История/2. Общая история

 

 

Ахметова Қ.Д. Ю-31к тобының студенті

Ғылыми жетекші: Туякова А.Е. т.ғ.к., доцент

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСҚА ДЕГЕН ЖАСТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

 

Соғыстың шығу себептерін, басталу мен аяқталуын, келтірген зияны мен қайғы қасыретін, осы тұстағы және онан кейінгі халықаралық қатынастардың құлдырауы мен дамуына сараптама жасалаып, баға беріліп жатады. Білмгенімізді түзеткіміз келеді. Соның барлығы да азамзат баласы тыныштықта, бір-бірімен тату-тәтті, бейбіт, аман-есен өмір сүрсе екен, өткен тарихта ақтаңдақтар болмаса екен, бүгінгі ұрпақ, кейінгі келер келешек осынау қанды қырғындар себептерінен үлгі өнеге алса екен деген ниеттен туынайды.

Алайда қолында әлемді еңсерер билігі бар, қару-күші бар, жаһанды жалпағынан басып үйренген ірі мемлекеттер өткен тарихтын өңін өзгертіп, өз ыңғайларына қарай бұрмалап пайдалану жиі ұшырасып отыр. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталды. Соғыс өртін тұтатқан Гитлерлік Германия тұтқиылдан шабуыл жасап  Польшаға басып кірді. Кеңестер Одағы 17 қыркүйек күні Шығыс Польшаға шабуыл жасайды. Кеңестер Одағы Сыртқы істер халық комиссары В.М.Молотов соғыс басталғаннан кейін бір апта өткенде Гитлерді «табыстарымен» құттықтаған екен.

Бұл соғыстың басталуының алғы шарттары бұдан бұрын-ақ қаматамасыз етілген болатын: 1931-1932 жылдары Жапония Солтүстік Шығыс Қытайды басып алып, 1937 жылы Орталық Қытайға басып кіріп, 1939 жылы Моңғолия шекарасына жетті. 1935 жылы Италия Абиссинияға шабуыл жасады, ал Германия 1938 жылы Австрияға басып кірді.Міне, бұлардың бәрі агрессорлар қимылының біртұтас тізбегінің буындары, олар бірте-бірте фашистер шапқыншылығының ортақ тасқынына айналды да, сайып келгенде, іс жүзінде бүкіл дүниежүзін қамтыды. Ал Кеңестер Одағына қарсы соғысты фашистік Германия 1941 жылдың 22 маусымында бастайды. Бұл соғыс 1945 жылдың 9-мамырында Германияның күйретіле жеңілуімен тамамдалды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлшегі ғана болғандықтан оны Екінші дүниежүзілік соғыстың  аяқталуымен әсте шатастыруға балмайды. Біздің «Ұлы Отан соғыс» деп айдарлап жүргеніміз Екінші дүниежүзілік соғыстың 1941-1945 жылдар аралығындағы Кеңестер Одағы тікелей қатысқан соғыс кезеңі болса керек. 1945 жыл 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта Кеңестер Одағы, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.

Кеңестер Одағы мен фашистік Германия арасындағы соғыс осылай аяқталғанымен Екінші дүниежүзілік соғыс жүріліп жатты. 1945 жыл 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласына – Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. Екі қаланың 500 мыңға жуық бейбіт тұрғыны қырылып қалды. 9 тамызда Кеңестік Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы Халхинғолда соғысқа араласты. Олардың құрамында да  қазақ азаматтары жан беріп, жан алысты. Алайда олардың есімі бұл күндері тым күңгіртеніп барады. 1945 жылы 2 қыркүйекте американдық «Миссури» линкорының бортында милитаристік  Жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.

