«МОНҒОЛ- ТАТАР» ҰҒЫМЫ

Жумадилова Айнура Абуғалиқызы

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ., Қазақстан

 

Шыңғыс ханға дейін монғол деген халық, ел тіпті жеке тайпа да болмаған.   Байкал көлінің  солтүстік –батысынан Керуленге дейінгі  аралықта өмір сүрген халықтарды  қытайлықтар «татарлар» деген. Олар өздерін «отыз татар», «тоғыз татар» деген. Татарлар бірлескен үш үлкен тайпаға бөлінген.  Ол татар тайпалары ҮІІІ ғасырдағы түрік-орхон жазбаларында кездеседі.  Сонымен, монғолдар немесе сол кезде өздерін татар деп атаған халықтар көпке дейін тайпаларға бөлінді. Қытайлықтар бұл татарларды мәдени белгісіне қарай үш топқа бөледі: ақ татарлар, қара татарлар, аңшы татарлар.

1. Ақ татарлар қытай қорғаны жанында, Оңтүстік Монғолияда тұрған. Оларға қытай- түрік мемлекетінің өркениеті ықпал етті.

2.Қара татарлар қазіргі Монғолияның  үлкен бөлігін алып жатты. Олар түрік мәдениеті ықпалында болды.

3. Монғолдар «орман халықтар» деп атаған аңшы татарлар қазіргі Забайкалье облысы мен солтүстік –батыс Монғолияда рулық жағдайда өмір сүрді.

Қара татарлар мен аңшы  татарлар иелігінің шекарасында, Онынның Делуін бұлтақ  деген жерінде, шамамен 1115 жылы қара татар жанұясында  темучин дүниеге келді. Ол кезде қазіргі Монғолия жерінде  көптеген ұсақ  ру нояндары жеке-жеке ру мен тайпаларды билеп, өзара үнемі бақталас, алыс- жұлыспен өмір сүрген.

Ол кезде «татар» деген атпен түріктерді емес, қидандардың бір бөлігін атаған. Томсеннің айтуы бойынша, татарлар Байкал көлінің оңтүстік –батысынан Керуленге дейін өмір сүрген.  Түріктер монғолдардың қазіргі жер аумағында өмір сүрген. Орхон жазбаларында Өтікен обылысы түріктердің мекендеген жері делінген. Ал «қара татарлар»  атанып жүрген халықтар осы түріктермен араласқан тайпалыр.  Татарлардың бір бөлігі түріктермен араласып, батысқа қарай жылжып отырған. Кейбір құпия жазбаларда Худут ал- алам татарлар тугузгуздардан, яғни ұйғырлардан бөлінген делінген, ал Гордизиде Ертіс жағалауындағы  қимақтардан бөлініп шыққан дейді.  Кейбір шежірелерде 1203 жылы найман мен керейлер мемлекетін жеңгеннен соң,  Темужин өзін 1206 жылы тұңғыш рет Шыңғыс хан деп атады. Сол кезде Шыңғыс ханның  өз гвардиясының  түбірлі құрамы, яғни оның билігінің  негізгі тірегі  құрылды. Әскердің негізі қара татарлар болды.  Оның әскері «мың қол», яғни мың адамнан құралды.  Шыңғыс ханның айтуынша, алғашында оған 13 мың қара татар отбасы  бағынып, мың адам жинап берген. Енді Шыңғыс ханға табынған қара татарлар рулары Шыңғыс ханға мың адамнан әскер топтайтын болғандықтан, өздерін руларының  атымен емес,  топталған әскер атымен «мың қол» немесе «моңғол» деп атап кеткен. Сонымен, Шыңғыс хан заманынан қара татарларда  «моңғол»  деген ат қалыптасты, бірақ олардың арғы тегі татар аты жойылған жоқ.. Олар өздерін монғол- татарлармыз деп жалғастыра берді.

Махмуд қашқаридің айтуы бойынша, Өтікен татар жеріне жатқан. Орхон жазуларына қарағанда, Монғолиядағы Орхоннның жанындағы таулар тізбегі Тотар аталғаны белгілі. Кейіннен «татар- монғол» деген атаудан «монғол» сөзі түсіп қалды да, Ресей, Батыс Еуропа  оқымыстылары османдықтардан басқа түркі халықтарын «татарлар» деп атаған.

«Татар» деген атау  тек қана түркі тілдес халықтарға қатысты, Еділ бойы мен Қырымнан Астыраханға дейін, Қырым мен Сібірде қолданылады.  Сондықтан 1927 жылы КСРО ұлыстарының  тізімінде  Қырым татарлары, Еділ татарлары, Касимов татарлары, Тобыл татарлары, деп бөлек- бөлек аталып кетті.