Ордабаева М.Қ., экономика факультеті,
қаржы 4 курс
Абжанова А.К., Қаржы магистрі, аға
оқытушы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ҚОР НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қор биржасы қаржы ресурстарын
жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін
ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол
қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып,
экономикалық дамудың қозғаушы
күштерінің бірі болып саналады және инвестициялық
процеске ықпал етеді. Соңғы бірнеше
жыл Қазақстанның қор биржасы үшін
дағдарыстық кезең болып табылады – егер
саудаға байланысты сандық көрсеткіштерге қарайтын
болсақ, бұл жеткілікті деңгейде. Нарыққа
қатысушылар санының да, қолжетімді қаржы
құралдары атауы мен инвесторлардың да қысқаруы
орын алуда.
2011ж.
қорытындылары бойынша, биржа индексінің құлдырау
деңгейі бойынша 100 мемлекет рейтингінде
Қазақстан бірінші бестікке кірді: KASE индексі барлық жеті атаулы акция бағалары бойынша есептелді (қалғандары өтімділік өлшемін
қанағаттандырмайды), жыл қорытындылары
бойынша ол 35,7%-ға азайды. Биржа айналымы 20%-ға төмендеді; акциялар нарығы
ең көп зардап шекті, мұнда
көлемнің құлдырауы 43,2% құрады – бұл кезде, өсу
әлеуетіне ие көптеген қазақстандық компаниялар қаржыландыруда күрделі қиындықтар сезінуде
және олардың көпшілік капитал нарығына нақты
түрде кіру мүмкіндіктері жоқ. Осы жағымсыз беталыстар
2012 ж. да байқалды – Дүниежүзілік экономикалық
форумның әлемдік экономикалардың бәсеке
қабілеттілігінің жыл сайынғы рейтингінде Қазақстанның
72-ші орыннан 51-ші орынға қарқынды көтерілуіне
және 2011 жылы да, 2012 жылы да Дүниежүзілік Банкінің
«Doing business» рейтингісінде Қазақстан әбден лайықты
47-ші орынға ие болғанына қарамастан, ал 2011ж. «Эрнст энд
Янг» компаниясы жүргізілген сауалнама деректері бойынша
қаражаттарын қазақстандық компанияларға
салған кәсіби инвесторлардың басым бөлігі
«өздерінің инвестициялық шешімдерінен айтарлықтай
деңдейде қанағаттанатындығын» мойындады [1].
KASE реттеушісі және
басшылығы заңнамалық, техникалық, технологиялық
базаны жетілдіру, жаңа құралдар мен қызметтерді ендіру
бойынша айтарлықтай күш-жігерін салуда. Биржада бағалы
қағаздармен жасалған мәмілелердің орындалмау
пайызын қағидатты төмендетуге қолжеткізетін жоба («Т+0»
есепайырысу сұлбасы) іске асырылды; биржа IT-технологияларды ендіру
тұрғысынан қарқынды түрде дамуда. Осыған
қарамастан, 2012ж. Қазақстандық қаржы форумында
қор нарығының қызмет етуі, оның
өміршеңдігінің өзі пікірталастар пәніне айналды. Форумға
қатысушылардың басым бөлігінің пікірінше, мемлекеттік
реттеу жүйесінде артып бара жатқан мәжбүрлі
қатаңдату әсерінен, KASE өзінің өмір
сүруін нақты түрде тоқтатуы мүмкін (немесе
әрі кетсе, бірісінің филиалына айналады) [2].
Осыған балама, бірқатар
сарапшылардың ойынша – қор нарығын,
оны сапалы өзге клиенттік базасында дамыта отырып, жаңадан
нақты түрде қайта іске қосу – биржа
қызметін қор нарығының үлгісіне қайта
бағыттау, мұндағы мақсатты инвестор - халық. Осы мәнмәтінде жеке инвесторлардың
құқықтарын – олардың инвестициялық
мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін бастамаға ала
отырып, жетілдіру жолдарын іздеу өзекті әрі талап етілетін болып
көрінеді.
Қор
нарығының барлық қатысушыларының
құқықтары мен мүдделерін қорғау – асыра айтусыз, әлемдік экономиканың іргетасты
негіздерінің бірі болып табылады [3]. Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия
Халықаралық ұйымының (IOSCO) «Бағалы қағаздар саласындағы реттеу мақсаты
және қағидалары» атты базалық
құжатында былай делінген, «реттеу
капиталдың шаруашылықта қалыптасуына және
экономикалық өсуге әрекеттесуі тиіс». IOSCO реттеудің үш негізгі мақсатын белгіледі: а) инвесторларды жаңылыстыратын манипуляциялық,
алаяқтық және инсайдерлік тәжірибесінен
қорғау; б) нарықтардың
адалдығы,
тиімділігі және ашықтығы (нарыққа қатысушылардың теңдігі, ақпаратқа теңдей әрі кең түрде
қолжеткізу,
ұждансыз сауда тәжірибесінің алдын-алу); в) жүйелі тәуекелді қысқарту (бағалы
қағаздар индустриясындағы тәуекелділіктерді тиімді
басқару).