Сөйтіп, 1939 жылы 1 қыркүйекте баталған Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталған. Мінки, осы күнді, мынау жаһандану дәуірінде әлем халқы ерекше белгілеп, атап өтер даталы күнге айналдырса құба-құп болмас па?! Екінші дүниежүзілік  соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысқан. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, соғыста 70 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 20 млн. азаматтары.  Қазақстандықтар да барлық кеңес халқымен бірдей  ортақ жауға қарсы күреске жұмылдырылды. Соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттерін атқарды.  Солардың тең жартысына жуығына туған жердің топырағы бұйырмады, жау шебінде шейіт болды.  Олардың ерлік Рухы біздің жүрегімізде мәңгі сақаталады.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Анасын баласынан, баласын әкесінен, жарын сүйгенінен айырған қанды қырғынның тигізген зардабы да өте ауыр еді. Бұл соғысқа әлемнің 61 мемлекеті қатысты. Соғыс жылдарында 70 млн-нан астам адам өлді. КСРО жағынан 26 млн. адам қаза болды. Германия барлық майданда 12 млн. адамынан айрылды. АҚШ-тың 405 мың адамы, Ұлыбританияның 375 мың адамы өлді [1,47б].

Қазақстан соғысқа 1.366 мың адамды аттандырды. Отан қорғауға 5183 қыз-келіншектер қатысыпты. Соғыс кезінде республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екі артиллериялық, 4 минометтік, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальон құрылып, майданға жіберілген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601.011 адамын қалдырып, елге оралған. Оның ішінде туған жеріне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 130 мың адамды құрайды.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталды. Соғыс өртін тұтатқан Гитлерлік Германия тұтқиылдан шабуыл жасап, Польшаға басып кірді. Кеңестер Одағына қарсы соғысты фашистік Германия 1941 жылдың 22 маусымында бастайды. Бұл соғыс 1945 жылдың 9 мамырында Германияның күйретіле жеңілуімен тәмамдалды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлшегі ғана болғандықтан, оны Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен әсте шатастыруға балмайды. Біздің «Ұлы Отан соғыс» деп айдарлап жүргеніміз Екінші дүниежүзілік соғыстың 1941-1945 жылдар аралығындағы Кеңестер Одағы тікелей қатысқан соғыс кезеңі болса керек. 1945 жыл 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта Кеңестер Одағы, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде Актіге қол қойды. 2 қыркүйек – Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні. 2 қыркүйек – қан сасыған даланың, құшағына өліктерді құшудан шаршаған Жер Ананың жай тапқан күні. Дәл осы күні 2-ші дүниежүзілік соғыстағы не бары үш аптаға созылған аса маңызды операциялардың бірі сәтті аяқталып, Жапонияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды. Ұлы Отан соғысында әбден шыңдалған Кеңес армиясы мақтаулы Квантун армиясының тас-талқанын шығарды. Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Отан үшін отқа түскен аталарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың туған жеріне деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен адамгершілік негізі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа жалпы 35 миллион адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы - отандасымыз. Ұрыс даласында Сыр өңірінен 70 мың жауынгер аттанып, оның 30 мыңы елге оралмады. 9 мыңға жуық қызылордалық түрлі наградалармен марапатталса, 22 жауынгеріміз «Кеңес одағының батыры» атағын иеленді [3,121б].

Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанан кейн нәтижесінен мынаны көруге болады. Бұл соғыс қатал, қанды майдан әлемге сабақ болды. Екінші дүиежүзілік соғыстың өз алдына кемшіліктерімен осынын арқасында түсінген артықшылықтарын ашып көрсетті. Қазіргі дамыған мемлекеттің деңгейіне жетуге септігін тигізді дейге болады. Осы соғыста мемлекеттерде экономикалық жағынан құлдырап, халық ресурстары төмендесе, бирак бұнын қазіргі көз қараспен қараса оның экономикасының төмендеуі қайтадан жаңа әдіс арқылы оның даму жолдары шықты. Екінші дүниежүзілік нәтижесінде, Үшінші дүниежүзілік соғыстың болмайдың бүкіл әлем болып болдырмаудың алдын алатын ұйымдардың саны көбейіп ол қазіргі таңда экономикалық қай жағынан болмасын көтеруге көмектеседі. Қазіргі заман жаңа технологияның дамыған заманы Екінші Дүниежүзілік соғыс сияқты тағы бір соғыс болса онда жер бетінен адамзаттың жоғалып кетуі ғажамп емес.

