Экономические науки/13. Региональная экономика

экономика магистрі Қалымбетова С.Д.

магистрант Сейтказиев Қ.Ж.

экономика магистрі      Алтаева Г.С.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

АЙМАҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

           

Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады.

Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б. болып табылады.
           Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.

Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды. 
Қазіргі қоғамдағы жастар рөлі, жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның саяси позициясы мен көзқарасы, білімі мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.

Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен   жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді.

Еңбек ресурстарының тобы ретінде жастарға басты назар аудару, бұл  елдің маңызды ресурсы екені түсінікті болған. Бұл Орал, Сібір, Қиыр Шығыс құрлыстарындағы комсомол отрядтары, тың және тыңайған жерлерді игеру, өнеркәсіпті, экономиканың түрлі салаларын дамытудағы жастар жұмыстарымен расталады. /3/

Соған қарамастан экономика мен еңбек статистикасы бойынша ғылыми жұмыстарда, біздің ойымызша,  еңбек ресурстарының бұл тобы жеткіліті зерттелмеген. Негізінен тек «еңбек ресурстары» деген түсінік пайдаланып келеді, ал жастар оларда жас өзгешелектері бойынша  ерекшеленеді.  Сондықтан еңбек ресурстары тобы ретіндегі «жастардың еңбек ресурстарын» ғылыми зерттеу  өзекті міндет болып табылады.

Экономикалық тұрғыда жұмыссыздық еңбек рыногындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы арасындағы  сәйкессіздікті көрсетеді. Және де бұл сәйкессіздік  сандық және де сапалық та болуы мүмкін. /2/

Еңбек рыногы мынандай жүйелерді қамтиды: жұмыскерлердің жалдану жүйесі, олардың еңбегін толық және ішінара пайдалану, азаматарды жұмысқа орналастыруға көмектесу және  жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жүйелері. Еңбек рыногы бұл  әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, миграциялық және тағы да басқа  мәселелердің  кең ауқымы және  де осы мәселелердің  шешілуі адам мен қоғамның  өмір сүруін анықтайды.  Жұмыс орны  кезегінде  өмір сүрудің материалдық-заттық факторы болады және де  мемлекеттік реттеуді қажет етеді.

Қазақстандағы  еңбек рыногына тән нәрсе ол  республиканың аймақтар еңбек рыноктарының  күрделі дифференциацияы және  контрасттары. Сондықтан да  еңбек рыногы және  жұмыс күшінің  жұмыспен қамтылу мониторингі, ал одан кейін макро деңгейде  бірыңғай  стратегияның  жасалуы аймақтардағы  жұмыспен қамтылуды  зерттеуінсіз және талдауынсыз болмайды. Республика экономикасын  реформалаудың қазіргі  кезеңінде  үлкен мағына әлеуметтік мәселелерді шешуде  аймақтардың белсенділеуіне беріледі.  Әсіресе басымдылықты  толық продуктивті жұмыспен қамтылу болып отыр. Ол кедейшіліктің азаюы  және әлеуметтік  шиеленісудің төмендеуіне нақты алғышарттар  жасайды.

Жұмыскерлердің жұмыстан босау, жұмыс орындарының және еңбек ресурстарының балансталуы мәселелері баса назар аударуды талап етеді. Рыноктық өзгерістер жағдайында жұмыстан босау экономиканың дестабилизациясы,  өндірістің төмендеуі  нәтижесінде  болып отыр. Жұмыс орындарының және жұмыс күшінің теңгермелеуі барлық түрлерінде  күшеюде: салалық та, территориялық та және кәсіби де.

Республика бойынша жұмыссыз жастардың кәсiптiк-классификациялық құрамын тексергенде, олардың үштен бiрiнiң мамандықтары инженерлiк-техникалық және гуманитарлық салаларынан болып шыққан. Жұмыссыз жастардың 8,3%-ы жоғары бiлiктi, дәрежелi маман жұмысшыларды құраған. Осылайша, жастардың жұмыс бастылығының, әсiресе жастардың арасындағы жұмыссыздықтың үздiксiз өсуiмен қоса, ұзақ мерзiмдiлiгiне байланысты анықталған тенденциялар, оның қазiргi жағдайына оптимистiк тұрғыдан баға беруге негiз бола алмайды, яғни жағдайдың бiрқалыпты емес екендiгiн көрсетедi.

Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып,  жұмыскерлер мен жұмысберушілер арасында  құқықтық нормалар мен қатынастардың   сақталуына бақылауды жүзеге асырады.  Осыған байланысты  мұнда  еңбек нарығының  нормативтік-құқықтық  базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты  институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар үшін, бір жағынан,  мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан,  түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде  жұмыспен қамту қорлары құрылатын  жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты.

Жастардың заманауи еңбер нарығының қалыптасуына ықпал ететін  факторлардың келесі тобына әлеуметтік-психологиялық фактор жатады.  Олардың ішінен  кәсіптік бағдар беру, кәсіптік оқыту, бейімделу, мамандықтың беделділігі, еңбек сипатының мазмұны,  еңбек қызметінің сипатын ауыстыруға дайын болу, оқу мен жұмысты  қатар алып жүру мүмкіндігі, сондай-ақ  кәсіби өсу келешегі.

Жастардың кәсіптік бағдарлану үдерісі жалпы білім беретін мектепте өтеді, олардың көпшілігі  оны бітіргеннен кейін  кәсіптік оқудан, онан соң кәсіпорында еңбекке бейімделуден өтеді.

Кәсіптік бағдар беру шараларын өткізгенде жастарда болашақ кәсібін таңдауға әсер ететін уәждер пайда болады, оларға, біздің ойымызша, мыналар жатады:

1.     отбасының ересек мүшелерінің позцициясы;

2.     отбасылық емес қатынасу шеңберіндегі қатарластары, достары, жолдастары;

3.     оқытушылардың, тәрбиешілердің, мектеп психологтарының  және т.б. пікірлері;

4.     аталған сәтке қарай  қалыптасқан оқушылардың жеке кәсіптік  жоспарлары;

5.     іс-әрекет субъектісі ретінде жас адам дамуының қол жеткізілген деңгейі, қабылеті, ептілігі;

6.     кәсіптік бейімделу және адамдармен қарым-қатынасқа түсу  тұрғысында өзінің мүмкіншіліктерін  жеткілікті бағаламауымен немесе, керісінше, асыра бағалауымен  байланысты, жас адамның  қоғамдық  мойындауға ұмтылу деңгейі;

7.     болашақ мамандығы туралы шешімдер қабылдау үшін  негіз болап табылатын ақпараттардың толықтығымен және айқындылығымен байланысты хабардарлылық;

8.     осы немесе басқа қызмет түрлеріне бейімділік;

9.     әке-шешенің кеңесі, достарының үлгі болуы, мектептің ұсынуы, жұмысты оқумен қоса алып жүру, тұрғын жай немесе жатақхана беру мүмкіншілігі;

Бұған сондай-ақ жекелеген салалардағы және жекелеген кәсіпорындардағы  және т.б. жалпы техникалық және санитарлық-гигиеналық деңгейіне байланысты еңбекке ақы төлеу мен еңбек жағдайлары жатқызылуы мүмкін.

Мамандықтың беделді болуымен қатар жастарды  жастардың өзінің  біліктілік деңгейіне,     оның көлеміне, күрделілігіне және механикалану деңгейіне  байланысты болатын еңбек сипаты мен мазмұны қызықтырады.

Жоғарыбілікті және көпфункционалды еңбек  өзінің мазмұны бойынша қызығырақ болып табылады, бірсарындылықтың азаюына әкеледі және  жас адамның  кәсібилігінің артуына ықпал етеді, сондай-ақ  еңбек үдерісінің өзінен  қанағаттану дәрежесінің дамуына ықпал етеді.

Егер еңбек  қызықты және мазмұнды болмаса, онда жастар  қызмет сипатын өзгертеді. Жастардың еңбек нарығын  қалыптастырудың аталған әлеуметтік-психологиялық факторы  едәуір дәрежеде  оны жалпы еңбек нарығын  қалыптастыру факторларынан  ерекшелейді. Өз қызметін ауыстыру туралы шешім қабылдауда  жастар шапшаңырақ, өйткені  оның көпшілігі  аға буынға қарағанда  түрлі мәселелермен тауқымет  тартып отырған жоқ.

Оқу мен жұмысты қатар алып жүру  жас адам үшін маңызды болып табылады, өйткені    адамдардың көпшілігі  жас кездерінде білім алады. Алайда жұмыс берушілер бұл жұмыс уақытын жоғалтуға және қосымша шығындарға әкелетін болғандықтан, оқуға байланысты демалыс беруге мардымсыз келіседі.

