Жакупова Т.А.
А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті,Қазақстан
Экономика факультеті, 2 кус студенті
Қайырбаева Г.Қ.
А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті,Қазақстан
аға оқытушы
Қазақстан Республикасының несие жүйесі
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне
қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік
мекемелер қамтылады. Әр елдің ізіндік ерекшелігене
қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы
қалыптасады.
Несие - бұл пайыз төлеп қайтару
шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға
берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Оны
барлық шарушылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет
те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Мемлекеттің несие жүйесінде
коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз
капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты
іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі
бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит
кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып
алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген
қаржылык қызмет көрсетеді.
Зерттеу заты
сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік
қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы
жатады.
Қарыз
беруші-қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы.
Қарыз беруші- бұл уақытша пайдалануға қарыз
беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік
емес мекемелер, мемелкет, шаруашылық субъектілер және халық
жатады.
Қарыз алушы-
бұл несиені алушы және қайтаруға міндетті, неселік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз
алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де олардың
түсініктері әр түрлі. Борыш бұл тек қана
экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық
қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте
ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға. Қарыз
беруші және қарыз алушымен қатар несиенің
ққрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру
объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни
қарызға берілген құнды білдіреді [1].
Несиенің
экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады.
Несиенің
формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының,
олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан
сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де,
несиенің формасы сол күйіңде сақталады.
Отандық
және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын
кездестіруге болады (сурет).
Коммерциялық несие


Сурет. Несие формалары
Коммерциялық
несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға
қарызға берген тауарын білдіреді. Коммерциялық несие -
бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған,
экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы
формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты -
тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу
болып табылады.
Банктік
несие - бұл банктік мекемелерден қарыз сұраушыларға
ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие -
бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік
келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы
қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез -келген занды ұйым болып
табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты -
бұл пайыз түрінде табыс алу.
Тұтыну
несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын
сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді
өтеуге берілетін несиені білдіреді. Тұтыну несиесінің, басты
тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға
бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай
несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге
алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем
қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік,
әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында
пайда болуда.
Мемлекеттік
несие - мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының
өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын
заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын
несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді. Мемлекеттік несиенің
негізгі формаларына: мемлекеттік облигациялық зайымдар, қысқа
және орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер және
басқада мемлекеттің бағалы қағаздары жатады.
Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан қысқа және орта
мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу
мақсатында шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің
шығарылу мерзімі: алты ай, он екі ай және үш жыл мерзімді
құрайды. Бұл жағдайларда мемлекеттің рөлі
қарыз алушы ретінде болады себебі, қарыз беруші - заңды
және жеке тұлғалар. Халықаралық несие - валюта
және тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ, пайыз төлеу
шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық
қатынастар аумағындағы қарыз капиталының
қозғалысын білдіреді.
Ипотекалық
несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын
үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге
ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді. Ипотекалық
несие көбіне ипотекалық банктер арқылы беріледі. Біздің
отандық банктеріміздің, тәжірибесінде ипотекалық несие
беру барысы енді ғана дами бастады. Алғашқы ипотекалық
несиелер АҚ Центркредит банкімен өз қызметін біріктірген
«Тұрғын-үй құрылыс банкінен» берілген болатын.
Кәсіпорындарды
және басқа да ұйымдарды өндірістік және
әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты банктік несиені беру,
несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде
жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні
және мазмұны, сондай-ақ несиелік қатынастар
төнірегіндегі объективті экономикалық зандардың талаптары
көзделеді [2].
Несиенің
берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық
өзара байланыстарды алып жатқан күрделі
құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің
экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей
ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын
анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді
ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
несиенің мақсаттылығы; несиенің мерзімділігі немесе
қайтарымдылығы; несиенің ақылылығы; несиенің
қамтамасыз етілуі; несиенің сый ақылылығы.
Несиелеудің
соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде
бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады.
Мұндай жағдайда несие, сыйақы ретінде ешқандай да
қамтамасыз етілмеген түрде беріледі. Жалпы несие жүйесінде
несие саясатының рөлі өте зор, яғни несиелік
ұйымдарда тұлғаларды несиелеу жүйесі несие саясаты
арқылы жүзеге асады.
Несиелік
саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс тандай білуіне, сондай-ақ, несие
беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші
реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының
несиелік қабілетін қарап «өз клиентің»
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік
саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс
санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалы,
кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым
қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ
мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, ғылыми-техникалык жаңалықтарды
енгізуге) берген қолайлы [3].
Жалпы
банктің несиелік саясатын несиелік қатынастарының
субьектілеріне байланысты заңды тұлғаларға
қатысты және тұрғындармен
қарым-қатынасындағы банктің, несиелік саясаты деп
қарауға болады. Біздің елімізде несиелік саясат
әлеуметтік потенциалға ие бола отырып, тұрақты даму
үстінде жаңа экономикалық қатынастарды, оның
ішінде банк пен жеке клиенттер арасындагы қатынастарды қатынастарды
қамтуда.
Қорытындылай
келе, қазіргі таңда несие Қазақстан
Республикасының несие жүйесі жақсы дамып келе жатыр. Мысалы,
осы уақытта баспанаға мүдделі азаматтарға
ұзақ мерзімді несиеге «Тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі» көмектесуде. Осы несие бойынша,
халық кезекке тұрып, белгілі бір уақытта, белгілі
көлемдегі ақша қаражатын банкке төлейді. Уақыты
келгенде банк халықты пәтермен қамтамасыз етіп,
төленбеген қалған ақшасын өзі қосып
төлеуге көмектеседі. Бұл бір жағынан тиімді де.
Адамның
төлем қабілеттігін дұрыс зерттемей, несие беру мүмкін
емес. Соның арқасында, осы кезде банктердің үмітсіз
несиелерінің көрсеткіштері жоғары. Осы жағдайды
әрі қарай қарастыру керек.
Қорыта
айтқанда, несиелік саясаттының несие жүйесіндегі
мақсаты тартылған қаражаттарды тиімді орналастыруға
жағдай жасау, банк пайдасының тұрақты өсімін
қамтамасыз ету.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу
құралы / Көшенов Б.А. - Алматы: Экономика, 2000
2. Мақыш С.Б. Коммерциялық Банктер операцияоары. – Алматы,
Қазақ Университеті, 2007
3. Ақша,несие,банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. -
Алматы: Экономика, 2001