Қайыпбаева.А.
филол.ғ.к., доцент.
А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ., Қостанай, Қазақстан.
Қазақ-француз тілдеріндегі
өркениеттік сұхбат
Диалог-екі немесе бірнеше адамның өзара тіл
қатысы,пікір алысуы.Диалог төл сөздің бір
түрі.Диалог екі немесе бірнеше адамның пікір алысуы пікір алысуы
үстінде немесе диалогтің алдындағы не одан кейінгі
сөйлемдерде айтылған пікірді толықтыру,пайымдау,келісу,келісу,-келіспеу,білгісі
келу т.б.жәйттерді тікелей нақтылау мақсатынан туады.Ол
көбінесе төл сөз түрінде
сұрақ-жауап,лексика-синтаксистік қайталаулар арқылы
іске асады. Бұған мысалды қазақ-француз
диалогтерінен келтірейік:
Al'aéroport
Chérémétiévo/ Шереметьев әуежайында/
L'étranger: Excusez
moi,Monsieur, parlez-vous français?
/Кешіріңіз, сіз француз
тілінде сөйлейсіз бе?/
Victor: Oui,
Monsieur. Est-ce que je peux vous aider? /Иә,сізге
көмек керек пе?/
L'étranger: L'embarquement pour le vol 245 pour
Paris est à
la porte 7.
Où est-elle?
/Парижге ұшатын
245-рейсіне отырғызылатын
шығу нөмірі 7 қайда?/
Victor : Allez par ici, tenez votre gauche et vous voyez une enseigne.
/Мында
өтіңіз,сол жақта маңдайшаны көресіз./
L'étranger : Merci beaucoup,
Monsieur.
/Үлкен
рақмет./
Victor : Je vous en prie.
/Өтінем./
Осы
жоғарыда келтірілген мысалдардан біз екі ұлт өкілінің
арасындағы өрбіген сұхбатына куә боламыз. Мәдени
ықпал таразымен өлшеп - өлшеп берілетін салмағы бар
дүние емес, сондықтан да Батыстың Шығысқа бергені
көп пе әлде Шығыстың Батысқа әсері зор ма
еді деп, оған жауапты есептеп жіберіп, сақадай сай ете қою да
мүмкін емес. Түптің түбінде оның сондайлық
маңызды емес екендігі де белгілі. Мәселе мәдени тарихты тым
біржақты, тым бірбағытты етіп көрсетпеуде болып тұр.
Мәдениетте ешқашан бірыңғай ықпал етуші,
бірыңғай қабылдаушы субъект бола алмайды. Мәдениеттегі
байланыс қашанда көпжақты, көпқырлы, ең аз
дегенде, екіжақты. Сол мәдени байланысты баянды ететін бірден бір
тиімді құрал аударма екендігін көне тарих көптеп
дәлелдейді. [1,148]
Аударма
ісі өткен тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын
мәдениеттерді байланыстыру құралы ретінде қызмет етіп
келеді. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік,
кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей
қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды
жасалған тегін әрекет емес. Аударма - өз тіліңді
қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның
әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін
кеңейтудің пәрменді құралы. Ендеше, аударма
мәселесі мәдени ортақтасуды жүзеге асыратын
мәдениеттер сұхбаты мәселесімен иық тіресе жүрері
сөзсіз. Бірақ осы тұста мына нәрсенің басын ашып
алған жөн: мәдени сұхбатқа ынталылық бар
жерде ғана мәдениеттер кездесуі алғашқы мәдени
шоқ, қақтығыс сатысынан ортақ игілік
құрау биігіне көтеріле алады.
Аударма
– мәдениетаралық қатынастың маңызды
құралы, өйткені ол тілдік мәдениет айғағын
екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым –
қатынасқа көп түскен, яғни өзге
мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен
таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі,
соның нәтижесінде аударма ісінің үдере
өрбитіндігі де белгілі жайлар. Осы тұрғысынан алғанда,
мақаламыздың атауына негіз болып отырған қазақ-француз
өркениетіндегі көп салалы аударма ісінің жүйелі
әрі орталықтандырылған түрде жүзеге асуы қазақ мәдениетінің
сұхбаттық ашықтығынан, қазақ тілінің
жалпы адамзаттық танымдық тәжірибені молынан игергендігінен
хабардар етеді [2,107]. Бұдан шығатын қорытынды – өткен ғасырлардың
өзінде – ақ қазақ-француз мәдениеті әлемдік
өркениет санатынан көріне біліп, дүниежүзілік тарихта
Батыс пен Шығыстың, христиан діні мен мұсылман дінінің
диалогына ықыластылығын танытқан екен.
Бүгінгі
таңдағы әлемде мұсылман өркениетіне деген
келеңсіз сыңаржақ көзқарастардың
таптаурындай қалыптасып, бұқаралық
коммуникацияның түрлі құйтырқы жолдарымен
көбейтіліп, ел арасында кеңінен таратылып жатқандығы да
белгілі. Мәселе сол сыңаржақ таптаурындардың
көпшілік қауымды меңдеп кетпеуінде болып тұр.
Солардың орынсыздығын білек күшімен емес, игі де бейбіт
істермен дәлелдеу керектігі – жалпы мұсылман әлемі үшін
кезек күттірместей ортақ намыс ісі. Қазақстан,
өзінен басқа мұсылман елдері сияқты, бүгінгі
еуроорталықтандырылған БАҚ-тың ислам әлемі туралы
қалыптастырған жағымсыз таптаурындарының
(стереотиптерінің) ырқында кетпей, жартылай әлемінің
шекараларын қызыл қанға бояп қойған батыс –
христиандық сарындағы БАҚ туындатқан фобияларды
растатпай, адамзаттың әлемдік мәдени тарихында мұсылман
өркениетінің өткен дәуірлерде болсын, бүгінгі
заманда болсын үлкен шығармашылық – адамгершілік үлес
қосқандығын, әлі де қосып келе
жатқандығын әрі қоса беретіндігін кеңінен
уағыздайтын, санаға сіңіретін тиімді жолдар таба білуі тиіс.
Ол
үшін алдымен осы өзіміздің «уланған» санамызды
тазартудан бастаған жөн. Ол үшін ғылыми-теориялық
қызығушылығымыз бен танымдық назарымызды үлгі -
өнеге алатындай шығыс елдеріне, мұсылман әлеміне
аударуды жөн деп білемін. Тек
сонда ғана біз біреулердің ақпараттық технологияларының еріксіз құрбаны
рөлімен қанағаттанбайтын, өзіндік шындығы бар,
дербес тұлғалық құлық танытамыз деп
ойлаймын.
Пайдаланған әдебиет
тізімі:
1.
А.Т.Құлсариева. Араб мәдени әлеміндегі аударма
ісі.Хабаршы. Алматы. № 3 (29) 2007. 230 б
2.Ә.Қайдар.Тіл білімінің
өзекті мәселелері.Алматы.1998. 304 б.