Право /1.История государства и права.

Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М., Журабеков Ж.Б., ЗҚТ-015  тобының студенті Батанов Б

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет. Қазақстан    

Латын әліпбиіне көшу–заман талабы.

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы, Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің болашақ даму стратегиясыайқындай отырып, 2025 жылдан бастап қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтқан болатын. Президент өз жолдауында Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын жан-жақты бағамдап, ішкі және сыртқы жағдайды толық ескеріп, әліпбиді қашан, қандай жолдармен ауыстыру керек, осыларға байланысты дұрыс шешім шығарды деп, - ойлаймын. Жеке өз басым Президенттің бұл бастамасымен толық келісемін.

Қазіргі таңда әліпбиімізді латын қаріпіне көшіруге байланысты түрлі пікірлер айтылып жүр. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деген, пікір айтады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды құбылыс. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге байланысты, өздерінің көзқарасын білдіріп жатқан жағдайлары бар.

Латынға көшу секілді маңызы жоғары мемлекеттік мәселеде біздің алдымызға дейінгі басқа елдердің тәжірибелері бар. Мысалы, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түр­кіменстан сияқты мемлекеттерді айтуға болады. Осы мемлекеттердің ла­тын графикасына көшу тәжіри­белерін қарап, олардың жетіс­тіктері мен кемшіліктерін сара­лап, бізге қажетті тұстарын алған жөн. Ол үшін, мамандар арнайы осы елдерге барып, ғалымдармен кездесіп, ондағы ла­тын графикасына қатысты жағ­дайды жан-жақты талдап, зерттеулері тиіс деп, ойлаймын.  Бірақ, Өзбекстан мен Түрікменстанның қателігін қайтала­мауы­мыз керек. Мемлекет тарапынан арнайы қау­лы қабылданып, оған ғалымдар жұмылды­ры­луы абзал. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» де­­гендей, бұл істе.

Осы тұста айта кетер бір мәселе, графика ауыстыру, жазу реформасын жүргізу ісінде әр елдің осыған себеп болған түрткіжайттары, тілдерінің даму деңгейі, шараларды жүзеге асыру кезеңдері, әріп таңдау принципі әртүрлі. Сондықтан басқа елдің оң тәжірибесін өзгеріссіз қабылдай салуға немесе теріс тәжірибесін талдаусыз жоққа шығаруға болмайды. Ең басты мақсат өз еліміздегі жағдайды талдап, тілдің мұқтажын, халықтың қалауын, қазақ тілінің ұлттық тіл ретіндегі, сондай-ақ адамзат мәдениетіндегі ерекше феномен ретіндегі сақталуы мен болашақтағы дамуына мүмкіндік туғызуды бірінші кезекте ойлау керек [1, 1].

Түркі халықтарында араб әліппесінің орнына латын әліппесін енгізу мәселесі ХІХ ға­сырдың 60-жылдары көтерілген. Әзірбай­жан­дық ғалым, драматург Мырза-Фатали Аху­нов латын жазуына көшу мәселесін патша үкі­метіне де, Түркия және Иран басшыларына да ұсынып көрген. Дегенмен оның бұл әрекеті сол кездерде жауапсыз қалды. 1905 жылғы орыс революциясынан кейін Әзірбайжан мен Татарстан оқытушылары, баспасөз қызметкерлері арасында түркі ха­лықтарын латын әрібіне көшіру мәселесі қай­тадан көтеріліп, оны жақтаушылардың қатары көбейе түсті. Алайда патша үкіметі бұл мәсе­ленің қалың бұқара арасына кең түрде тара­луына жол бермеуге тырысып, оны насихаттау­шыларды қысымға алған.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі «жәдит­шілдік», «мұсылманшылдық» қозғалыс өрле­ген жылдары қайтадан көтеріліп, 1908 жылы Түрік парламентінде жаңа әліпбиге байла­ныс­ты комиссия құрылып іске кіріскен. Бұл мәсе­ле 1914-1918 жылдары империалистік соғыс тұ­сын­да уақытша тоқтап, тек 1922 жылы қай­та­­дан қолға алынды.

2006 жылы болған Қазақстан халқы ассам­блеясының 12-сессиясында Елбасымыз латын графикасына көшуді қозғап, осы мәселені жіті зерттеп, нақты ұсыныстар даярлауға тапсырма берген болатын.

Қазақстандағы қазақтың барлығы қазақ тілінде сөйлейді, жазады, іс-қағаздарын жүргізеді деп айта алмаймыз. Ол біздің шындығымыз, керек десеңіз – тағдырымыз. Оның себебін қазатын болсақ, тереңге кетіп қаламыз. Қазақтың барлығы қазақ тілінде сөйлемеген жағдайда латынға асығыс көшудің қиындықтары болатыны белгілі. Сондықтан Президентіміз «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы қазақтар ғана емес, тұтас халықтың 95 пайызы 2025 жылы мемлекеттік тілді игереді деп болжады. Яғни осы мерзімде тұтас халық тілді жаппай игеріп алған кезде, біз де латынға жеңіл көше аламыз. Бұл жағын ескергенде Елбасының үлкен көрегендігін тағы да мойындауымыз керек [2, 1].

