303.425.5: 37.01

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ  ТАҒЫЛЫМДАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ

магистр-оқытушы  Нұргүл  Жалелатдинқызы  Дүйсекеева

магистр-оқытушы  Әсел  Махамбетқызы  Өмірзақова

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

         Халқымыз ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан елі мен жерін, салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат  етіп отырған. Қандай қиыншылық  заманда да «Малым- арымның садағасы» деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырып, адамгершілік, ерлік туын  жоғары ұстағаны  белгілі.

          Жоғары оқу орындарының мұғалім даярлау бөлімдерінің оқу-тәрбие жүйесінде этнопедагогикалық құндылықтарды енгізу, студенттердің кәсіби дайындығына   деген қызығушылығын арттыратындығына тәжірибе жүзінде көзіміз жетіп жүр.

        Соңғы кезде бүгінгі күн талабына сай Республикамызда халықтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын зерттеп, оларды жастар тәжірибесінде пайдалану мәселелері кеңінен қарасытырып келеді.Осы орайда Қазақстанның  белгілі ғалым-педагогтары Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтің, С.Ұзақбаеваның, Х.Балтабаевтың, З.Әбілованың, І.Халитованың, Қ.Қожахметованың, Р.Төлеубекованың, Ж.Асановтың еңбектерін атауға болады. Алайда жас  ұрпаққа Ұлттық  тәрбие беру проблемалары бір жүйеге түсіп, халқымыздың  ұшан-теңіз  мұрасы тиімді қолданылып жүр деп айту қиынырақ. Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін мұғалімдердің өздері ол жұмысқа оқу орнының қабырғасында халқымыздың тәлімгерлік тәжірибесін сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарда, ғылыми-зерттеулерде жүйелі түрде игеруі қажет  деп ойлаймыз.Жоғарыдағы ойымыз дәлелді болу үшін  педагогикалық пәндерді  оқытуда халық педагогикасының тағылымдарын  пайдалануды кесте түрінде беруді жөн көрдік [1].

Педагогикалық пәндерді оқытуда халық педагогикасының тағылымдарын пайдалану

Р/c

Педагогика

лық

пәндердің аттары

Пән бойынша тақырыптары

Халық педагогикасының

Тағылымдары

Халық педагогикасының

 

1

2

3

4

5

1.

Пеагогикалық мамандыққа кіріспе.

-«Педагогикалық

мамандықтың пайда болуы».

-«Педагогикалық

іс-әрекетке кәсіби дайындық».

-«Педагог тұлғасы және оның кәсіби қасиеттері».

 

 

«Ұстазы мықтының ұстанымы жақсы»,  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Ғалым қаламының сиясы қаннан да қымбат», «Нағыз  тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума табиғи қасиет және алты жүре дарығын қасиетті меңгерген дана адам болу керек»:  мүшелері мүлде мінсіз, өнер, білімге құштар, жете түсінетін, нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз, өткір сөз иесі, тағамға, ішімдік ішуге,сыр- сұқбат құруға қанағатшыл, жаны асқақ, игі істерге ынтызар, әділетті, батыл, ержүрек т.б.

Пәннен лекциялық сабақтарда пайдалану және  практикалық сабақтарда пікірталас ұйымдастыру; «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыпқа эссе жазу;

Тезисті аяқтау:

 Егер мен педагогика пәнінің оқытушысы болсам...............

Дөңгелек үстел:

«Қызың өссе, қызы жақсымен ақылдас бол»

2

Педагогиканың жалпы негіздері

«Нәсілдік және қоршаған орта»;

«Тұлға қалыптастырудың факторлары»;

«Тұлға қалыптастырудағы тәрбиенің ролі»

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз»;

«Әке  көрген оқ жонар»;

«Баланың тентек болуы үйінен, жігіттің тентек болмағы биінен»;

«Қазақта біреудің баласы жақсы өнегелі болса: оның әкесі жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан  ғой»,- дейді[2].

Семинар-диспут:

«Бір отбасында дүниеге келген балалардың ақыл-ойы,  мінез құлқы, қабілеті неге әртүрлі болады?»;

« Адамагершілік қасиеттер тұқымқуалаушылық арқылы атадан балаға  беріле ме?»

3

Тәрбие теориясы

«Адамгершілік тәрбиесі», «Құқықтық  тәрбие», «Еңбек тәрбиесі», «Экологиялық тәрбие», «Дене тәрбиесі», «Азаматтық және патриоттық  тәрбие», «Экономикалық тәрбие»

«Ұлық болсаң кішік бол»; «Жігітке жеті өнер де аз»; «Бұлақ көрсең көзін аш», « Судың да сұрауы бар»; «Құмырқаның илеуін бұзба»; «Аққуды атпа»; «Ер туған жерде, ит тойған  жерда»; «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке  «ханның  жеті жарғысы», «билер  шешімі»-  бабалар заңдары ретінде

Этикалық әңгіме: «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол».

Лекция  барысында «Қазақ халқының тыйым сөздерін» пайдалану.

 Іскер  ойын: «Дүкен», «Қалдықсыз технология», «Сот процес».

