Перизат Нұрболатқызы Сұлтанғалиева

№16 мектеп, Сатпаев қаласы, Қазақстан

 

Латын әліпбиінің жастар болашағына қосар үлесі

Латын әліпбиіне көшу – еліміздің стратегиялық жоспарына енді. Осы күнге дейін латын қарпіне көшу дегенге үрке қарап, қызу талқылап келдік, енді шешім шыққаннан кейін де, қалай болады екен?»,- деген ой көпшілікті мазалай бастады. Десек те, болашақ үшін жасалып отырған бұл шараны жеделдетіп іске асыруды ойлағанымыз жөн. Жаңалықты бастысы жастар қауымы қызу қолдауда. Олар, латын алфавитін тез меңгеріп, оны үйретуге де ат салысамыз,- деп отыр. Қазақстанда 30 жылдары 10 жылдай латын графикасы қолданыста болды. Сол кездегі Алаш арыстарының, ақын-жазушылардың еңбектері жарық көрген кітаптардың бірсыпырасы бүгінде Семейдегі Абай мұражайының қорында сақтаулы. Латын қарпін қолдануда сол нұсқаларға жүгінсек те болады. Сондықтан, тәжірибеде болған, таңсық емес бұл әліпбиге көшу қиынға соқпайды.

Жаңа алфавитке көшуде басты жүк педагогтар қауымына артылмақ. Өйткені, қазақшаны жаңаша, сауатты жазып оқуымызды үйрететін солар.

Қазақстан мемлекетінде ресми түрде мойындалатын және енген номері екінші алфавит. Бұған дәлел ретінде мына фактілерді келтірсек болады:

- Қазақстан Республикасындағы барлық мектептерде латын алфавиті бірінші сыныптан бастап «кириллица» алфавитімен қоса оқытылады. Біздің Республикамызда латын алфавитін білмейтін, ол алфавитте оқи алмайтын адам жоқ десе де болады. Себебі бізде барлық мектептерде бастауыш сыныптан бастап европалық бір тілді /ағылшын, неміс, итальян, француз т.б. үйрету міндеттелген. Ал, бұл тілдерді ресми түрде мектептерде үйрету деген сөз - латын алфавиті ресми түрде біздің елге енгізілді деген сөз. Тек, латын алфавитінің Қазақстанға енгізілу тәсілі ғана ерекше - латын алфавиті біздің мемлекетке европа елдерінің тілдерін үйрету құралы ретінде пайдаланылады.

Компьютерлік техниканың негізінде латын алфавиті жатқанын ескерсек, компьютердің елімізге жаппай енуі – латын алфавитінің бүкіл әлемге жаппай енуінің бір көрінісі.

Латын қаріпіне көшу арқылы ғылым мен техниканы дамытамыз, мемлекеттік тіл - қазақ тілінің мәртебесін биікке көтеретін де дәл осы латын әліпбиі болады. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз өзіміздің қазақ тілді кеңістігімізді кеңейтеміз. Латын жазуы жер шарының кез келген шалғай түкпірінде жүрген қазақтардың бір-бірімен қазақ тілінде тікелей байланыс жасауына, ақпарат алмасуына, ата жұрттың жаңалықтарынан күн сайын хабардар болып, ана тілін меңгеруіне, қазақтық қалпын сақтап, дамыта беруіне үлкен ықпал жасайды.

Латын әліпбиі – бар қазақтың басын қосатын жазу. Егер латын әліпбиіне көшсек мына төмендегідей жетістіктерге жетеміз:

- ақпараттарды игеру және алмасу мақсаттарда компьютерлік технологияларды қолдануы латын графикасындағы қазақ тіліне үлкен жеңілдік пен дамуына әсерін тигізеді;

- қазіргі латын графикасында қаріп қоры жаңа алфавит арқылы қолымызға жетіп полиграфияға, электронды баспаға зор пайдасын әкеледі, дизайнерлерге, жалпыға творчестволық леп береді;

- Қазақстанды дүниежүзілік бірегей ақпараттық кеңістікке ену мәселелері шапшаң түрде шешіледі.

Біздің көптеген тарихи мұраларымыз латын әліпбиінде жазылған. Егер латынға көшсек, онда баға жетпес сол мұраларды халыққа қайтару мәселесі әлдеқайда жеңілдей түспек, латын қаріпіне көшсек осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз.

