э.ғ.к., ассоц. проф Аязбаева Г.Н.

магистрант Есбергенова А.

 

БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

 

ҚазБСҚА

 

Құрылыстың сметалық құның анықтау.

         Ғимараттардың, имараттардың немесе олардың кешенінің құрылысын орындауға жұмыстардың құны және көлемі есептелетін, жұмыстардың сипаттамалары көрсетілетін құжат смета деп аталынады.

Ең басты тағайындалуы – құрылыстың құнын анықтау мен бірге смета бірнеше рольдарды орындайды, дәл осындай:
Сметамен есептелінген жалпы құны, құрылыстың жалпы инвестициясын және банкілік несиелеу өлшемін анықтайды;
Сметамен анықталған құрылыс - жинақтау жұмыстардың құны құрылыстың есепті құны болып саналады;
Смета мердігерлік жұмыстардың көлемін жоспарлауға және оларды орындауға қажетті ресурстардың негізі болып табылады;
Өндірістік нормалар мен бірге смета құрылыс есеп беруді жоспарлауға және оның жұмысын үйымдастыруға нұсқау ретінде қолданылады.

      Кәсіпорындардың ғимараттар мен имараттардың немесе олардың кезектерінің құрылыс құнының смета есептері, объектілік, жергілікті сметалардың жөне шығындардың бөлек түрлеріне арналған смета есептерінің (типтік формалар бойынша) негізінде құралады.

 

    Жалпы бұл мақала  Атырау қаласындағы балабақшаның құрылысына негізделген.  Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — – 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.

Құрылыс орны – Атырау облысы, Атырау қаласы

Ылғалдылық аймағы– құрғақ

Топырақтың қату температурасы-1,8м

Ғимаратқа жалпы сипаттама.

Ғимарат 2 қабатты. Қабат биіктігі  3.3 м.

Ғимаратта жертөле жоспарланған, еден деңгейі -3.000 м. Жертөледе жылу жүйесі орналасқан. Жоспарда ғимарат бұрыс геометриялық пішінді.

Шеткі өстер бойынша ғимараттың өлшемдері: ұзындығы 55.52 м, ені 39.50 м.

         

          Құрылыстың құның анықтау бүгінгі күні экономикадағы өзекті мәселе болып тұр. Бұл бағытта әлі де болса сметалық нормалардың негізінде есептеу кең көлемде қолдануда. Жалпы бюджеттік қаржыландыруда бұл формамен есептеп шығару жалпыға бірдей міндеттелінеді. Ал жекеменшік формадағы құрылыс нысандарына сметалық есепті пайдалану міндеттелінбейді. Бірақ сметалық нормативтер және оның негізінде есептелінген құрылыстың құның шығарудың басқаруда, жоспарлауда және ұйымдастыруда орны ерекше.

         Құрылыстың смета құның анықтау үшін негіз болып мыналар табылады:

-                     қолданыстағы заңдар;

-                     қолданыстағы смета нормативтері;

-                     жобалау құжаттамасы.

Құрылыстың смета құны – сомасы жобалау материалдарының негізінде анықталған ақша қаражаттары. Құрылыс құны қазіргі тәжірибеде әртүрлі әдістермен анықталады. Жеке меншік құрылыс нысандарында оның құны нарық сұраныстарына сай келісім шарт негізінде анықталады. Ал бюджеттік қаржыландыруға қатысы бар құрылыс нысандары сметалық мөлшерлердің негізінде есептелінген сметалық құжаттамалармен анықталады.

Қазақстан Республикасында құрылыстың смета құның анықтау тәртібі ҚР ҚН 8.02-02-2002 құжаттық мөлшерлермен тәртіптелінген. Жобада нысандық сметалық құнды анықтауда іріленген сметалық мөлшерлер қолданылды.

Құрылыстың смета құны, құрылысқа арналған инвестициялық қаражаттардың, құрылыс өнімінің бағаларды қалыптастырудың мөлшерін анықтау үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар ол мердігерлік шарт жасасу, орындалған мердігерлік жұмыстардың есеп айырысу мақсатымен тапсырысшымен мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алу кезінде бағдар болып табылады.

Құрылыстың смета құның анықтау үшін негіз болып мыналар табылады:

-                     қолданыстағы заңдар;

-                     қолданыстағы смета нормативтері (номалар мен бағалар);

-                     жобалау құжаттамасы.

 Жұмыста сметаның үш түрі жасалынды:

-                     жалпы құрылыс жұмыстарына жергілікті сметалар;

-                     нысандық смета;

-                     шығындардың жиынтығы.

Жергілікті сметалар бастапқы смета құжаттары болып табылады және нысан бойынша бөлек жұмыс және шығын түрлеріне немесе жобалау құжаттамасымен анықталатын көлемдердің негізінде жалпы алаңдық жұмыстар бойынша жасалады.

Смета құжаттамасын жасаған кезде, құрылыс жұмысшыларының еңбегін төлеуге шығындар, материалды-техникалық ресурстар мен қызметтердің бағалары мен құндары Қазақстан Республикасында 2001 жылы белгіленген инвестициялық құрылыс саласында бекітілген күйі бойынша қабылданған, смета-нормативтік база қолданылады.

Смета құжаттамасындағы құрылыстың смета құны базисті әріпсан әдісімен анықталады. Құрылыстың смета құның анықтаудың базисті-әріпсан әдісі 2001 жылдың бағалардың базисті деңгейінде анықталған құнға қатысты қолданыстағы әріпсандарды пайдалануға негізделген. 2001 жылдың базалық деңгейінде құрылыстың смета құнының қолданыстағы деңгейіне ауысу, бюджет санына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің өзгеру әріпсаны АЕК 2001 – 775 тенге, ал  2014 жылға 1852 тенге қабылданған. Нәтижесінде айлық есеп көрсеткіштің өзгеру әріпсаны 1852 : 775 = 2,39 қабылданды.

Сметалық есептер АВС – 4 компьютерлік кешендік бағдарламаның негізінде жасақталынып шықты және жалпы құны  192478,451 мың теңгені құрады.

Тікелей шығындардың, үстеме шығындардың және әлеуметтік салықтың сомасына 6% мөлшерінде нормаланбайтын және жоспарланбаған шығындар есептеледі.

           Қолданыстағы бағалар деңгейіндегі смета құны, қолданыстағы заңмен белгіленген салықтарды, алымдарды, міндетті төлемдерді ескеретін 1,02 коэффициентің ескеріп анықталады.

Қосымша құн салығы (ҚҚС) қолданыстағы бағалар деңгейіндегі смета құнынан Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мөлшерде қабылданады, 2014 жылға ҚҚС  12% мөлшерінде қабылданған.

         Нысандық смета іріленген есептік мөлшерлер бойынша анықталды, нұсқаулары бойынша нысанның 1м көлемі есебіне жасалынды. Нысан көлемі 5184 ммөлшерін құрайды. Құрылыстың сметалық құны   қазіргі  жылғы индекспен алғанда теңге.

                                                                  

                                                                                                         

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     ҚР ҚН 8.02-02-2002. Қазақстан Республикасында құрылыстың смета құнын анықтау тәртібі

2.     ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі

3.     ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және бағаларды қолданудың жалпы қағидалары

4.      Гаевой А.Ф., Усик С.А.  Курсовое и диссертационо, дипломное проектирование. –Л.: Стройиздат, 1987