А.А. Жакупова, И.Ж. Ұзақбай

Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті: түсінігі, факторлары және есептеу әдістемесі

Нарықтық қатынастар жағдайында бəсекеге қабілеттілік қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Ұлттық кəсіпорындар қызметінің тиімділігі неғұрлым жоғары болса, елдің бəсекеге қабілеттілігі соғұрлым жоғары болады.

Кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігі – бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бəсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дəрежесі жəне өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша артықшылығын көрсетеді [1].

Отандық ғалым Л.С.Нұрпейісова кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігі интегралдық сипаттама болып табылатындығын жəне жалпы жағдайда оның келесі құрамдастарын бөліп көрсетуге болатындығын айтады: нарықтағы ұсынымының бəсекеге қабілеттілігі, кəсіпорын ресурстарының бəсекеге қабілеттілігі, менеджменттің бəсекеге қабілеттілігі жəне кəсіпкерлік идеялардың бəсекеге қабілеттілігі [2].

Сонымен кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігінің бұл құрамдастары өзара тығыз байланысты жəне бір-бірінен тəуелді. Нарықтағы ұсынымының бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, яғни өнім сапасы, бағасы жəне оған көрсетілетін қызметтер сұранымға жауап беретіндей бəсекелестік артықшылықта болуын кəсіпорын ресурстары, кəсіпорындағы менежмент жəне кəсіпкерлік идея қамтамасыз етеді.

Кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігі 1-суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторға тəуелді:

1.        Міндет - өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалды мүмкіндіктерін, сол арқылы, осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.

2.        Жоғары сапа – бағалық емес бəсекеде үлкен мəнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бəсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.

3.        C:\Users\Islam\Desktop\Рисунок1.jpgБаға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сүраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан əлдеқайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бəсеке кезінде төмен баға өнімнің бəсекелік қабілетінің кепілі болады.

Cурет 1 – Бəсекелік қабілеттің кешенді үш факторы

Аталған үш факторды толығырақ қарастырайық. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы жəне тиімді бағасы бар өнім бəсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет.

Кəсіпорынның бəсекелік қабілетіне əсер ететін факторларды техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік-ұйымдастырушылық деп те бөлуге болады.

Техникалық факторлар тауардың техника-конструкторлық сипатын, оның міндеті мен белгілі бір топқа қатысын, адам организмі мен психикасына сəйкестігін бейнелейтін эргономикалық көрсеткіштерін сипаттайды. Экономикалық факторлар өнімді өндіруге кеткен шығындармен, оның бағасымен, тауарды сату кезіндегі шығындармен жəне басқалармен анықталады.

Əлеуметтік-ұйымдастырушылық факторлар тұтынушылардың əлеуметтік құрылымын, олардың ұлттық ерекшеліктерін, өндірістің, өткізудің жəне тауарды жарнамалаудың ерекшеліктерін көрсетеді [3].

Кəсіпорын бəсекелестік күрестегі өзінің нақты мүмкіндіктерін бағалау үшін жəне кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігін арттыратын, табысқа жетуін қамтамасыз ететін шаралар мен құралдарды бағалау үшін өзінің күшті жəне əлсіз жақтарын талдауға үлкен мəн береді. Кейбір ресейлік ғалымдар кəсіпорынның бəсекелік қабілетін оның нарықтағы алатын үлесі арқылы бағалауды ұсынады. Осы арқылы кəсіпорынның нарықтағы бəсекелестермен салыстырғандағы əлсіз жəне ұтымды жақтарын анықтауға, сонымен қатар, нарықтағы үлестері арқылы тез немесе баяу дамып жатқан бəсекелестерін айқындауға да мүмкіндік туады[4]. Мұнда салыстыру белгісі ретінде кəсіпорындардың озық немесе артта қалу өлшемдері алынады (1-кесте).

Кесте 1 - Кəсіпорынның əлсіз жəне ұтымды жақтарын анықтау

Позитив

Негатив

Бізде нақты ұйымдастыру құрылымы бар.

Оларда неғұрлым ұтымды ұйымдастыру құрылымы бар.

Бізде ұтымды ойластырылған басқару жүйесі бар.

Оларда басқару жүйесі мəселелерді шұғыл шешуге мүмкіндік береді.

Бізде жоспарлау жақсы жолға қойылған,т.с.с.

Оларға нарықтың жəй-күйі жөніндегі ақпарат тез жетеді, т.с.с.

Кейбір экономикалық əдебиеттерде кəсіпорынның бəсекелік қабілетін бағалауда SWOT-талдау əдісі қолданылады. Бұл əдістің артықшылығы мынада: кəсіпорынның бəсекелік қабілетін бағалауда, оның қуатты жəне осал жақтарының, сондай-ақ мүмкіндіктері мен қиындықтарының көзге көрініп тұруы (2-кесте).

Кесте 2 – Кəсіпорынның бəсекелік қабілетін SWOT-талдау [4]

Сыртқы орта

 

Сыртқы орта.

 

Қуатты жақтары:

Шағын мамандану. Салыстырмалы төмен тасымалдау шығындары.

Осал жақтары:

Өндірісті кеңейту үшін ақша қаражатының жетіспеуі.

Мүмкіндіктері:

Жаулап алған нарықта бұрынғы ескі ұстанымдарды сақтау.

Стратегия бағыттары: Кəсіпорынның бəсекелік қабілетін арттыру.

Стратегия бағыттары: Шағын маманданудың артықшылығын пайдалану.

Сыртқы факторлар: Импорттық тауарларды əкелу.

Стратегия бағыттары: Сыртқы факторлардың əсері тасымалдау шығындарын төмендету арқылы бейтараптандыру мүмкін.

Стратегия бағыттары: Тұтынушыға тауарларды жылдам жеткізу.

SWOT-талдау əдісі – кəсіпорынның ішкі ортасының қуатты жəне осал жақтарын, сыртқы ортаның əлеуетті қауіп-қатерін жəне талдаудың негізінде кəсіпорынды дамыту мүмкіндіктерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді .

Кəсіпорынның бəсекелік қабілетін бағалауда өзіндік ерекшелігі бар келесі бір əдіс тұтынушыларға сұрау жүргізу арқылы жүргізілетін əлеуметтік əдіс. Бұл əдіс анкеталық сауал бойынша, өтімі көп өнімді (қызмет) анықтау нəтижесінде тиісті шараларды қабылдауға жағдай жасайды. Бұл əдісте бірнеше талаптар бойынша эксперттік баға беріліп, кəсіпорынның бəсекелестерден артықшылығын анықтауға болады.

Кез-келген өнімнің бəсекелік қабілетін əділ бағалаушы – тұтынушы екенін ескерсек, өнімнің сапалық жəне тартымдылық қасиеттерінің деңгейін де тұтынушылар таразысына салған жөн. Тұтынушы талғамы кəсіпорын өнімінің жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, сол нəтижелер бойынша оның нарықтағы бəсекелік қабілетін арттыруда нақты міндеттер белгілеуге мүмкіндік жасайды.

Əдебиеттер:

1.        Моисеева Н.К., Анискин Ю.Г. Современное предприятие: конкурентоспособность, маркетинг, обновления. М.: 1993

2.        Нұрпейсова Р.С. Интегральная оценка конкурентоспособности предприятия. Алматы, Қазақ Университеті, 2005

3.        Porter M.E. Competitive Strategy: Techniques for Analysing Industries and Competitors. N.Y.: Free Prees, 1980, XX, 396 б.

4.        Сухачев Ю.А.,Серов Г.В. Оценка конкурентоспособности продукта. Москва, 1992, 33б.