Орындаған: Утеуова Л.А.
МПМЕН 13/1
Жетекші: Имашева Ж.Д.
Мекемедегі
басқаруды дамыту жолдары.
Қазақстан экономикасының нарықтық
жүйеге көшуі басқару саласы мен мекеменің персоналын
пайдалануда бірқатар өзгерістер
әкелді. Алғашында,бұл
тек мекемелік сатыда ғана шешілетін мәселе болып
көрінгенімен,нарықтық экономикада осы мәселе
түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Тауар-ақша
қатынасының субъектісі болып табылатын мекеме нарықта
жоғары бәсекеқабілеттілікті және тұрақты
жағдайды қамтамасыз ететін басқару жолын таба білу керек.
Алайда,көп мекемелер,әсіресе ұсақ нысанды мекемелер,
басқаруды жетілдіру жолдары
процесінің қаншалықты маңызды екенін біле бермейді.
Сондықтан да, жұмыс беруші мен жұмысшы,менеджер мен персонал
және басшы мен оған қызмет ететіндер арасындғы
қарым-қатынас бірте-бірте нашарлай түседі. Ал бұл
жағдай мекеменің қызметін жүзеге асыру процесіне
кедергі болып,мекеменің банкротқа ұшырауы немесе
қызметін тоқтатуына да әкеп соғуы мүмкін.Осындай
жағдайға ұшыраған мекемеде қазіргі
нарықтық экономика стандарттарына сәйкес келетін жаңа
басқару жүйелері мен механизмдерін ойлап табу мен оларды тез арада
жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Мақаланың негізгі мәселелеріне қазіргі кезде
елімізде ғана емес, жалпы бүкіл әлемде орын алып жатқан
дағдарыс жатады. Бұл сіз ойлағандай қаржы
дағдарысы емес, мекеме, ұйым басшыларының басқару
жолдарын дұрыс ұйымдастыра біле алмауы дағдарысы немесе сол
таңдалған жолды уақыт өткен сайын, заманына сай етіп
дамыта алмауында. Соның салдарынан, көптеген ұйымдар,
мекемелер, фирма, компаниялар өз қызметін жүзеге асыруды
тоқтата тұруға немесе біржолата тоқтатуға
мәжбүр. Мақалада бұл мәселенің пайда болу
салдары мен оның алдын алу шараларын айқындап көрсетуге
тырыстым.
Бұл
тақырыпты таңдау себебім- Қазақстан
Республикасының жалпы алғандағы экономикалық
жағдайын жақсартуға үлес қосуға
ұмтылысымның бар болуы. Өйткені, Қазақстандағы
бірқатар ұйымдар, көп жағдайда, шет ел мекемелеріне,
немесе мамандарына тәуелді, шет ел мекемелерімен тығыз байланыста
болуы нәтижесінде, шет ел мамандарын мекеме басына тағайындау
жайттары да жиі кездеседі. Демек, бұл Қазақстан
мамандарының шет ел практикасына сүйене отырып, олардың
басқару тәртібін үйрену және пайдалану жолын
қарастырмайды,керісінше, шет мамандарына Қазақстан
экономикасына араласуға жол береді. Алайда, республикамыздағы
көптеген мекемелер басқару жолдарын дамыту, басқарудың
заманауи, дамыған түрлерін ұымдастыру және жүзеге
асырудың қаншалықты маңызды екенін танып біле бермейді.
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын
мақалада мүмкіндігімше көрсете кеттім.
Кез келген
сала немесе қызмет аясындағы коммерциялық жетістіктің
басты факторларының бірі-бәсекеге қабілеттілік. Қазіргі
танда, мекеменің бәсекеге қабілеттілігі оның
қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру технологиясы мен
жоғары квалификацияланған адам ресурсымен қамтамасыз
етілгендігі спасын көрсетеді.
Бәсекеге
қабілеттілік-кең мағынаға ие ұғым,ол
шығарылатын тауар немесе қызмет түрінің
сапалық,экономикалық немесе техникалық сипаттамасын
ғана емес,сонымен қатар,мекеменің негізгі қызметімен
тұспа-тұс жүретін процестерді білдіреді.Тауар
бағасы,жету мерзімі,логистика,жарнама,қызмет көсету
және т.б. тікелей мекемедегі басқару жүйесін жетілдіру,дамыту
және оларды тауарды шығару кезінде ғана емес,одан кейінгі
сатыларда да нәтижелі түде қолданумен тікелей байланысты.
Менің
пікірімше, мекеме қызметінің үлкен жетістіктерге жетуі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі тікелей мекеме
жұмысшыларымен байланысты,яғни оларды нәтижелі және
қарқынды жұмыс режиміне бағыттау,баулу және
оларды менеджменттің 5 басты функцияларының бірі
мотвациялауға байланысты. Демек,өз мекемесінің
нарықтық экономикада тұрақты жағдайға ие
болғанын талап еткен,мекеме қызметінің қарқынды
дамуын және пайда мөлшерін көбейту мақсатын көздеген қандай да бір басшы
бұл процесті мекемені/персоналды басқару жүйесін жетілдіруден
бастауы тиіс. Әрине,өндірісті жобалау мен
ұйымдастырудың нақты қағидалары мен
жолдарының рөлі ерекше,дегенмен де, мекеменің дамуы
нақты бір адамдар тобымен тығыз байланысты, дәлірек
айтсақ,олардың біліміне, квалификациясына, тәртіп
сақтауына, оқытуға бейімді болуына және тез арада
дұрыс шешім қабылдай білуіне тұспа-тұс келеді. Сонымен
қатар, кәсіпкерліктің ең қиын және
жан-жақты мәселелерінің бірі – еңбек қатынасы.
