ҚАЗАҚ РУШЫЛДЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алибаева Р.Н., Жаканова Т.А.

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті,  Алматы, Қазақстан

          

           Аннотация:  Трайболизм казахского народа, это этническое качество народа сформированное несколькими веками. Жузово-племенная принадлежность в Казахстане существует и является частью казахского народа. В Казахстане такая историко-этнографическая особенность, как жузовая дифференциация в обществе имела место быть, так как играла роль сохранения самобытной культуры в сознании многих. Социальный трайбализм - это тип участия определенных групп на основе генеалогических связей для оказания социальной поддержки членам рода через существующие институты взаимопомощи. Всем нам известно, у кочевников казахов не было милиции, детских домов, и домов пристарелых и т.д., так важную функцию всех этих «органов» выполняла сама родо-племенная община. Род становится важнейшим социальным фактором, основанным на чувствах родственной связанности, представляет собой некую корпорацию, внутри которой происходит тесное и регулярное общение на основе установленных ритуалов. В его основе лежит баланс рода и нации. Таким образом, казах всегда интегрирован в малую родовую общину. И эта система успешно функционировала, поддерживала общий порядок в степи, но была несовершенна, так как не позволяла обеспечивать концентрацию сил для решения общегосударственных задач, например, для отражения внешних нашествий. Родоплеменная дифференциация казахского общества, их погруженность в небольшую общину, является отличительным признаком этого этноса, ее основным зерном, центром кристаллизации, соединяющаяся между собой роды и создающаяся казахское общество и государство "снизу". Это не является аномальным явлением. Она является неотъемлемым признаком существующей политической системы, соответствует социально-экономическому развитию и политической культуре, играет свою особенную роль. Наиболее устойчиво сейчас родоплеменное деление сохранилось в южном регионе республики, в силу своеобразия природно-климатических условий и географического положения. Разумеется, тысячелетиями испытанные, отшлифованные многовековым жизненным опытом народа формы социально-экономических связей, игравшие определяющую роль в производстве, распределении, культовых действиях, управлении и т.д., родоплеменные отношения с их идеологией не могли сойти со сцены за несколько лет и даже в течение жизни двух-трех поколений. Но под влиянием внешних и внутренних факторов они трансформировались. На традиционном укладе кочевого общества также отразилось присоединение Казахстана к Российской империи, Российская империя на протяжении всего ХIХ в. пыталась найти организационную форму, которая могла бы облегчить управление казахским обществом и адаптировать его к общероссийским законам. Дальнейшая трансформация национального сознания наблюдалась в 20-40-х годах ХХ века. В этот период произошло радикальное сокращение функций родоплеменных единиц.      

          Таким образом, в настоящее время жузово-родовая разбивка казахстанского общества, сохранив свои первородные корни, постепенно теряет свою актуальность, как политический институт, и не оказывает сильного влияния на политическое состояние общества, и, прежде всего, на процесс рекрутирования высшего эшелона власти.

 

Табиғат пен тарихтың сан қилы кереметтерінің бірі – адам баласының ұлттық және этникалық өзгешілік сапаларын жасап шығаруы. Қазақ халқының тарихи-мәдени құрылымындағы рушылдық, ру-руға бөліну сонау ерте кезден ата-бабамыз салған сара жол десек те болғандай. Қазақтың дархан даласына кең жайласқан халқымыз ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп жеке-жеке қоныстанды. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер басшылығындағы бұл жүздерге түрлі рулар енгені бізге мәлім. Сол рулар өз руын дәріптеп, оның әр отбасының әрбір баласы өз ата тегін, жеті атасын, қала берді халқының тарихын біліп өсті. Бұл жағдай психологиялық тұрғыдан оқшаулану, жекешелену проблемасын болдырмай, бауырмалдықты, ұйымшылдықты, бірлікті арттырды. Яғни, әр рудың мүшесі өз руының абырой-атағына нұқсан келтірмей, қолынан келгенінше намысын қорғаса, ал бүкіл ру өзінің әрбір жеке мүшесін қорғауға міндетті болған.