Латын әліпбиіне көшсек, болашақ жастар терең инженерлік, техникалық бағдарламаларды киындықсыз игере алады. Қазіргі ғ, ә, ң, ү, ұ, қ, т, ө, і секілді таңбаларымыз компьютерде толыққанды жұмыс жасауға кедергі келтіріп жүр. Сканерлесек әр түрлі басқа таңбаларға ауысып кетеді немесе бос төртбұрыш болып шығады. Осыдан келіп, неге біз секілді болашақ қазақ тілді жастар ақпараттық жаһандану заманында үнемі осындай қиындықтарға кездесіп жүре бермек пе?! - деген ойға қаласың.... Олар да басқа шетел балалары сияқты компьютерді киындықсыз қолдануы қажет. Олар да әлемдік деңгейде білім алсын, еңбек етсін болашақта осы латын әліпбиі арқылы.

Латын әліпбиіне көшу арқылы жастардың еркін, қиындыксыз білім алып, ғаламтор желісіндегі түрлі бағдарламаларды қолдануларына айқара жол ашамыз. Латын әліпбиіне негізінде біз қазақ тілінің кеңістігін кеңейтеміз. Егер латын графикасына өтетін болсақ, қазақтың табиғатына тән төл дыбыстары нақты айтылып, қазақтың табиғатына төл сөздер бұрмаланбай өз ережесімен, өз дәрежесімен ұғынықты айтылады ғой деп ойлаймын. Латынға көшу технология мен инновацияны тез меңгерудің кілті де болып табылады.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Досанова Алтынай Жапаровнаның «Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі» еңбегін пайдаланып, оқушылардың латын тілін үйренудегі қабілетін, ынтасын анықтау мақсатында № 16 орта мектебіндегі 9 В сыныпта тәжірибе жұмыстары жүргізілді.

Мектеп директоры Қайрат Құлыбекұлы Смайлов елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы берген тапсырмасына қызу қолдау танытып, оқушылардың латын әліпбиіне көшу туралы ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасауда. Тәжірибенің алғашқы күнінде-ақ оқушылар латын әліпбиіне қызығушылық білдіріп, ұсынылған латын әліпбиін жаттап алды. Оған себеп: біріншіден, олар мектепте пәні ағылшын тілінен дәріс алады, екіншіден, қазіргі жастар ғаламтор желісі арқылы қарым-қатынас жасағанда латын әріптерін қолданады.

Тәжірибенің екінші күні оқушыларға латын қаріптерімен жазылған мәтіндер мен өлеңдер оқытылды, үшінші күні оқушыларға дауыстап «Қазақстан» атты мәтін оқылып, оқушылар оны латын қаріпінде жазып шықты. Нәтижесі – 90-95% болды.

Ең бастысы орындалған тәжірибе өз мақсатына жетті. Оқушылардың латын қаріпін үйренуге деген зор ықыластары мен ынталары бар екендігі анықталды. Мұның өзі – латын қаріпіне көшуге үлкен демеу. Латын әліпбиіне көшуге деген жастардың қызығушылығы өте зор және маңызды.

Қазақ жазу графикасы әрдайым динамикалық даму сатысынан өтіп отырған. Соған сәйкес халықты сауаттандыру, емле ережелерін біріздендіру мақсатында орфографиялық даму деңгейі де жиі реформалану процесіне ұшыраған. Қазақ жазу тарихындағы жалпыхалықтық сауаттандыру, тұрақты біркелкі жазу нормасын қалыптастыруға бағытталған кезеңдердің ішіндегі қиындығы мен тәжірибесі мол байқалғаны 1929-40 жылдардағы латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу кезеңі деп атауға болады.

Әріптерді белгілеудегі жеке-дара пікір қайшылықтары болғанымен, қазақ халқы үшін латын графикасына өту заман талабына сәйкес өте қажетті де маңызды болып саналады. Сондықтан қазіргі қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпби жүйесін таңбалауда барлығы шамамен 31,32 таңба жұмсалуы тиіс деп ойлаймын. Зерттеу барысында в, ф, ч әріптері өзге тілдерден енген сөздерді жазуда ғана белсенді көрініс табатыны анықталды. Ал қазақтың төл фонемаларын (дыбыстарын) 29 латын әрпімен еркін таңбалауға болады.

Латын әліпбиі болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті бола алуына жол ашады. Болашақта еліміз көптеген жетістіктерге жетеді.

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Егемен Қазақстан, 18 қаңтар, 2013.

2. Досанова А.Ж. Қазақ әліпбиінің тарихы. Астана, 2011.

3. Әубәкір Д.Ә., Аймағанов Ж.Н. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің қазақша нұсқасы // Хабарлар, - Астана, 2000, №3, – 212-216 бб.