Евразиялық дизайнерлер одағының
мүшесі, п.ғ.к., доцент ҚАЗАНҒАП Т.М.
Евразиялық дизайнерлер одағының
мүшесі, магистрант РЫСКЕЛДИН Ж.С.
Қазақ технология және бизнес
университеті, Астана, Қазақстан
.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ «АРТ-ТЕРАПИЯНЫ»
ҚОЛДАНУДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында» өз бетімен білім ала алатын және
алған білімін өмірінің түрлі жағдайларында
қолдана білетін жас ұрпақтың жеке тұлға
болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, оқытудың
жаңарған технологияларына көшу жөнінде талап
қойылып отыр. Қазақстандық
білім берудің ұлттық моделі әлемдік білім беру
жүйесіне ыңғайластырылған және жеке
тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға негізделген, көп деңгейлі
әрі үздіксіз білім беру түрлеріне көңіл
бөлген. Еліміздің жалпы білім беретін мектептері
педагогтарының біліктілігін арттыру курстарының
бағдарламасынан күтілетін нәтижелер, оқушылырдың
қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде
еркін, өзіне-өзі сенімді, ынталы, жеке пікірлік –
көзқарасы дамыған оқушы ретінде қалыптастыру.
Оқушыларға білім беруде педагогиканың жаңашыл
технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс
жасау заман ағымына сай талап етілуде. Осы мәселелерді шешу
мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін
қарастыруға болады.
Қазіргі жаңару үдірісінде дизайн
мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында төменгі курс
студенттерінің оқу сарындары мен оқу үлгерім
мәселесі өзінің өзектілігімен жиі көтерілуде.
Оның басты себептерінің бірі елімізде қарқынды
жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңару
үрдістеріне сәйкес оқу ағарту ісіндегі жаңашыл талаптар
болса, екіншіден көптеген студенттердің мектеп
қабырғасында кәсіби тәрбиелеу-оқыту іс-шараларынан
шеттеп қалуына байланысты жоғары оқу үрдісін бірден
алып кете алмауы болса, үшіншіден қазақ тілді
балалардың көбі қазақ тілінде кәсіби
оқулықтарға қол жеткізе алмауы себеп.
Бүгінгі заман талабы, өнерді мектепте
оқыту немесе оқытпау қажеттілігін дәлелдеу емес,
еліміздің мәдени өркениетті даму жолындағы жеке
тұлғаның жалпы міндетті көркемдік
шығармашылық қабілеттері дамыған белсенді
тұлға дайындау қажеттілігін тудырып отыр.
Жаңарған елімізге өркениеті
дамыған елу елдің қатарына кіріп қана қоймай,
болашақта мәдениеті мен өнері, білімі мен ғылымы
дамыған, тілі мен дінін бірінші орынға қоятын, сауатты
ұлт болу үшін аянбай тер төгетін, білімді, сауатты маман
даярлау басты міндетіміз.
Мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа
иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы орайда педагогиканың жаңашыл технологиясын қолдану,
оқу әдістемелерінің жаңа үлгілерін пайдалану
жаңа да, тың нәтижелер бермек.
С.А.Назарбаеваның
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы,қазіргі заман талабына сай
жазылған, тәрбиелік мәні зор, құнды еңбек
екені даусыз. Өйткені, нарықтық қатынастар
жағдайында адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі
тәрбиелеуі деген мәселелер бүгінгі күннің талабы
бойынша өте маңызды. Шығармашылық деңгейі
жоғары, болашағын болжай білетін адамзатты тәрбиелеу,
өзін-өзі тану сияқты өзекті мәселелер басты
міндеттеріміздің бірі болып отыр.
Cтуденттердің
танымдық белсенділігін қалыптастырудағы проблема әлі де
зерттеуді, болмаса қолда бар әдістемелерді пайдаланып, оны барынша
жетілдіріп тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Олай болса,
студенттердің танымдық теориялық және әдістемелік
зерттеу және ұйымдастыру қажеттігіне орай, ана тіліндегі
қазіргі оқу-тәрбие әдістемелерінің
жеткіліксіздігі мен оқу үрдісінде қойылатын талаптар мен
студенттердің белсенділігінің арасындағы
алшақтықты теңестіру барысында, оқыту және
тәрбиелеу жұмыстарын жаңа иновациялық технологияларды
пайдалану, тың жетістіктерге жетуге себепші болады. Иновациялық
оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде
«Арт-терапияны» айтсада болады. «Арт-терапияны» оқыту процесінде тиімді
және орынды қолданған жағдайда жеке тұлғаны
жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.