          Рушылдық деген сөз қазақ арасында туысшылдық тайпашылдық, жүзшілдік, жершілдік психологиясының жиынтық сипатын беретін ұғым ретінде қолданылады. Сондықтан бұдан былай да, бұл сөз адамдарды туыстық байланыстарына, жеріне, тайпа, жүзіне қарай жіктеудің жиынтық ұғымы ретінде қолданылатын болады. Рушылдықтың ғылымдағы атауы – трайболизм. Ол латынның “тайпа” деген сөзінен шыққан. Әуел баста бұл түсінік әлі ұлысқа бірікпеген, жекеленген тайпаларды білдірсе, қазір тайпалардың немесе өзге де адамдар қауымдастықтарының арасындағы қақтығыстарды білдіреді. Рушылдық психологияның өзгешіліктері рулардың біркелкі өмір сүруі мен күресіне, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайдың жеріне лайық қалыптасты. Соның әсерінен, әрбір адамда рушылдық ұлттық мінез-құлықтың, сезімінің көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болды. Мысалы қазақ халқының рулық дәстүрлері ас беру, бір-бірімен татуласқандағы тойы, жауды жеңгенде жасаған тойлары, жерлеу тағы басқа әдет-ғұрыптарын өткізуде руға сөз келтірмеуге тырысқан.

Сонымен, рушылдық психологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік процесс болып шықты. Оның қалыптасуы, әрбір рудың өмірімен біте қайнасып, әр түрлі себеп-салдардың нәтижесінде туды. Сайып келгенде, өнегелі өмір қасиеттерімен қосыла қарама-қайшы психологиялық дағдылар да болды. Бұл айырмашылықтар рулық, таптық негізді құрайды. Әр рудың өмір сүрген географиялық ортасы айналысқан шаруашылық дәстүрлері мен оған бейімделген дағдысы бірте-бірте оқшау тұрады.

        Қай ұлттың, қай халықтың болмасын өзіне тән мәдени тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ұлттық болмысы, қалыптасу кезеңі т.б. болады. Осы қалыптасу кезеңінде, сол ұлттың түрлі жетістіктері, ұтымды сәттіліктері, шарықтау шақтары да болады. Және осы аталғандармен қоса іргелесіп, тарихта таңба болып қалатын, түбі тереңде жатқан құлдырау кезеңдері сәтсіздіктері немесе ұлттық болмыстың кемшіліктері де жүретіні айғақ. Халқымыздың әлеуметтік қалыптасуы мен өркендеуіне зор ықпалын жасап, санамыздан әлі де өшпей, керісінше басқа арнада жанданып, бара жатқан рушылдық мәселесін, қазіргі таңда ұлттық санамыздың негізі де басты кемшілігі де дей аламыз. Неліктен? Рушылдық психологияны ұлттық санамыздың негізі дейтініміз, ол тарихымыздағы шарықтау шақтың себепшісі болмаса да, халқымызды ұйымдастыру, басқару мәселелерінің өзегі болды. Себебі, руға, тайпаға бөлінуден рулық-тайпалық құрылыс көшпелі мал шаруашылығына сәйкес қалыпты, тиімді жүйе еді. Мыңдаған жылдар бойы бұл жүйе көшпелі қоғамды ұжымдастырып халқымыз сы рулық-тайпалық құрылыс заңдары бойынша өмір сүрді. Көшпелілерде абақты да, полиция да, балалар мен қарттар үйі де болмағаны белгілі. Бұл аталғандардың функциясын рулық қауым өзі басқарып, өзі шешіп отырған. Оның сыртында, общиналық психологияға сүйенген рулық-тайпалық жүйе талантты адамның өз қабілетін толықтай іске асыруына мүмкіндік жасайтын. Бәсекешілдік қасиет көшпелі өмірдің барлық салаларында ынталандырып отырды. Ру, тайпа немесе оның көсемдері, рудың абыройы үшін ең талантты деген ақындарын, әншілерін, күйшілері мен батыр-балуандарын алға жылжытуға мүдделі. Дарыны, өнері асып, келеге сыймаған, ру мен тайпаны тар көрген талант иелері ханның ордасынан еңселі орын иемденді, олардың өнері ұлттық деңгейге көтеріліп, бүкіл халыққа қызмет көрсетті. Руының, өз тайпасының ханға айта алмаған мұң-мұқтажын, арыз-талабын, сол ақын-жыршы, батыр-балуаны жеткізіп отырды.

