Автор:Сағындықова.С.Т-Ш.Есенов атындағы университет магистрі
Сапа басқару жүйесінің
құжаттармен қамтамасыз етілуі
Сапа басқару
жүйесінің құжаттармен қамтамасыз етілуі
біріншіден,сапа жүйесінің әдістемелік құжаттарын өңдеу
және олардың құрылымын анықтау
керек,екіншіден,сапа жүйесінің негізгі құжаттарын
құру және өңдеу тәртіптерін орнату керек.
Сапа жүйесінің жұмыс істеуі мен құрылуы
және олардың элементтері, талаптары, тәртіптері,
жауапкершіліктері мен міндеттері, сапа басқару жүйесінің ИСО
талаптарына сәйкес құжат түрінде бекітіледі. Бұл
құжаттандырылудың әдістемелік негізін құру
болып реттеу мен жобалау болып табылады, яғни бұл дегеніміз
тұтынушылар мен нарықтың сұранысы бойынша сапа
аймағындағы мақсаттар мен әрекеттерді жақсарту
және сапамен қамтамасыз ету үшін талаптарды
сәйкестендірумен анықталады және бұл ең бастысы
болып қорытынды келісім шарт болып табылады. Сонымен сапа
жүйесінің құрылуын негіздейтін құжат болып
нормативтік-әдістемелік құжаттар болып табылады. Өндіріс деңгейіндегі
мақсатқа сәйкес сапа жүйесі сапа
аймағындағы саясатқа тіркеліп, олардың өнім
сапасын жоғарлатуға арналған ғылыми
технико-экономикалық бағдарлама шараларына, өндірістік
стандарт, техникалық шарт, басқару құжаты,
нормативтік-техникалық және нормативтік-әдістемелік
құжаттарының және басқа да сапа бойынша
құжаттар талаптарына негізделеді. Сапа басқару
жүйесінің жүйелік түрде бұл құжаттар барлық
элементтер мен өнімнің өмірлік циклінің барлық
кезеңдерінде өзарабайланыс және өзараәрекеттерін
реттеуі керек.
Салалық, саларалық,
мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық
деңгейдегі құжаттардың жиынтығы салаларға,
мемлекеттерге негізделеді, ал мемлекеттікаралық ҚР-ның облыстарына негізделеді. Сапа басқару
жүйесінің жұмыс істеуінің басты бөлімі болып сапа
аймағындағы саясаттан басқа, өндіріске сәйкес
құжаттар негізге алынатын құжаттар, жалпы
құжаттар және арнайы құжаттарға
бөлінеді.
Негізге алынатын
құжаттар сапа басқару жүйесінің жұмыс
істеуін және құрылуын, сапа аймағындағы саясатта
құрастырылған жүйелерге сәйкес,
нормативтік-техникалық және нормативтік-әдістемелік
құжаттардың мақсаттарында, өндірісте
қолданылатын құжаттарға сәйкес анықталып
отырады.
Жалпы құжаттар
жалпы жүйелік сұрақтарды шешеді, мысалы, сапа бойынша
жиналыстарды жүргізу, сапа жұмыстарын ұйымдастыру.
Арнайы құжаттар
өндірістегі жүйенің және функциялардың
дұрыс орындалу тәртібін бекітеді. Барлық
құжаттардың жиынтығы өзара байланысып және
келісіліп анықталған өнім түріне және
өндірістің тізілімінде болуы тиіс, бұл сапа басқару
жүйесінің мақсатына жету үшін үлкен
мағынаны білдіреді. Өндірістегі сапа басқару жүйесі,
нормативтік-техникалық және нормативтік-әдістемелік құжаттардың
құрамына сапаны жалпы басқару жүйесінің
құжаттарымен жалпы жүйелі түрде өзарабайланыста
болады, және әр өнімге жүйелік құжаттарымен
әр сапа басқару жүйесіндегі келісілмеген шарт үшін де
құжаттарды құрастырады.
Сапаны жалпы басқару
жүйесінің жалпыжүйелік құжаттары үшін сапа
аймағындағы саясат және негізгі стандарт өндірістік
стандарт - сапа жүйесі болып
табылады.
Сапа басқару
жүйесінің негізгі құжаттарын орындау тәртібі
және құрылымы сапа жалпы басқару жүйесінің
негізге алынатын өндірістік стандартты орындау үшін оларды келесі бөлімдерге
бөлуге болады: жалпы ережелер, сапаны арттыру және қамтамасыз
ету аймағындағы мақсаттары мен мәселелері,
құрылымы, жүйенің процедуралық жұмыстары
және құжаттандырылуы, жүйенің жұмыс істелуіне
және сапаның технико-экономикасын тиімді арттырумен
қамтамасыз ету, жүйенің жұмыс істеуін тиімдірек бағалау
және тексеру, жетекшінің жауапкершілігі, қосымшалар
(міндеттері, стандарттар тізімі, нормативтік-техникалық
құжаттары, нормативтік-әдістемелік
құжаттарының жүйелері.)
