Педагогика / 5 Современныеметоды
преподавания
Абуов Е.М
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ-нің магистранты
БОЛАШАҚ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ
ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАЯРЛАУ НЕГІЗІ
Бүгінгі
күні білім ордалары – жоғары оқу орындарының басты
міндеті мен мақсаты білікті мамандарды даярлау екендігі даусыз. Заман
талабы өзгерген сайын жоғарғы оқу орындарына
қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
мемлекеттің болашақ дамуына арналған «Қазақстан -
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты атты жолдауында жоғары білімнің сапалылығына
ерекше мән берген сонымен қатар мемлекеттік жұмыстың
барлық салаларындағы қызметкерлердің кәсіби
деңгейін арттыру ең басты мәселе болып отыр.
Қазақстанның
тәуелсіздік алуы мен республиканың саяси және
идеологиялық өмірдің жаңаруы барлық
халықтың дене тәрбиесінің мазмұны, формасы,
әдістері мен құралдарына ерекше талаптар қояды.
Қазіргі
таңда дене тәрбиесі жүйесі осы қоғамда өмір
сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса,
жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық
қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет
аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында
дене тәрбиесі жүйесін жан-жақты жетілдірудің
мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан
қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене
тәрбиесі жүйесі жалпы халықтық, кемелденген
әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген.
Мәдениеттің дамуы, қоғамдық
қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып
қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы
қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп
қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды.
Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық
бағыт алуы дене тәрбиесіне елеулі өзгерістер әкелді.
Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен
міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын,
қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға
ықпал жасады [1].
ХХІ ғасырдың басында
Қазақстандық білім беру жүйесінде елеулі
өзгерістер болады, ең маңыздысы – білім беру парадигмасы
жаңарып, ізгілік сипатына ие болды.
Парадигма
теория мен тәжірибе мазмұнының өзара жақындауымен
түсіндіріледі. Парадигма – теория мен тәжірибені дамытуда
ғалымдар мен тәжірибеге енгізушілер тарапынан кеңінен
қолданылатын заңдылықтар мен идеялардың бастапқы
мағынасы. Парадигманың өзгеруі білім беру
жүйесінің барлық құрылымдық
бөліктерінде педагогикалық қарым-қатынастың
өзгеруіне әкеледі. Білім беру мекемесі басшылары мен білім беруге
қатысушылар, педагог пен оқушы, өндіріс пен білім беру
мекемелері арасындағы өзара қарым-қатынас тәсілі
де өзгерді.
Білім беруді
ізгілендіру – білім беру жүйесі мен білім беру үрдісінің
педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара түсіністік пен
құрметке негізделуі, адамдар құқығын
қорғау, денсаулық сақтау және
тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталу.
Білім беру
жүйесін реформалаудың белгіленген бағыттарына сай
кәсіби даярлаудың жалпы мақсаты анықталды – жеке
тұлғаға бағдарланған білім беру,
оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру,
бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Қазіргі
жоғарғы білім кәсіби қызметте
әлеуметтік-экономикалық жаңаруларға бейімделе алатын
мамандарды дайындау міндетіне сай сапалық өзгерістерге ерекше назар
аударады. Аталған міндеттерді орындауда іс-әрекет барасында
өзіндік ішкі нормаларды, ойлау және қарым-қатынас
сипатын меңгертуде оқу орындары мамандарына ерекше күш
жүктеледі.
А.М.Новиковтың
пікірінше, жалпы білім беретін мектептер мен кәсіби мектептердің
негізгі міндеті – оқушылардың, студенттердің бойында білім
негіздерін қалыптастыру, ал білік пен дағдыны дамыту қосалқы
міндет болып есептелді [2].
Бүгінгі
білім беру мекемелеріне қойылатын талап өзгерді, негізгі міндет
білімділік (гностикалық) тәсілден әрекеттік
қатынасқа ауысу, өмірге икемделе алатын, белсенді
қызмет пен кәсіби шығармашылыққа бейім
тұлға тәрбиелеу. Дене тәрбиесі мен спорт саласы
мамандарының кәсіби шығармашылық қызметі
жүйелі білім ретінде ұсынылады. Сондықтан,
Р.С.Омарованың пікірінше, жоғарғы оқу орындарының
оқу-тәрбие үрдісінде мамандардың
шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді шарттары
жүйелі түрді орындалуы тиіс [3].