        Ұлттық қарым-қатынас тар саласындағы күрделі де нәзік, қарама-қарсы қасиеттерді жинақтаған белгілі ұлттық психологияның ерекшеліктері. Оның қалыптасуы мен өрбу заңдылықтары ру халықтың тарихымен етенелесіп келе жатыр. Оның көріністеріне абыздары, ойшылдары, жыраулар, ақын-жазушылар қалам тартып ұрпақ игілігіне қалдырған. Бұл мәселеден ғалымдар мен саясаткерлер қоғам қайраткерлері де шет қалмаған. Дегенмен, бұрынғы Одақ дәуірінде ұлттық психологияларының проблемаларына ден қою, шет қақпайлыққа ұшырап келді. Соның салдарынан халықтар рухындағы ұлтаралық достық, бірліктің ұрандық сипаты басым болды.

        Келе-келе осы ұрпақтан ұрпаққа көшіп келген ауызекі тарихи шежірелер, қауырсын қаламмен жазылып, ру басылар мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталған болатын. Бірақ ұзақ заман бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен, онда көптеген күңгірттіктер, жаңсақтықтар, қайшылықтар, аңыздар, тағы басқа жамау-жасқаулар кездеседі. Оларды есепке алмағанда, байырғы қазақ шежіресінде тарихи мол мұралар мен аңыздар жинақталып, сақталып келген. Ол 1905-1907 жылдары біріктіріліп, кітап болып шықты. Мұны жинақтап зерттеген және бастырғандар Н.Наушабаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтер болды /2/.

        Жалпы қазақ шежірелерінің барлығында мынандай мазмұн баяндалды. Қазақтың арғы атасы – Алаш, Алаштан қазақ туған. Қазақтың Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты дейді. Бекарыстың тұқымы ұлы жүз деп аталынып, одан: үйсін, қаңлы, дулат, сары үйсін, жалайыр, суан, шапырашты, ошақты, шанышқылы, сіргеш т.б. таратылды. Ақарыстың тұқымынан ортажүз деп атап, одан: арғын, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ, найман тарайды. Жанарыстың ұрпағынан кіші жүз деп, одан: алшын, алшыннан Әлімұлы, Байұлы, Жетіруды таратады.

                Қазақты қалыптастырған жоғарыдағы ру-тайпалардың көпшілігі ежелгі заманнан бері, Орта Азия мен Орталық Азияның кең даласында, Шығыста Байкалдан бастап, батыста Каспий теңізі, Еділ өзеніне дейінгі ұлан байтақ өңірде көшіп-қонып, мал өсірген түркі тілдес тайпалар еді. Қазақ халқының тарихи дамуы барысында осы ру-тайпалардан құралып халық болған. Алайда, бұл тек бір дәуірдің ғана жемісі ғана емес, сан ғасырлық тарихи дамудың барысы.

        “Біздің қазақтың” – деп жазды ұлы ойшыл, ақын Абай – достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт таңдауы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Ел арасындағы ынтымақ, бірліктің жоқтығын, берекесіздікті және басқа кемшіліктерді надандықтың көрінісі ретінде теңейді/3/.

         Халқымыздың көңілін, сана-сезімін жетілдіруі осы жағдайлардың кедергі келтіргеніне ашынады. Біз шын мәнісінде тарихымызды білмей өскен халықпыз – дейді белгілі философ, саясаткер Ғарифолла Есім. Байқап отырсақ, тарихымызды білмеушілік қазіргі саяси өмірге белсенді араласуымызға елеулі бөгет болып отыр. Ұлттық саяси санамыз жетілуі үшін де тарихи тану қажет, төл тарихымызды  білуге талпыныс – рушылдықты қоздыру немесе трайболизм деп түсіндіруге тырыстық. Мұның теріс екенін өмір өзі көрсетіп отыр/4/.