Енді келесі мына сұраққа назар аударсақ димин. Ол Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Кеңес үкіметінің жеңіске жетуіне қандай факторлар әсер етті дегенге тоқталсақдимиін. Дұрыс саяси көз-қарастағы халықтың мүддесін қорғайтын И. В. Сталин мен Г. К. Жуков сияқты басқарушы тұлғалардың арқасында.

Әр ұлттың, әр халықтың патриоттық сізімінің күшті болуы. Кадрлық дайындық бөлімінің жоғары болу.Осы жоғарыда аталғандарға нақты тоқаталатын болсақ біріншіден, И.В.Сталин ол өз халқына сендіоның ділелі өзі айтқан сөз «Сила русского народа состоит не в его численности или организованности, а в его способности порождать личности масштаба» және ол өзине керек бағытын нақты халыққа жеткізе білді, ал осы тұрғыда Г.К. Жуковта сол бағытты устанды және өздерінін сенімдері барлық халықтыда ерите білді[1,88б]. Тіпті Аристотель былай деген болатын: «Жеңу үшін дұрыс мақсат болу керек, және сол мақсаттың шегі болу керек» деген, сонда ғана сен соған жетесін деп айтқан. Осы соғыста Герман мемлекетінің солдаттары бізідің жерге киргенен кейн баладан бастап кариге шейн қаталдықпен қырған болатын. Ал бізде тіпті олардың жерін басып кіргенен кейн И.В.Сталин олардың баласы мен айелдерін өлтіруге рұқсат бермеди.

Екінші әр ұлттың және халықтың патриоттық сезімдерінің арқасында, еліне жеріне деген сүйіспеншілігінде. Олар аянбай жастар жас болсада жауға қарсы шыға білді. Оған дәлел Г. К. Жуковтың сөзі : «Молодежи нашей страны нужны высокие и благородные цели. Таков менталитет! В Красной Армии летчики, исчерпав другие возможности отразить врага, шли на таран вражеских самолетов (свыше шестисот зарегистрированных случаев); солдаты закрывали своим телом амбразуры вражеских огневых точек, чтобы содействовать успеху боя, спасти товарищей (свыше двухсот человек разных национальностей). Мы победили потому, что у нас был лучший молодой солдат. Когда война пошла вовсю, когда мельница заработала, все решил молодой, обученный, идеологически подготовленный солдат» [5,58б].  

Ең ақырғысы кадрды дайындау бөлімі жоғары болды. 1941 жылы Қызыл Армияда 18-21 жас аралығындағы бірнеше мыңдаған жастарды дайындап соғысқа жіберу өте жоғары деңгейде болды. Бұл көрсеткіш 1939-1940 жылға қарағанда 2,6 есе жоғары болды [4,613б].  . Осыдан жастар біздер өзімізге қорытатын болсақ. Әр қашанда өз еліңе адал қызмет жасап, патриотты сезімнің жоғары болуын жоғалтпауымыз керек. Осы соғыстың нәтижесінде не нарсенің болмасын қадірін түсіне білдік. Қазіргі заманды осындай әлемнің алпауыттарына жем болмау үшін жаңа технологядағы өз үлесіміз жоғары болу керек. Қазір тек экономикалық жағынан күрес күшті кімнің экономикасы жоғары болады сол әлемді билей алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында. Еліміздің экономикасын көтеру, дамыған 30 мемлекет қатарына қосылу үшін жастарға сенім артуды. Келек ұрпаққа мұра қалдыру ол біздің мойнымызда. Болашаққа деген мақсатымыз бен патриоттың сенімнің еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті дәлелдеу.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том,- 47б

2. П.А.Жилин. О войне и военной историии. М., Наука, 1984 г.-87с.

3. И.С.Киссельгов Франццция в годы второй мировой войны. М., 1975 г.-121с.

4. П.Н.Поспелов, т.б. Совет Одағының Ұлы Отан Соғысы 1941-1945 жылдар. М., 613-бет.

5. А.А.Гречко и т.д. Великая Победа советского народа. М., Наука, 1976г.-58с.