Алайда, қор нарығына
қатысушылардың құқықтары мен
мүдделерін қорғаудың барлық елдер үшін
әмбебап, жалпымен мойындалған ережесі жоқ, шамасы, оның
болуы да мүмкін емес. Әдебиетте орталықтандырылған
немесе орталықсыздандырылған реттеуіштің қайсысы
анағұрлым тиімді болып табылатынына қатысты бірегей пікір
жоқ.
Әлемдік тәжірибеде
инвесторлар құқықтарын қорғаудың
қос әдіснамасының өзінің
артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Егер осыдан он-он бес жыл бұрын көптеген елдердегі реттеуіштердің
басым бөлігі орталықсыздандырылған белгілеріне ие болса, онда
соңғы бес жыл ішінде орталықсыздандырылған реттеу
жүйесі күшті сынға түсті және бүгінгі күні
реттеуді орталықтандыру беталысы байқалуда [4].
Ғаламдық дағдарыс шарттарында сапасы
ұлғайған белгісіздік инвесторлардың қаржы
нарығындағы тәуекелдерін басқару әдістері
тиімділігінің жалпы төмендеуін шарттайды. Бұл орайда, егер ірі институционалды инвесторлар, тәртіп
бойынша, тәуекелдерді басқару жүйесін
жетілдіру үшін қажетті ресурстарға ие болып келсе, онда жеке
инвесторлардың мүдделері дағдарыс шарттарында қосымша
қорғанысты қажетсінеді. Жеке инвесторлардың
мүдделерін қорғаудың ерекше әдіснамасына
қажеттілік делдал қызметтерін ұсынатын көптеген
қазақстандық инвестициялық институттардың
(компаниялар мен қорлардың) қызметтерінде осы
уақытқа дейін орын алған сансыз кемшіліктерімен де
шартталған.
Осындай
шарттарда қор биржалары, инвестициялық компаниялар мен
қорлары олардың құқықтарын
қорғау бойынша қосымша күш-жігерлерін салулары тиіс. Инвесторлардың қаржы
нарығындағы мүдделерін қорғау мәселелеріне
Қазақстанда ерекше назар аударыла басталғанына көп
уақыт өткен жоқ. Осының бірден-бір себебі, біздің пікірімізше, жеке инвесторлардың мүдделерін ескеруге
жеткіліксіз назар аудару болып табылады. Нақ бұл осы
уақытқа дейін шешілмеген мәселенің бір бөлігі
болып табылады [5].
256 бөлшек
инвесторларды – қазақстанның инвестициялық компаниялары
мен қорларының клиенттерін сұрау нәтижесінде алынды.
Сауалнамаға қатысқан тұлғалардың басым
бөлігін 26-35 жас аралығындағы ер адамдары
құрайды, әйелдер тек 36% үлес алды. Инвесторлардың тек 20% 35 жастан
жоғары. Олардың барлығының жоғары,
басымдылықты экономикалық білімдері бар. Сауалнаманың
жалпыланған нәтижелері мынадай:
1. Инвесторлардың абсолютті басым
бөлігінің пікірінше, қолданыстағы
нормативтік-құқықтық актілер тек «ішінара»
ғана мүдделі тараптардың сұраныстарына сәйкес
келеді.
2. Сұралғандардың тек
төрттен бірі ғана өздерін инвесторлардың
құқықтарын қорғау бойынша
қазақстан заңнамасының мазмұны туралы жеткілікті
жақсы ақпараттандырылғанын есептейді; респонденттердің
жартысына жуығы сауалнаманы жүргізу кезінде инвесторлардың
құқықтарын қорғау сұрақтары
жөнінде мүлдем қызығушылық танытқан жоқ.
3. «Инвесторлардың
құқықтарын қорғау бойынша
қазақстан заңнамасында 2011 ж. аяғында қандай
қосымша шаралары бекітілгені туралы айтып бере аласыз ба» деген
сұраққа тәжірибелі барлық инвесторлар жауап
беруге қиналды.
4. «Бағалы қағазға
инвестиция салу туралы шешім қабылдаған кезде, Сіз қандай
ақпарат көздерін қолданасыз» деген сұраққа
жауаптар ішінде ақпарат көзі ретінде реттеушілерден алынған
ақпарат соңғы орында тұр; KASE ақпаратын респонденттердің тек үштен бірісі ғана
пайдалы деп есептейді. Ақпаратты ашудың ең
жоғары деңгейдегі тиімді көзі деп инвесторлар
Ғаламторды есептейді (тәуелсіз ақпараттық
Ғаламтор-ресурстары туралы айтылуда).
