Экономические науки/9.Экономика промышленности.
Л.А. Қазбекова, э.ғ.к
Э.Ж. Жунусова, магистрант
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Дүние жүзіндегі фармацевтика нарығының дамуы
Дүниежүзілік фармацевтика нарығы
қазіргі таңда денсаулық сақтау тауарларын
өндірушілер мен сатушылар, емдеу үшін жаңа препараттарды
шығаратын зерттеуші-ғалымдар, тауарды сатып алатын аурулар,
яғни тұтынушылар мен осы дәрі-дәрмектерді
ұсынатын дәрігерлер болып табылады. Дүниежүзілік
фармацевтика нарығының ерекшелігі – бұл халықтың
өз денсаулығын сақтауға, жақсартуға,
аурудың алдын алуға қажеттіліктерін
қанағанттандыратындықтан, оларды маңызды және
қажетті санатқа жатқызуға болады. Бұл ерекшелік
сұраныстың қалыптасуына ықпал етіп, ол өз алдына
өндірісті, ұсынысты, нарықтың түрін және
басқа да сипаттамаларды қалыптастырады. Тарихи тұрғыдан
алғанда бастапқы фармацевтика нарығының пайда болуы
адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қалыптасуына
сәйкес келеді. Ал қазіргі таңда фармацевтика саласы химия
өнеркәсібінің қиын бағыттарының бірі болып
отыр. Фармацевтика өнеркәсібінің өнімі біздің
әлеміміздің барлық тұрғындарының
денсаулығын сақтауда үлкен маңызы бар. Сонымен бірге
фармацевтика өндірісі мұнай-химия, биотехнология, әскери
өндірістік кешендер секілді салаларды бір-бірімен тығыз
байланыстырып, дамытып отыр.
Сарапшылардың мәліметтері бойынша
дәрі-дәрмекке деген сұраныс экономиканың өсуі мен
құлдырауына байланысты емес. Сондықтан да фармацевтика
компаниялары – химия, биология, медицина, саясаттындыру, статистика,
психология, басқару және т.б салаларын ескеріп отыруы керек. Ірі
фармацевтикалық компаниялардың талдауы бұл
тұжырымдаманы дәлелдеп отыр. Мұндай компанияларда жаңа
формуланы, жаңа дәрі-дәрмек тауып шығару, зерттеулер
жүргізу мен оларды нарыққа шығаратын
құрылымды бөлімшелері бар.
Қазіргі
таңда дүние жүзі бойынша фармацевтика нарығы
әлемде болып жатқан қиын жағдайларға
қарамастан қарқынды дамып келеді. «Іms
health Consulting» халықаралық аналитикалық
компаниясының бағалауы бойынша, 2012 жылы әлемдегі
фармацевтика нарығы 940 млрд.долл құрады, яғни
ақшалай ол 6% болып отыр. Болашақта оның өсімі 3-4%, ал
ол өз алдына 2016 жылға таман 1 трлн
200 млрд. долл. деңгейіне дейін өседі. Бұл өсімді
ескере отырып, 2020 жылға таман фармацевтика нарығы 1,5 трлн. Долл.
дейін өсуі мүмкін[1].
Аумақтық бөлінісі бойынша 3 негізгі
орталық алдыңғы қатарларда, бұл - Солтүстік
Америка, Батыс Еуропа мен Жапония. Алайда бұл нарықтар 2006 жылы 73%, 2012 жылы дүние жүзінің фармацевтика
нарығының көлемі 48% болса, онда оның үлесі 2020
жылға қарай 33% дейін
түсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың себептері неде?
Осыған
байланысты демографиялық, эпидемиологиялық және
экономикалық өзгерістер фармацевтика нарығын
қалыптастырады. Дүние жүзінің халқы жыл санап
қарқынды өсіп келеді. Болашақта әлемдегі халықтың саны
2020 жылға қарай 7,7 млрд, ал 2050 жылға қарай 9,6
млрд. адамға өсуі болжамдалып отыр, яғни фармацевтика
нарығына деген сұранысты тудырады.
|
|
|
Сурет1. Әлемнің фармацевтика нарығы, % [Business Monitor International, 2013 г.]
Сонымен бірге
дәрі-дәрмекке деген сұраныс жылдан-жылға
ұлғайып келеді. Дәрі-дәрмек нарығы
дүниежүзілік экономикасында ең жоғары табыс
әкелетін, сонымен бірге перспективті болып табылады. 2012 жылы
дәрі-дәрмектерді сатудың көлемі дүниежүзі
бойынша 990 млрд долл. қскен болатын. АҚШ мемлекеті фармация
нарығындағы сату көлемі 26% көшті бастап отыр [1].

Ескерту - IMS Health, *Ресей - DSM Group.
ISO 9001:2008.
Сурет 2. Әлемдегі дәрі-дәрмектерді
тұтыну нарығының көлемі, млрд. доллар
Фармацевтика саласының
көшбасшысы ретінде американдық фармацевтика препараттары, биотехнология
мен биоөнеркәсіптер нарығында 3500 астам компаниялары бар.
Ірі компанияларының қатарына: Abbott, Bristol-Myers,
Squibb, Eli Lilly, Johnson
& Johnson мен Pfizer. Ал АҚШ-тан тыс жатқан
ірі фармацевтика өндірушілерінің ішінде атап өтетіндері
бұл: Bayer (Германия), Sanofi
(Франция), GlaxoSmithKline (Великобритания),
Novartis и Roche Holding(Швейцария) болып
табылады.

Ескерту
- IMS Health, *Ресей - DSM Group.
ISO 9001:2008.
Сурет 3. Фармацевтика саласының көшбасшылары,
нарық үлесі %
Жоғарыда
көрсетілген деректерге байланысты дәрі-дәрмектерді
өндірушілердің 50 ең ірі фармацевтикалық
компаниялардың 20 компаниясы, яғни сол статистиканың
нарықтағы 80%-ы - АҚШ аумағында
(дүниежүзілік фармнарықтың 39,2%), 18 компания
–Европада(дүниежүзілік фармнарықтың 33,3%), 11 компания
Жапонияда (дүниежүзілік фармнарықтың 7,8%) және 1
компания – Израилде орналасқан. Осыған байланысты бүкіл
фармацевтика нарығының дүниежүзі
өндірісінің 40% АҚШ-қа тиесілі болып отыр. Сонымен
бірге аналитиктердің болжамы бойынша жақын арада
дұниежүзінің фармацевтикалық нарығы өсе
түседі [2]. Егер соңғы жылдары қарқынды
түрде Солтүстік Америка нарығы дамып отырса, енді болжам
бойынша біршама сату көлемінің өсуі Қытайда,
Орталық Шығыс елдерінде, Латын Америкасында, Орталық
және Шығыс Еуропада байқалады.
Әдебиеттер:
1.
Ардак Ташенов. Тенденции развития
мирового фармацевтического рынка. http://www.eabr.org/
2.
Светлана
Войтова, Алла Белькова. Фармацевтический рынок: состояние, проблемы и
тенденции. http://www.gorodnews.ru/