Бүгінгі күні Тіл білімі институты барлық жұмыстарын осы мәсе­леге арнауы керек. Өйткені, тіл, оның лексикасы, этимология­сы, тарихы, әліпбилердің тарихына қатысты зерттеулерді солар жүр­гізіп келеді. Бұл бойынша құ­жаттар, зерттеулер, еңбектер бар. Тіл білімі институты латын әліпбиіне көшу бойынша қоғамдағы негізгі күшке ай­налып, Үкімет ұйғарымымен олар­ға сондай құқық берілуі ке­рек. Ал, Тіл білімі институтының осы бағыттағы шешімдері мем­лекеттік деңгейде талқыланып, іске асуы қажет. Осыған байланысты латын әліпбиіне қатыс­ты ғылыми орталық Тіл білімі институтында болады. Олар кімдерді қажет деп санаса, со­ларды осы сараптамалық жұ­мысқа тартуы қажет. Бұл жұмыс­тарға арнайы қаражат бөлінуі тиіс. Ал, олардың үстінен латын әліпбиіне көшу мәселелері бо­йынша мемлекеттік комиссия құрылғаны жөн. Тіл комитеттері де осы жұмысқа атсалысады деп ойлаймын.

Елбасының Жобасынан кейін баспасөз беттерінде осы латын әліпбиіне көшу туралы түрлі пікірлер айтылып жатқаны бәрімізге белгілі. Солардың бірі – тез ара­да латынға көшуіміз керек деген пікір.

Сараптама, зерттеу кезе­ңінен кейінгі бірінші мәселе - әліпбиді анықтау. Яғни, қабылданатын әліп­биі­міздің нақты нұсқасын анықтап алу қажет. Себебі, қазіргі таңда латын әліпбиінің қаншама нұсқасы жасалынып, ғалымдардың өздері әлі қайсысының лайықты екендігіне көз жеткізе алмай отыр.

Түркі елдері­нің Кеңесі 34 әріпті латын әліп­биіне тоқтағанға ұқсайды. Бі­рақ Пре­зидент тамаша бір мәселені айт­қан еді. Әліпби жасаған кез­де жаңа символдар қосу қажет емес. Мәселен, ң, ү, ұ, ө тәрізді ды­быс­тарды беру үшін жаңа символ ойлап таппай, бірнеше әріпті қосарлана пайдалануға болады. Мысалы, неміс, ағылшын тілде­рінде де кейбір дыбыстар 2-3 әріппен беріледі. Яғни қазіргі қолда­ныстағы латын әліпбиі шеңбе­рінен шықпауға болады. Қосым­ша символ жасап, ла­тын­ды ерек­ше етіп жіберсек, онда қа­зақтың латынын оқу көпшілік үшін қиынға соғады. Сонымен бірге бірнеше латын әліпбиін тара­тып, халықты шатастырма­ған абзал. Халық талқылауына тек 1-2 нұсқа ұсынылғаны жөн [3, 1].

Әліпбиді анықтағаннан кейін насихат жұмысына кірісуі­міз керек. Жаңа графиканы пи­лоттық жоба ретінде белгілі бір мектептерде, гуманитарлық ғы­лыми-зерттеу институттарына енгізген жөн. Халыққа осы әліпби­ді жариялау мақсатында баспасөзден, теледидардан арнау­лы бағдарла­малардан, яғни БАҚ арқылы таныстырып, басылым бетте­рін­де жаңа жазумен материалдар беріле бастауы тиіс. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер, аңыздар, афо­ризмдер, қызықты, шытырман оқиғаларды, күнделікті жаңа­лық­­тарды латынша беруге бо­лады. Сонда жаңа жазу қоғамға бір­тіндеп сіңе бастайды. Осы да­­йындық кезеңінде әрбір ұжым­да үйірмелер, курстар ашы­луы керек. Ал орта мектептерде ал­ғашқы сыныпқа келген бала­лар­ды латын әліппесіне үйрете бастаған жөн.  

Латын әріптері анықталып, бекітілгеннен соң, бұрын шығарылған ең­бектерімізді латынға ауыстыру бойынша бағдарлама жаса­луы қажет. Қазіргідей компьютерлік заманда бұл қиынға соқпайды. Әрбір тұлға, ғалым, жазушы осы жұмысқа атсалысып, өзінен ке­йін қалатын еңбектерін, кітап­тарын латынға аудара беруі тиіс. Себебі келер ұрпақ әдебиеттер­ді латын жазуымен оқитын бола­ды. Сонда бұл жалпы іске көмек болады. 3-4 жылдың ішінде бі­раз еңбектер жаңа жазуға кө­шірілер еді. Мәдени құндылық­тарымыз, мемлекеттік құжат­тарымыз ла­тын графикасына аударыла бастауы керек. 

