Бегалиев Т.Б., Сарыбекова
Қ.Н.
Таразский Государственный
педагогический институт
ЖОҒАРЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА
ТАҢДАУ ПӘНДЕРІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан
Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында [1] жалпы 12 жылдық окыту моделіне көшуі, ондағы
мұғалімнің рөлі мен оның беделін көтеруге
баса назар аударды.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев
2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты [2]
Қазақстан халқына жолдауында да өндірістік
ауылшаруашылық, әлеуметтік салалалармен қатар білімге де
назар аударады.
Бұл мәселе
ең бірінші сол мұғалімдерді даярлайтын мемлекеттік оқу
орындарына қатысты екені белгілі.
Бағдарламада
мектептің 12 жылдық окыту моделіне
көшудің бірнеше бағыттары берілген. Олар:
-жалпы білім беретін
мектеп;
-бейінді білім беретін
мектеп;
-шағын
жинақталған мектеп;
-зияткерлік мектеп;
-тірек орталығы;
-инклюзивті білім беретін мектеп.
Бағдарламада
көрсетілгендей, әсіресе, инклюзивті білім беру кажетті деңгейде
дамымаған.
Қазіргі кезеңде
Республикамызда мүмкіндіктері шектеулі
149.246 баланың 29.212-сі немесе 19.5 %-ы -
мектеп жасына дейінгі балалар 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана кұрайды [3]. Осыларға сай арнайы
бағдарламалар арқылы мамандар даярлау кезек күттірмейтін
мәселе.
Қысқасы болашақта оқушы өз
қабылетіне сай мектепті таңдап білім алуы тиіс. Осыған орай
мұғалімдерді ескі жүйемен даярлауды қойып жаңа бағытқа
көшуіміз керек.
:Жаңа бағдарламада
көрсетілгендей болашақ мұғалімдер даярлау
мәселелерінің негізгі мақсаттары:
-экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін
қамтамасыз ету;
-адами капиталды дамыту;
-білімнің
бәсекеге кабілеттілігін арттыру;
-білім беру қызметіне тең қол жеткізу, оған
жұмсалатын қаржы жүйесін жетілдіру;
-қоғамның
және экономиканың индустриялык-инновациялык даму
сұраныстарына сәйкес техникалык және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту;
-әлемдік білім
беру кеңістігіне бірігу;
-индустриялық-инновациялық
даму міндеттері мен еңбек нарығына сай мамандар даярлау;
-жастардың
бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары
адамгершілік және көшбасшылық
қасиеттерді калыптастыру т.б.
Бастауыш сыныпқа
арналған мемлекеттік стандартта бұрынғы пәндер
кіріктіріліп оқытылатын болады. Мәселен, тіл-әдебиет,
математика-информатика, адам-қоғам, жаратылыстану, өнер,
денешынықтыру.
Біздің алдымызда
осы мақсаттарды мектепте іске асыратын әмбебап мұғалімдер
даярлау.
Ол үшін
болашақ ұстаздарды даярлауда оқу жоспарларына таңдау пәндерінің санын, сапасын
арттыру.
Осыған орай мына
төмендегідей таңдау пәндерін оқу жоспаларына
енгізудеміз. Мәселен, біз
өз тарапымыздан «Нарық экономикасына сай бастауыш мектеп
оқушыларына витагендік жолмен тәлім-тәрбие беру»,
«Болашақ бастауыш сынып оқытушыларын инновациялық жолмен
дидактикалық даярлау», «Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс
жүргізу жолдары», «Бастауыш сыныпта «қиын» балалармен жұмыс
жүргізу жолдары», «Бүгінгі күнге сай бала тәрбиесіндегі
мектеп, ата-ана, жұртшылық ынтымақтастығы» т.б.
Әсіресе бізді толғандыратын шағын
жинақталған мектептерге оқытушылар даярлау. Мұнда
таңдау пәндерінің саны міндетті пәндердің санымен
тең болуы керек сияқты. Онда мына мәселелерді ескеру:
-олардың шалғай ауылда орналасуы;
-ондағы бала санының аздығы,
осыған орай толық жүктеменің болмауы;
-оларға арнайы әмбебап
мұғалімнің даярланбауы т.б.
Біздің түсінігімізше,
шағын бір-екі комплекті бастауыш мектептің оқытушысы
барлық пәннен, ал орта мектептің оқытушысы
сабақтас 2-3 пәннен сабақ бере алатындай болуы тиіс.
Сондықтан да қосымша пәндерді енгізу керек.
Бұл мәселе
бұрынғы бағдарламада көтерілген. Бірақ оның
шешу жолдары қарастырылмаған.
Ескі бағдарламада
көрсетілгендей «бүгінде
әрбір төртінші мұғалім сонда (шағын жинақталған мектепте) жұмыс істеп,
әрбір алтыншы қазақстандық оқушы сонда окиды.
Бүгінде оған даярланған әмбебап
мұғалімнің тапшылығы сезінеді.
Соның салдарынан
ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы.
Осы кемшіліктерді жою мақсатында Жамбыл облысында 2015 жылдан бастап
оларға арнап «тірек мектептерін», ресурстық орталық ашу, мұғалімдерді даярлау
бағдарламасы, оның
ішінде шағын жинақталған мектептерге арналған,
мұғалім
кадрларын даярлау.
