Филологические
науки/Теория и методика исследования языка
К.ф.н
Өмірбекова Р. Қ.
Әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.Қазақстан
Синтаксистік жүйені
жетілдірудегі есімшелі конструкциялардың лингвистикалық аспектілері
Есімшелі оралымның
негізгі мәні етістіктің меңгеру аясының беріктілігімен
есептеледі. Етістік сөйлемді тиянақтауда есімдерге қарағанда, әлдеқайда мықты. Сондықтан да сөйлемді сөйлем етуде етістіктердің қызметі ерекше болса,сол қасиетіне сай олар өзіне
қатысты яғни өзі
байланысатын сөздерін нақты
керек етеді. Содан сөйлемнің соңында келіп сол сөйлемді
әрі тиянақтап әрі өзіне
қатысты толықтауыш пен пысықтауышқа
тікелей басыңқылық әсері оның өзіндік табиғи қасиеті болғаны. Енді сол етістіктердің
көбі жоғарыда айтылғандай
тек сөйлемнің
ортасында келетін болса, ал етістіктің барлық категорияларының ішінен тек есімше ғана сөйлемнің ішінде бұрынғы
өзінің бағыныңқы сыңарларын енді сөйлемнің ішінде қолдану кезінде де өзіне
ыңғайлап,өзі меңгеріп отырады. Міне, осыдан барып сөйлемнің ішінде белгілі бір шеңберлі топ пайда болады. Мысалы:
Кезінде өйтіп-бүйтіп алған
дипломдарын сандық түбіне тастап,базар аралап кеткендер ауыр
армия .(М.Қабанбай). Осы
сөйлемде өйтіп-бүйтіп қосарлы көсемшенің негізгі қызметі не құрмалас,
не жай сөйлемнің баяндауышы
болуы керек. Егер олар жай сөйлемнің баяндауышы болған күннің өзінде
де олар осы қалпында сөйлемнің соңында тек көмекші
етістіктер арқылы ғана
тиянақты баяндауыш бола алады. Көсемшенің дәл осы сөйлемде
қай сөздермен байланысатыны
нақты. Көсемше негізінде сөйлемнің құрамында баяндауыштың алдында келіп, өзі дербес пысықтауыш қызметінде
жұмсалуы тиіс. Сонда бұрынғыша
қарастырсақ , онда өйтіп-бүйтіп көсемшесі тастап етістікті баяндауышымен байланысып өйтіп-бүйтіп
тастап болып тіркесуі керек, сонда тастап етістігі баяндауыш, өйтіп-бүйтіп көсемшелі пысықтауыш деп қарастыру
біздің көңілімізге әбден қонымды құбылыс
болып кеткен. Бір жағынан ол дұрыс та. Бірақ дәл осы
жерде өйтіп-бүйтіп көсемшесі
тастап баяндауышымен байланыса ма? Былайша қарағанда, олар
бір-бірімен байланысатын да сияқты.
Бірақ сөйлемнің жалпы мәніне келсек , өйтіп-бүйтіп көсемшесі
баяндауышпен байланыспай, сөйлемнің
ішіндегі етістікті анықтауыштың жетегінде кетуі арқылы енді оның көсемшелі пысықтауыш
қызметі жойылады. Мұның өзі, әрбір сөз
табының синтаксистік қызметінде өзіндік өзгеріс болатынын айғақтайды.
Міне,осы сияқты құбылыс сөйлемнің ішінде
тек есімше тұлғалы
етістіктің аясында болатындықтан, біз оны есімшелі оралым деп атауды жөн көрдік .
Сонда есімшелі оралым деп өз жетегіндегі
сөздердің синтаксистік
қызметін өзіне бағындырып,
сол тобымен бір –ақ сұраққа
жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болатын анықтауыштық топты айтамыз.
Есімшелі оралымға
қойылатын сұрақ және оған сөз
таптарының қатысы
Есімшелі оралым кемінде үш сөзден болады. Оны
схемамен былай көрсетеміз.
1 2 3
Әр түрлі сөз + есімше + зат есім
таптары
Әрине,есімнің алдында келетін сөздер тобы бірнешеу болып келетіні белгілі жай.
Енді осы есімшелі топты анықтауыштың біріншіден, сөз табы жағынан әр түрлі болып келеді: Жаулықты
биік салынатын, сәнді
киінетін Көпей жұртқа
өзінің ажарымен де,
естілігімен де, тазалығымен де
ұнайтын еді.(Ғ.Мүсірепов). Шығыстан Барлыбайға қарай
асатын Бөкенші ауылының
маңына да созылып барған.(М.Әуезов). Осы
сөйлемдердегі есімшелі топтар мыналар: Жаулықты биік
салынатын, сәнді киінетін Шығыстан Барлыбайға қарай асатын - есімшелі топтардың құрамы әр түрлі.
Бірінші сөйлемде биік сапалық сан есімі мен
табыс септікті зат есімі бар.
