А. Байтұрсынов – қазақтың парасатты патриоты, сан
қырлы саңлақ дарын
иесі
Журсиналина Г.К ф.ғ.к
А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ,
Қостанай
Қазақ
халқының тарихында, қазақ мемлекетінің ғұмырнамасында
бүкіл өмірін ел бостандығы күресіне арнаған біртуар ұлдары аз болған
жоқ. Елдің, ел сыйлаған жердің сый-қадірі осындай
ерлердің еткен еңбегі, қалдырған ізімен өлшенеді.
«Өлгеніміз -
тіріліп өшкеніміз - жанған», сан ғасыр ата-бабаларымыз арман
етіп көксеген, азатгыққа қолы жетпей болашақ
үшін, бүгінгі тәуелсіз еліміздің тұғыры нық, берік болуына өз ғұмырларын арнаған – алты
алаштың ардақтысы, халқымыздың рухани көсемі болған сан
қырлы саңлақ дарын иесі, ұстаздардың
ұстазы, ұлы тұлға
А. Байтұрсынұлы.
А.
Байтұрсынов — адамзат баласына ұлылық ұлағатын төгіп аянбай еңбек
еткен халқымыздың
адал перзенті, теңдессіз бостандық
күрескері, фольклоршы, ақын, публицист, аудармашы,
қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаушы,
филолог- лингвист ғалым,
түрколог, реформатор, ағартушы-демократ, педагог-гуманисг,
тарихшы, журналист, тұңғыш редактор,
заң білгірі, психолог, энциклопедист, озық
ойлы дарын иесі болған
- ғажап адам.
1913 жылы
жазған «Оку жайынын» деген мақаласында: «Жастардың оқу - тәрбие
жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. Жұрт
ісінің бірі-оқу.
Оқу
жұмысының үш жағы
үш нәрсеге
тіреледі: бірі-ақшаға, бірі-құралға, бірі-мұғалімге. Осы үш тіреу, бірдей тең болса, оқу ақсаңдамай, ауытқымай, түзу
жүреді. Осы үшеуі тең болмағандағы оқу жұмысы аумалы
жүк сияқты,
орнықсыз. Жүгі ауған көштің жүрісі
өнбейді. Орнықты
оқу болмай, қалт-құлт етіп оқытқан оқу білім үйретіп жарытпайды»[1. 89-б.] - дейді. Өткен ғасыр басында айтылған сөз күні бүгінге өз мәнін
жоймаған. Қарап, бақылып байқасаңыз
өзекті мәселелерді саралаған, өз
көңіл елегінен ой сәулесін түсірмеген саласы жоқ деуге
болады.
Сондай-ақ,
«Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін
өнер-білім сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек
тұрмысымыз түзеліп басқалардың аяқ астында
жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік» - деп
армандайды.
Данагөй А.
Байтұрсынұлы жас ұрпақгы білім, ғылым, өнер
ауқымына тартуды
қазақтың
болашақта
тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болу
тағдырымен табиғи байланыста бір
жүйелік болмыс деп танып, соған
барынша үлкен сенім артқан. Сол көрегенділік сенім
бүгінде толығымен
орындалды. Оған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
бастаған салиқалы саясатының арқасында қол
жеткізіп отырмыз.
Уақыттың
әділ қазысы әділеттілікті сүйеді. Әділетсіздіктен
жазықсыз жапа шеккен тағдырдың тайғақ табалдырығынан тайып, тәлкекке ұшыраған А. Байтұрсынұлын
халқымен қайта табыстырды,
және
мәңгілікке өлместей, ешпестей ұрпағына сеніммен табыстады.
Қазіргі сәтте туған
елі аспанында жалпы қазақ елі үшін ірілі-ұсақгы
жұлдыздарының көшін бастап ғажайып «Құс-жолы», «Ахмет жолы» жарқырайды. [3. 39-б.]
Әр
кезең сайын өмірге мүлдем жаңа ұрпақ
келеді, жаңа қауым жасалады, сол кезеңдердің жалғастырушысы да үйретушісі
де өмір ағымындағы жас буын,
болашаққа сенім мен тағзым,
тәлім мен тәрбиенің
үйрену мен үйретудің мектебінен ұстаздар арқылы
жалғасады емес пе?
Ұстаздардың ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлының өмірі мен творчествосы,
еңбектерінің мәні
туралы оның барлық қырынан саралау қадірін,
тұлғасын, бекіте таныту ұстаздардың,
оқытушылардың ең басты міндеті болмақ.
Осыған орай
А. Байтұрсынұлы туралы,
көп
жазылып та айтылып та жүр.