Осы
мәселелерді шешуге байланысты Ы. Алтынсарин атындағы
ұлттық білім
беру академиясының базасында шағын жинақталған мектепті дамытудың
республикалық орталығы педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 16 өңірлік
орталық құрылады, шағын мектептің қызметінің үлгі ережесі әзірленуде,
ғылыми-практикалық конференциялар өтуде. Бұл
үрдіс Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
ұстаздар қауымының арсында да көрініс табуда.
«Мектепке және мектептен тегін
әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді
қамтамасыз ету» стандарты әзірленіп қабылдануда.
Осы бағытта да болашақ
бастауыш мұғалімдеріне таңдау пәндері арқылы
арнайы білім беру қажет.
Бағдаламада
көрсетілгендей: 2020
жылға қарай шағын мектептер негізінен, бастауыш
және негізгі орта білім деңгейлері
үшін жұмыс істейді. Олардың проблеманы шешу мақсатында
облыста Назарбаев зияткерлік мектеп, тірек, ресурстық
орталықтар, интернаттар қызмет етуде.
Бағдарламада
көрсетілгендей «Болон процесінің» шеңберінде мынадай
міндетті, ұсынымдық параметрлері орындалады:
-академиялык еркіндік-білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында таңдау бойынша компонент
көбейеді: бакалавриатта 70%-ға дейін, магистратурада 80%-ға дейін, докторантурада
90 - 95%-ға дейін;
-Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде
академиялық ұткырлықты дамыту
мақсатында студенттер окудың барлық
кезеңінде кемінде бір академиялық мерзімде
шетелде оқытылады, оның ішінде
Президенттің «Болашақ» бағдарламасының гранты
есебінен», деп айтылған.
Біздің бүгінгі: «12 жылдық
мектеп», «шағын жинақталған мектеп», «бейінді мектеп»,
«бейінді білім беру», «тірек орталығы» және де осыларға
арнайы мұғалім даярлау мәселелері осыдан 50-70 жылдан бұрын АҚШ та, Ұлы
Британияда, Германияда, Францияда тағы басқа дамыған елдерде
шешіліп қойған.
Біз 70 жылдан астам уақыт кеңестік
жүйеде жүріп, аталған елдердің тәжірибесінен
жиреніп, көштен қалып қойдық.
Өмірде салыстырмалы педагогика деген
ғылым бар. Ол бүдан 150-жылдан астам бүрын пайда
болған, яғни 19-ғасырдың басында Француз ғалымы Марк Антуан Парижский
«Очерк и предварительные замечания к исследованию по сравнительной педагогике» [4] деген
еңбек жазған. Содан берi бұл ғылым дамып келедi.
Қазір БҰҰ жанынан ЮНЕСКОның арнайы секторы осы
салыстырмалы педагогикамен шұғылданады, дүниежүзілік
жетістіктерді жинап, насихаттап таратады. Қазақстан
жағдайындағы кейiнгi он жылдықтағы бiлiм туралы
оң жаңалықтар сол салыстырмалы педагогиканы
пайдаланудың нәтижесі.
Кейінгі кезде қабылданып жатқан
заң, бағдарлама, тұжырымдама сол жаңалықтарды
игеруіміздің арқасы.
Бүгінде мұғалім мамандығына деген мемлекет
тарапынан көзқарас өзгеруде.
Мұғалім болу үшiн көп
еңбектену, көп бiлу керек. Сол бiлген бiлiмiңдi
жүрегiңнiң жылуымен балаға жеткiзу үлкен адами,
мемлекеттiк парыз.
Сонымен қатар мұғалім
қызметi құрметтi. Себебi жақсы мұғалімді
халық құрметтейдi, ел сыйлайды, шәкiрттiң есiнде
қалады.
Мұғалім оқушының жеке басының
дамуын, қалыптасуын, бiлiм беру мен тәрбие және оқыту
процесiн басқарады. Сондықтан одан жан-жақты, бүгінгі
өмірге лайықты, әмбебап, терең ғылыми бiлiм,
жоғары ұстаздық шеберлiк, шыныққандық,
моральдық таза, табанды, ерiк-жiгерлi, парасатты мiнез-құлық
талап етiледi.
Мұғалім-мемлекет қызметкерi.
Оны мемлекет оқытып, бiлiм берiп мемлекеттiң болашағын сенiп
тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын
жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етедi.
Мұғалімдік қызметтiң басқа
мамандықтан ерекшелiлiгi оның сауаттылығында,
көрегендiгiнде, баланы сауаттандырып, Отанын, ұлтын сүюге
тәрбиелеуде.
Қазақстан Республикасының
жағдайында мұғалімге деген қамқорлық
баршылық. Кейiнгi кезде олардың жалақысы өсiп, мемлекет
тарапынан тиiстi қамқорлық жасалуда.
Республикадағы, облыстардағы 56
пайызды құрайтын шағын жинақталған мектептерге
бірнеше пәндерден, ал бастауышта, тағы қайталап айтсақ,
барлық пәндерден және де ағылшын тілінен,
информатикадан сабақ бере алатын әмбебап оқытушыларды
және де 12 жылдық жоғары бейіндік мектептерге элективті
курстар арқылы арнайы мемлекеттік грантпен мамандар даярлау.
Әдебиеттер
тізімі
1.Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010 ж.
2.Назарбаев Н.Ә.
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Қазақстан
халқына жолдауы. 2011 ж.
3. Республикалық
статистикалық мәлімет. 2013 ж.
4.Салимова К. Педагогика народов
мира. М. «Педагогическое общество России» 2011 г.