Сапа бойынша жалпы
басшылыққа мыналар кіреді: қызметтік сфера мен таралу аймағы;
мазмұны; өндіріс туралы кіріспелік бөлім және сапа
бойынша жетекшінің мәліметтері; терминдер мен анықтамалар.
Сапа басқару жүйесінің негізгі құжаттары болып
процедуралар табылады.[9] Процедуралық құжаттар болып
нормативтік-техникалық құжаттар мен нормативтік-әдістемелік құжаттар,
стандарттар, инструкциялар және тағы басқалар табылады.
Қазіргі кезде сапа басқару жүйесінің
құжаттары өндірістік стандарттарға сәйкес
орындалады.
Амалдарды орындау тәртібі
келесі кезеңде көрсетілген:
- өңдеуге арналған техникалық тапсырмаларды
талқылау және бекіту;
- стандарттарды жобалау пікірін өңдеу;
- жобаны бекіту үшін пікірлерді қайта өңдеу;
- стандарттарды бекіту және оны тіркеу.
Процедуралық
басқару бөлімінің құрамы келесі түрде
бағытталуы мүмкін: оларға, мазмұны, шартты белгілер,
операцияның сипаттамасы, қосымшалар, әдебиеттер тізімі
жатады. Сапа басқару жүйесінің құжаттарының
құрамында басқа да нормативтік-техникалық құжаттар
және нормативтік-әдістемелік құжаттар болуы
мүмкін, мысалы, әдістемелік нұсқаулар, ережелер,
техникалық шарттар, халықаралық стандарттар,
технологиялық карталар және тағы басқалар. Ең
бастысы өнімнің бәсекеге қабілетті және сапа
бойынша барлық жиынтықтар құжат түрінде
құжаттандырылуы керек.
Өнім
сапасын арттыру үшін мақсатты ғылыми
технико-экономикалық бағдарламаның сапасын жоғарлату
үшін өңдеу этапы бойынша жүзеге асырылады. Оларға
өңдеуге дайындау, мақсаттарды анықтау, бағдарлама
шарттарын өңдеу жатады. Әрбір өндіріс үшін
бұл бағдарламаны әр өнімнің түрі үшін
өңдеп жүзеге асыру керек. Белгілі бір мақсатқа
арналған бағдарламаны дайындау кезінде “шежіре” мақсатына
сәйкес қолдану керек.
Осы сапа жөнінде басшылық – Манғыстау облысы Түпқараған ауданы Әкімшілігінің
кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің
(ары қарай – ТАКБ) сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын
анықтайтын негізгі құжат, осы саясатты тарату үшін
әзірленген сапа менеджменті жүйесін сипаттайды.
Сапа саласына мынадай
мақсаттар қойылды:
Сапа
саласындағы саясатпен және ТАКБ жүктелген функциялармен
сәйкестендірілген келесі
мақсаттарды анықтайды:
1)
ТАКБ-мен көрсетілетін үздіксіз
жетілдіру принципін тарататын сапа менеджментінің жүйелерін
құру, енгізу және үнемі жақсарту негізінде
заңнамалық актілермен сәйкестендірілген мемлекеттік
қызметтердің жоғарғы деңгейін қамтамасыз
ету;
2)
«электрондық үкімет»,
менеджменттің интегрированных технологиясы, дайындау
жүйелерінің дамуы, біліктілікті арттыру және
құзыреттілік, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби
өсуі негізінде мемлекеттік қызметтердің нәтижелілігі
мен сапа көрсеткіштерінің жыл сайын артуы;
3)
ТАКБ әкімшілік
құрылымының мемлекеттік саясатпен сәйкестендірілуін
ықшамдау және жетілдіру;
4)
Мемлекеттік, салалық
бағдарламаларды тарату нәтижелілігіне қол жеткізу;
5)
Мемлекеттік қызметкерлермен
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
ар-намыс Кодексі талаптарының орындалуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
6)
Басқа мемлекеттік органдармен,
өзге ұйымдармен және жеке тұлғалармен
Қазақстан Республикасының заңнама талаптарымен
сәйкес өзара әрекеттесуі.
7)
ҚР СТ ИСО 9001 сапа менеджменті
жүйелерінің сәйкестігін растауды сертификаттау органынан 2008
жылы алу.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии: Учебник
для ВУЗов 2-е издание,-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999
2 Мырзабай М.М., Ивлева О.П. и др. Основы стандартизации, метрологии,
сертификации и менеджмента качества. – Алматы: Казахстанская ассоциация
маркетинга, 2003
3 Никифоров А.Д., Бойцов В.В., Инженерные методы обеспечения качества в
машиностроении: Учеб. пособие. – М.: Издательство ст-ов, 1987
4 Огвоздин В.Ю. Управление качеством. Основы теории и практики: Учебное
пособие – М.: Издательство “Декон Сервис”, 1999
5 Спицнадель В.Н. системы качества (в соответствии с международными
стандартами ISO семейства 9000): Учебное пособие -СПб.: Издательский дом “Бизнес пресса”,
2000