Соны еңбектер де көптеп жариялануда, ізденістер мен зерттеулер де
жыл сайын үсті-үстіне толықтырылуда.
А.
Байтұрсынұлы мысалдарындағы басты дидактикалық
тақырып-оқу, білім, адалдық, ынтымақтастық, шешендік,
тіл мен ой бірлігі, жақсыдан ғибрат алу, жаманнан жирену. А.Байтұрсыновтың әрбір мысалындағы
өсиеті-жастарды қатыгездік, мақтаншақтық,
бөспелік, жалқаулық, имансыздық т.б. сияқты жағымсыз
қасиеттерден сақтау. Ғалым негізгі идеясын жастар
тәрбиесін құрғақ
сөзге, "таусылмайтын" ақыл-кеңеске емес,
үлгі-өнегеге, ғибратқа негіздеген. Сондай-ақ,
бүгінгі тіл туралы заң мазмұнынан А.Байтұрсыновтың
ғасыр бұрын
айтылған пікірлерінің көрінісін байқауға болады.
Мәселен, заңның 1 бабында: "осы занда мынадай ұғымдар пайдаланылады; диаспора
– сөзінің
тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі;
ономастика-тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы
мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлімі; орфография
- дұрыс
жазу ережесі, сөйлеген сөзді жазбаша беру тәсілдерінің
бірізділігін белгілейтін ережелер жүйесі, топонимика-ономастикалық
географиялық объектілердің атауларын, олардың пайда болу,
өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтін
бөлімі; транслитерация - бір графикалық
мәтіндер мен жекелеген сөздерді басқа графикалық
жүйенің құралдарымен
әліппе - әріп арқылы беру", -
дейді.
Демек,
А.Байтұрсынов та осы негізгі ұгымдарды бір жүйеге
келтіріп, реттеуге тырысты, ол үшін тіл тарихын, тіл тегін зерттеді.
Өз шығармаларында, лауазымды қызметтерінде орыс жұртының
қолтығында тұрған
халық болғандықтан
өз тілін таза меңгерген
соң ғана орыс тілінде жақсы білсе жөн болады, онсыз жапырағынан
айрылған ағаштай, туған
тілімізден айрыламыз деп дабыл қақты, айтысты. Сондай-ақ,
заңның 23 бабындағы «Мемлекетгік органдар бұл тілдердің қолданылуы
мен дамуына қажетті жағдай жасайды. Тілдің дамуы мемлекеттік
тілдің басымдығын және іс-қағаздарын
жүргізуді қазақ тіліне көшіруді көздейтін
мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі", - деген. Ал, бұл ағартушының
ғана емес, бүгінгі қазақ қоғамының да жете
алмай жүрген арманы
болған еді.
Ғұламаның
ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан
ұрпаққа
жалғасып келе жатқан ұлттық
мұраны бір жүйеге
келтіріп, ғылыми негіздеген "Әдебиет танытқыш",
"23 жоқтау", "Ер Сайын" еңбектерінің
тәлімдік-тәрбиелік мәні
өте зор. Бұл шығармаларында
ол өнер түрлеріне, соның ішінде сөз өнеріне
кеңінен тоқталып, таратып, жіктеп, ғылыми негіздеп берген.
Ауыз әдебиетінің мән-маңызын
терең түсіндіріп, тәрбие құралы етуді
көздеген. Ол өзінің "23 жоқтау"
еңбегінің алғы сөзінде: "дүниеде еш бір тіл
өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың
елдің күндегі тұрмыс
қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Әдебиет тіліне
негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек,
енді ғана өсіп-өне бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау
керек. Ел аузындағы тіл
дегенімізде нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай
жоқтауларды, мақалдарды, ертегілерді,
өлеңдерді тағысын
тағы осындайларды", - деп мақтаныш сезімін білдіреді. Сонымен
қатар, А.Байтұрсыновтың
ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан ұлттық салт-дәстүр, әдет
ғұрыпты зерттеуші
ретінде ғана емес, артына ұрпақ тәрбиесіне берері мол
өлең-жырымен өзіндік өшпес мұра
қалдырған және қазақ музыкасы мен
ән-күй өнеріне терең ой жіберген ғалым ретінде де
танимыз.
А.В.Затаевичтің:"...