Аталған
өзгерістер мен оларға теориялық талдау, тәжірибені
зерттеу Қазақстандық білім беру жүйесін
жаңғыртып жетілдіру мақсатында білім беруді дамытудың
2010 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Білім мазмұнын
жаңғыртудың басты ұстанымы – болашақ мамандардың
кәсіби даярлығын қамтамасыз ету.
Жоғары
кәсіби білім жүйесін реформалау оқыту мазмұнына тікелей
ықпалын тигізді. В.А.Сластенинның пікірінше, білім мазмұнын
жаңғырту тұжырымдамасын жасақтауда төмендегі заңдылықтар
басшылыққа алынды [4].
-
жан-жақтылық – арнайы және кәсіби пәндермен
бірлікте базалық білім деңгейін қамтамасыз ететін
гуманитарлық пәндердің оқытылуы;
- кіріктіру –
оқу пәндері мен ғылыми зерттеулердің кіріктіре
оқытылуы, оқыту үрдісінің мазмұны мен
құрылымдық–функционалдық бірлігі;
- әлем
бейнесінің біртұтастығы;
- кешенді
пәндер негізінде мазмұнның өзара толықтырылуы,
мақсат пен талаптардың бірлігі;
-
ғылыми негізділігі мен әлеуметтік-гуманитарлық жалпы
мәдени, психологиялық-педагогикалық арнайы
даярлықтың жоғарғы сапалық деңгейі;
- кәсібилік
– қажетті әлеуметтік технологияларды меңгеруі;
-
таңдау мүмкіндігі – міндетті базалық курстар мен
студенттердің жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, білім
көлемінің, түрінің, арнайы және
гуманитарлық – мәдени бағдарлардың өзара
үйлесімділігі;
- таңдау
мүмкіндігі - міндетті базалық курстар мен студенттердің жеке
мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жоспарланған білім
көлемінің, түрінің, сонымен қатар арнайы
және гуманитарлық-мәдени бағдарлардың өзара
үйлесімділігі;
-
көпдеңгейлілік – орта арнаулы, базалық (бакалавр),
толық (магистр) жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі
біліктілікті көтеру жүйесі деңгейі.
Жаңа
білім парадигмасы идеялар мен жоғары білім жүйесінің
жаңа тұжырымдамасына сай тұлғаны дамыту, оның
мүмкіндіктері мен қабілетін жетілдіру міндетіне орай түрлі
бағдарлы мамандардың дайындау сапасына қойылатын талаптар
өзгерді.
Мамандарды
құзыреттілік тәсіл негізінде дайындау моделінің
қолданыла бастады. Ю.Г.Татур мектеп түлегінің моделі –
тұлғалық дамуға ықпалын тигізетін
құзыреттіліктер жиынтығы деген анықтама берді. Егер
тұлғаны табиғатқа, қоғамға,
еңбекке, өзіне деген қатынасы негізінде танитын болсақ,
құзыреттіліктер:
-
ғылыми және жүйелі танымға даярлығы;
-
қазіргі демократиялық қоғамда әлеуметтенуге
даярлығы;
-
қоғам тарапынан қолдауға ие болатын нәтижелі
әрекетке бағдарлануы және даярлығы;
-
өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға
бейімділігі мен даярлығы.
Аталған
құзыреттіліктер қазіргі мамандарға қойылатын
халықаралық талаптардан туындап отыр.
Тұлғалық, кәсіби
және әлеуметтік даму бір-бірін өзара толықтыратын
үдеріс ретінде қарастырылады.
Жаңа
реформа бүгінгі қоғамның күрделі
әлеуметтік, экономикалық, психологиялық мәселелерді
түрлі деңгейде ұғынуға мүмкіндік
туғызады.