Экология тақырыбына арналған: «Отан», «Туған жер», «Ауылым» тақырыптарына арналған өлеңдер конкурсы

Реферет: «Қазақ мақал-  мәтелдерінің  тәрбиелік мәні»;

4

Дидактика

«Оқыту әдістер», «Білім беру мазмұны», «Оқытуды ұйымдастыру формалары», «Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы», «Оқу құралдары», «Қазіргі сабақтың жаңа түрлері» т.б

Профессор  Қ.Бөлевтің  халықтық білімдердің жиынтығын екі топқа бөлген:

а) Жалпы оған  ана тілі, өз туған халқының тарихы, туған жердің географиясы, матиматикалық, астрономиялық, метеорологиялық, медициналық аууылшаруашылық  білімдері;

б) арнайы, оған әртүрлі қолөнер, кәсіптік заттар бойынша білімдер.

Қазақ халқының тәлімгерлері: әке,әже, ана,ата, ауылдың зиялы адамдары, хандар, билер, ғұлама ғалымдар, ағартушы ұстаздар, діни адамдар.

Халықтық білімдерді жинастыру және олар туралы рефераттар, хабарламалар жасау, тақырыптар:

Ана тілін оқытуда қазақ  «этнопедагогика- сын пайдалану  әдістері» , «биологияныи  оқытуда халықтық медицинаны  пайдалану  әдістемесі» ,«Қазақстан географиясын оқытуда халықтық метереологияны пайдалану әдістемесі», «Бейнелеу өнерін оқытуда халықтық сәндік қолданбалы өнерлерін пайдалану әдістемесі» тақырыптарын лекция, семинар сабақтарында пайдаланылады

5

Педагогика тарихы

 «Ежелгі дүниедегі мектеп  және тәрбие», «Х-ХVІІ ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие», «VІ-ХV ғасырлардағы Қазақстандағы педагогикалық ой», «Қорқыт, Қожа Ахмет Яссауидің  педагогикалық ойлары»,  «Мұсылман  мектебі және медрессе»,  «Қазақ жырауларының мұраларындағы тәрбиелік ойлар»

«Күлтегін», «Білге Қаған», «Тоныкөк» жырлары халықты бірлікке шақырып, жастарды ерлікке тәрбиелеген. «Тізеліні  бүктірдік, басшыны еңкейттік, еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды» («Күлтегін»), «Қол қосылса күш өсер»(Тоныкөк жырынан). «Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді», «Тәкәппарды тәңір сүймес», «Өтірік сөз өрге баспайды», «Есекке қанша жүген салғанмен ат болмас», «Анадан өнеге  көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман»(Қорқыт ата) [3].

Лекциялық сабақта  даналық тұжырымдардың  тәрбиелік мәнін кеңінен ашып, болашақ ұрпақтың  тәлім-тәрбиесіне  әрқашан әсер ету, тарихқа тағзым етуді қалыптастыру мақсаты қойылады.

Практикалық сабақтарда  «Ежелгі дастандардың  тәрбиелік мәні», «Қорқыт Ата- халық ұстазы», «Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық трактаттарының тәрбиелікк мәні» атты тақырыптарға  арналған баяндамаларын талқылау. Кітапханадағы бар этнопедагогикадан әдебиеттер тізімін жасап, қысқаша аннотация жасау. «Сыр бойы ақын- жырауларының шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар»атты конференция өткізу.

 

Мектептану

«Мектептің оқу-тәрбие процесіне әдістемелік басшылық», «Педагогикалық кеңес, оның  жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыр», «Білім беру жүйесіне басшылық жасау және басқару, оның қағидалары», «Мектеп ісін басқаруға қойылатын талаптар»

«Елді әділ заңмен басқару үшін басшы- білімді болу керек»

(Ж.Баласағұн). «Қазақтың тағдыры,  келешегі, ел болуы  да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек»

(М.Жұмабаев) [3].

Лекция сабақтарында «Мектеп басшыларына қойылатын талаптар» атты тақырыпты өткенде көрсетілгентағылымдарды келтіріп, проблемалық сұрақтар қою:

- Неге дана халқымыз

«Тура биде туыс жоқ» деген?

- Ғұламалардың билік етудің шарттары туралы қандай ойларын білесіздер?

- «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақалдың мәнін ашу.

-Ғылыми зерттеу жұмысы:

Мектептегі әдістемелік жұмыстарды зерттеп қорыту

4,23 (Қызылорда)

 

 

-

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.                             Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы). Алматы: «Санат», 2001. –320 бет.

2.    Кожахметова К.Ж. Мектептiн ұлттық тәрбие жүйесi: теория және практика. - Алматы,                         1997. – 142 б.

3.    Әбiлова З. Этнопедагогика: оқу құралы. Алматы: Қазақ Әлем Тiлдер Университетi,

   1997. – 230 б.

 

Резюме

        В  данной статье рассматриваются пути использования материалов казахской народной педагогики  в изучении педагогических  дисциплин в педагогических отделениях вуза. В работе на  конкретных примерах указаны содержание, методы  применения казахских традиций, обычаев, пословиц и поговорок .

SUMMARY

This article deals with ways of using materials of the Kazakh national pedagogy in studying pedagogical departments of the university. The content, methods of using traditions, customs, proverbs and sayings of national pedagogy on the exact examples are demonstrated in the article.