          Трайбализм қазақ тарихында болған, бірақ біз ол сатыдан өткенбіз. Оған ең айшықты бір ғана дәлел, XV ғасырда адамзат тарихына Қазақ Ордасы деген атпен енген консолидацияның басы. Әрине, трайбализм бірден іс-түзсіз жойылып кететін көрініс емес, онымен күрес әманда жүріп келеді. Жоғарыда айтылған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билердің іс-әрекеттері осы аталғанға қарсы бағытталған. Олар халықтың мүдде жанашырлары. Осылай өшіп-жойылып бара жатқан трайбализмнің - бір көрінісі рушылдық, ХІХ ғасырда түрленіп, құлпырып шыға келді. Ол трайбализмнің жандануы емес, оны біртұтас халыққа  іріткі салу үшін құрал ретінде пайдаланушылық. Жалпы трайболизмнен ешқандай үркудің қажеті жоқ. Ол адамдардың қауымдасып өмір сүрген кезіне сай көрінетін әлеуметтік – сол жағдайға қажетті заңдылық. Ал, XVII ғасырда трайболизмнің қазақ тұрмысына қажеті жоқ болатын, этнос дамуына кедергі болатын, сондықтан билер, жыраулар онымен күрескен. Трайболизм сонда кімге қажет болды деген сұраққа келсек, себеп пен салдар диалектикасына тірелеміз.

        Рушылдық – ұлтқа қарсы әрекет етуші психология. Бұл құбылыс екі рет халықтың санасынан өшіп бара жатып, қайта жанданды. Екі жағдайда да, бөгде күштердің араласуымен қайта тірілді және де сол күштердің мүддесі үшін қызмет етті. Халық бұқарасы рушыл емес, рушылдар - өткен ғасырлардағы ауылнай,  би,  болыстар,  қазіргі елдердегі күдікті жолмен болашаққа келген уақ мамандар.

            Рулық құрылыс этностық жерге қауымдық меншік болған кезге сай келетін қоғам формасы. Қазақстан отар елге айналған соң жерге қауымдық меншік жойылып, жерге жеке меншік орнай бастады. Бұрын көшпелілерге қазақ даласы ортақ болатын. Қазақ даласында әскери бекіністер салынып, Ресейден көшіп келген орыстар жерге иелік ете бастады, қалған жерлерді ру-руға бөліп беріп, қазақтардың бүкіл сахара бойына көшуіне тиым салынды. Бұл рулық құрылыстың ыдырауына байланысты әлеуметтік – экономикалық шара болатын. Бірақ патша чиновниктері рулық құрылысты сақтап қалуға мейлінше мүдделі болды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін шағын руларды билеу еркін, қазақтардың өзіне берді. Сөйтіп, “болыс” деген лауазым пайда болды. Ал аймақ, облыс, бүкіл халық билігі орыс әкімдерінің қолдарында қалды. Ендігі жерде Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ешқандай қажеті болмады. Қазақ халқының “қамын” ойлаушы, оның  “жоғын жоқтаушы” Россия чиновниктері еді. Ал халықты жарылқаушы -  “ақ патша”.  Халық қамын ойлаудан ада болған болыстар ұсақ-түйекпен айналысып, мейлінше өзге күйге еніп, ендігі жерде отар елдің қорғанышы емес, төл қанаушысына айналды. Олар рушылдықты оттай маздатты. Рулар арасындағы жанжалдар бұрын болып көрмеген жағдайға душар болды. Сонымен рушылдықтың нақтылы,  ең басты себебі – Патшалы Россияның отаршылдық саясаты.

         Рушылдықтың жандануының себебі, қазақ халқының саяси бостандығынан айырылуында.  Патшалы Россияның отаршылдықты жүргізген әкімдері тұрақты қаласы жоқ, діні, тілі өзге халықты басып-жаныштап, өз құзырында ұстаудың   таптырмайтын құралы, оларды ру-руға бөліп, басын біріктірмеу болды. Қазақтарды бір-біріне айдап салу мейлінше тиімді тәсіл еді. Бір-бірінен жапа шеккен қазақтар әділдік іздеп, орыс ұлықтарына баратын болды. Патша чиновниктері рулық құрылысты сақтап қалуға мейлінше мүдделі болды. Олар рушылдықты оттай маздатты. Рулар арасындағы жанжалдар бұрын болып көрмеген жағдайға душар болды. Бұл қазақ халқының тұтас ұлт болып қалыптасуына үлкен кедергі болатын құбылыс болғаны даусыз.