Сонда осы үш сөз табының
салынатын –етістік, биік – сын есім, жаулықты- зат есімдердің әрқайсысы қай
сөз табынан болса сол сөз табының сұрауларына жауап
беретіні белгілі. Әрине оның бәрін сөйлем мүшесі болу жағынан ғана қарастыру жөн. Осы сөйлемдегі
салынатын – есімшесі қандай? Сұрауына жауап
берсе, биік – сын есімі етістіктің алдында келуіне байланысты қандай? Сұрауына жауап бермей қалай?
деген сұрауға жауап берсе, жаулықты-
зат есімі нені ? деген сұрауға жауап беретіні белгілі.
Әрине, бұл сол
топтарды іштей талдаудың
барысында айтылып отыр. Ал шындығында, сөйлем мүшесінде жаулықты биік салынатын есімшелі тобы Көпей бастауышының анықтауышы. Сонда осы топ жұбын жазбастан Көпей сөзіне
анықтауыштық қызметте олар жоғарыдағыдай әрқайсысы қай сөз
табынан жасалғанына қарай сұрауға жауап бермей, бәрі бір-ақ сұраққа жауап беріп күрделі
анықтауыш жасалған. Сонда бұл жерде есімшелі топқа қатысатын барлық сөз таптарының сұраулары уақытша әлсіреп
олар тек есімшенің сұрауларына ғана жауап береді. Яғни,
сөйлемнің ішіндегі есімшенің
әсерінен басқа сөздердің
арнайы сұрауларының өзіндік әлсіреу немесе сұрауларының ауысу процесі пайда болады. Бұл
сияқты сұраулардың
ауысуы осы сөйлемде екі түрлі жағдайда болып отыр.
Біріншіден, табыс жалғаулы зат есімнің сұрауы ауысса ,
екіншіден биік сын есімшенің сұрауы тіркесу қабілетіне қарай тіпті пысықтауыштың сұрауына
ауысқан. Сонда осы есімшелі топтағы нені?, қай? Сұраулары
есімшенің анықтауыштық қызметіндегі сұрауларына ауысуы өзіндік тілдік заңдылықтарға
бағынатын үлкен тілді категория.
Осы сияқты екінші сөйлемде
Шығыстан Барлыбайға қарай
асатын есімшелі оралымы шығыс, барыс жалғауы зат есімдерге тіпті соңғысына
шылаудың түйдектелуі арқылы да анықтауыштық қатынаста жұмсалуы олардың сол септіктеріндегі сұрауларына қатысты
емес, олардың бәрінің асатын есімшесіне қатыстылығының
қандай? деген сұрауға жауап
береді. Олай болса ,
есімшелі оралымдағы сөздер ретіне қарай
зат есім,
сын есім,
сан есім,
есімдік,
етістік,
үстеу,
еліктеуіш сөз т.б
болып келіп, олар сол сөз таптарына жауап бермей, тек зат есім арқылы (не соның орнына жүретін
сөз таптары да болады) тек анықтауыштың
сұрауына жауап беріп, күрделі есімшелі анықтауыш жасалады. Бұған қарағанда, мұндай
топтар, біріншіден, барлық сөз табынан жасалады, екіншіден,әр қайсысы өз сөз таптарының сұрағына
емес, есімшенің сұрағының негізінде пайда болған
ортақ сұраққа жауап береді. Мұның өзі
есімшелі оралымдардың негізінде сөйлемдегі
барлық сөз табының әрқайсысы
үнемі жеке сөйлем мүшесі
бола бермей, олардың синтаксистік
қызметі жойылады, соған
сәйкес олар өзіне бұрыннан қойылатын сұраулардан
алшақтап, басқа сұрауларға жауап беруі тиіс болады.
Зерттей келгенде, есімшелі оралым ең кемі 2-ден бастап 7,8 сөз төңірегінде
бола береді екен. Мұндай конструкциялардың құрамына
дербес мағынасы бар сөздер де, дербес мағынасы жоқ сөздер
де қатыса береді. Бірақ олардың саны көп болғанымен, бәрі бір сөйлемнің ішінде ғана
жұмсалуы тиіс. Соған байланысты ол сөздер түгелдей бір ғана
сұраққа жауап береді.
Демек,синтаксистік жүйені жетілдіруде есімшелі конструкциялардың лингвистикалық аспектілерінің мәні зор болса
керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов, С. Қазақ тілі ғылыми
синтаксисінің қысқаша курсы / С. Аманжолов. - Алматы: Ғылым,
1940. – 82 б.
2. Әміров, Р. Жай сөйлем
синтаксисі / Р. Әміров. – Алматы: Жазушы, 1983.– 110 б.
3. Балақаев,
М. Қазіргі қазақ тілі / М. Балақаев. – Алматы: Ғылым,
1992. – 193 б.
4. Сайрамбаев, Т.Қазіргі
қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері / Т.Сайрамбаев.
– Алматы: Дәуір, 1981. –232 б.
5 Есенов, Қ.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер / Қ. Есенов. –
Алматы: Ғылым, 1994. –200 б.