің «Микробиотоктар»
деген еңбегінде (Москва, 2001) Токиода өткізілген эксперимент
арқылы бала іште жатып-ақ, сырттағы шуды, анасының
жағымды, жағымсыз қылықтарын бойына сіңіре береді
деп жазады. Мәселен жиырма рет айтылған боқтау сөзді
тілі енді шығатын бала қайталайды,
ал оны есінен шығару өте қиынға соғады екен. Халықтың
ұғымынша, бала ата-анасының эстетикалық
қасиеттерін (әншілік, зергерлік, күйшілік), өнерін,
кейбір қылықтарын мұра етіп алады. «Әкеге қарап
ұл, шешеге қарап қыз өседі», «Әке көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілерсің» мақалдарда
баланың дұрыс адам болып қалыптасуына ата-ананың
қандай ықпалы болатыны айтылған.
Қазақ
халқының эстетикалық көзқарастары көп
жағдайда оның этикалық түсініктерімен астасып жатады.
Өзінің эстетикалық сезімдерін білдіре отырып, халық
көбіне оларды еңбекке, азаматтық міндеттерді адал
атқаруға, азаматтық ерлік көрсетуге
шақырған.
Қазақ
дене мәдениетінен еңбек сүйгіштік, отан сүйгіштік,
рулар мен тайпалардың өзара ізгілік қатынастары,
әйелдерге, қартқа құрметпен қарау,
адамгершілік, батылдық, балаларға қамқорлық,
мейірбандық, туған жерге, табиғатқа деген
сүйіспеншілік көрініс табады.
Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді сараптау мынандай қорытынды жасауға септігін
тигізді:
- дене мәдениеті – көп
қырлы қоғамдық құбылыс, ол әдетте
жеке адам мен халық, адам мен адамзаттың рухани дамуын
көрсететін әлеуметтік-мәдени жетістік ретінде көрінеді.
Салт-дәстүр - өз дәуірінің айнасы.
Салт-дәстүрдің мәніне қарап,
қоғамдық-экономикалық формацияның саяси, тарихи
және рухани өмірін анықтауға,
бағалауға болады;
- дене мәдениеті
түрлері көп: бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-дене
мәдениеті, мәдени-әлеуметтік дене мәдениеті, жаңа
дене мәдениеті тіл мен сана секілді тек адамға ғана тән;
- дене мәдениеті жеке
адамға немесе көпшілікке қатысты болып келеді;
Дене
мәдениеті негізгі сипатына қарай өзіндік ерекшеліктерге ие:
- олардың сонау көне
заманнан күні бүгінге дейін эстафета түрінде жалғасуы;
- дене мәдениеті
өмірдің заңды ырғақтық
құбылыстарымен байланысты: табиғат, уақыт, тарих
көші, яғни дене мәдениетінің
тұрақтылығы және мазмұны мен түрінің
ішкі өзгерісі;
- дене мәдениеті өз
игілігі деп түсінетін топтың,
қоғамдастықтың ұжымдық сипаты;
- дене мәдениеті
мәдени құндылығының сақталып,
қорғалып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі
[4].
Ұлттық
дәстүрлердің тәрбие түрлеріне қатысты да
дамитындығын байқауға болады. Мәселен, дене
шынықтыру тәрбиесіне қатысты алып қарастырайық:
көкпарға баулу үшін, кішкентай балаларына көкпар ойынын
сыртынан бақылатады. 5-6 жастарға келгенде баланы көкпар тай
мінгізіп кішкене лақтың терісін тартқызып үйретеді.
Есейе келе оларды жиі-жиі тойлар мен ас кезінде берілетін көкпар
тартысына қатыстырған. Олар ер жете келе, өз балаларын үйреткен.
Міне, осылайша көкпар ойыны дәстүрге айналып отыр.
Болашақ
мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығы барысында
қалыптасқан ұлттық тәрбиенің
теориялық негіздері Қ.Жарықбаевтың,
С.Қалиевтің, С.А.Ұзақбаеваның,
К.Ж.Қожахметованың, Қ.Бөлеевтің,
Н.Көшеровтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде талдап
көрсетілген.
Халықтық педагогика
материалдарын жеке пән мұғалімдерін дайындау барысында
қолдану мәселелері М.Х.Балтабаев, А.А.Қалыбекова,
Қ.Болатбаев, Ұ.Әбдіғаппарова, Т.Ш.Қуанышев,
Т.Ш.Магауова, Ж.С.Хасановалардың еңбектерінде
қарастырылған .
Ғылыми педагогикалық
әдебиеттерді зерттеу болашақ мұғалімдердің
дайындығын мынандай түрлерге бөлуге ықпал етеді:
болашақ мұғалімдердің жалпы педагогикалық
дайындығы, психологиялық, саяси-идеялық дайындығы,
кәсіптік-педагогикалық, әдістемелік дайындығы.
Бұл жіктемеге соңғы кезде кең көлемде зерттеу
жұмыстары жүргізіліп келе жатқан болашақ
мұғалімдердің этнопедагогикалық дайындығын да
толық қосуға болады.
Әдебиеттер
1.
Назарбаев
Н.Ә. Тарих
толқынында - Алматы, 1999.
2.
Білім
туралы Қазақстан Республикасының заңы // Егемен
Қазақстан, 1999 ж., 11 маусым.
3. Қалиев С. «Тәлім тәрбие
хрестоматиясы». Алматы «Рауан» 1996.
4. Әбділлаев Ә.К.,Оңалбек Ж.К. Дене
мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан:
Тұран, 2004. – 277б.