Рушылдықты ұлтшылдықтың бір түрі ретінде қарастыру да, ешқандай нәтижеге жеткізе қоймайды. Ұлтшылдық – ұлт пайда болғаннан кейінгі кезеңде көрініс бере бастаған құбылыс. Ал рушылдық болса, адамдардың ұятқа дейінгі тұрақсыз қауымдастығының кезінде пайда болып, етек алған, халықты феодалдық бытыраңқылық әкеп ұрындырған психология. Рушылдық пен жікшілдік қазақтың орталықтандырылған ұлттық мемлекетін құруға да кедергі болды. Түптеп келгенде, әрине, қай құбылыстың қоғамдық дамуының қай сатысында пайда болғандығына емес, оның саяси-әлеуметтік мәнінде, қоғамдық  дамуға ететін ықпалында. Ұлтшылдық өзге ұлттардың мүдделеріне қиянат жасаудың есебінен, өз ұлтының мүддесін қанағаттандыруды көздеген әрекеттердің жиынтығы болса, рушылдарға ұлттық мүдде деген түсіне де кірмейді. Бұл тұрғыда олар ұлттық-мемлекеттік мүдделердің өзін сатып кетіп отыратын,  компордорларға ұқсайды. Рушылдар мен жүзшілдер - өздерінің және рулас туыстарының құлқыны үшін ұлттық мемлекетті ойланбай-ақ айырбастап жіберетін, ұлттық санадан жұрдай, протекцияның күшімен басқару аппаратына әкелген дипломды мамандарды оқшау тобы.

Рушылдық психологияның өзге жағымсыз ұлттық-психологиялық әдет-дағдылардан гөрі тигізетін зияндығы мол, әлде қайда қатерлі. Рушылдық дерті қазіргі кезеңдегі кадр саясатын жүргізу, кадрларды іріктеу және орналастыру ісін қайта құрудың алдында тұрған ең үлкен тосқауыл болып отыр. Оның зардаптары бірден қоғамдық- әлеуметтік, мәдени-рухани дамудың барлық салаларынан көрініп те жүр.

Рушылдық үстемдік еткен жерде халықтың бірлігіне, қоғамдық ой тұтастығына, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын» бүкіл ұлттық ынтымақтастыққа қол жеткізу мүмкін емес/36/. Рушылдық, жершілдік механизмі   халықтың демографиялық өрлеу мен ішкі миграциясына да кедергі жасайды. Рушылдықтың халық шаруашылығына келтіріп жатқан зияны да ұшан – теңіз. Рушылдық, туысшылдық арналарымен лауазымды орынға келіп, бас аяғын қамтып алған басшы, өзінің шаруашылық миссиясына арнап сәнді сарай салғызудан бастайды да, сосын мемлекет мүлкін судай шашып, сеңдей соғыстырады. Өз міндетін қазіргі ғылыми талаптарға сай орындай білмейтін, ондай ойы да, ниеті де жоқ, жеке басының қамымен шаруашылық қарқынын түсіріп жүрген кейбіреулердің мұндай әрекеттерін, біржақты әкімшілік тар шеңберде ғана алып, қарастыру түпкілікті нәтижеге жеткізе алмайды. Бұл құбылысқа  әлеуметтік-экономикалық, моральдық-этикалық және саяси позициялардан қарап, ұлттық мүдделердің бағасымен соқпай бұл мінезді өзгерту қиынға соғады. Осы уақытқа дейін мұндай қылықтардың төте соққыдан жалтарып, бұқпантайлап күн көріп келуінің себебі осы. Рушылдықты қайта жандандырған, оны өліп бара жатқан жерінен қайта тұрғызып, өмір әперген қандай күш екенін жоғарыда атап өттік. Ол – қазақты ұлт ретінде жою мақсатын көздеген сол  мақсатқа жету үшін зиялыны ұсақ кадрмен айырбастау стратегиясын шығармашылықпен айқындап, ұтымды тактикамен жүзеге асырып келген, осы уақытқа дейін басқарудың барлық тұтқаларын өз қолына жинақтап келген - әміршіл-әкімшілік аппарат. Ол аппаратты құрушылар - бұрынғы Кеңес Одағында тұратын жүздеген ұлтты ассимиляциялау көздеген орыс шовинистері екенін түсіну қиын емес. Демек, рушылдық дегеніміз – қазақтарға (рулық психологияның іздері өше қоймаған өзге Орта Азия халықтарына да) қарсы күресте қолданылған, ұлы державалық шовинизмнің қаруы.