Білім беру
жүйесінің бүгінгі мақсаты – еңбек нарығында
сұранысқа ие мамандарды даярлау білім алушылардың
(оқушылардың, студенттердің) өзін-өзі
өзгерте білу қабілетін дамыту, менталитет пен этномәдени
ерекшеліктерді қалпына келтіретін білімге, оның ішінде
психологиялық-педагогикалық білімге қызығушылығын
туғызу.
Дене
тәрбиесі маманы үшін маңызды қасиеттердің ішінде
– кәсіби қызмет тәсілдері мен әдістеріне шығармашылық
тұрғыда қарау, әр жаттығудың мазмұны
мен міндетіне сай қолданылатын нақты технологияны таңдау
қабілеті маңызды деп есептейміз. Осындай тәсіл негізінде
кәсіби қызмет стилі қалыптасады.
Ж.К.Оңалбек
дене тәрбиесі маманының кәсіби шеберлігі үнемі даму
үстінде болатындығын және мұғалім деңгейін
жетілдіру үрдісі шексіз екендігін атап көрсетті [5].
Жақсы
оқытушы болу үшін қажетті педагогикалық және
шығармашылық қабілет пен талантқа ие болуы шарт. Дене
тәрбиесі мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігі
мәселесі Б.А.Ашмарин, А.А.Деркач, А.А.Сидоров еңбектерінде
қарастырылған [6].
Дене
тәрбиесі мұғалімінің өз мамандығына
бейімделуі, оған қызығушылығы, болашақ
кәсіби өмірінің мәніне айналуы маңызды.
Педагогикалық
шеберліктің маңызды бөлігі кәсіби білім мен білік болып
табылады. Бұл ең алдымен философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік, арнайы және қосымша білім.
Мұғалімнің кәсіби білімі түрлі деңгейде
(әдіснамалық, ақпараттық-мазмұнның
әдістемелік технологиялық, шығармашылық)
қалыптасып, педагогикалық сана мен ойлаудың негізін
құрайды, ал психологиялық-педагогикалық эрудиция –
мұғалімнің нәтижелі жұмыс жүргізуінің
алғышарты болып табылады.
Дене
тәрбиесі мұғалімнің эрудициясы төмендегі арнаулы
және жалпы білім негіздерінен құралады. Жалпы білім
(қоғамдық саяси, сонымен қатар әдебиет,
өнер, тарих т.б.) мұғалімнің жалпы мәдениеті мен
дүниетанымын сипаттайды.
Қоғамда
болып жатқан әлеуметтік -экономикалық өзгерістерге
сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік
даму деңгейіке сәйкес келетін белгілі бір біліммен
қаруландыруды және ұлттык, сана-сезімін тәрбиелеуді
көздейді.
Бұл
міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік
стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт
деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың
дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, озық
технологияларды қолдануды, мұғ алімдердің
әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін
көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс-
тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.
Ал,
жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының
бірі - мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып
табылады.
Мұғалімнің
өздігінше кәсіби білім көтеруі - жалпы мәдеииет пен
кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін
қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде
ұйымдастырылған, жан-жақты, жеке және кәсіби
маңызды танымдық қызмет. Бұл
мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен
кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз бай-ланысты,
оның кәсіби өсуі мен педагогикалық
қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған
көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл
тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына
игі әсерін тигізері сөзсіз. Қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру
мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіке
сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және
ұлттык, сана-сезімін тәрбиелеуді көздейді.
Ал, білім
беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы
бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының
шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай
жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы
жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің
іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті,
оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген
және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды
таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті
айтамыз.
Демек,
болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан
қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше
ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт-
бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның
талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің
өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің
шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне
шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін
сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып
табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі
ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп
өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген
жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
2. Новиков А.М. Построение системы
непрерывного образования. – М.: Издат. центр
АПО, 2002. – 370 с.
3. Омарова Р.С.
Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы.
–Ақтөбе, 2007. –183 б.
4. Сластенин В.А. Педагогика. –
М.: Просвещение, 1976. – 220 с.
5. Оңалбек Ж.К. Спорттың ұлтаралық қатынасты
дамытудың рөлі. – Түркістан, 2002. – 137
6. Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом
воспитании. – М.: Физкультура и спорт, 1978. – 300 с.