Мужигова Г.М.
КазНУ им. аль-Фараби, Казахстан
Орыс аудармасындағы жыраулар поэзиясының көркемдік
-оброздылығы
Гете поэзиялық шығармаларды аударуды үш түрге бөледі.
Біріншісі ¾ поэтикалық шығармалардың прозалық аудармасы.
Мұның нәтижесінде
оқырмандар басқа ел поэзиясының шындығымен өз
түсініктерінде таныса алады.
Екіншісі ¾ аудармашылардың елдің
болмыс-бітімінің сипатымен жеткізу мүмкіндігі. Олар басқа автор рухын, басқа
мәдениет рухын меңгеріп, оны өз мәдениетінің рухында жеткізе алады. Аударманың
үшінші жоғары түрі ¾ аударма мәтінінің түпнұсқамен барынша тепе-теңдікте жеткізу.
Бұл пікірмен толыққанды келісуге болады. Біздің
талдауымызда осы үш қажеттіліктің соңғысы аса
қажет. Ал В.Белинский екі
аудармаға поэтикалық
аударманың өзіндік үшінші
түрі көркем аударманы ұсынады. Ал оның екі
бөлімдік құрылымында
поэтикалық (еркін) аударма жасалса, көркем аудармада ешқандай қосып алуға,
ешқандй өзгертуге жол
берілмейді. Демек кемшіліктер болса,
оларды да солай жеткізу қажет деп санайды. Поэзияда аудармашы ой мен
сезім сипатталатын тілге ерекше
мән беретінін ескерсек,
көркем образды ойлау, салыстыру, теңеу, дыбыстық
үндестік, ырғақ
үйлесімділігі, тиянақты тұжырым жасау тән. Сондықтан да аудармада
ақынның ішкі сезімін, тұспалдаған астарлы ойын бере
білу – шеберлік белгісі деп білеміз.
Поэтикалық
шығармалардағы образдар мен
көркем сөздер, әдемі, терең, тұспалды ой
иірімдері басқа поэзиялық тілде де өз мәнін,
мағынасын жоғалтпағаны жөн. Асқан шеберлікпен жасалған поэзия аудармасы ¾ бүгінгі әдебиет жетістігі
ғана емес, кейінгі
уақыттың үлгі
тұтар құндылығы. Атақты ақын А.Ахматова:
" Весь свет должен падать на оригинал, а иначе переводчику нужно писать
свои стихи" деуінің үлкен мәні бар. Аудармашы
ақынның жандүниесін терең ұғынып,
поэзиясындағы бар көркемдік
элементтерді, образдарды
толығымен жеткізуге
ұмтылуы өз алдына, шабыт шуағын, ой жарығын төге білуі тиіс. Шебер, жақсы
жасалған аударма ¾ қайта түлеген рухани
құндылық, ел мәдениетінің мәуелі жемісі. Сондықтан да В.Левиктің аудармада адалдық пен жауапкершілік басты қасиет екенін айта
келіп, "бәрібір дәлдік ¾ аударманы қолға алған ақынның бірінші
парызы" деп, оны ең құнды сипаты ретінде айтады. Мысалы,
Доспамбеттің автопортретін танытатын мына бір шумақтарына назар
салайық.
Қазақша:
Айнала бұлақ басы тең,
Азаулының Стамбұлдан несі кем,
Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның
Хан ұлына несі
жоқ,
Би ұлынан несі
кем!
Тәңірінің өзі берген
күнінде
Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтседе алмаға
ат байлағаны жоқ еді! [6,32]
Орысша:
Бьют родники недалеко от морских берегов.
Ни в чем не уступит Стамбулу Азов.
Доспамбет я неустрашимый
Из славного рода Аймадет.
Разве беней я,
чем бия сын?
Разве славей я чем хана сын?
В дни, когда солнце мое в зените,
Был я сильнее, чем хана сын!
Много героев отважных в Азове есть,
Но только мой конь яблоки
привык есть! [7,35]
Өлең
жыраулық поэзия сипатында жазылған. Өлеңдегі
стилистикалық бояу мол лексиканы пайдалана отырып, поэтикалығын,
тарихилығын, эстетикалығын, философиялығын,
динамикалығын, сөйлеу тілін,
эмоциялық-экспрессивтік бояуларын, бейнелеу-бедерлеу жүйесін толыққанды жеткізе
алмаған. Соңғы шумақта түпнұсқасында
«Әйтседе алмаға ат байланғаны жоқ еді» делінсе,
«Менің атым алма жеуге дайындалған» деп мүлдем басқаша
бұрмаланған.
Аудармашы П. Косенко
аудармада
түпнұсқаның
"төрт құбыласын" түгендеуді мақсат тұтпағаны автор ойын, өлең мазмұнын,
әуезі мен ырғағын жеткізе алмауынан
аңғаруға болады. Аудармашы жыраудың жырдағы көңіл-күйін, сезім
толғанысын, эстетикалық әлемін терең қабылдай алмаған.