тамаша орындайды, ол жақсы домбырашы. Қазақ
халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет- ғұрыптарын терең білгендіктен А.Байтұрсынов
Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы
өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі
күйді тіпті өзі
орындады", - деген пікірінен және
қызы Шолпанның естеліктерінен А.Байтұрсыновтың тамаша өнер
иесі екенін, мұрағаттық деректерінен оның
ұлттық мәдениет
пен өнердің тек жинақтаушысы
ғана емес, жанашыры да болғанын көреміз. Ол
халық ағарту комиссары болып
тұрған кезінде А.В.Затаевичке шығармашылық
жұмыспен айналысуына қолайлы жағдайлар жасап, қолынан
келер көмегін аямаған. Орталық мұражайда ғылыми
кеңесші кезінде Хлудовтың
көптеген
шығармаларында ақылға сыймайтын өрескел қателер
болғандықтан
қайта қарап, түзетуін талап еткен. Ол мұндай
ұсынысты суретшінің еңбегін жоққа шығару
үшін емес, ұлтының намысы үшін жасаған. Себебі, мұндай өнер
туындылары қай халықтың
болмасын мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі
мен әлеуметтік
жағдайынан хабар береді, сондықтан шындыққа сәйкес болуы қажет деп
есептеген. Нәтижесінде қазақ тілін жақсы
білмегендіктен, халықтың
тұрмысымен терең таныса алмағанын Хлудовтың өзі мойындап,
шығармаларын қайта өңдеуді
Ә.Қастеевке жүктеуді сұраған. А.Байтұрсынов оның:
"Көші-қон", "Қой сауу", "Бие
сауу", иҚой
қырқу",
"Қазақ әйелдері
жүн түтуде", "Сабын жасау", "Үй диірмені", "От алу", "Түнгі
барымта", "Қаралы көш", т.с.с. басқа да көптеген суреттеріне талдау
жасаған. Барлығы 16 суретінің өрескел қателерін көрсеткен. Ол 13 жасар
қыз баланы жалаңаш бейнелеу, жүн түтуші әйелдердің жалаңбас отыруы,
байдың көшінің кедейдікіндей болып бейнеленуі, түнгі
барымтада барымташылардың қару-жарақсыз, жалғыз жарым бейнеленуі,
әйелдердің қой қырқуы, кәртамыс
әйелдердің ер адамдар арасында бәс тігіп жалаңаштануы, т.с.с.
қателерді өрескел деп есептейді. Бүкіл бір халықтың тұрмыс-тіршілігін
бейнелейтін туындының терең ой қозғайтын,
шындыққа жанасатын, ұлт намысына тимейтін болуын талап
етуінен, оның өз
халқының тарихын,
салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жақсы меңгерген және терең философиялық мән берген, ұлттық
тәлім-тәрбие өнегесін
мақтан тұтқан ұлтжанды, зерделі
ғалым екенін мойындаймыз.
А.Байтұрсыновтың
мақсаты - қоғам өміріндегі зиянды жексұрын қылықтарды әшкерелей отырып халықты содан
жиренуге, адалдық пен
адамгершілікке, қайырымдылыққа еңбек сүйгіштік
пен өнер-білімге тәрбиелеу еді.
....Біреуді білмес адам табалайды,
Бақ
көшсе, ақылыңа қарамайды.
Ісіңнен
бір істеген жазым тайсаң
Болад
деп білмегеннен шамалайды - деп ой түйеді. Дәл қазіргі
заманмен ойы нық, дәлме-дәл
үндеседі.
А.Байтұрсыновтың халқына еткен еңбегі ұшан
теңіз. Оның
еңбектері туралы бір мақала ғана жазу теңізге тамған бір
тамшыдай-ақ болады.
Сан қырлы саңлақ дарын иесінің зерттеу
жүргізілмеген
көптеген ғылыми
бағыттағы түрлі салаларына
катысты ұлттық
өркениеттің дамуы барысында
Ахмет мұраларының табиғатын когнетивтік -
қатысымдық тұрғыдан
зерделеу сондай- ақ
методологиялық және
ғылыми - теориялық
негіздерін заманауи тіл мен
мәдениетінің даму жағдайындағы сипатына
лайықты талдау, жүйелеу,жаңа
ғылыми бағыттарын таныту, салыстыру нәтижелерінің көрсеткішін жариялау бүгінгі
ұрпақтың
басты міндеті және
азаматтық борышы болып
табылады.
«Мен бұқтым,
жаттым,Сен бұқтың, жаттың,Кім істейді қызмет?!
[2. 23-б.] – деп, ұлтына қызмет істер перзент іздеуі, «Ұл
туып, ұлы жолда қызмет етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс
деген», - деп үндеуі осыдан болар дейміз.
Міне, осылай өмірде
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады.