Біз заман талабына сай, фонетикамызға сәйкес келетін әліпбиге көшеміз. Латын жазуы - өркениетті алаңда өзін көр­сеткен әліпби. Оны қолдану арқылы көптеген қателіктерден арыламыз. Мәселен, жазудағы кемшіліктердің салдарынан бізде адамның аты, елді мекен, жер-су аттары да екі түрлі жазы­лады. Кей жерлерде үш түрлі жазылады. Мысалы, бірінші орысша, ағылшынша және қазақша. Егер латын қарпі болса, барлығы ретке келер еді. Қазір­гідей орысша, қазақша, ағыл­шынша әрқилы жазылмайды.

Латын әліпбиі түркі дүниесіндегі ынтымақ­тастықты арттыра түспек. Әлем­нің әр түкпіріндегі қазақтар әр­түрлі графиканы пайдаланып отыр. Ортақ жазу өзара байла­ныстағы кедергіні алып тастауға көмектеседі. Латын графикасына өту өркениетке, мәдениетке қатысты көптеген мәселелердің дұрыс шешілуіне апарады. Әрине, бір кезеңнен келесісіне өту әркез оңай емес.

Біздің алдымызда - басқа елдердің тәжірибелері бар. Яғни бауырлас елдердің осындай өз­герістер жасауға жіберген уа­қытынан қысқа мерзім алынуы тиіс. Бұл мәселеге инновациялық тұрғыдан қарау керек. Инновация жылдам­дықпен жүзеге асады. Созылып кеткен нәрсе инновация болудан қалады. Латын қарпіне көшу мәселесін созғаннан ешқандай пайда таппаймыз деген, пікір айтады сенатор Ғарифолла ЕСІМ. Сонымен қатар, бұл пікірді қолдайтын ғалымдардың бірі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір ЫБЫРАЕВ латын әліпбиіне қазақ тілі «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне дейін көшсе өте дұрыс болар еді деген, пікірді айтады. Менің ойымша бұл дұрыс пікір деп, ойлаймын.

Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз5а келер болсақ, олар төмендегідей:  

Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз;

Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді;

Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруіне тиімді жолдар ашылады;

Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Осыған байланысты, біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынаста тығыз байланыс жасауымызға мүмкіндік туады.

Ал енді кедергілерге келетін болсақ, айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Негізінен, осы мәселеге байланысты халықтың көзқарасы, ниеті бір болса, қиындықтарды жеңіл  шешуге болады. Жастар жағы, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен латынды дереу үйреніп алады деп ойлаймын. Ал аға буынға сәл күрделі болуы мүмкін. Осы жағдайда психологиялық фактор дегенді де ескеруіміз керек. Үкіметтің қаражаты белгіленіп, нақты бағдарламасы бекітілген соң, Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз меңгеріп кететіндігіне сенім білдіремін дейді, профессор Ш.Ыбыраев мырза [2, 1]

Латын әріптері анықталып, бекітілгеннен кейін көшедегі жазулар, дүкен­дердің атаулары, жарнамалар, вокзалдар мен әуежайлардағы анықтамалық жазуларды ла­тынға көшіруге болады. Ресми іс-қағаздарды жаңа жазуға ауыстыру аса күрделі шаруа деп ойламаймын. Жаңа буынды латын графикасына бірыңғай дайындауымыз керек. Латын әліпбиіне көшу - EXPO - 2017 көрмесіне дайындықтың бір са­ласына айналуы тиіс. Осы көр­меде шығарылатын дүние­лері­міздің барлығы латынша жазы­луы қажет. Оған дейін латын гра­фикасына көшудің негізгі бағыттары анықталуы керек. Латын әліпбиіне көшу - үлкен сарайлар салудан қиын емес [2, 1]

Басылымдарды латын гра­фикасына ауыстыруда пи­лоттық варианттары болуы керек. Екі жазу қатар қолданылуы мүмкін. Кейбір ақпарат құралдары осы графикаға өтуі қажет шығар. Бұқаралық ақпарат құралдары жаңа жазуға тез өтуі үшін өз оқырмандарын осыған дайындау мәселесін өз мойындарына алуы керек. Латын әліпбиіне көшу - егеменді еліміздің жиырма жылдықтан отыз жылдыққа өту кезіндегі аса маңызды мәдени-идеологиялық жұмысы. Бұған Үкімет, Парламент, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым, бүкіл қоғам жұмыла кірісуі керек деп, ойлаймын.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      Латын әліпбиіне көшу Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде ... www.abai.kz/.../latyn-elipbiine-koshu-t-rkiya-ezirbaizhan-ozbekstan-...

  1. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШАДЫ. www.qazaquni.kz/14909.html... Шәкір ЫБЫРАЕВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті:

3.      Ғарифолла ЕСІМ, сенатор: Латын әліпбиін биыл анықтап ...www.abai.kz/.../garifolla-esim-senator-latyn-elipbiin-biyl-anyktap-...