Қазіргі уақытта елімізде рушылдық қарым-қатынастың деңгейі біршама жақсарды. Тәуелсіз мемлекеттің ішкі өмірі мен оның саяси экономикалық жағдайы мәселенің негізгі арқауы деп бағалауға болады.

          Қазіргі кезеңде рушылдық ынтымағымыздың тамыры қайта гүлдене бастады. Бүгінде ұлт пен ұлтты, халық пен халықты, ру мен руды, ағайын мен ағайынды ынтымақтастыру саясаты. Қорыта келгенде қазақ халқының бүгінгі рушылдық психологиясы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін өз дәрежесіне жетті, әрине, бірен-сараң бұрынғы кеңес кезінің орыстандырған саясатының қалдықтары да кездеседі. Өз руын, ұлтын, тілін білмейтін қазақтар да бар. Кейбір мекемелерде руға бөліну де бірді-екілі кездесіп жатады. Бірақ, бұның бәрі  қалпына келетін мәселе. Ертеңгі жас ұрпақ тегіне жақсы бағдарламалар жасалынып жатыр. Тарихты рушылдыққа бұрмалау кездеседі. Бірінде Қазақстан мемлекет егеменді ел ретінде әлемдік нарықтық қатынастар күшіне ілесіп отыр.

          Ру тұтастығы мен қазақ тұтастығы қажеттілік тұрғысынан және ар-намыс төтесінен ұшыраспайтын білім  және өнер бар. Ол рушылдық философиясы, оның пәні мен мәселелерін толықтыру. Бүгініміздің даму дағдысын танып табу үшін, таңдау үшін жинақталған тарихи білімдер жеткіліксіз, бұған методологиялық ізденіс пен жаңа дүниетанымдық көзқарасты қолдана білу абзал. Екеуінің де үш негізгі сипатын – заттық мазмұнын, іс-әрекетінің бағдарын, жүйелілігін арттыру қазақты келбеттеудің болжамдық қызметін жандырумен барабар.

         Ұлтымыздың рухы мен намысы тарихи-әлеуметтік жағдайға орай қарастырылмағандықтан, біріншіден, рулардың басын қосатын фактордың: атамекеннің, атакәсіптің, атамұраның өзара тәуелділігі қайырылды, екіншіден халқымыздың тарихтағы жаңа рөлін көрсете алмадық, үшіншіден Қазақстандағы әлеуметтік нәтижелі, жүйелі болжау міндеттері назардан тыс қалып қойды. Алдағы жерде осы мәселелерді ғылыми сарапқа салған абзал. Рушылдық тәлім-тәрбие жайлы түсініктер, қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі Қазақстанда этикалық білім берудің кейбір мәселелеріне қолдау көрсетіп, қозғау салып отыр.

Рушылдық ерекшеліктердің ұлттық сезімдер арқылы көрініс беретінін, оның  ұлт тілдері мен ұлт мәдениетінен айшықты орын алатынын айта келіп, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев оның өмірден алатын тұрақты құбылыс екенін, оны жою мүмкін еместігін әрбір рушылдық мәдениеттің беріктігі, ұлттық қағидалардың қоғамда қозғаушы күш екеніне және оның тәлімгерлік рөліне назар аударады.

Рушылдық психологияның  ерекшеліктері тарихи дәуірлер қоғамының әлеуметтік бұлаңдар салған  іздің  белгілерін жинақтап,  сақтап бүгінгі ұрпақтың рухани қасиеттерімен аралас өрбіп отырады. Оның табиғатпен бірге қалыптасуына мына факторлар әсер етеді. Белгілі бір халықтың ұзақ мекендеген географиялық ортасы; халықтың тарихи жолы, былайша айтқанда халық «тағдыры» оқиғалары, мәселен азаттық күрес пен байланысты ортақ қуаныш, ортақ қайғы, күйзеліс, жеңістер түрлі ұлт өкілдері арасындағы әлеуметтік психологиялық қарым-қатынастар, өзара әрекеттерінің байланыс деңгейі. Аталған жағдайлар халықтың рухани психологиялық қасиеттеріне із қалдырды, соған бейімді дағдыларды қалыптастырды.