Дүлдүл дара келеді, дана аталады. Дана өз заманасынан озып
туады, тозық елді озық еменін деп замана кесепаттарымен белдеседі,
ойымен, ісімен, қалдырып кеткен үлгісімен алыптармен тендеседі.
Сондай дана тұлғаладрың бірі – Ахмет
Байтұрсынұлы. Осыған орай, А.
Байтұрсыновтың мұраларын
топтастырып өз мақаламызда жүйелеген кескіндеме
(схема)оның әр қырын таныта жүйелеуге негіз болады деген ойдамыз.

Тіл жүйелікті
қажет етеді. Кескіндемені
ұсынудағы басты мақсат - шағын
көлемде көбірек мәлімет беру, төкпей – шашпай
нақты, дәлелді деректер беруде ғұламаның сан
қырларын ашуды көздейді.
Мұндағы әрбір бөлінген
бөліктер өз ішінен
жіктеледі, құнды –құнды өз алдына
жеке, дара салалар. Біз Ахмет Байтұрсынұлы атындағы бірден
бір университетпіз.
Жаңалыққа жаны құштар жастарды
тәрбиелеудегі «Ахмет ұрпақтары» соның заңды
жалғасы іспеттес. Ахмет Байтұрсыновтың әлі
таныла қоймаған қырлары- исламтанушылық,
заңгерлік, қазақ
демографиясының бастауы болуы,
әдіскер математик деп тануымыз
әлі де ашылмаған қырлары десек болғандай.
Жуырда бір мақалада Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы бірігіп
жазған оқу құралы туралы: «Оқу
құралы»қазақ оқу-ағарту саласындағы
мүлде соңғы дүние болды, ол тек қазақ
мәдениетінде емес, жалпы мазмұны мен мақсаты,
құрылымы менәдістемесі жағынан тіпті орыстарда
жоқ еңбек болып шықты. «Кітаптың жүйесі
орыс мектептеріндегі жүйеден өзгеше, мұндай жаңа жолмен
жазылған кітап әлі орыс тілінде жоқ» дейді
Р.Сыздықова. (http://dmk.kz/birtuar/ahmet-baytyrsyinylyi-telzhan-shonanylyi.html
қараңыз)
Қазақта” Жақсының аты,
ғалымның хаты өлмейді” деген аталы сөз
А.Байтұрсынұлына арналған. Жұмысымыздың арнасын
жалынды жанашыр ұрпақтары барында,олардың ізбасар
ұрпақтары ізденіп жүрген іздерін аршып алып, таразы
салмағына салатын, мән беріп, ұлылығына табынатын,
жарқын болашақтың жастары болатындығына
сенімдіміз.
Сондықтан да, жерлесіміз , ақын
Ақылбек Шаяхмет ағамыздың:
...Өкінішім, Ақа , сенің көре
алмадым, жүзіңді,
Келер
ұрпақ аршып алар, жүріп өткен ізінді... деген сөзінің мәні осы тұста дәл айтылады.
Ғұлама ғалым, халқымыздың
парасатты патриот
ұлының ғұмырымызға азық
болар
жинақтаған бай мұраларын жүйелеп, екшелеп ұрпаққа зерттеулермен толықтырып,
сабақтастыра отырып, жастарға жан- жақты тәлім мен тәрбиені
біліммен ұштастыра
бере білсек, көркемдік
көкжиегіне ұлылық тұнған, рухани көсемнің сөзімен: «Ел бүгіншіл, менікі –
ертеңгі үшін» (Ахмет
Байтұрсынов) деп айтқандай,
болашақта да нұр
үстіне нұр болары
сөзсіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.А.Байтұрсынов. Тіл
тағлымы. А., 1992
2.А.Байтұрсынов.Ақ жол.
А., 1993
3. З.Алдамжарұлы. Тарих пайым
мен тағылым. А., 2002
4.С.Өзбекұлы.
қазақ мемлекеттігі туралы немесе А. Байтұрсынов пен Ә.Бөкейханов мұраттары.
Заң. 1998 N 11
5.Тағылымды ғұмырдың
шұғыласы. Қазақ әдебиеті, 1998 N37 18
қыркүйек
6.Б.Иманбекова. Ахметтану
тағылымдары. Қазақ мектебі 1999 ж. N10 53 б.
7.С.Кенжехметұлы. Ахаң мысалдары
хақында. Қостанай таңы2001ж. 5 қыркүйек.
8. Дәуірден озған ой. Ақиқат
1998 N12
9. Г. Машанқызы. А.
Байтұрсынұлының белгісіз бір еңбегі хақында. Абай
ж. N2 48-52 б.