Поэзияда
түпнұсқаның мазмұнын ғана емес, түрін
сақтау да қажеттігін ескеруі керек еді деп ойлаймыз. Мысалы,
А.С.Пушкиннің "Евгений Онегинін" кезінде өзбек аудармашылары классикалық шығыс
өлең өлшемі арузбен аударып, сәтсіздікке
ұшыратқан болатын.
Көркем
аудармада
түпнұсқаның жалпы стильдік бағытын
түсінумен бірге, төлнұсқаның көркемдік сәйкестіктегі
детальдарының құндылығын дұрыс анықтау
бірінші дәрежелі
маңызға ие. Жекелеген талас тудыратын детальдары сөздік пен сәйкестіліктің шегіне еш енбейтін ең дәл, айнадай айқын бейнелеп беруді талап
етеді. Аудармада жырларда сақталуға
мүмкін емес көркемдікті қайталап жеткізу
құқығын
аудармашыдан ешкім тартып ала алмайды.
Қазақша:
Сере, сере, сере қар,
Асты кілең, үсті мұз,
Күн түн ұсатса жібімес,
Мен көлікке қосымды артқанмын,
Көмбідей ару жаларға
Күректей
мұзды тоңдырып,
Кірмембес ауыр қолға бас болып,
Күңіреніп күн түбіне
жорытқанмын!
Дүниенің
басы сайран, түбі ойран,
Озар сойды бұ дүние
Азаулының
Аймадет Ер Доспамбет ағадан [9,35].
Орысша:
Глубок, глубок,
глубок снег.
Мягок внизу, сверху тверд.
Лед под копытами, а не вода.
Кос мой навьючен на быстрей коней,
Лядяная лопата
моя борода.
Я во главе многочисленных войск
В ночную глубь тороплю коня,
Чтобы любила дева
меня,
Прекрасная, словно слиток золотой.[10,35]
Аудармашы әдебиет дәстүрінде түпнұсқаның
маңызды сипаттарын қайта
жасап шығу арқылы соған сәйкес қолданылатын баламалық құралдарды іздестіре алмаған. Ең бастысы аудармашы өз
жұмысының қорытынды
сатысында пайдаланатын тілдік құралдарды таңдай алмаған. Мысалы,
«асты кілең»- «мягок внизу» болып аударылуы көркемдік, мағыналық
тұрғыдан сәйкес келмейді.
Ақын өлеңінен оқырман түсінік алғанымен,
жалпылама не айтылғанын білгенімен, ондағы ақындық
шеберлік, көркемдік мазмұн қуаты, поэтикалық
мәнер, образдылық сипат, эмоционалдық реңк,
эстетикалық сұлулық, ұлттық колорит, тілдік бояу
тәрізді басты ерекшеліктерімен таныса алмайды.
«Аудармада
ұйқас басқаша жасалғанымен, ішкі өлең
ырғағы, әуезі, интонациясы мағыналық
әсерімен, қуатымен мүмкіндігінше толық айшықталуы
тиіс» [3,142] – деп профессор Ә.Тарақ айтқандай, мұнда
өлеңнің ішкі мазмұны көркемдік бояуы толық
жетпеген.
Поэзия
аудармасын салыстырмалы стилистика
негізінде кеңінен зерттеген
Е.Эткинд: «Шебер аудармашы "аударылмайды" деген сөзді білмейді.
Аудармашы жұмысының үшінші кезеңінде өзінің
аудармасына сыншы және
зерттеуші рөлінде қайта
көрінеді. Аудармашы қандай
жағдайда да жұмысын
қалай бастағанына зер салады.
Талдауға қайта оралғанда, бұл жолы
анағұрлым жоғарғы деңгейде түпнұсқаны қандай да бір өлшеммен
қайта талдағандай, өз
аудармасын да солай саралап
шығады. [14,35] деген пікірді орынды айтады.
Демек, жыраулар
поэзиясын аударудағы негізгі мәселелердің бірі –
түпнұсқаның
ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтамаудан болып
отырғандығын жоғарыдағы мысалдардан анық
байқауға болады. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық
ерекшелікті жоғалтуға жол
бермеу керек. Бұл көркем аударма теориясының ең басты ережесіне саяды.
Бұл ретте
эстон ғалымы Яан Кросстың
мына пікірі орынды:" Поэзияда көрініс тапқан
ұлттық мәдениет ұлттық сипаттағы құбылыс болып табылады,
дәлірек айтсақ,
ұлттық поэзия ұлттық сипаттың көрінісі болып
табылатындығымен
қызықты.
Сондықтан аудармашы
аударылатын материалдың ұлттық өзіне тән болмысын
сезінуі тиіс" [15].