5. Сауалнама нәтижелеріне
қарағанда, БАҚ-ғы инвестициялау
тақырыбындағы ақпарат респонденттерге мүлдем жетпейді: респонденттердің үштен бір астамының пікірінше,
мұндай ақпарат мүлдем кездеспейді деп есептейді, тағы жартысының пайымдауынша, ақпарат көзге
түссе де, ол жеткіліксіз дейді және не бары 15% айтуынша, ақпарат жетеді.
6. Респонденттер арасында акцияларды сатып
алудың гипотетикалық жағдайында ең танымал
ақпарат көздері мыналар (бірнеше көзді атап кетуге болар еді): 60% өздері жеке танитын қаржы саласындағы мамандардың
кеңестеріне талғам беруші еді; 48% - акцияларды
сатып алу тәжірибесі бар таныстарының кеңестері; 26% - әдетте қаржы сұрақтарын талқылайтын туыстары
мен таныстарының кеңестері; 22% - қаржы
компаниялары қызметкерлерінің ұсыныстары; 18% - БАҚ-на шығатын қаржы сарапшыларының
кеңестерін тыңдаушылар; 12% - семинарлар мен
оқу курстарында алуға болатын мәліметтерді пайдаланушылар; 8% - қаржы тақырыбына арналған
Ғаламтор-сайттарындағы ақпаратты қолданушылар; 6% - журналисттердің
кеңестеріне немесе жарнамаға құлақ асушылар, 4% - бөлек қаржы компанияларының сайттарындағы
ақпаратқа құлақ асушылар.
7. Респонденттердің төрттен
үшінің пікіріне сәйкес, қазақстандық
инвесторлардың қорғалғандық деңгейі
айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің қор нарығын
реттеуіне тәуелді болып келеді.
Сұралғандардың тек 14% пікірінше, қазақстандық инвесторлардың
қорғалғандығы инвестициялық компаниялар мен
қорлардың бірігу қызметі арқасында жоғарылануы
мүмкін. Бұл кезде, респонденттердің 82% инвестициялық
компаниялардың ішкі бақылау жүйесіне сенім артуда.
8. «Инвесторлар құқықтарының бұзылуына
кімнің әрекеттері ең көп септігін тигізеді» деген
сұраққа жауап бергенде респонденттердің пікірінше, инвесторлар
құқықтарының ең көп
бұзылуының (64-66%) себебі ретінде олардың өз
құқықтары туралы ақпаратқа ие болмағандығы,
сондай-ақ, қазақстан заңнамасының жетілмегендігі
болып табылады; ары қарай, инвесторлар
құқықтарының бұзылуына әрекеттесетін
факторлар арасында – инвестордардың біліксіздігі (38%) және
нарық инфрақұрылымының дамымағандығы (16%),
атқарушы билік органдарының қызметі, респонденттердің
пікіріне сәйкес, инвесторлар құқықтарын ең
төмен деңгейде болуы (12%).
Қазақстанның
қор нарығының дағдарысын игеру, жеке
инвесторлардың құқықтарын қорғау
жүйесін жетілдіруден бөлек, олардың
мүдделерін есепке алуға ерекше назарды көздейді. Біздің пікірімізше, «халықтық IPO» бағдарламасының аясында шығарылуы жоспарланатын
ұлттық компаниялардың акциялары
осы өлшемдерге кірмейді. Алайда, осы
өлшемдерге өз өнімдерін ішкі нарыққа жеткізетін
көптеген қазақстандық компаниялары сәйкес келеді.
Сондықтан, жеке нарыққа және негізгі эмитенттерді
мүлдем өзгеше іріктеуге епкін жасай отырып, қор
нарығының сапалы басқа үлгісін әзірлеу
қажет [6].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Кохен Д. Психология фондового
рынка: страх, алчность и паника. - М: Интернет-трейдинг, 2004. - 364с.
2. Батищева
Т., Иващенко О. С первой попытки.
Интервью с вице-президентом Казахстанской фондовой биржи А. Цалюк // «Эксперт Казахстан» -
2012.- №28-29 (370) – с. 8-12.
3.Сайт Международной
организации комиссий по ценным бумагам (IOSCO) http://www.ioscoroads.org/
4.Защита прав инвесторов в сфере рынка ценных
бумаг /под ред. М. К. Треушникова
– М.: Издательство: Городец, 2009. – 400 с.
5.Основы государственного регулирования
финансового рынка: Учебное пособие для юридических и экономических вузов/
А.Рот, А.Захаров, Я. Миркин и др. -2-е изд., переработанное и дополненное. -
М.: Юстицинформ, 2009. - 624с.
6.www.kase.kz/kz