Әсіресе, мекеме штаты ондаған,жүздеген,мыңдаған
адамнан тұрған жағдайларда. Еңбек процесін
ұйымдастаруда да бірқатар қиыншылықтар тудыратын да осы
еңбек қатынасы болып табылады. Кадрларды жинау, іріктеу, дайындау,
оқыту және қайта оқыту, еңбек жалақысын
төлеудің тиімді жүйесін табу, мекеме ішінде әлеуметтік
ынтымақтастық жағдайды қалыптастыра білу және
т.б. мәселелер- кез келген басшының алдында кездесетін жайт.
Бұл жайттарды біржолата тоқтату немесе олардың алдын алу
үшін еңбек қатынастары үрдісін дұрыс
ұйымдастыра білу қажет яғни мекеме штатын жаңа
басқару жолдарын пацдалану арқылы нәтижелі қызметке
бағыттау.
Мекемедегі басқару жолдарын
дамыту немесе басқарудың жаңа бір түрін табуды неден
бастасақ деген сұрақ туындайды. Менің пікірімше,заманауи
басқаруды келесідей кезекпен құраған жөн:
-
Ең бастапқы қадам- бұл басқаруды заман
талаптарына сай жүзеге асыру. Айталық, Кеңес Үкіметі
кезіндегі өндірістерді басқару мен қазіргі басқаруды
салыстыру мүмкін емес. Өйткені, жоғарыда айтып кеткендей,
экономиканың нарықтық жағдайға өтуі
бірқатар өзгерістер туғызды. Яғни, қандай да бір
мекеме,ұйым өзін-өзі сақтап қалу, нарықта
тұрақты жағдайға ие болу және сол жағдайды
ары қарай дамытып, біржолата қалыптасқан мәртебеге
қол жеткізу қажеттігі қазіргі таңда көптеген
мекеме, ұйымдардың басты мақсаты.
-
Екінші қадам- бұл мекемедегі штат мәселесін
қалыпқа келтіру, яғни жұмысшы кадрларын дұрыс
іріктей білу. Олардың кәсіби білімдері мен квалификациясын
санамағанда, оларды дайындау немесе оқыту, олардың
өзгерістерге тез бейімделе білуі және тез арада
қойылған мәселеге шешім таба білуі деген сияқты
факторлар есепке алынуы тиіс. Мұндай штат тағайындалғаннан
кейін, олардың арасындағы еңбек қатынастарын да
қадағалап отыру. Өйткені бұл- мекеменің биік
жетістіктерге жетуінің бірден-бір себебі деп айтсақ
жағылмаймыз.
-
Үшінші қадам- шет ел тәжірибесіне сүйене отырып,
жергілікті заңнамаға қайшы келмейтін тұстарын белгілеп,
өз мекемемізде жүзеге асыру. Өйткені, қазір еліміздегі
мекемелердің басында, шет ел ұйымдарын санамағанда,
өзге мемлекет менеджерлері қызмет етеді. Оның өзі
бірқата сұрақтар туындатады.Өзіміздің
мұнайлы өлкемізді алғанда да, көптеген мұнай
компанияларының топ-менеджерлері де шет ел азматтары, соның ішіне
Ұлттық Мұнай Компаниясы да кіреді. Бұл жағдайды
болдырмау- мықты шет елдік ірі мекемелер мен ұйымдардың
тәжірибесіне қарай отырып, өз алдына дамыған
басқару стратегиясын жоспарлауды қалыптастыру.
Әрине,бұл өзге мемлекеттермен экономикалық қатынастарды
толығымен тоқтату дегенді білдірмейді, керісінше олармен
Сыртқы Экономикалық Қатынастарды нығайту
мақсатымен сыртқы экономикалық мәмілелерді жасасуды
білдіреді.
Қазақстандық
мекемелердегі басқару жолдарын дамытудың тағы бір
әдісініе мекеме мәдениетін жатқызуға болады.
Қайта құру кезінде қалыптасып қалған
мәдениет ұйымның алдына қойған мақсаттарына
жетуін тежейді. Сондықтан да, басқару жолдарын дамытуда мекеме
мәдениетіне үлкен көңіл бөлінуі керек.
Басқару жүйесін жетілдірудің маңыздылығын
оның келесідей функциялары дәлелдейді:
-
Жұмысшыларды (персоналды) жоспарлау
функциясы;
-
Жұмысқа қабылдау және ол жөнінде есеп
жүргізу функциясы;
-
Жұмысшылардың мотивация және әлеуметтің даму
жағдайын басқару функциясы;
-
Персоналды басқаруды құқықтық
және ақпараттық қамтамасыз ету функциясы;
-
Қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету функциясы;
-
Сызықтық басқару функциясы.
Осы аталған
және өзге де жағдайларды ескере отырып, басқару
жолдарын дамытудың бірнеше қадамдарын бөліп көрсетуге
болады. Жоғарыда аталған
жолдар мен функциялар басқару жолдарын дамытып, оның
алға қойған мақсаттарын орындап, нарықтық
экономикада орнықты позицияға ие болуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
· Сланченко Л.И.
Основы экономики общественного сектора. Краснодар,2012.
· Базаров Т.Ю.
Управление персоналом. Москва,2009. 559 с.
· Мескон М.,Альберт
М.,Хедоури М. Основы менеджмента. Москва,1998.