Рушылдық психологияның  ерекшеліктері дегеніміз – рулардың тарих дамуы негізіндегі өзгешелігі мен әлеуметтік экономикалық, рухани өмірінің алғышарттарына байланысты қалыптасып және мәдениет пен тұрмыста дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан байқалатын рушылдық сезім әрекетінің көрінісі. Рушылдық психологиясын - өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені ол қоғамдық дамуға, әлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерге жаңаланып отыруы қажет.

Анығына келгенде әлеуметтік әділеттілікті бұзып біртектілікті іріткіге салатын рулық бөлініс, халқымызға береке әкелмейді деп ойлаймыз. Сонымен бірге, зиянды көріністер мен жүйелі күрес жүргізбейінше достығын  нығайту жолында біртұтас интернационалдық рухтағы ұлттық сана-сезімді қалыптастыра алмаймыз.

          Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Әр халықтың тәлім - тәрбиелік мұрасы мәдениеттің маңызды мұрасы болып табылады. Ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі, өз ұлтының рухани байлығын, ізгі қасиеттерін бойына сіңірген, өз жері мен елін қорғай алатын ұлтжанды, жоғары мәдениетті адамды тәрбиелеу, бүгінгі күннің талабы. Жастарды жан-жақты қабілетті адамзат етіп өсіруде – рушылдық тәлім-тәрбие принципін басшылыққа алу қате құбылыс. Сондықтан да, біздің негізгі бағыт бағдарымыз ана тіліміздің табиғи тазалығы, мектепте оқытылатын түрлі ғылым негіздерінің ұлттық болмысымызға үйлесуі, мектептегі оқу-тәрбие процесін жаңа мазмұнда, әрі халқымыздың озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына негіздеу дұрыс болмақ.

          

Әдебиеттер:

1.      Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Алматы, 1993ж-82 б.

2.      Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы: Қазақ университеті, 1993-74 б.

3.      Елікбаев Н. Қазақстан 2030: Қазақ ұлты психологиясының методологиялық мәселелері. Қарағанды, 1999-81 б.

4.      Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы: Қазақстан, 1996-43-45 б.

5.      Елікбаев Н. Дәуір тынысы. Қазақ ұлтының психологиясы: Қарағанды, 2000ж-89-90 б.

6.      Ғарифолла Есім. Сана болмысы: Саясат және мәдениет туралы ойлар. Алматы: РИМП, «Экитто», ПКП, «Верена»-1994-32-35 б.

7.      Елікбаев Н. Қазақтың ұлттық психологиясы. «Ақиқат» журналы, 1991ж.

8.      Қазақ психологиясының мәселелері. Алматы, 1974ж-14-15 б.

9.      Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет Алматы, 1990ж-11 б.

10.                                                                                                                                                          Алтай Ж, Қасабек А, Мұхамбетәлі Қ. Алматы: «Жеті жарғы», 1999ж-146-147 б.

11.                                                                                                                                                         Қожабекұлы Б. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. Алматы, «Ататек», 1994-24-31 б.

12.                                                                                                                                                         Жұмағұлов Н. Қазақ шежіресі. Алматы: Қанағат, 1993-117-118 б.

13.                                                                                                                                                         Арғынбаев Қ. Қазақ шежіресі хақында. Алматы: «Атамұра», 2000ж-24-27

14.   Қазақстан тәрбиелік ой-пікірлер анотомиясы (ХІІІ-ХХғ.ғ.) Алматы: «Рауан», 1994-51-52 б.

15.  Қазақ психологиясының мәселелері. Алматы, 1974 ж-14-15 б.

16.  Назарбаев Н. Қазақ халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық және демократия реформалары. Ақмола, 1997-37-39 б.

17.  Назарбаев Н. Тарихи толқын. Алматы, 1999-77-78 б.