Оқытуда «Арт-терапия» элементтерін қолдану креативті жеке
тұлғаны дамытудың тиімді жолдары мен шараларын жасаудың
алғы шарты болады. Сонымен қатар, оқып, білім
алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда негізгі рөл
атқарады.
Психологиялық
тұрғыдан қарағанда ұлттық этникалық
ерекшеліктерге қарай «Арт-терапияның» небір озық
үлгілерін алып, оған терең талдау жасап, ұлттық
этно-мәдениет негізінде дамыту қажет сияқты. Мысалы
кәсіби дизайн мамандарын дайындайтын жоғары оқу орнына
жаңа келген түлектің шығармашылық деңгейі
қаншалықты екені бәрімізге мәлім. Сондықтан
оларға бірден салмақ салмай, ой өрістеріне
бағыт-бағдар беріп, шығармашылық шабыттарын оятуда
«Арт-терапия» әдістемелерін қолдану тиімді тәсіл екенінде дау
жоқ. Қызығы мен қиындығы қатар
жүретін студенттік өмірдің кейбір кикілжің
сәттерінде, балалардың оқу үрдістеріне кедергі болар
жәйттерді шешуде де «Арт-терапияның» сублимациялық
үрдістерін қолдану таптырмас құрал. Студенттердің
шығармашылық қаблетін шыңдауда, көркем
өнер, қол өнер тәжірибелік сағаттарында ой-өрісіне
еркіндік беру, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуге
мүмкіндік жасау, олардың өнерге деген құштарлығын
оятып, қоршаған ортаға деген көзқарасын
қалыптастырады. Оқу үрдісінде студенттің танымдық
белсенділігін арттырудағы «Арт-терапияны» қолданудың
этникалық ерекшеліктері, біріншіден оның ұлттық
мүддедегі көзқарасын ояту, екіншіден өз отанына деген
сүйіспеншілігін арттыру, үшіншіден өзінің
ұлттық өнерін дәріптеп, оны әрі қарай
дамыту үшін күш салуға жетелеу, төртіншіден
ұлттық сана-сезім, салт-дәстүрін сақтап,
ата-бабаларынан қалған ізгі мұраларын құрмет
тұту, бесіншіден олардың білім алуға, ғылыми
жұмыстармен айналысуға және де өмірге деген
құлшыныстарынарттырып, еңбек етуге, әсемдікті,
сұлулықты, нәзіктікті сезінуге ықпал жасайды.
Қазіргі
кезде, жасыратыны жоқ, ауылдан келген балалар мен қала
балаларының арасында, ұлттық мәдениет пен
ұлттық этика жөнінде айырмашылықтар бар екенін білеміз.
Себебі, жетпіс жыл бойғы кеңес үкіметінің
ықпалымен біздің ұлттық менталитетіміздің
басқа ұлттардың мәдениетіне бой ұрып, әсіресе
қалада тұратын балалардың кішкентайынан өзге тілде
сөйлеп, бесік жырын сол тілде естіп өскен бала, өзінің
ұлты кім екенін білсе де, ішкі сана сезімі, бүкіл
болымысының, ұлттық менталитетінің өзгешелеу
екеніне көз жеткізіп отырмыз. Мұндай балалардың
болашақта өзінің тұлғалық танымы мен
этнопсихологиясының үйлеспеуіне байланысты, өз ұлтына
қажетті жеке тұлға болып қалыптасу үрдістерінде
біршама кедергілер туындауы мүмкін.
Ұлттық құндылықтарды құрмет
тұтып, тәрбиенің негізі ретінде қарастыру маңызды
мәселе. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет
бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап
беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі
көрініп отыр. Елбасының бұл жайлы «толық
өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді,
өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге
дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі
баршамызға салмақты міндеттер жүктейді. Сондықтан да
бүгінгі таңда басты мақсат – жас ұрпақты
ұлттық рухани-мәдени мұралары мен
этнопсихологиясының сабақтастығын сақтай отырып,
тәрбиелеу болып отыр.
Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді.
Әрбір ұлт өз ұрпағының жан-жақты
тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды.
Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеу -
ұлттық тәрбие болып табылады. Біздің рухани
байлығымызұлттық тәрбиеге байланысты. Халықымыз
баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуына
көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып қол
жеткізген.
Егер әрбір халық жас ұрпағын өзінің
ұлттық рухымен тәрбиелемесе, онда ол елдің
болашағы бұлыңғыр болатынын бүгінде
ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді. Себебі
ұлттық мұра алдыңғы буыннан кейінгі буынға
аманат етіліп қалдырылады. Ал бүгінгі жастар оны кейінгі
буынға жеткізе алмаса, онда ұлттың болашағы біртіндеп
жоғалары сөзсіз. Осы орайда, жалпы білім беру мекемелерінде болсын,
жоғары оқу орындарында болсын жас ұрпаққа
ұлттық этно-мәдени тәрбие беру үшін жаңа
оқу-әдістемелік құралдар қажет ететіні даусыз.
Ата-бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасы -
ұлттық фольклорымыз бен қолданбалы қолөнеріміз
жаңа оқу әдістемелік құралдарын жасаудың
таусылмас қоры деп есептейміз.
Жаңа оқу-әдістемелік құралдың
мақсаты, оқушылардың танымдылық іс-әрекеттерін
жүргізе асырып, оны ары қарай дамыта алатындай болуы керек.
Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай
талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан, оқушылардың
танымдық білімін жетілдіру үшін жаңа типтегі
оқулықтар қажет.
Еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық
мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік
пен іскерлікке, мәдениеттілікке баулу, дүниедегі бұрын
соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі
меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге
тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу
керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ маман
өзінің кәсіби сапасын қалыптастырып, ол
тұлғалық дамуымен ұштастырса, ақырында жас
ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру
мәселесінің өзектілігі артады. Бұл
мәселенің, әсіресе еліміздің болашағы, жас буын –
мектеп оқушылары үшін де маңызы айрықша.
Олай
болса, бүгінгі таңда жас ұрпаққа
заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық
этно-мәдени тәрбие арқылы жүзеге асыру басты
мәселелердің бірі болып отыр. Өзін өзі
тану, психологияның не бір тылсым сырларына үңілу.Өзін
қоршаған ортаның жігін ажырата білу, оның өзіне
деген қарым қатынасына сараптама жасай отырып, бүкіл
болымысын икемдей білу, жаңа қалыптасып келе жатқан
әрбір жеке тұлғаның өз ұлтына, өз
елінің болашағына пайда әкелетін, ой-өрісі
дамыған тұлға болып қалыптасу - көп еңбекті
талап етеді. Саналы және сапалы тәрбие болмаса, адамның
қоғамға қажетті жеке тұлға болып қалыптасуы
екі талай. Сондықтан отанымыздың алдымызға қойған
негізгі міндеттерінің бірі, егеменді еліміздің болашағы
үшін,сапалы да білімді, жақсы мамандар мен өнер иелерін
дайындап шығару. Халқымыздың сан ғасырлар бойы
қалыптасып, дамып келе жатқан ұлттық өнерін
әрі қарай жетілдіретін, оны дүние жүзілік өнер
туындыларының ішінен өзінің ұлттық стилімен
ерекшелетін шығармалар жасайтын жас ұрпақ, егеменді
еліміздің келешегі,міне, алдымызда отыр. Біз оларға үлкен
үмітпен және аса жауапкершілікпен қарауымыз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР 2015
жылға дейінгі білім саласын дамыту тұжырымдамасы.
2. Әмір Ш. Педагогикалық инновацияны іске асырудың
жолдары. Қазақстан мектебі. № 6. 2001. 32-34 б
3. Бейсембаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің
мүмкіндіктері. Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж. 12-13 б.
4. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. Егемен Қазақстан.
Резюме
В
статье рассматриваются проблемы становления личности, самопознания студента в
процессе обучении рисования начальных курсов графического дизайна. Понятие
«Арт-терапии» как метода решения этих проблем.
Summary
In the article are considered problems as development of identity,
self-knowledge of the student in teaching art in elementary courses of graphic design.Concept “Art
therapy”is as a method of solving these
problems.