Карьералық өсу мүмкіндігі  жас адам үшін  еңбек тартымдылығы  шарттарының бірі болып табылады, өйткені  қызмет бойынша көтерілу  жалақының ұлғаюымен, оның қоғамдағы маңыздылығымен және беделділігімен  байланысты.

Жастардың еңбек нарығының қалыптасу факторларының  басқа  тобын  жұмыспен қамту қызметімен байланысты  ұйымдастырушылық фактор құрайды.

Жастарға қатысты  жұмыспен қамту қызметінің іс-әрекеті  еңбек нарығының жай-күйі  мен  жастарға онда бар вакансиялар  туралы  ақпарат жинау және өңдеумен байланысты болуы тиіс. Еңбек нарығының жай-күйі туралы  ақпарат жинау және өңдеу негізінде  жұмыспен қамту  қызметі жұмыссыздарға   оқу және қайта оқуға көмек, олар үшін қоғамдық жұмыстар құру және т.б. ұйымдастырумен байланысты іс-шараларды өткізеді.

Жұмыспен қамту қорын қалыптастыру және пайдалану, әлеуметтік бағдарламаларды  қаржыландыру,  жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, стипендиялар мен т.б. мөлшерлерін  реттеу, сондай-ақ жастарды  кәсіптік дайындау  және жұмыспен қамту қызметтерінің іс-әрекеті көбіне  экономикалық факторлардың әсеріне байланысты.  Жұмыспен қамту қоры, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер мөлшерлері  тиімді инвестициялық және салық саясатын өткізуге байланысты болатын салық төлемдері түрінде алынатын бюджет  қаражаты есебінен қаржыландырылады. /16/

Аймақта инвестициялық белсенділік деңгейінің ұлғаюы және шетелдік, сондай-ақ жергілікті капиталдарды тарту жаңа жұмыс орындарының ашылуына, соның ішінде жастар үшін де жұмысқа орналасу мүмкіндігін туғызады. Басқа факторлардың дамуы да осы экономикалық фактордың оң әсеріне байланысты болады, оларға кәсіпорындардың негізгі қорларының жаңа жабдықтар сатып алу және моральдық тозған ескілерін ауыстырумен байланысты  техникалық және технологиялық қайта жарақтануына жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.

Еңбек нарығындағы еңбек ресурстары оларды ұдайы өндіру үрдісінде  өзгеріп тұратын жастық-жыныстық, сандық және сапалық сипатта болады.  Сондықтан қазіргі еңбек нарығының қалыптасуында демографиялық факторлар ерекше орын алады.

Жастардың жұмыс бастылығын ретке келтiрушi жүйе реттеушiлiк әсерiн тигiзу жұмысбастылықты басқарудың парадигма сұлбасына бағытталған тұтас жүйе болып көрiнуi мүмкiн. Оның мәнi “емдеуде” емес, әлеуметтiк қолайсыз жағдайлардың алдын алуда, сол сияқты жастардың жұмысқа орналасу талаптарын қанағаттандыру мақсатында болып отыр. Жастарды басқару жүйесiнiң негiзiн реттеушi қызметтердiң мақсаттары мен мiндеттерi құрайды. Реттеудiң негiзгi функциялары: алдын алу, терапия, түзету, реабилитацияның маңыздары қаралған. Реттеушi ықпалдардың элементтерi: басқарудың субъект немесе объектiнiң бiлiми құндылық бағыттары, мотивтерi, мақсаттары, әрекеттiк стратегиялары, ықшам социумы түсiндiрiлiп жазылған және атап көрсетiлген. Технологиялық база – нормативтiк, операциялық және инструментальдық блоктармен көрсетiлген. Жастардың жұмысбастылығын басқару жүйесiн қарастыру ұйымдастырылу жүйелерi қорытындылайды. /4/

 

Әдебиеттер:

 

1.Закон Республики Казахстан от 23 января 2001г. №149-II «О занятости населения».

2.Молодёжь Казахстана./ Итоги переписи населения 2008 в Республике Казахстан. Статистический сборник. / Агентство Республики Казахстан по статистике / - Алматы, 2012. – 106б.

3.Кузина Н.А. Система регулирования безработицы. Актуальные проблемы труда и социальной политики.: Материалы региональной научно-практической конференции. Омск, 2003. – б.40-42.

4.О рынке труда и социальной поддержке безработных в Республике Казахстан. Серия 11-13. - Агентство Республики Казахстан по статистике. - 2012. – 216б.

5. Безработное население в Казахстане. Электронная база данных по Республике Казахстан (2012г.). Алматинское областное управление статистики.