Осылайша
функционалдық адекватты аударма жөніндегі көзқарас
тұрғысынан аудармада
ұлттық-мәдени ақпаратты қайта жасау мәселесі қазақ
тілінен орыс тіліне аударма жасау
барысында міндетті түрде берілуі
тиіс. Мысалы:
Шалкиіз жыраудан
алсақ:
Қазақша:
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқардан биік
тау болмас,
Басына балапан шырлап ұшып қона алмас,
Бүркіттен қыран
құс болмас,
Баулуы жетпей бөрі алмас
Бидайықтан асқан құс болмас,
Бұйырмаса екеу түгіл бірде алмас
Сұңқардан сұлу құс болмас,
Қауырсыны қатпай ұша алмас. [9, 45]
Орысша:
Горы высоки, высоки, высоки
Ничего на свете гор
выше нет.
На вершину горы не взлетит птенец.
Лучше беркут
ловчей птицы нет,
Но всегда ли он сможет волка взять?
Добычливей ястреба птицы нет,
Но бывает ему других птиц не догнать.
Красивее соколо
птицы
нет,
Но, пока не окрепнет, не может летать. [10, 48]
Аудармашы П.
Косенконың аудармасын түпнұсқамен салыстыра отырып, келесі аспектілерді
алға тартуға болады:
1) Ұлтық бейнелі, көркем образдар жүйесі
сақтауға тырысқан.
2) Өзіне тән поэтикалық элементтер – ұлттық
мәдени дәстүрдің, ұлттық
дүниетанымның таңбасы
бар эпитеттер дәлме дәл аударылған.
3) Интонация, ритм, синтаксис түпнұсқа
өлеңнің мазмұнды өлшемдері ретінде поэзияны
туғызудың анағұрлым ұлттық формалары болып
табылған.
Жалпы Шалкиіз жырау
туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына
сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді.
Оның «Асқар, асқар, асқар тау...», «Қоғалы
көлдер...», «Арғымақ ару аттар...», «Ор, ор қоян, ор
қоян...», т.б. шығармаларында орта ғасырлық
қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды,
моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал
«Алаштан байтақ озбасы...», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Ер шобан»,
т.б. жырлары ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы.
Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған
шығармалары – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы
сапарынан тоқтатуға айтқан» толғаулары.
Қорыта
айтқанда, жыраулардың артынан қалған асыл мол
мұраның орыс тіліне аударылуын зерттеп, зерделеу әлі де
көп ізденістерді қажет етеді. Өйткені жыраулық поэзия –
сарқылмас қазына, бай әдеби мұра. Олардың
өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және
әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан
құралған мол дүниенің табиғи
болмысының сақталуы маңызды. Демек, өзге тілге
аударылуда қиындықтар мен ұлттық колоритке толы
сөз кестесінің жүгі жеңіл болмақ емес.
Жыраулар поэзиясы
ұлттық сипатын,
көркемдік, мағыналық ерекшелігін жоғалтпақ орысша сөйлеуі тиіс. Түпнұсқаның мәтінін
ғана емес, бүкіл рухын,
көркемдік қасиетін, сөз өрнегі мен сиқырын оқырманға
айна-қатесіз аңғарту үшін шалқар шабыт,
аудармашылық шеберлік жұмсалуы тиіс. Тіпті, оп-оңай
көрінетін тармақтың өзі де, жеке сөздер де
аудармашыны ойландыруы шарт. Жыраулар поэзиясын орыс тіліне аудару
дәстүріне айрықша көңіл бөлу – әдеби
үдеріс өзінен оның
даму барысында, көркем аударма саласына зер салу
мұқтаждығынан туған заңды
құбылыс.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Эткинд Е. Поэзия и перевод. – Москва: Сов. Писатель, 1963.
-420 с.
2.
Ахметов З.
Өлең
сөздің теориясы. –
Алматы: Мектеп, 1973.
3.
Ә.Тарақ. Аударма әлемі. Алматы, 2007.
4.
Жаңабаев Қ. КАЗАХСКИЕ ЖЫРАУ(IX-XIX веков в системе мировых
носителей эпической традиции)
// ҚазҰУ хабаршысы №7 2006.
5.
Әуезов М. Көркем аударманың кейбір
теориялық мәселелері //Уақыт және әдебиет. –
Алматы, 1962.
6.
Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы:
Жазушы, 1987, - 232 б.
7.
Эткинд Е. Поэзия и перевод. – Москва: Сов. Писатель,
1963. -420 с.
8.
Талжанов С. Аударма және қазақ
әдебиетінің мәселелері.
– Алматы: Жазушы, 1975, - 232 б.
9.
Бельгер Г. Лики слова. Литературно-критические статьи,
исследования, эссе о проблемах художественного перевода. Алматы: Білім. -1996.
-с.271.
10. Бельгер Г. Аударма жауапкершілігі//Қазақ әдебиеті.1967,14
апрель.
11. Бельгер Г.Отзвуки//Учитель Казахстана.-1993.-30 декабрь.
12. Комиссаров В. Слово о переводе. – М.: Меж.отношение,1973.